Этиологиясы
Алкогольды психоздың дамуы тікелей және
оны ұзақ қабылдағанынан
емес, зат алмасудың бұзылысы мен өнімдерінің ыдырауы әсерінен
болады. Кең таралған психоздарға –алкогольды делирии және
галлюциноздар жатады. Әсер ететін себептерге жарақат,
жедел
инфекциялық ауру, жедел улану, соматикалық патологиялар, стресстер
жатады. Қазіргі кезде негізгі рөл ойнайтын факторлар: эндогенді және
экзогенді интоксикация, зат алмасу бұзылыстары, иммундық өзгерістер.
Психоздар созылмалы алкоголизмнің 2-3стадияларында гомеостаздың
бұзылысымен дамиды.
Патогенезі
Алкогольді қолданған кезде Орталық Жүйке Жүйесіндегі зат алмасу
үрдісін бұзады.Алкоголь ГАМК жүйесінің қызметіне және N – метил-
Д-аспарагин қышқылына әсер етеді. ГАМК – нейротрансмиттер,
сыртқы сигналдарға нейронның сезімталдығын төмендетеді. Бір реттік
қолданылған алкоголь ГАМК-рецепторының белсенділігін
жоғарылатады, созылмалы алкогольді интоксикация сезімталдықтың
төмендеуіне және Орталық Жүйке Жүйесіндегі ГАМК
деңгейінің
төмендеуіне әкеледі. Орталық Жүйке Жүйесіндегі негізгі қозушы
нейротрансмиттерге –глутамат. Жүйке жүйесінің қозуына N – метил- Д-
аспарагин қышқылының әсер етуі, тырыспаларға әкелуі мүмкін. Бір
реттік қолданылған алкоголь N – метил- Д-аспарагин қышқылының
рецепторының белсенділігін ингибирлейді,ал этанолды жалпылай
қолданғанда жоғарылайды. Алкогольді АС
дофамин,эндорфин,серотонин,ацетилхолин алмасуына әсер етеді.
Осы классикалық нейромедиаторлардың алмасуындағы өзгерістер
екіншілік немесе компенсаторлы көрініс береді. Дофамин ОЖЖ-інің
моторлы қызметін координирлейді. Бір реттік қолданылған алкоголь
дофамин жоғарылауына,ал созылмалы алкоголизм жасуша сыртылық
дофамин төмендеуіне әкеледі. Психоз дамыған науқаста дофамин
концентрациясы 300 %-ке жеткен. Алкогольі делирийдің патогенезінде
негізгі фактор зат алмасу және нейровегетативтік үрдістердің
бұзылысы. Бауырдың бұзылысы детоксикация
қызметінің
бұзылуына,қандағы ақуыз фракциясының синтезінің төмендеуіне
әкеледі. Осының әсерінен ОЖЖ-ң токсикалық бұзылысы дамиды.
Алкогольді энцефалопатияның патогенезі делирияға ұқсас. Мұнда
витамин алмасуының бұзылысы,негізгі В1,В6,РР витаминдерінің
жеткіліксіздігі орын алады. Алкогольді галлюциноз және сандырақты
психоз патогенезі белгісіз.