8.4. Электрокардиограмма
Жүректің электр активтілігін тіркеу әдісін ең алғаш тәжірибеге енгізгендер В. Эйнтговен, А.Ф. Самайлов, Т. Льюкс болды. Жүрек еті қозған кезде көптеген ет талшықтары теріс зарядталып, ал қозбай қалған ет талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады. Соның нәтижесінде қозған және қозбаған миоциттер арасында электр айырмашылығы, яғни электр потенциалы пайда болады. Бұл потенциал белгілі бір тканьдер арқылы бүкіл денеге тез тарап кетеді. Сондықтан оны қолға, аяққа, кеудеге қойылған электродтар арқылы электрокардиограф аспабымен жазып алуға болады. Ол үшін әдетте, үш түрлі биополярлық стандарттық тіркеу әдісі қолданылады.
Бірінші стандартты тіркеуде электродтар оң қол мен сол қол білезіктеріне, екінші тіркеуде оң қолмен сол аяққа, ал үшінші тіркеуде сол қолмен сол аяққа байланады. Электрокардиографпен жазылған қисық сызықтар–электрокардиограмма латын әліпбиінің соңғы әріптерімен (P,Q,R,S,T) белгіленген бес тістен тұрады. Оның үшеуі (P,R,T) электр өсінен жоғары, екеуі (Q,S) төмен қарай бағытталған.
Жүрек етінде пайда болған қозу деполяризацияға тән заряд миокардтың бір жерінен екінші жеріне көшіп, біртіндеп барлық ет талшықтарын қамтиды. Электрокардиограмма тістері миоциттер деполяризациясы мен реполяризациясына сәйкес келеді.
Р – екі жүрекше қозған кездегі туған ток жиынтығын көрсетеді. Оң және сол жүрекшеден туған токтар қосылып жинақталса, ЭКГ-де қос Р тісі пайда болады. Р мен Q аралығы 0,12-0,18 секундқа созылады, ол қозудың атриовентрикулярлық түйінінен Гисса шоғына өту жылдамдығына байланысты. Ауруға шалдыққан адамда осы түйін (Гисса шоғы) жарақаттанса, Р-Q уақыты ұзарады, кейде қозу жүрекшеден қарыншаға өтпей қалады.
Q,R,S,T – тістері қозудың (деполяризациясын) қарынша еттеріне таралуын, одан әрі “сөнуін” (реполяризациясын) көрсетеді. Сондықтан бұл тістер қарынша комплексі деп аталады.
Q – тісі екі қарыншаны бөліп тұрған перденің сол жақтағы орта бөлігінің деполяризацияланған (сол зарядталған) кезінде пайда болады. R – тісі қарынша пердесінің төменгі жағына және қарыншалардың ішкі бетінен сыртына қарай сол зарядтың таралуын көрсетеді. S – тісі қарыншалардың түп жағындағы ет талшықтарының деполяризациясынан пайда болады. Сонымен, S – тісі пайда болған кезде қозу қарыншаны тұтас қамтиды. Т – тісі қарыншалардың реполяризациясын көрсетеді. Қарыншада деполяризация оның ішкі бетінен (эндокардтан сыртқы бетіне эпикардқа) қарай тараса, реполяризация, керісінше, қарыншаның сыртқы бетінен басталып, ішкі бетіне бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |