2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекітті
Адвокаттарды
аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 33-4- бабының2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқаларының мүшелері болып табылатын (бұдан әрі – Адвокаттар алқасы) адвокаттарды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейді.
Адвокаттарды аттестаттау олардың кәсіби білімдерінің, құқықтық мәдениетінің деңгейін, кәсіптік әдебі нормаларын сақтауын жәнеадвокаттық қызметпен айналысатын тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында өткізіледі.
2. Адвокаттар кезекті аттестаттаудан әр бес жылда өтеді.
3. Прокуратура және тергеу органдарынан босатылған прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған және адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияныемтихан тапсырмай алған тұлғалараттестаттаудан Адвокаттар алқасына кірген күнінен бастап бір жыл өткен соң өтеді.
Жүктілікке және тууға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған адвокаттар аттестаттаудан адвокаттық қызметті қайта жалғастырғанкүнінен бастап бір жыл өткен соң өтеді.
Республикалық адвокаттар алқасының басқарушы лауазымдарынасайланған адвокаттар кезекті аттестаттаудан лауазымдық өкілеттіктерін тоқтатқан күнінен бастап бір жыл өткен соң өтеді.
4. Адвокаттар қайта аттестаттаудан:
1)кезекті аттестаттауда анықталған кемшіліктерді адвокатқа жою міндетін жүктеп, бір жылдан кейін қайта аттестаттаудан өту жөнінде шартты аттестаттау туралы Аттестаттау комиссиясыныңшешімі бойынша;
2) аттестатталмаған немесе шартты түрде аттестатталған адвокаттың арызын қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімі бойынша.
5. Кезектен тыс аттестаттау Адвокаттар алқасы төралқасының шешімі бойынша жеке немесе заңды тұлғаның өтініші, соттың жеке қаулысы немесе жеке ұйғарымы, тергеу, анықтау немесе прокуратура органының, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) ұсынысынқарау нәтижесінде адвокаттың біліктілігінің жеткіліксіздігі туралы фактілері анықталған жағдайда өткізіледі.
2-тарау. Аттестаттау комиссиясы
6. АттестаттаудыАдвокаттар алқасының жалпы жиналысымен (конференциясымен)төрт жыл мерзімге сайланатын және тұрақты негізде жұмыс істейтін Аттестаттау комиссиясы өткізеді.
Аттестаттау комиссиясының сандық құрамын Адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекітеді.
7. Аттестаттау комиссиясының мүшелігіне кандидаттар адвокаттық қызмет өтілі он жылдан кем емес, тәжірибелі және білікті адвокаттар арасынан ұсынылады.
8. Аттестаттау комиссиясының төрағасы Адвокаттар алқасының жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады.
Төраға орынбасарын қажет болған жағдайда, сондай-ақ Аттестаттау комисиясының хатшысын Аттестаттау комиссиясының мүшелері оның құрамынан сайлайды.
9. Аттестаттау комиссиясының төрағасы Аттестаттау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды.
Аттестаттау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін оның орынбасары немесе Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің бірі орындайды.
10. Аттестаттау комиссиясы, егер оның жұмысына оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
11. Аттестаттау комиссиясы өз қызметінде алқалылық, аттестаттауды өткізуде және адвокаттың кәсіби қасиеттерін бағалауда әділдікпринциптерін басшылыққа алады.
3-тарау. Аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру
12. Аттестаттауға жататын адвокаттар есебін Адвокаттар алқасының төралқасы жүргізеді.
13. Аттестаттауды өткізу және адвокаттардың Аттестаттау комиссиясына аттестаттау материалдарын ұсыну мерзімін Адвокаттар алқасының төралқасы белгілейді.
14. Аттестаттау материалы келесі құжаттарды қамтуы тиіс:
1) осы Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша толтырылған аттестаттау парағы;
2) аттесталатын мерзімдегі адвокаттың статистикалық есептері;
3) адвокаттың қызметін сипаттайтын материалдар:
адвокат жасаған процессуалдық құжаттардың көшірмелері, сот жарыссөздерiнде сөйлеген сөздерiнiң мәтіндері, адвокаттың қалауы бойыншанақты істер бойынша бақылау іс-жүргізулер;
арнайы әдебиет жәнебұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар;
кәсіби қызметі үшін мадақтау құжаттар;
адвокаттың біліктілігін арттырғанын растайтынқұжаттар;
адвокаттың пікірі бойынша аттестаттау нәтижесіне ықпал ететін басқа мәліметтер.
15. Қайта аттестаттаудан өтуге жататын адвокатқа қатысты аттестаттау материалына алдыңғы аттестаттау бойынша Аттестаттау комиссиясының шешімі бар аттестаттау парағы тіркеледі.
16. Адвокаттың аттестаттау материалын дәлелсіз себептермен белгіленген мерзімде тапсырмауыоны аттестатталмадыдеп тану туралы Аттестаттау комиссиясыныңшешім шығаруына негіз болып табылады.
17. Аттестатталатын адвокаттардың аттестаттау парақтарынАдвокаттар алқасы төралқасының басшылығы, заң консультацияларының меңгерушілері, адвокаттық кеңселердің басшылары және осыған уәкілетті өзге де тұлғалар құрастырады.
18. Адвокат аттестаттау басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын аттестаттау парағымен танысуы тиісжәне олардың мазмұныжәне қорытындыларымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін жазбаша түрде білдіруге құқылы.
4-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
19.Аттестаттау адвокаттың таңдауы бойынша аттестаттау парағында көрсетілген мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі.
20. Аттестаттау комиссиясының отырысына аттестаттаудан өтетін адвокаттың келуі міндетті.
Аттестаттаудың күні, уақыты және өтетін орны туралы тиісті түрде хабарланған адвокат дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмей қалған және оның тарапынан қандай да бiр жазбаша өтініш болмаған жағдайларда, Аттестаттау комиссиясы адвокатты аттестатталмады деп танып, ол туралы шешім шығарады.
21. Аттестаттауға дәлелді себептермен келмеген адвокатоған Аттестаттау комиссиясы белгілеген күні жіберіледі.
22. Аттестаттау әңгімелесу нысанында өткізіледі. Әңгімелесу барысында адвокатқа ол ұсынған аттестаттау материалы бойынша сұрақтар қойылады.
Аттестаттау комиссиясы аттестаттау материалын тексеру және әңгімелесу нәтижесінде адвокаттың біліктілігінің жеткіліксіздігін анықтаған жағдайда,адвокаттың жазбаша нысанда немесе компьютерлік бағдарламаны қолдану арқылы тестілеуден өтуі туралы шешім қабылдайды.
23. Аттестаттаудан өту кезінде адвокаттың жазбаларды,ақпараттық, арнайы немесе өзге де әдебиетті, мобильді және өзге байланыс құралдарын қолдануына тыйым салынады.
Адвокат осы тармақпен бегіленген аттестаттаудан өту тәртібін бұзған жағдайда, Аттестаттау комиссиясы осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойыншаакті жасайды.
Аттестаттаудан өту тәртібін бұзған адвокатты Аттестаттау комиссиясы аттестатталмады деп танып, бұл туралы шешім қабылдайды.
24. Тестілеу сұрақтарының тізбесін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы бекітеді.
Сұрақтардың мазмұны білікті заң көмегін көрсету үшін білуге қажетті жалпы заң нормаларын және адвокаттық қызмет туралы заңнаманың нормаларын қамтиды.
Адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасы төралқасы бекіткен сұрақтар тізбесінің ішінен кеміндеүшнұсқада тест әзірлейді және бекітеді.
Аттестатталатын адвокатқа алпыс сұрақтан тұратын және біреуі дұрыс болып табылатынтестің үш нұсқасы ұсынылады. Тестілеу уақыты алпыс минутты құрайды.
25. Адвокаттың қолы қойылған тестілеу нәтижелерінің парағыАттестаттау комиссиясына ұсынылады, оның көшірмесі адвокатқа беріледі.
Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеудіжазбаша тестілеу нәтижесі бойынша Аттестаттау комиссиясының мүшелері жүргізеді,ал компьютерлік тестілеу нәтижесі қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi.
26. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 45 және одан да жоғарыны құраса, адвокат аттестаттаудан өтті деп саналады.
Егер дұрыс жауаптар саны 42-ден 44-ке дейінгіні құраса, адвокат аттестаттауданшартты түрде өтті деп саналады.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 42-ден азды құраса, адвокат аттестаттаудан өтпеді деп танылады.
5-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешімі
27. Аттестаттаудың нәтижесі бойынша Аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) аттестатталды;
2) орын алған кемшіліктерді жою және бір жылданкейін қайта аттестаттау міндетін жүктеу арқылы шартты түрде аттестатталды;
3) аттестатталмады.
Аттестаттау комиссиясы шартты түрде аттестатталған адвокатқа, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында,өздігінен неРеспубликалық адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен бағдарлама бойынша оқудан өтуді ұсынуға құқылы.
28. Шартты түрде аттестатталған адвокат Аттестаттау комиссиясы анықтаған кемшіліктерді бір жылдың ішінде жоймаса немесе Аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын орындамаса, қайта аттестаттау кезінде оған қатысты «аттестатталмады» деген шешім шығарылады.
29. Аттестаттау комиссиясыныңшешімі оның мүшелерінің ашық жай көпшілікдауысымен қабылданады және адвокатқа ол қабылданған соңтікелейжария етiледi.
30. Аттестаттау комиссиясының жұмысы Аттестаттау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылатын хаттамада көрсетіледі.
Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасы Адвокаттар алқасы төралқасындабес жыл бойы сақталады.
31. Аттестаттау комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
32. Аттестаттау комиссиясы «аттестатталмады» деген шешім қабылдаған адвокат «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша Адвокаттар алқасынан шығарылуға жатады және оның адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының қолданысын заңда көзделген тәртіпте тоқтату туралы лицензиарға өтініш жолданады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
33. Аттестаттау қорытындысы туралы Аттестаттау комиссиясыосы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есеп жасайды. ЕсепкеАттестаттау комиссиясының төрағасы мен хатшысының қолдары қойылады және аттестаттау құжаттарымен бірге Адвокаттар алқасының төралқасына ұсынылады.
34. Аттестаттау комиссиясының есебінАдвокаттар алқасының төралқасыоның келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Қарау нәтижесі бойынша Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру, адвокаттардың оң жұмыс тәжiрибесiн талдау және тарату жөнiнде жұмысты ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдайды.
35. Осы Ереже 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекіткен
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеге
1- қосымша
______________________________________________________________________________
(адвокаттар алқасының атауы)
Заң консультациясы ____________________________________________
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
-
Адвокат ___________________________________________________________
аты-жөні
-
Туған күніайы, жылы ______________________________________________
-
Туған жері________________________________________________________
-
Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
_________________________________________________________________
нөмірі, берілген күні, кім берген
-
Білімі _____________________________________________________________
-
Мамандығы _______________________________________________________
-
Жалпы еңбек өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы)__________________________
-
Заңгерлік өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы)______________________________
-
Адвокаттық қызмет өтілі(қай жылдан бастап, күні, айы)_____________________
-
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы (нөмірі және берілген күні) _____________________________________________________________
-
Адвокаттар алқасына мүше болып кірген күні, айы, жылы________________
-
Үйінің адресі, телефонының нөмірі ___________________________________
_________________________________________________________________
-
Адвокаттың қысқаша мінездемесі____________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
-
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастары, ғылыми, педагогикалық және қоғамдық-ағарту қызметі жөнінде мағлұматтар_______ __________________________________________________________________
_________________________________________________________________
-
Тәртіптік жауапкершiлiгi: негіздері мен түрлері ________________________
_________________________________________________________________
-
Берешегі:
бастапқы нысаналы жарна бойынша _________________________________
сомасы мен мерзімі
ай сайынғы мүшелік жарна бойынша ________________________________
сомасы мен мерзімі
-
Аттестаттау мерзімдегі көтермелеулер________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Аттестаттау парағына тіркелген материалдар тізімі: _____________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Қорытындылар:___________________________________________________
___________________________________________________________________
-
Аттестаттау парағының мазмұнымен таныстым, аттестаттауды ________________________________ тілінде өтуді қалаймын.
-
Аттестаттау парағының мазмұны және онда жазылған қорытындылар жөніндегі адвокаттыңпікірі ______________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Аттестаттаудан өту нысанасы:
әңгімелесу ________________________________________________________
тестілеу _________________________________________________________
тестілеудің түрі
-
Дауыс беру нәтижелері:
«аттестатталды»____________________________________________________
дауыс сандары
«шартты аттестатталды» ____________________________________________
дауыс сандары
«аттестатталмады»_________________________________________________
дауыс сандары
24.Аттестаттау комиссиясының шешімі
____________________________________________________________________
25. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары _____________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясыныңтөрағасы ___________________________________
аты-жөні, қолы
Аттестаттау комиссиясыныңмүшелері___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
аты-жөні, қолдары
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекіткен
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеге
2- қосымша
______________________________________________________________________________
(адвокаттар алқасының атауы)
Адвокат кеңсесі _______________________________________
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
-
Адвокат _________________________________________________________
аты-жөні
-
Туған күні,айы, жылы _____________________________________________
-
Туған жері ______________________________________________________
-
Жеке басын куәландыратын құжат ___________________________________
нөмірі, берілген күні, кім берген
-
Білімі ___________________________________________________________
-
Мамандығы ______________________________________________________
-
Жалпы еңбек өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) __________________________
-
Заңгерлік өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) ____________________________
-
Адвокаттық қызмет өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) ____________________
-
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы(нөмірі және берілген күні) ________________________________________________________
-
Адвокаттар алқасына мүше болып кірген күні, айы, жылы _______________
-
Үйінің адресі, телефонының нөмірі __________________________________
-
Адвокаттың қысқаша мінездемесі____________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастары, сондай-ақ ғылыми, педагогикалық және қоғамдық-ағарту қызметі жөнінде мағлұматтар ________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Алып тасталмаған тәртіптік жауапкершiлiгi: негіздері мен түрлері ________
___________________________________________________________________
-
Берешегі:
бастапқы нысаналы жарна бойынша _________________________________
сомасы мен мерзімі
ай сайынғы мүшелік жарна бойынша ________________________________
сомасы мен мерзімі
-
Аттестаттау мерзімдегі көтермелеулер _______________________________
___________________________________________________________________
-
Адвокат кеңсесін тіркеу күні, айы, жылы_____________________________
-
Адвокат кеңсесінің құрылтай құжаттарының, мөрлерінің, бұрыштамаларының, бланкілерінің және маңдайшасының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасынасәйкестігі______________________
___________________________________________________________________
-
Құрылтайшысы болып табыла ма ____________________________________
-
Адвокат кеңсесінің заңды мекенжайы және (немесе) нақты мекенжайы, азаматтарды қабылдау және оның жұмыс орнының жағдайлары______________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Қаржы құжаттарының есепке алынуы ________________________________
-
Қаржы құжаттарының есебін жүргізуге жауапты тұлға(қажеттісінің астын сызу керек):
штаттық бухгалтер
келісім бойынша бухгалтер
құрылтайшының өзі немесе адвокаттардың бірі
-
Мына құжаттардың тіркеуін жүргізу тәртібі мен тіркеудің нысандары:
кіріс және шығыс корреспонденциялардың _______________________________
ордерлердің _________________________________________________________
заң көмегіне төленетін ақылардың ______________________________________
ақылы және ақысыз кеңестердің_________________________________________
ақылы және ақысыз құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттардың_____________
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген статистикалық есептердің __________________________________________________________
адвокаттық іс жүргізулердің____________________________________________
-
Адвокаттар алқасына тиістілігі туралы адвокат кеңсесі маңдайшасының бар-жоғы ______________________________________________________
-
Заң көмегін көрсету туралы шарттар бланкілерінің «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі _________________________________________________
-
Заң көмегін көрсету туралы шарттар бланкілерінде, мөрлер мен мөртаңбаларында адвокат кеңсесінің адвокаттар алқасына тиістілігі көрсетілуі ____________________________________________________________________
-
Адвокат кеңсесінің үй-жайы құрылтайшының (ортақ құрылтайшының) меншігі болып табылады немесе жалға алынады __________________________
-
Адвокат кеңсесініңүй-жайында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін заң көмегін ала алатын азаматтар мен істер санаттары туралы ақпараттың бары-жоғы _______________________________________________
-
Адвокаттардың саны ______________________________________________
-
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын тұлғалардың саны________________________________________________________________
-
Жарнаманы қолдану және жарнамалардың үлгiлері_____________________
____________________________________________________________________
-
Аттестаттау парағына тіркелген материалдар тізімі: ____________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Қорытындылар ____________________________________________________
____________________________________________________________________
-
Аттестаттау парағының мазмұнымен таныстым, аттестаттауды ________________________________ тілінде өтуді қалаймын.
-
Аттестатталатын адвокаттың аттестаттау парағының мазмұны және онда жазылған қорытындылар жөніндегі пікірі _______________________________
___________________________________________________________________
-
Аттестаттаудан өту нысаны:
әңгімелесу ______________________________________________________
тестілеу ________________________________________________________
тестілеудің түрі
-
Дауыс беру нәтижелері:
«аттестатталды»______________________________________________________
дауыс сандары
«шартты аттесталды» _________________________________________________
дауыс сандары
«аттестатталмады»___________________________________________________
дауыс сандары
Аттестаттау комиссиясының шешімі ____________________________________________________________________
-
Аттестаттау комиссиясыныңұсыныстары ____________________________
___________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясыныңтөрағасы ___________________________________
аты-жөні, қолы
Аттестаттау комиссиясыныңмүшелері___________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
аты-жөні, қолдары
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекіткен
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеге
3- қосымша
______________________________________________________________________________
адвокаттар алқасының атауы
Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың
АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ
-
Адвокат__________________________________________________________
аты-жөні
-
Туған күні,айы, жылы _____________________________________________
-
Туған жері ______________________________________________________
-
Жеке басын куәландыратын құжат___________________________________
нөмірі, берілген күні, кім берген
-
Білімі ___________________________________________________________
-
Мамандығы ______________________________________________________
-
Жалпы еңбек өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) _________________________
-
Заңгерлік өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) ____________________________
-
Адвокаттық қызмет өтілі (қай жылдан бастап, күні, айы) ___________________
-
Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы (нөмірі және берілген күні)_________________________________________________________
-
Адвокаттар алқасына мүше болып кірген күні, айы, жылы______________
-
Үйінің адресі, телефонының нөмірі __________________________________
-
Адвокаттың қысқаша мінездемесі____________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынастары, сондай-ақ ғылыми, педагогикалық және қоғамдық-ағарту қызметі жөнінде мағлұматтар__________ ____________________________________________________________________
-
Алып тасталмаған тәртіптік жауапкершiлiгi: негіздері мен түрлері ________
___________________________________________________________________
-
Берешегі:
бастапқы нысаналы жарна бойынша _________________________________
сомасы мен мерзімі
ай сайынғы мүшелік жарна бойынша ________________________________
сомасы мен мерзімі
-
Аттестаттау мерзімдегі көтермелеулер _______________________________
-
Адвокаттың қызметтік үй-жайы«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының үшінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкестігі және оның заңды мекенжайы __________________________________
___________________________________________________________________
-
Қызметтік үй-жайыадвокаттың жеке меншігі болып табылады немесе жалға алынады______________________________________________________
20. Адвокат мөрлерінің, бұрыштамаларының, бланкілерінің және мекен-жай маңдайшасының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасынасәйкестігі___________________________________________________________
21. Адвокаттың үй-жайында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін заң көмегін ала алатын азаматтар және істер санаттары туралы ақпараттың болуы _____________________________________________________________
22. Қаржы құжаттарының есепке алынуы ________________________________
23. Қаржы құжаттарының есебін жүргізуге жауапты тұлға(қажеттісінің астын сызу керек):
штаттық бухгалтер
келісім бойынша бухгалтер
адвокаттың өзі
24. Мына құжаттардың тіркеуін жүргізу тәртібі және тіркеу нысандары:
кіріс және шығыс корреспонденциялардың _______________________________
ордерлердің _________________________________________________________
заң көмегіне төленетін ақылардың ______________________________________
ақылы және ақысыз кеңестердің_________________________________________
ақылы және ақысыз құқықтық сипаттағы жазбаша құжаттардың_____________
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген адвокаттардың қызметі туралы статистикалық есептердің _______________________________________
адвокаттық іс жүргізулердің___________________________________________
25.Адвокаттыққызметін ұйымдастыру нысаны көрестілген адвокаттар алқасына тиістілігі туралы адвокаттың үй-жайы маңдайшасының болуы ______
26. Заң көмегін көрсету туралы шарттар бланкілерінің «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі _________________________________________________
27. Заң көмегін көрсету туралы шарттар бланкілерінде, мөрлер мен мөртаңбаларында адвокаттың адвокаттар алқасына тиістілігі көрсетілуі ___________________________________________________________________
28. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын тұлғалардың саны ____________________________________________________________________
29.Жарнама қолдану және жарнамалардың үлгiлері ________________________
___________________________________________________________________
30. Аттестаттау парағына тіркелген материалдар тізімі: ____________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
31. Қорытындылар___________________________________________________ ____________________________________________________________________
32. Аттестаттау парағының мазмұнымен таныстым, аттестаттауды ________________________________ тілінде өтуді қалаймын.
33. Аттестатталатын адвокаттың аттестаттау парағының мазмұны және онда жазылған қорытындылар жөніндегі пікірі _______________________________
___________________________________________________________________
34. Аттестаттаудан өту нысанасы:
әңгімелесу _______________________________________________________
тестілеу _________________________________________________________
тестілеудің түрі
35. Дауыс беру нәтижелері:
«аттестатталды»___________________________________________________
дауыс сандары
«шартты аттестатталды»____________________________________________
дауыс сандары
аттестатталмады»__________________________________________________
дауыс сандары
36. Аттестаттау комиссиясының шешімі ____________________________________________________________________
37. Аттестаттау комиссиясының ұсыныстары____________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________________________
аты-жөні, қолы
Аттестаттау комиссиясыныңмүшелері___________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
аты-жөні, қолдары
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекіткен
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеге
4- қосымша
Адвокаттың аттестаттауды өту тәртібін бұзғаны туралы
акт
__________________________ __________ 201__ ж. _____ с. ______ мин.
елді мекеннің атауы
Аттестаттау комиссиясының мүшелері __________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
аты-жөні
және тестілеудің операторы(тестілеуді компьютерлік бағдарламаны қолдану арқылы өткізген жағдайда толтырылады)__________________________________________
аты-жөні)
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ереженің 23-тармағының талабын адвокат ____________________________________________________
аты-жөні
бұзғанын анықтады: __________________________________________________
___________________________________________________________________
бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: __________________________________
___________________________________________________________________
аты-жөні, қолы
Тестілеу операторы ___________________________________________________
аты-жөні, қолы
Актімен таныстым: ___________________________________________________
адвокаттың аты-жөні, қолы
Адвокат актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті жазба енгізіледі
____________________________________________________________________актіні құрастырған тұлғалардың аты-жөні, қолдары
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
Адвокаттар алқалары делегаттарының
екінші республикалық конференциясы бекіткен
Адвокаттарды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы ережеге
5 -қосымша
Аттестаттау комиссиясының
аттестаттау қорытындысы туралы есебі
______________________ _____________________
(елді мекеннің атауы) (құрастырылған күні)
Аттестаттау комиссиясының құрамы ____________________________________
Аттестаттау комиссиясының отырыстарын жүргізу мерзімдері мен күндері
________________________________________________________________
Аттестаттауға жататын адвокаттырдың жалпы саны _______________________
Аттестаттауға келген адвокаттардың саны ________________________
Адвокаттар алқасының төралқасы белгілеген мерзімде аттестаттауға келмеген адвокаттардың саны жәнеаты-жөні______________________________________ ____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мыналар көрсетілген шешімдері:
-
аттестатталған адвокаттардың саны __________________________________
-
шартты түрде аттестатталған адвокаттардың саны, _____________________
-
аттестатталмаған адвокаттардың саны ________________________________
Адвокаттардың кәсiби деңгейiн көтеру жөнінде жұмысты ұйымдастыру бойыншажалпы ұсыныстар ___________________________________________
___________________________________________________________________
Шартты түрде аттестаттау туралы шешім қабылданған әрбір адвокатқа қатысты ұсыныстар __________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының қалауы бойынша басқа мағлұматтар_____________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________________________
аты-жөні, қолы
Аттестаттау комиссиясының хатшысы___________________________________
аты-жөні, қолы
Достарыңызбен бөлісу: |