«Ақиқат сыйы» -танымы терең мұра
Қараханид дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштердің бірі– Ахмет Йүгінекидің «Һибат-ул хақайиқ» («Ақиқат сыйы») атты еңбегі. Зерттеуші-ғалымдардың жобалауынша, ХІІ ғасырдың аяғы – ХІІІ ғасырдың бас кезінде жарық көрген туынды.
«Ақиқат сыйы» шығармасын осы уақытқа дейін біршама түрколог ғалымдардың зерттегені белгілі. Бұл шығарманы зерттеушілердің бірі белгілі ғалым Б.Сағындықұлы былай дейді: «һибат-ул-хақайиқпен арнайы шұғылданған- өзбек ғалымы Қ.Махмудов. Ол осы ескерткіштің материалдары негізінде кандидаттық диссертация қорғады. Кейінірек монографиясын кітап етіп шығарды. Бұл зерттеуде ескерткіштің фонетикасына, морфологиясына сипаттама берілген [1, 64]. Ал, Г.Ж.Баялиеваның «А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» ескерткішінің зерттелуі, фонетикалық, семантикалық ерекшеліктері» мақаласында түрік ғалымы Рашид Араттың жоғарыда аталған шығарманы зерттеуде еңбегінің зор екенін атап көрсетеді. Оған мына жолдар дәлел: «Осы ғалымдар арасында Рашид Араттың еңбегі өте зор. Ол ескерткіштің кітапханада сақталған мәтіндерін суретке түсіріп, көшірмесін жинаған. Сөйтіп, өзінен кейінгі зерттеушілерге үлкен іс қалдырған. Өзінен бұрынғы зерттеушілердің пікірін жинақтап, өз топшылауларын айтқан» [2,33].
Аталған шығарманың бірнеше нұсқалары бар. «Древнетюркский словарь» атты сөздікте: «Поэма дидактического содержания первой половины XIII в., сочинение Ахмеда Югнекского; сохранилось семь списков» десе [3, 31], «Әдеби жәдігерлер» атты кітапта: «Ғылымға «һибат-ул хақайиықтың» алты нұсқасы белгілі» деп көрсетілген [4, 419]. Ал, белгілі түркітанушы Э.Н.Наджип өзінің «Исследования по истории тюркских языков, XI-XIV вв.» атты еңбегінде төрт нұсқасына тоқталып өтеді. Атап айтатын болсақ:
1. Бұл нұсқалардың ішінде ең ескі әрі толық нұсқасы самарқандтық нұсқа болып табылады, ол Стамбул қаласының «Айя-София» кітапханасында №4012 нөмірмен сақтаулы тұр. Бұл нұсқаны 1444 жылы Самарқанд қаласында атақты каллиграф Зейн-ул-Абидин бин Султан-Бахт Джурджаний Хусейни ұйғыр жазуымен көшірген.
2. Екінші нұсқа 1480 жылы көшірілген, көшіруші Шейхзаде Абдур-Раззака бахшы. Бұл нұсқа да Стамбул қаласының «Айя-София» кітапханасында №4757 нөмірмен сақтаулы тұр. Бұл нұсқа араб және ұйғыр жазуымен жазылған. Бұл нұсқа Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде табылған. Оны зерттеумен түрік ғалымы Н.Асым айналысты. 1915 жылы Стамбул қаласында ол бұл нұсқаны алғаш рет түрік тіліне аударып, баспадан шығарады.
3. Үшінші нұсқа Стамбул қаласының «Топ-Капы» сарайында №35552 нөмірмен сақтаулы тұр. Бұл нұсқа әдемі араб жазуымен көшірілген. Қайда, қашан, кім көшіргені әлі күнге дейін белгісіз. Алайда, бұл нұсқада сұлтан Баязид II (1481-1512) мөрі бар. Сондықтан бұл нұсқа XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында көшірілуі мүмкін.
4. Төртінші нұсқа Саид Али деген адамның жеке кітапханасынан табылып, кейіннен Анкараға жеткізілген. Қазіргі таңда бұл нұсқа жоғалып кеткен [5, 46].
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі адам баласын тәрбиелеуде таптырмайтын туындылардың бірі. Бұл орайда туындының бүгінгі қоғамдағы ислам дінінің құндылығын жас ұрпақ бойына сіңіруге септігі мол.
«Уа, Жаратушым, сені шексіз дәріптеймін.
Алдымен сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін.
Саған лайық мақтау айтуға тілім жете ме?
Шамам келгенше аянбайын, маған жәрдем бер!» [6,47].
Жаратушыға шамасы келгенше мадақ айтатын пенде, жақсылықтан кенде қалмайсын дегенді меңзеп, автор туындының кіріспесін осылай бастайды. Бұл автордың Жаратушыға деген шексіз құрметі деп түсінеміз. Жаратушыны сүйіп, адамзатты құрметтеуді адам баласы дүние есігін ашқан күннен бастап үйрену қажет.
Адам бойынатәрбиеніәлбеттеата-анасыдарытады. Уақытөтекеле, өзінқоршағанортасыяғни, балабақша, мектеп, колледж, ЖОО жәнетағы да басқаәлеуметтікинституттарадамдытәрбиелеугеықпалжасайды. Ал, солкөптегенжақсылы, жамандыәсеретушіфакторлардандұрысынтаңдапбойыңасіңірудіүйренуүшін, әрине, білімніңалатынорныорасанзор. Алыпжатқанбілімніңдұрыс-бұрысынанықтапберетінұстаз. «Ақиқатсыйы» шығармасындабілім-ғылымжайлымәселеөтеұтымдықозғалған.
«Уа, дос, өзіңдібілімдігежақынтұт.
Бақытжолыбілімарқылыбілінеді.
Білім ал. Бақытжолынізде
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты,
Білімсіз надан- құны жоқ бақыр
Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді» [6, 50].
Осы жолдар арқылы автор білімнің қадір-қасиетін түсіндіре келе, оқы, үйрен, ізден деп өзінен кейінгі ұрпаққа кеңес беріп отыр. Бұл өлең жолдарынан мынадай ой қорытамыз: «Білімдінің күні жарық, Білімсіздің күні қараң». Себебі, бұл жолдарда білімді-білімсіз адамдардың сипаты тайға таңба басқандай көрсетілген.
Ахмет Йүгінеки білімді адамның артықшылығын төмендегідей суреттейді: Білімді адам бақытты; білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты; білім алған ер халыққа белгілі болады; білімді адамның өзі өлгенмен аты өлмейді; білімді бір кісіге білімсіз мың; білімді кісі білімнің парқын айырады; білімнің пайдасын, білімді біледі; білім қадірін адамға білімді білдіреді; білімді кісі істің жөнін біледі; білімді керек сөзді айтады; білімдінің сөзі үгіт, насихат, үлгі-өнеге.
Білімсіз адамды автор: білімсіз надан- құны жоқ бақыр; білімсіз кісінің жайы майы жоқ сүйек сияқты; білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты; надан- тірі дегені болмаса, аты өлік; білімі жоқ адам төмен құлдырады; білімсізге шын сөз ащы тиеді, оған үгіт, насихат пайдасыз; білімсіз не айтса да ұқпай, түсінбей айтады; білімі болмағандықтан бір қауым халық Өз қолынан пұт жасап: «Құдайым бұл», - деді [6, 51].
Бұл жерде білімді мен білімсіздің айырмашылығын айқын көре аламыз.
Тәрбиелі, білімді адам еш уақытта қиянат жасамайтыны ақиқат. Өйткені, тәрбиелі, білімді адам- әдепті адам. Ал, әдептілік жайында «Ақиқат сыйы» еңбегінде былай баяндалады:
«Әдептіліктің басы- аузын бағу» яғни, он күнәнің тоғызы тілден дегендей, сөйлеп отырған адам өз сөзін өзі бағып отыруды насихаттайды. Қазақ халқының «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақалына мәні қатты ұқсайтынын байқауымызға болады.
Шығармада әдептілікке қатысты көптеген жолдар бар. Мысалы: «Беталдысөйлей берме, тіліңдітый.
Тіліңніңжүгенсіздігібіркүнібасыңажетеді.
Тілінтартпағанкісініақылдыдеуге бола ма?
Тіл мен сөздің бостығы талай басты жеді.
Адамды тіліңмен өшіктірме. Біліп қой.
Тілжарасыжазылмайды, оқжарасыжазылады» [6, 52].
АхметЙүгінекидіңтілжайлыжазғанойларыұрпақтәрбиесіндетаптырмайтынәдістеме.
«Бұл дүние керуен түсетін сарай сияқты,
Керуен-сарайға түскен көш одан әрі сапар шегу үшін түседі.
Бұл дүниенің ләззаты мәңгі емес,
Рақат дәурені зу етіп желдей өте шығады [6, 54].
Бұл дүниенің уақытша екендігі туындыда осылай көрініс табады. Сол кетіп бара жатқан керуеннің артынан қуып, дүниені жинау адамға бақ емес, сор әкеледі дейді. Дүние- қолдың кірі, жуғанда кетіп қалатын деп уағыздайды.Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: «Адам да бұл өмірде мәңгі тұрақтамайды».
«Байлық пен кедейлік Алланың ісі
Азық жоқтығын «кедейлік» - деп айтпа.
Бұл дүние мүлкінен тамақ пен киімді
Артық тілеме. Обал жүктейсің,
Пайғамбар дүниені егінжай деп айтты,
Егінжайға жаныңды салып игілік ек» [6, 54].
Адам баласы бұл дүниеге келгеннен кейін, диқаншы егін еккендей жан жағына шапағат нұрын шашып жүруі қажет,- деп қорытындылайды автор.
Адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі- жомарттылық. Ал, осы жомарттылық жайлы Ахмет Йүгінеки былай деп жазады: Егер мақтағың келсе жомарт ерді мақта; Барлық ер жомарттың жақсылығын айтады; Жомарттық барлық айыптың кірін жуады; Жомарт бол. Саған сөз де, сөгіс те келмейді; Сөз келетін жолды жомарттық тыяды; Жібімейтін көңіліңді жомарт кісі жібітеді; Қол жетпейтін мұратқа жомарттың қолы жетеді; Жомарттықты әрі зиялы, әрі қарапайым халық мақтайды; Жомарт білімді жете меңгереді; Жомарттың арқасында қорғансыздар жақсы өмір кешті; Жомарт ер- халықтың құрметтісі; Жомарттық абырой-атағыңды, ажар-көркіңді арттырады; Жомарттық сені сүйіспеншілікке бөлейді.
Жомарттыққа қарама-қарсы сараңның неден құр қалатындығы жайлы автор: Сараңға бөрі сияқтандырып оғыңды кезе; Сараңдықты мақтайтын тіл бар ма?; Сараң арам жолмен көп алтын, күміс жинады; Байлықты жинап бермеген кісі- жек көрінішті әрі жаман атты; Сараңдық- емдегенмен жазылмайтын ауру; Біреуге келгенде сараңның қолы тастай берік; Сараңның көзінің сұқы, көңілі толмайды; Сараң – нағыз ұятсыз; сараң жияды, ішпейді, жемейді, тістеп ұстайды [6, 56].
Ахмет Йүгінеки жомарт адам мен сараң адам нені ұтады, неден ұтылатының оқырман қауымға ұғынықты, қарапайым түрде жеткізе білген деп айта аламыз.
«Ақиқат сыйы» шығармасында сондай-ақ тәкаппар, паң, өр көкірек жандарды да сынайды:
«Тәкаппарлық- барлық елде жеккөрінішті қылық.
Біреулер ұлықсынып, «Мен, Мен»,- дейді.
Ондай адамды халық та, құдай да сүймейді.
Тәкаппар киімін кисең, тез таста!
Халыққа көкірегіңді керіп, тіліңді түйреме!
Егер мұсылман болғың келсе, көнбісті бол.
Тәкаппарлық көрсететін адамды төмен құлдилатады [6, 57].
Бұл жолдар арқылы автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді.
Ақын дүниеқорлық, адалдық, арамдық жайлы да сөз етеді. Ол жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыра отырып көркем тілмен әсерлі суреттейді:
«Ашкөздік деген не? Ол- адамға дұшпан қасиет.
Дүниеқорлық- адамға тек бос бейнет.
Дүниеқор қанша жиса шаршамайды. Жалықпайды.
Қайырымсыз кісі жеміссіз ағаш сияқты [6, 58].
Дастанда мынадай тамаша бір ой айтылады: «Тікен ексең, жүзім шықпайды». Бұл жерде ақын адам баласына қандай қастандық жасасаң да, арты жақсылыққа апармайды деген ойды астарлы түрде жеткізеді. Ұрпақ тәрбиесіне ұтымды пайдалануға таптырмайтын сөздің асылы деп айтсақ, артық айтпаған болармыз деген ойдамыз.
Ақын әрбір іс Алланың бұйрығымен болатынын да ескертеді. Жоғарыдағы айтылған барлық жаман қасиеттері үшін адам баласы жауапсыз қалмайтындығын, жақсы қасиеттері үшін екі дүние нығметіне бөленетіндігін айтады. «Аяққа тікен де бұйырықпенен кіреді» деген жолдардан опасыз бұл жалғанда себепсіз ештеңе болмайтындығын және ол іс-әрекет Алланың қалауымен болатынынына автор сөзі дәлел.
Рухани құндылықтар қай заманда болмасын ескірмейді, жоғалмайды. Дүниеде материалдық құндылықтар ғана жаңарып, өзгеріске түседі. Ал адамгершілік пен жауыздық, жомарттық пен сараңдық, кеңпейілділік пен қызғаншақтық, байлық пен кедейлік, аманатқа қиянат, ата- анаға құрмет т.б. адамның сипаттары қай уақыт болмасын пендемен бірге. Сондықтан да, жоғарыда аты аталған дастанның келешек ұрпаққа берері мол.
Жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан мына біздер үшін бұл еңбек- ұрпақ тәрбиесіне және адам баласы өз-өзін тәрбиелеуге таптырмайтын құрал. Бұл шығармада педагогиканың, психологияның, философияның, дінтану және әдебиеттану ғылымдарының үндестігін көре аламыз. Сондықтан Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасы- мәңгі өлмейтін туынды.
Баялиева Гүлмира
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Утепбергенова Айгуль
Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің
қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының
2 курс магистранты
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Сағындықұлы Б. Ахмед Иүгінеки- XII ғасырдың ақыны // Қазақ әдебиеті. -1997. №3-4
-
Баялиева Г. А. Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» ескерткішінің зерттелуі, фонетикалық, семантикалық ерекшеліктері // «Базар жырау»: республикалық әдеби, ғылыми-танымдық журнал, -2012, №3
-
«Древнетюркский словарь», -Ленинград, -«Наука», 1969, 676 бет.
-
Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Т.6.; Қожа Ахмет Иассауи. Даналық кітабы. Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы/ құраст.:А.Әлібекұлы, С.Дәуітұлы, Б.Сағындықұлы. –А.: Таймас, 2008. – 488 б.
-
Э.Н.Наджип «Исследования по истории тюркских языков XI-XIV вв», -Москва, «Наука», 1989.
-
Йүгінеки Ахмед. Ақиқат сыйы: Түпнұсқаның фотокөшірмесі, транскрипциясы, прозалық және поэтикалық аудармасы. –Алматы: Ғылым, 1985. -152 б.
Достарыңызбен бөлісу: |