«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады


Бүйректен қан айналу механизмі және оны реттеу



бет69/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

11.1. Бүйректен қан айналу механизмі және оны реттеу

Бір минутта бүйрек арқылы 1200 мл қан ағып өтеді немесе бүйректің 100 г массасынан минутына 400 мл қан ағып өтеді. Бұл біздің ағзамыздағы көп қан ағып отыратын мүше, бауырға қарағанда 4 есе көп.


Бүйректегі қан ағу үдерісі екі типтен тұрады. Қыртысты қабаттағы қан ағысы шамамен, 80%–90% және бозғылт қабаттағы 10–20%.
Қыртысты қабаттағы қанағыс бүйрек шумағындағы фильтрацияны қамтамасыз етсе, ал бозғылт қабаттағы қанағыс реабсорбция үдерісін және ортаның осмостық активтілігін реттеп, зәрдің концентрация жинағыш түтікке өтуін реттейді. Қыртысты қабаттағы қанның қысымы тұрақты болады.
Бозғылт қабаттағы қанның ағысы негізінен артерияның қысымына байланысты. Артерия қан қысымы жоғарыласа, бозғылт қабаттағы қан қысымы да жоғарылайды. Осының нәтижесінде бозғылт қабаттың ішкі қабатынан осмоактивті заттар түзіліп, бүйректе зәрдің концентрациясы төмендеп, диурез жоғарылайды.
Клиникадағы ең басты мақсат – қыртысты қабаттағы қан ағысына баға беру. Ол клиренс немесе тазалау коэффициент әдісі арқылы анықталады. Бүйрек арқылы парааминогуппорово қышқылын жіберу арқылы қан қанша пайызға тазаланатынын уақытқа қарай анықтайды. Ал осы заттың тазартылуы фильтрация үдерісі бойынша жүреді.


11.2. Зәр түзу механизмі

Зәр түзілу: фильтрация – сүзу, қайтадан сіңу (реабсорбция) және каналдардағы секрециялардың бөлінуі сияқты үш кезеңнен тұрады.


Зәр капиллярлар шумағынан капсуланың мембранасы арқылы сүзіледі. Ол тек диаметрі 100 ангстремге дейінгі молекулаларды өткізіп, одан ірі молекулаларды өткізбейді.
Неорганикалық және төменгі молекулалы заттар (мочевина, моче-виналық қышқыл, глюкоза, аминқышқылдары, т.б.) шумақтардан еркін өте береді. Бұл үдеріске әсер етуші фактор капилляр шумағындағы артерия қан қысымы, себебі қысым ол жерде жоғары 70 мм с.б. тең. Мұны былай түсіндіруге болады. Бүйрек артериясы құрсақ артериясынын шығып, тарамдалмай (бұтақталмай) бүйрекке бірдей барады. Екіншіден, капсуладан шығатын артерияның тесігі екі есе жіңішке. Үшінші жағынан, сүзуге кедергілік жасаушы факторлар бар. Мысалы, капсула түтігіндегі гидростатикалық сүзу қысымы 20 мм с.б.-ға тең. Қандағы плазма белогы онкотикалық (осмостық) қысымы 30 мм с.б.-ға тең. Суды қан тамыр жүйесінде ұстай тұрады. Сонымен, шумақтағы сүзуді қамтамасыз етуші қысым мынаған тең: 70-(20+30)=20 мм с.б. Тәулігіне бүйрек арқылы 1700 л қан ағып өтеді, сондағы бірінші зәрдің мөлшері 170 л, ал екінші зәрдің мөлшері 1-2 л, демек, 168 л сұйық қайтадан сіңіп отырады (17-сурет).
Қайта сіңу (реабсорбция) – бұл зәр түзілудің екінші кезеңі. Капсуладан шыққан артерия қан тамыры өзектің немесе каналдың безінде капиллярларға тармақтанады да қанға қайта келіп сіңеді (су, қант, аминқышқылы. Na, К, Са, Cl иондары).
Бірінші қатардағы иірілген каналда капсуладан сүзілген сұйықтықтың 40-45%-ы қайта сіңеді. Генли ілмешегінде 25–28% реабсорбцияға түссе, жинағыш түтікшеде 20%-ға дейін қайта сіңеді.
Қайта сіңу үдерісі бүйрек түтікшелерінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Жоғарғы (проксималды) иірім түтікшелер қабырғасы көмкерілген цилиндр тәрізді эпителийден тұрады. Түтікшенің сіңіру қабілеті өте жоғары. Нефронның бұл бөлігінде шумақта сүзіндінің 85% (7/8) қайта сіңеді, яғни бір тәулік ішінде түзілген 150–180 л алғашқы несептің 125–145л қайта сіңеді. Ал 15%-ы одан әрі жылжиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет