- Тақырыбы: «Күшті және әлсіз электролиттер. Тұнбалардың еру және тұнбаға түсу жағдайлары»
- Орындаған: Данишова Д.
- Тобы: ФҚБ-02-20
- Қабылдаған:
- Шымкент
- 2020-2021 оқу жылы
- Жоспар:
- І.Кіріспе
- ІІ.Негізгі бөлім
- 2.1. Электролиттік диссоциация теориясы
- 2.2. Диссоциациялану константасы және дәрежесі
- 2.3.Әлсіз және күшті электролиттер
- 2.4.Тұнбаға түсу реакциясы
- ІІІ.Қорытынды
- ІV.Пайдаланылған әдебиет
- Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар. Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады. Заттың иондарға ыдырау процессін электролиттік диссоциация деп атаймыз.
- ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- 2.1. ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ
- Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығының лауреаты, 1903 жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп карастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты калыптастырып дамытқан әрі С.Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар - И.А.Каблуков, В.А.Кистяковский, Д.И.Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады.
- Электролиттер - ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізетін заттар (қышқылдар, негіздер, тұздар);
- Электролитеместер - ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар (оксидтер);
- С.Аррениус – электролиттік дисссоциация теориясының авторы;
- Электролиттік диссоциация – заттардың еріткіште ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырауы;
- Катиондар – оң зарядталған, аниондар – теріс зарядталған иондар;
- Аррениус теориясының кемшілігі – иондар еркін, еріткіш молекулаларына тәуелсіз бөлшектер ретінде қарастырылады;
- Ерітінділердің химиялық (гидраттық) теориясы (Д.И.Менделеев) – еріген заттың еріткішпен әрекеттесуіне негізделген теория;
- Сванте Аррениус
- (1859-1927)
- Электролиттік диссоциация - ерітіндідегі электролиттер полярлы еріткіштердің әсерінен иондарға ыдырауы.
- Иондар атомдардан ерекшеленеді. Ерітіндіде иондар ретсіз қозғалады. Тұрақты электр тогы әсерінен электролит ерітіндісіндегі иондар бағытталып қозғалады:
- Катиондар катодка, аниондар анодқа тартылады.
-
- 2.2. ДИССОЦИАЦИЯЛАНУ КОНСТАНТАСЫ ЖӘНЕ ДӘРЕЖЕСІ
- Электролиттік диссоциация константасы (К) – электролиттің еріткіште иондарға ыдырау қабылетінің сипаттамасы;
- Диссоциациялану константасы (К) жоғары болса, электролиттің диссоциациялану қабылеті жоғары;
- Диссоциациялану константасы (К) еріген заттың, еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді;
- Диссоциациялану константасы (К) температура көтерілгенде, жоғарылайды;
- Электролиттің концентрациясы шекті шамада әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |