Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет97/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126
Діндер тарихы

3. Сенім негіздері


Сабииліктің сенім негіздерінде «ақыл жатпейтін діндерге» тән ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер ғалымдарды түрлі ой-пікірлерге жетеледі. Ғалымдар қазіргі кездегі христиандық сияқты діндерде бар «ақыл жетпес» ұғымын сабии дінімен байланыстырады.
Бір дінде сенім негіздері дегенде Ұлы Болмыс (Тәңір), пайғамбар немесе дін құрушысы, жаратылыс, өлім және өлімнен кейінгі қайта тірілу секілді негізгі қағидалар ойға оралады.
Сабиилікте жаратылыс атаулыны жоқтан бар еткен «ұлы болмыс» сенімі бар. «Ұлы болмыс» сабиилік доктринасының негізін құрайды. Бұл доктрина – «өмір» сенімі болып табылады. Сабий қолжазба деректерінде өмірдің, тіршіліктің мәнін айқындап берудің аса қиындығы байқалады. Мұның себебі бұл мәселемен байланысты сөздер құпия сөзбен жазылғанында. Сабииліктің қасиетті кітабы гинзада өмірдің не екендігі былай баяндалады: «Барлық істердің тысында болған құдіретті, білінбейтін ұлы өмірдің күші және атымен». Бұл сөзде сонымен қатар ұлы болмыстың қасиеті, барлық нәрседен тыс және білінбейтіндігі баяндалады. «Өмір» сенімі сабииліктің басты принципі. Сондықтан да жоғарыдағы сөйлемде көргеніміздей, сабииліктің қасиетті мәтіндері, «ұлы өмір атымен» сөзімен бастаған және мәтіннің ішінде мұндай сөз көп кездеседі. Тіпті дұға ерекшелігіндегі қасиетті мәтіндер, «өмір ең жоғары, ең ұлы» сөздерімен аяқтаған.
Сабиилікте бір-біріне қарсы екі күш бар деп есептеледі және олар бір-бірмен күреседі деген дуалистік идеяны ұстанады. Олардың бірі жарықты, нұрды, өмірді, жетістікті және жақсылықты бейнелейді. Мұны «жарық әлемі» деп атайды. Келесісі – қараңғылықтың, жоқшылықтың, жауыздықтың, кемшіліктің, құрғақшылықтың және жамандықтың символы. Мұны «қараңғылық әлемі» деп атайды. Бұл екі күш әрдайым бір-бірімен күресіп өтеді. Олардың бітіспес күресі өмірдің мән-мағынасын айқындайды және жүйелілігін сақтайды. Осы екі күштің бірі – жарық әлемінің басында ұлы болмыс тұрады. Ұлы болмыс – өмір мен жетістікті бейнелейтін өмірдің кейпіне енген тұңғыш өмір. Қазіргі күні ұлы болмысқа сабилер арасында кең тараған «жарық патшасы» деген мағынаға келетін «малка д нхура» сөзі қолданатындығы белгілі болды. Сабиилердің сенімі бойынша «жарық патшасы» ең ұлы қасиеттерге ие, барлық кемшіліктерден таза.
Сабий дуализміндегі екінші күш–«қараңғылық патшасы». Оны «малка д хшука» деп атайды. Ол жарық патшасымен үнемі күресуде. Шайтандар, диюлер, зұлым рухтар, қансорғыштар, қаныпезерлер, еркек-ұрғашысы бар бүкіл жаратылыстар – қараңғылық патшасы құрған әлемнің бір-бір зұлым күштері. Олардың мына дүниеде өзіндік орындары бар.
Жарық патшасына қарайтын күштер мен қараңғылық патшасының қол астындағы күштер арасында үздіксіз күрес жүріп жатыр. Олар бір-бірін жойып жіберуді көздемейді, қайта бір-біріне мұқтаж. Дүниенің ақырында болатын ең басты есеп беретін әділетті сот күні осы күштердің есептері қаралады. Сонда жарық патшасы бүкіл күштерді жойып жібереді. Барлық нәрсе жаңа әрі пәк күйіне енеді.
Сабиилікте әлемнің жаратылысымен байланысты наным-сенім маңызды рөл атқарады. Сенім бойынша екі әлем бар. Оның бірі қараңғылық әлемі түгелімен қара сулармен қапталған, жамандық пен қараңғылық үстемдік құрған әлем. Бұл әлемдегі күш атаулы қараңғылық әлемінің сыртында болған, өмір мен жемістілік қағидаларына ие болған жарық әлеміне деген қызығушылық танытуда және жарық қағидаларына қалай қол жеткізудің жолдарын іздеуде. Бұл күштердің қалауларын білетін ұлы болмыс жарық патшасы олардың жоспарларын үйрену үшін, жарық елшісін (Манда д Хийя немесе Хибил) қараңғылық әлеміне жібереді.
Жарық әлеміндегі болмыстарда өмір мен жемістілік қағидаларының көмегімен жалғасымды жігерлілік пен жандылығы бар. Бұл әлемдегі болмыстар, жер асты әлемінің қараңғылық және жамандықтарынан ұзақ, ұлы жарық патшасының айналасында, жақсылық пен әдемілік және нұр ішінде болмыстарын жалғастыруда. Жарық әлемінің болмыстары, өз әлемдерінен бөлек қараңғылық әлемі және сол жердегі болмыстарды уайымдайды. Олардың бұл қалауы, қараңғылық әлемі үшін айналым нүктесі болған, жарық болмыстарының қараңғылық пен алғашқы байланыстары материалдық әлем, жер беті және адамның жаратылу уақытын бастатады. Бұл процесс, «екінші өмір», «үшінші өмір» және «төртінші өмір» болып үш кезеңге бөлінеді. Бұл кезеңнің соңғысы «төртінші өмір» птахил деп аталады. Птахил дүниенің жаратушысы. Бірақ тек қана қара судан жаратуды іске асыра алмаған. Жарық әлемінен алған өмір нұрын қолдану арқылы қара суды қара судың қатаюын яғни оның бір бөліміне өмір беруге қол жеткізген. Бұл кезеңнің бастауы болған және ұлы тәңірмен бірлестірген алғашқы өмір (бірінші өмір) болса ешқандай жамандықтың аяғы жетпейтін, тұнық, таза және ұлы «жарық әлемі».
Жаратушы күш Птахил, жер бетінің қараңғылық және жаман болмыстармен толғандығын көрген. Птахил бұл жаман болмыстардан бөлек, жер бетіне басшы болатын бір тіршілік иесін (адам) жаратуды қалаған. Бұл қалауын планеталарға білдірген. Планеталар, Птахилдің бұл ұсынысын қабыл етіп, алғашқы адамның (Адам) жаратылуын дұрыс көрген. Содан Птахил (жаратушы күш) «Адамды» жаратқан. Бірақ бұл жарату нәтижесіз болды, жаратылған болмыс жансыз болмыс болып шықты. Ешбір нәрсе Адамға жан беруге күші жетпеді. Содан Птахил жарық патшасына (Тәңірге) жалбарынып, Одан көмек сұрайды. Жарық патшасы Адамға жан беріп және құдайлық ілімді міндеттеген. Иләһи ілімді алған Адам Ұлы Тәңір алдында бас иіп, Оған дұға етіп жалбарынып және жаман күштерді кері қайтарған. Адам әдепсіз және жаман мүдделерді тастап, «жарық әлеміне» бет бұрған. Жарық патшасы Адамды сыйға бөлеген.
Алғашқы адам Адамның бұл жағдайын жаман күштерден қызғанған. Адамға қарсы жоспарлар құрған. Жаман күштер Адамды дүниеде өмір сүруге мәжбүрлейтін астыртын әрекеттер жасаған. Бірақ жарық күштері Адамды жаман күштерден қорғауды, оның үйленіп көбеюін және азаттығын қамтамасыз ету үшін мәліметтер, дұғалар және құлшылықтар үйреткен.
Сабииліктің қасиетті кітабы гинзада «Птахил дүниені жаратқаннан кейін Адамды өз бейнесінде, Хаууаны болса Адам бейнесінде жаратты» деген түсіндірме бар. Және Гинзада Хаууаның Адамға теңі ретінде берілуі, үйленулері, балалар және олардан адамдардың көбейгені түсіндіріледі.
Сабиилерде адам дене (пагрия), рух (нишмта) пен демнен немесе жаннан (руха) құралады. Жан немесе дем рух арқылы өмір сүрген дененің әр түрлі қалау-армандарын сипаттайды, қарапайым ерекшеліктерге ие. Сабиилерде рух денеден және мына әлемнен айырылғаннан кейін Абатурдың таразысына тартылады, күнәларынан арылғаннан кейін жанмен бірігіп, Жарық әлеміне кетеді деген сенім бар. Сабиилердің сенімі бойынша рухтың жер бетіне түсірілуі және бір денеге енгізілуі, жер бетінде басшы болған қараңғылық пен жамандықты жою үшін болатын. Тәңірдің тағдыры орындалған бұл жағдай қасиетті кітап Гинзада орын алған. Сабиилікте сенілген және сенімді мәлімет тәңірдің (жарық болмысы) мәліметі. Бұл мәлімет те тек қана тәңірдің білдіргеніндей ғана мәлімет. Мәлімет сабии мәтіндерінде, «құтқарушы ақиқат» (кушта) деп көрсетіледі.
Сабиилердің сенімі бойынша рух, материалдық әлемге жалғыз келген және абдырап қалған жағдайда болады. Бұл жағдайда ол жамандық пен қараңғылық күштер тарапынан қоршалып алынған, өз адамзаттығын ұмытып қателіктер жасауда. Қателікке және жаратылысқа қайшы жағдайға түспеу үшін Тәңір, оған жәрдем ету үшін және тура жолда жүруін және «жарық әлеміне» көтерілуін қамтамасыз ету үшін «жарық елшісіне» міндет жүктеген. Жарық елшісі (Иләһи Елші) «қасиетті мәліметі» арқылы жаман күштерге қарсы табысқа жетіп отырады. Оның жаман күштермен соғысып жатқанда қолданатын материалды қарулары бар. Бұл қарулардың арасында зәйтүн мен шегір гүлден жасалып басқа киілетін бір тәж бар. Жаман күштерге қарсы қару болып қолданатын нәрселер, сабиилердің күнделікті құлшылықтарында да қолданылады.
Сабиилікте пайғамбарлық сенімінің бар-жоқтығы айқын емес. Кейбіреулері бар десе, кейбіреулері жоқ деп талас-тартысқа түседі. Бұл пайғамбарлыққа деген көзқарастан және міндеттелген қасиеттен бастау алады. Сабиилер Хз. Жақияны өздерінің пайғамбары ретінде қабылдайды. Бірақ Жақияны дін әкелуші, сабиилікті уағыздаған пайғамбар деуге болмайды. Өйткені сабиилікті жарық тәңірі дәріптеген, діндерінің негізін салушы – Сол деп түсінеді. Олар пайғамбарды сабии сенім мен құлшылықтарын орындау мәселесінің ұлы көсемі ретінде қабыл етеді. Бұл көсемдердің жарық патшасы тарапынан сабиилердің үлгілі өкілі болуы үшін және сабиилікті рухтарға үйрету үшін жіберілгендігіне, мұғжиза бейнеде туылғанына және жетілдірілгеніне сенеді.
Сабииліктің діни әдебиетінде пайғамбар «нбиха» терминімен кездеседі және мұнымен Хз. Жақия меңзеледі. Бірақ Хз. Жақияның жаңадан ілім әкелгендігін және осы жолда күрескендігін қабыл етпейді. Хз. Ибраһим, Хз. Мұса, Хз. Иса және Хз. Мұхаммед сабиилердің пайымдауынша пайдасыз тұлғалар деп қарайды. Бұларға қатысты теріс пікірлері бар және оларды жамандық пайғамбары, жалған, қырғынға ұшырату баласы секілді сипаттармен бейнелейді.
Сабииілікте өлім – жоқ болып кету емес, жаңа өмірдің баспалдағы, рухтың тән қапасынан біржола құтылып, жарық әлеміне жоғарылауы жолындағы алғашқы қадамы. Рух денеден айырылысымен дене жансыз затқа айналады. Ал денеден ажыраған рух егер мына жалғанда тәңірлік насихаттарға сай өмір сүрген болса әрі жаман әдеттерден аулақ жүрген болса жоғарылау сапарын бастайды. Жалған дүниеде тыйым салынған істердің құлы болып, өмір сүрген рух қап-қара киім киіп тұрып, тән қапасын тастап шығады.
Денеден шыққан жан мазарға барып 45 күндік жолға шыға бастайды. Дүниеде жақсы жағдайда болған және жақсы өмір сүрген рухтың жолы 40 күндік болады. Жарық әлеміне тура жолға шыққан рух, баратын жеріне жетуі үшін екі кедергіге жолығады. Бұлардан біреуі дүниені қоршап тұрған жеті планета. Рухтар бұл кедергілерді басып өткенде, дүниеде жасаған күнәларының мөлшеріндей азап тартады. Бұл азаптау Матарта атты планетада болады. Екінші кедергі Абатур таразысы. Бірінші кедергіден өткен адам Абатурдың таразысына жетеді. Дүниеде тәңірлік үндеуге құлақ асқан жан Матарталардан (планеталарды) тез өтіп «Абатурдың таразысына» жетеді. Дүниеде тәңірлік үндеуге құлақ аспаған, жамандық жасап, жамандықтардың ішінде өмір сүрген рух, Матарталарда азап шегеді. Бұл жерде азап тартқан рухтар, құтқаруы үшін Тәңірден жәрдем тілейді. Рухтар күнәлары мөлшерінде азап, қысым көреді. Жақсы рухтар найзағай жылдамдығымен, күнәһар және жаман рухтар болса азап шегіп «Абатур таразысына» жетеді және сол жерде таразыланады. Жақсы рухтар, бұл таразыда жақсылықтары жеткілікті болып жолдарын ары қарай жалғастыратынына және «жарық әлеміне жоғарылайтындығына», күнәһәр және жаман рухтар болса күнәлары мөлшерінде жазаларын тарту үшін қайтадан кері қарай планеталарға қайтып жазалану арқылы күнәларынан арылатынына сенеді. Бұл жаман және күнәһар рухтардың қияметтен кейінгі «есеп күніне» дейін азап шегетіні қабыл етіледі.
Сабиилікте жалған дүниенің ақыры таянып, қиямет өмірі басталады деген сенім бар. Қияметтен бұрын ауа ластанып, уланады. Осы удың әсерінен барлық жанды заттар жойылып кетеді. Бұдан кейін жер беті және басқа да планеталар күйреп, быт-шыты шығады. Қиямет орнағаннан кейін ең басты есеп беру кезеңі басталады. Бұл есеп жалпы күнәһар әрі зұлым рухтар үшін болады. Ізгі рухтар басқалардан бұрын «Абатур таразысындағы» есебінен сәтті өткендіктен «жарық әлеміне» жетіп, сонда тұрақтайды. Қиямет-қайымда жер бетіндегі ізгі рухтар бұрынғылар секілді көзді ашып-жұмғанша Абатур таразысынан ойдағыдай өтіп «жарық әлеміне» көтеріледі. Қияметтің орнауымен жер бетінен бір жола кеткен күнәһар рухтар мен ертеректе дүниеден өтіп азап шеккен рухтар есеп бергеннен соң жаһаннам ретінде сипатталған Суф теңізіне лақтырылады, онда жазаларын өтейтін болады. Бұл теңізде күнәлары мөлшеріндей қалған рухтар, күнәларынан арылып, ол жерден шығады және жарық елшісі Хивил Зива тарапынан «шомылдыру рәсімі» (қасиеттеу) жасалады. Тазаланған рухтар кезекпен «жарық әлеміне» кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет