Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет44/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Діндер тарихы

1. Рош ха шана: Иудей күнтізбесінде жыл басы болып саналады. Исламдағы секілді иудаизмде де діни күнтізбе күнге емес айға қарап есептеледі. Рош ха шана мейрамы тишри (қыркүйек-қазан) айларының бірінде басталып екі күн жалғасады. Иудей сенімінде Рош ха шана әлемнің және адам тағдырының жаңадан жаратылуын білдіреді. Яхудилер бұл екі күнді құлшылықпен және тәубемен өткізуге тырысады. Бұл күндерде ойын-сауықтар жасалмайды.
2. Иом киппур: Рош ха шананың алғашқы күнінен бастап жалғасатын он күндік тәубе уақытының соңындағы күнәларды жабу (кәффарат) күні болып есептеледі. Иом киппурда өмір тоқтаған тәрізді болады. Яхудилер бұл күндерді әрдайым құлшылықпен өткізеді. Ешқандай жұмыс істелмейді, Израилде газет шықпайды, радио және теледидар хабар таратпайды, көлік қолданылмайды, арапа күні ақшамнан бастап ертеңгі күннің ақшамына дейін жиырма алты сағат ораза тұтылады. Яхуди сенімі бойынша рош ха шанада (жыл басы) жоспары жасалған адамның бір жылдық тағдыры, иом киппурда атқарылған құлшылық пен тәубе дәрежесінде деп қабыл етілді.
3. Пасха: Песах Мысырдан шығуды еске алу үшін аталып өтілетін діни «қажылық» мейрамы. Көкек айының он бесінен бастап 8 күн жалғасады. Бұл мейрамның ерекшелігі осы уақыт аралығында ашытқы қосылған ешнәрсе желінбейді. Сол себепті Түркияда қате қолданыста бұл мейрамға «қамырсыз» мейрамы дейді. Песахтан бұрын үйде ешқандай ашытқы қосылған нәрсе қалдырмау керек. Таураттың бұйрығымен бұл тыйым салынған. Песахтың тағы бір ерекшелігі «седер» тамағы. Бұл тамақта барынша дастарханды бай етіп дайындайды.
4. Шавуот: Апталар мейрамы немесе он бұйрық берілгеніне қатысты мейрам. Таураттың Тәңір тарапынан яхудилерге берілгенін атап өтетін мейрам. Шиван (Шілде-тамыз) айының алтысынан бастап екі күн аталып өтіледі.
5. Суккот: Шатырлар мейрамы. Суккот яхудилердің Мысырдан шыққаннан кейін қырық жыл шөлде шарлағандарын еске алу үшін орындалатын қажылық мейрамы. Иудейлер ежелден бұл мейрамда Құдысқа қажылыққа баратын. Қазіргі таңда бұл әдет тоқтаған. Суккот сегіз күнге созылады. Ойын-сауық басым болады. Әрбір яхуди суккот күндерінде дәстүр бойынша үйлерінің жанына шатыр құрады. Шатырда ұлттық ойындар ойналады. Бұл мейрамның басқа бір ерекшелігі мейрам уақытында «лулав» ұстап жүреді. Лулав төрт өсімдіктің сабағын қосып алған бір шоқ гүл. Бұл дәстүр бүгінде көп тарамаған, тек қана «хареди» деген шектен тыс діндарлар тобы бұл дәстүрді айнытпай жалғастыруда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет