Ақиқат пен аңыз VI диалог



Pdf көрінісі
Дата14.11.2022
өлшемі44.02 Kb.
#464795
Ақиқат пен аңыз VI диалог



1)
Иван Михайлович Чистяков Бауыржан Момышұлы туралы не деген?
Жауабы: Ол қазақ ұлтынан шыққан, алған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді, сымбатты
келген жас командир болатын. Оны ерекше ерлігі мен тапқырлығы үшін Панфилов
ерекше жақсы көрген. Момышұлының маған ұнайтын тағы бір қасиеті болатын, ол оның
шыншылдығы. Мен оның қанша қиын болса да, тіпті содан өзіне зиян келсе де тек қана
шындықты айтатынын білуші едім. Өзінің бағыныштыларынан да осыны талап ететін.
2)
Баукең өмірде нені ұнатпайды?
Жауабы: Бауыржан өзін мақтағанды ұнатпайды.
3)
Автор Момышұлын неге теңейді?
Жауабы: Арыстанға теңейді
4)
Бауыржан Қиыр Шығыс туралы не деді?
Жауабы: «Егер олпы-солпы адамды көк мұзға кірш-кірш қадалатын құрыш емшекті
тағадай иіп, шегедей шымыр етіп шығаратын да дүкен болады деп есептесек, мен
ондай жерді Қиыр Шығыс жері, соның табиғаты дер едім» деген.
5)
Перекоп пен Волчаевка деген кімдер?
Жауабы: Азамат соғысы кезінде Отанның оңтүстігі мен Қиыр Шығысында Қызыл
Армия ерлігінің ең биікке лаулыған екі жалыны.
6)
Жапондар ашпақ соғыс аяғы не болды?
Жауабы:Блюхер бастаған даңқты Қиыр Шығыс Армиясының қаһарына ұшырағаннан
кейін олар артқа шегінді.
7)
Блюхер қандай адам?
Жауабы: Өмірде темірден қатты, болаттан берік адам
8)
Блюхер армиядан қанша жасында босатылды?
Жауабы: 25 жасында
9)
«Дальневосточная» мен «Если завтра война» əндері жəне басқа жырлар тікелей
Қиыр Шығыс Армиясына арналып шығарылған себеп қандай?
Жауабы:Себебі, ол кезде Отанға қауіп үнемі шығыстан төніп тұрды.
10)
Ата орден деген не?
Жауабы: Совет одағында тұңғыш шығарылған Қызыл Ту ордені
11)
Момышұлы генерал Когосовтан қалай алғыс алды?
Жауабы:Термезде винтовкадан үш минутта отыз екі оқ шығарып, оның жиырма екісін
нысанға тигізген.
12)
Момышұлы əскерден бұрын қандай қызмет атқарған?
Жауабы:Банкте есеп қисап қызметінде болған.
13)
Баукеңнің басқалардан артық қасиеті қандай?
Жауабы:Əңгімесін де тиянақты айтады, тырп еткізбей тыңдаушыны да бағып отырады.
14)
Əскер тілінде «конкур-иппик» термині қандай мағына береді?
Жауабы: Бұл ат спорты жарысында алынуа тиіс ең ауыр кедергілер. Оның өзі біресе
құзар биіктіктен қарғитын, біресе жалпақ ордан орғитын қиын-қиын үш кедергіден
тұрады.
15)
Момышұлы командасы жарыста қандай нəтиже көрсетті?
Жауабы: Момышұлының командасындағы он бес адамның бесеуі он үш бөгеттен
бірдей мүдірмей өтті. Он үші он екі кедергіні мінсіз алды.
16)
Үздік əзірлігі үшін команда капитаны Момышұлына қандай қошемет көрсетілді?
Жауабы:Сыйлыққа сағат берілді жəне оны Совет Одағының Маршалы Василий
Константинович Блюхер өз қолымен табыстады.
17)
Баукеңнің армиядан босап, Алматыға келген жылы?
Жауабы: 1956 жыл


18)
Əскери қызметті алысқа өтеген азамат не түсінеді?
Жауабы: Отан деген туған үй, тұрған қалаң ғана емес екенін жан-тəнімен, бүкіл тіршілік
болмысымен түсінеді.
19)
Алпыс градусқа жуық аязда аяқ астынан күн күркіреген сияқтанып, шатыр ете
қалған не нəрсе?
Жауабы: Аяздың қысымынан быт-шыт болып жарылып кеткен үлкен қарағай.
20)
Ойласа от күндерді алады өксіп,
Қазақтың ай мүйізді ақ серкесі,
деп Момышұлы туралы кім жазған?
Жауабы: Бауыржанның бала күнгі досы Əбділдə ақын.
21)
Бауыржан аязды күнде ат үстінде жауратпайтын қандай амал тапты?
Жауабы: Плеенкадан сертек тігіп, оны гимнастерканың сыртынан киді.
22)
Бауыржанды табиғатқа көнбіс етіп тəрбиелеген ұстазы не?
Жауабы: Қиыр Шығыс
23)
«Бойы бар бізден гөрі биігірек» деген өлеңді шығарған кім?
Жауабы: Қасым Аманжолов
24)
Амантай Байтанаев қай жылы «Қазақ пионері» газетінің редакторы болды?
Жауабы: 1948 жылы
25)
Автор мен Амантай қалай таныс?
Жауабы: екеуі КазГУ-де бірге оқыған.
26)
Алмабек пен автор газеттің бірінші сентябрьде шығатын номеріне қай ақынға
өлең əзірлетті?
Жауабы: Қасым Аманжолов
27)
Қасым Аманжоловтың «Қазақстан пионерінің» өтінішімен жазып берген өлеңі?
Жауабы: «Жетпіс пен жеті»
28)
Қасым редакциядан шығарда Алмабекке қандай сыйлық табыстады?
Жауабы:Жаңадан жазылған «Бауыржан» деген өлеңін
29)
Кітаптың «Ақиқат пен аңыз» аталуының себебі?
Жауабы: Ақиқат батырдың əскердегі өмірі де, аңыз-оның азаматтық өмірі, яғни ел
ішіндегі еркелік қылықтары.
30)
Қасым: «Ағамыз атағына асқар тау тең, жау келсе – жаубүйректей етер жаукем!»
деп жазған кезінде Бауыржан қаншада болды?
Жауабы: Отыз сегіз жаста
31)
1931 жылы августта Блюхердің кеудесіне Ленин орденін кім жəне не үшін
қадаған?
Жауабы:Ворошилов адам еңбегі үшін, революция ісіне шексіз берілгені үшін, барлық
қаһармандық қызметі үшін марапатталған.
32)
1938 жылы Блюхер қандай ерлік көрсетті?
Жауабы: Хасан көлінде шекараны бұзған Жапон əскерлерін тас-талқан етіп, ОКДВА
өзін тағы да өшпес даңққа бөледі.
33)
Блюхер қашан қайтыс болды?
Жауабы: 1938 жылдың күзінде
34)
Рубка деген не?
Жауабы: Шауып келе жатқан ат үстінен қылышты оңды-солды сермеп, жолға
шанышқан шыбықтарды шауып түсіру.
35)
Жарыс басталғанда кавелерист Дотольдің орнына, дивизияның бастығы
команда беруінің себебі неде?


Жауабы: Комбриг Дотоль қызметінен босап, орнына Чистяков деген майор командир
келді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет