Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет100/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126
Діндер тарихы

Ораза тұту


Сабиилікте оразаның маңызы зор. Ораза тұтуды күнәлар мен барша жамандықтан ұзақ тұру деп түсінеді. Сабиилердің қасиетті кітабы Гинзада иман келтіргендерге күнәлі, жаман әрекеттерден қашу үшін ораза тұту ұсынылады.
Гинзада иман келтіргендер «үлкен оразаны» ұстауға шақырылады. Үлкен оразаның мәнісі былай түсіндіріледі: «Бұл ораза тіршіліктегі ас-ауқаттан, ішіп-жемнен тыятын ораза емес. Арсыздықпен көз тастағандарға қарсы көз оразасын тұт, жамандыққа қарама және оны жасама. Саған тиісті емес есіктерді құлақ түріп тыңдамау үшін құлақ оразасын ұста. Жалғандықтан сақтану үшін ауыз оразасын тұт. Жалғандықты, жылпосытықты, алаяқтықты жек көр. Жаман ойлардан сақтану үшін жүрегіңмен ораза тұт және жүрегіңе жамандықты, қызғанышты, дау-жанжалды ұялатпа. Қылмыстық әрекеттерге барудан және ұрлық істеуден сақтану үшін қолдарыңмен ораза ұста... Өзіңе тиісті емес өзгенің некесіндегі әйелге жақындаудан сақ болу үшін тұла бойыңмен ораза ұста... Өлермендікпен өзіңе тиісті емес дүниелердің соңына түсіп кетуден сақтана отырып ораза ұста... ».
Қазіргі кезде сабиилер қасиетті кітаптарында айтылмаса да, жылдың кейбір күндерінде еттен бас тарту оразасын ұстайды.

Қасиетті күндер және мейрамдар


Сабиилер жылдың белгілі бір күндерін қасиетті күн әрі мейрам ретінде тойлайды. Ал кейбір күндерді жамандыққа балайды. Мұндай сәтсіз күндерде жамандық атаулы және қараңғылық үстемдік құрады деп сенеді. Осындай күндерде сабиилердің сыртқа шығуына, жұмыс істеуіне және түрлі қызметтер атқаруына тыйым салынады. Бұл рухани азғындауға себеп болады-мыс. Аталмыш күндерде қайтыс болғандар – бақытсыздықпен өлгендер деп есептеледі. Сәтсіз күндері өлген адам сабиилер үшін бір жамандықтың белгісі.
Сабиилерде де діни мейрамдар баршылық. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – Панжа немесе Парвания мейрамы. Бұл мейрам шумбулта айының соңы мен кам каина айы аралығындағы бес күнде тойланады. Осы бес күн жылдың ең сәтті күндері саналады. Осы күндер аралығында оқылған дұғалар мен құлшылықтар сөзсіз қабыл етіледі делінеді. Аталмыш күндерде сабии адам мерекелік киімдерін киіп шығады.
Сабиилер тойлайтын тағы бір мейрам – Дихба Рабба мейрамы. Ол жылдың алғашқы айына жататын кам каина айының басында тойланатын Жаңа жыл мейрамы. Сабиилер бұл мейрамды Наурыз Рабба деп атайды. Мейрам қарсаңында сабиилер шомылдыру рәсімінен өтеді, қажетті тірліктерін істейді және мейрамда желінетін ет үшін құрбандық шалынады. Өйткені мейрам күні құрбандық шалуға тыйым салынады.
Сонымен қатар Дихба Хнина деген тағы бір мейрам бар. Бұл мейрам таураның он сегізі күні басталып, үш күнге созылады. Мейрам үшін шомылдыру рәсімі жасалып, ерекше мерекелік тағамдар әзірленеді. Данжадан 90 күн өткенде Дихба Даимана мерекесі тойланады. Бұл мейрам алғашқы жаратылған пенде Адамның жарық елшісі тарапынан шомылдыруын еске алу үшін тойланады. Бұл күні шомылдыру маңызды саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет