-
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
|
«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
-
Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы «____» __________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
_____ шілдедегі № ________ бұйрығымен бекітілген
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
-
Жалпы ережелер
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасы операторға тапсырылған сәттен бастап:
– 90 (тоқсан) жұмыс күні.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін берілетін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға төлем шоты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) операторға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім;
2) АӨК субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі немесе әділет органдарынан мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;
3) бизнес-жоспарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салынымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы немесе ғимараттар және құрылыстар салуға арналған инвестициялар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме, немесе ұлғайтылған сметалық есеп (егер инвестициялық паспортта құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша шығындарды өтеу көзделсе);
5) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салынымдар жүзеге асырылған жағдайда, кредиттік/лизингтік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелері.
Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынады:
1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды расталған көшірмесі;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің оператор растаған көшірмесі;
3) жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салынымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың оператор растаған көшірмесі;
4) ауылшаруашылық, арнайы техниканы және технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің оператор растаған көшірмесі;
5) ауылшаруашылық техникасын сатып алған кезде құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) оператор растаған көшірмесі ұсынылады;
6) бизнес-жоспарда көзделген мерзімде өндірістік қуаттардың жүктемесі кемінде 50 %-ға жеткеннен кейін қызмет алушы растайтын құжаттарды (статистикалық есептілік, бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор растаған көшірмелері, өндірістік қуаттардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға көрсетілген басым бағыттар (секторлар) тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды операторға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, оператордың кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы пошталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын пошта ұйымының белгісі растайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады.
Шағымның қабылданғанын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің шағымында:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні корсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) операторға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінішті өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:
көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz,
оператордың www.kam.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Инвестициялық субсидиялауға өтінім
Кімге: ______________________________________________________________
(оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(инвестордың атауы)
Қатысушы туралы мәліметтер
|
1
|
Инвестордың атауы
|
|
2
|
Бірінші басшының Т.А.Ә.
|
|
3
|
Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама (нөмірі, берілген күні және орны, БСН/ЖСН)
|
|
5
|
Заңды мекенжайы
|
|
6
|
Нақты мекенжайы
|
|
7
|
Банк деректемелері
|
|
8
|
Байланыс телефондары
|
|
Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы және ол іске
асырылатын/іске асырылған қаржы қаражатының көзі ____________________
_____________________________________________________________________
Инвестордың Т.А.Ә. және қолы ________________________________________
М.О.
Оператор өтінімді қабылдаған күні 20__ ж. «____»_____________
Өтінімді қабылдаған адамның Т.А.Ә.,
телефон нөмірі _______________________
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Басымды бағыттар тізбесі
|
Р/с №
|
Басымды бағыттар
|
|
Бірінші топ
|
1.
|
Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтандыру
|
2.
|
Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту
|
3.
|
Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын құру және кеңейту
|
4.
|
Жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеңейту
|
5.
|
Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу (құдықтар, ұңғымалар)
|
|
Екінші топ
|
6.
|
Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту
|
7.
|
Құс шаруашылығындағы кәсіпорындарды құру және кеңейту
|
8.
|
Суару жүйелерін құру және кеңейту
|
9.
|
Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
10.
|
Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
11.
|
Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
12.
|
Ет және ет өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
13.
|
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
14.
|
Қант өндіру
|
15.
|
Май-тоңмай өнімдерін өндіру
|
16.
|
Дәнді және майлы дақылдарды тереңдете қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
17.
|
Кондитерлік өнімдер өндіру
|
18.
|
Бекіре және албырт балықтар түрлерін көбейту бойынша индустриялық балық өсіру кәсіпорындарын салу
|
029382
Достарыңызбен бөлісу: |