Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы факультеті
Шай және кофенің сараптау әдістері
Орындаған:Орман Аружан
Топ: СС 22-07К
Қабылдаған: Дуйсенбекова О.
2023ж
Жоспары:
Кіріспе бөлім
1.Кофе мен шайдың шығу тарихы мен жалпы сипаттама
Негізгі бөлім
1. Сараптаудың түрлері мен әдістері.
2. Шайды сараптау әдәстері
3. Кофені сараптаудағы әдістер
Қорытынды:
1. Шай — шай бұтағы жапырақтарынан жасалынатын сусын.
Шай түрлері мен дәмі, ең алдымен, жапырақтарының тотығу дәрежесіне байланысты:қара шай — жапырақтар ұзақ тотығудан өтеді, екі аптадан бір айға дейін;көк шай — жапырақтары тотықпаған, немесе тотығуы бір-екі күн ғана жалғасқан;басқа да шай түрлері.
Басқа өсімдіктердің қайнатпаларын да көбінесе шай деп атайды.
Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл- қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.
Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен – Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі «ча» атауынан алсақ, француздар «тэ», ағылшындар «ти» деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.
Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты. Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.
Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр. Шай қорабының сыртындағы байха «Бай-хао» сөзбе-сөз «ақ кірпік» деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.
Ертеде қазақтар осы шайды «аққұйрық» деп атаған екен.
Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды. Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |