61
Сыр сынында үш шырай бар: 1) Жай шырай. 2) Талғаулы шырай.
3) Таңдаулы шырай.
Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді.
Мәселен: жақсы атан, жаман қой, тентек бала, жуас ат, шорқақ кісі, қызыл
шүберек, биік ағаш уа ғайри сондайлар.
Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін
көрсетеді; оны көрсету үшін жай сындағы сөзге «-рақ», «-рек»
деген
талғау қосымшалары тіркеледі.
«-рақ» қосымша жуан сөзге, «-рек» қосымша жіңішке сөзге
тіркеледі. Мәселен: жақсы – жақсырақ, жаман – жаманырақ, зерек –
зерегірек, семіз – семізірек уа ғайри солайша.
1) Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге талғау қосымшаларын тіркету.
Аласа, төмен, ақ, қызыл, сұр, қара, сары, шұбар, бай, батыр, жарлы,
жақын, алыс, үлкен, кіші, биік, ескі, жаңа, терең, таяз, саяз, арзан, қымбат,
қою, сұйық, ерке, тік, жеңіл, тегіс.
Іздету. Талғау қосымшаларын тіркерлік сөздер таптыру.
«-рақ», «-рек» қосымшаларсыз талғау шырай да болады. Мәселен:
Сиырдан жылқы биік;
Аттан атан мықты; Қарағайдан қайың аласа;
Асаннан Досан кіші; Темірден ағаш жеңіл, уа ғайри сондай.
Талғау шырайын күшейткенде, көптеген сөз қосылып айтылады.
Мәселен: Сиыр түйеден көп аласа; Қой аттан көп арзан;
Талдан қарағай
көп биік; Темірден ағаш көп жеңіл, уа ғайри солай.
2) Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді талғау шыраймен күшейткізу.
Қыстан күз жылы, күзден шілде жылы; Айраннан қымыз жақсы;
Ағаштан темір берік; Тезектен тас ауыр; Түлкіден қасқыр үлкен;
Кесірткеден
жылан ұзын; Түйеден піл зор; Шекпеннен күпі қалың:
Бүлдіргеннен шие қызыл; Жазудан оқу оңай; Теңізден көл кіші; Айдан күн
жарық; Таяқтан құрық ұзын; Бидайдан тары ұсақ; Киізден шүберек жұқа;
Көлден теңіз терең; Қатықтан қымыз сұйық.
Іздету. Осылар сияқты сөздерді балаларға таптыру.
Таңдаулы шырай нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Оны
көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, хас
деген сөздер қосылып айтылады. Мәселен: ең жақсы, нақ шешен, тап
зерек,
тым қорқақ, бек нәзік, хас батыр уа ғайри сондайлар,
3) Дағдыландыру. Жай шырайлы сөздер таптырып, оларға таңдау
қосалқы сөздерін қостырту.
Таңдаулы шырай екінші түрлі де болады: жай шырайдағы сөз
таңдаулы шырайға түсуге бас дыбыстары бөлек алынып, оған «-п»
дыбысы
жалғанып, сол бөлектенген дыбыстар сөз алдына қойылып
айтылады. Мәселен: а-нық – ап-анық, ау-лақ – ап-аулақ, шо-лақ – шоп-
62
шолақ, қыс-қа – қып-қысқа, тай-пақ – тап-тайпақ, жал-пақ – жап-жалпақ,
се-міз – сеп-семіз, ақ-шам – ап-ақшам уа ғайри сондайлар.
4) Дағдыландыру: Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға «-п»
қостырып, таңдау шырай еткізу.
Кеңде таңдау қосалқы сөздердің орнына басқа сөздер де жүреді.
Мәселен: өте жақсы, айрықша жүйрік, аса құнтақты, тіпті әдемі, артықша
шебер. Өте, айрықша, артықша, тіпті, аса деген сөздер мұнда ең, нақ, тым,
бек, хас деген сөздердің орнында айтылып тұр.
5) Дағдыландыру. Жай шырайдағы сөздерді тапқызып, оларға, өте,
айрықша, артықша, аса, тіпті деген сөздерді қостырып,
таңдау шырай
еткізу.
Ескерту. Есімдер заттың сынын де, істің сынын да көрсетеді.
Мәселен, жақсы: жақсы кісі деп те, жақсы еткен деп те айтамыз; Жаман ат
деп те, жаман жүреді деп те айтамыз; Оңай жұмыс деп те айтамыз, оңай
істедім деп те айтамыз; Шапшаң адам деп те, шабан жүреді деп те
айтамыз уа ғайри сондай. Бұлар үстеу сөздердің орнына жүргендіктен,
сын есім болмай, үстеу болады.
Сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді. Мәселен:
«Арзан еттің сорпасы татымас» дегеннің орнына «арзанның
сорпасы
татымас» деп айтылады. «Арзан еттің» деген екі сөздің орнына «арзан»
деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына
бірдей жүретін сөздерді зат-сын дейміз. Жалғыз сынды ғана көрсететін
сөзді жай-сын дейміз. Зат-сынның жалғаулары да, зат есім жалғаулары да
бірдей. Жай-сынның жалғауы өзіне жалғанбай, соңындағы зат есімге
жалғанады. Түсінікті болу үшін мысал келтіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: