Анизотропия
Anisotropy (грек тілінен ауд.anisos – теңсіз + tropos – бағытталу )
Заттың физикалық (механикалық, электрлік және т.б) қасиеттерінің бағытқа тәуелдігі. Кристалдарға тән және олардың симметриясымен байланысты: симметрия неғұрлым төмен болса, анизотропия соғұрлым күштірек. Кейбір қасиеттеріне мысалы тығыздыққа, меншікті жылу сыйымдылыққа қатысты кристалдар изотропты, яғни бұл қасиеттер бағытқа тәуелді емес.
Сұйық кристалдар мен кейбір сұйықтардың анизотропиясы молекулалар бағдарындағы ішінара реттелумен және олардың кейбір қасиеттерінің (мысалы, полярлану) анизотропиясымен түсіндіріледі. Изотропты орталарда электрлік немесе магниттік өріс, механикалық әсерлерінен жасанды анизотропия туындауы мүмкін. Поликриссталды материалдар әдетте изотропты; олардың қасиеттерінің азизотропиясы (негізгінен механикалық) өңдеу (жануды) мен дәндердің (текстурасын) бағдарын туғызу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Анизотропия табиғи текстурасы (древесина) бар кристалды емес материалдарда да байқалады.
Анион
Anion (от греч. Anion, букв. – идущий вверх).
Отрицательно заряженный ион, движущийся в электрическом поле к аноду.
|
Анион
Anion (гр. Anion – жоғары қарай қозғалушы).
Электр өрісінде анодқа қарай қозғалатын теріс зарядталған ион.
|
Аннигиля́ция
Annihilation (от позднелат. Annihilatio – уничтожение, исчезновение)
Превращение частицы и античастицы при столкновении в другие частицы. При этом обе сталкивающиеся частицы исчезают.
|
Аннигиляция
Annihilation (кейінгі лат. Annihilatio – жойылу, жоғалу)
Бөлшек пен антибөлшектің басқа бөлшек-терге соқтығысуы нәтижесінде түрленуі. Бұл кезде соқтығысушы екі бөлшек те жойылады. кетеді.
|
аннигиляция электрон-позитронная / electron-positron annihilation — превращение пары «электрон-позитрон» при столкновении в два фотона с энергией 511 кэВ. С большой вероятностью процесс происходит через промежуточное квази-стабильное состояние – позитроний (e-, e+).
|
электрон-позитронды аннигиляция / electron-positron annihilation — «электрон-позитрон» жұбының соқтығысу кезінде энергиясы 511 кэВ екі фотонға айналуы. Процестің квазитұрақты позитроний (e-, e+) күйі арқылы өту ықтималдылығы өте үлкен.
|
аннигиляция вакансий / vacancy annihilation — взаимное уничтожение вакансии и внедрённого междоузельного атома в результате их взаимодействия.
|
вакансияның аннигиляциясы / vacancy annihilation — вакансия мен ендірілген түйінаралық атомның өзара әсерлесуінің нәтижесінде бірін-бірі жоюы.
|
Анод
Anode (от греч. Anodos – движение вверх)
1. Полюс (или клемма) источника тока (аккумулятора, гальванического элемента), находящийся при работе этого источника под положительным потенциалом по отношению к другому полюсу того же источника – катоду.
2. Электрод электровакуумного, газоразрядного, электронного или ионного прибора, присоединяемого в электрической цепи к аноду источника питания.
3. В электрохимии – электрод в электролите, около которого происходит окисление ионов и молекул, входящих в состав электролита.
|
Анод
Anode (гр. Anodos – жоғарыға қозғалу)
1. Ток көзінің (аккумулятордың, гальваникалық элементтің) басқа полюсі катодқа қатысты оң потенциалдың ықпалына ұшырайтын ток көзінің полюсі (немесе клеммасы).
2. Электровакуумды, газды разрядтық, электрондық немесе иондық құралдардың электр тізбегінде қоректендіру көзінің анодына қосылған электрод.
3. Электрохимияда - маңайында электролит құрамына кіретін иондар мен молекулалардың тотығуы жүзеге асатын электролиттегі электрод.
|
Анодирование
Anodic coating
Процесс образования оксидной пленки на поверхности металлических изделий методом электролиза. При анодировании изделие, погруженное в электролит, соединяют с положительно заряженным электродом источника тока (анодом).
|
Анодтау
Anodic coating
Электролиз әдісімен металл бұйымдардың бетінде оксидті жабындылардың түзілу процесі. Электролитке батырылған бұйымды анодтау кезінде оны ток көзінің оң зарядталған электродымен (анодпен) қосады.
|
анодирование плазменное / plasma anodic coating — создание оксидного слоя на поверхности пассивных в химическом отношении веществ (например, кремния) в плазме разряда в газовой среде, содержащей кислород. При этом обрабатываемый образец находится под положительным потенциалом.
См. также анод.
|
плазмалық анодтау / plasma anodic coating — химиялық тұрғыда белсенді емес (пассивті) заттардың (мысалы, кремнийдің) бетінде құрамында оттегі бар газды ортадағы разряд плазмасының көмегі арқылы оксидті қабатпен қаптау. Мұнда өңделуші нұсқа оң потенциалға ие болады.
Сон. қ. қараңыз: анод.
|
Античастица
Antiparticle
Элементарная частица, идентичная по массе и другим внутренним характеристикам ее «двойнику» – нормальной частице, но отличающаяся от нее знаком электрического заряда, магнитного момента и некоторыми другими характеристиками. Многие элементарные частицы имеют свои античастицы. Например, электрон – позитрон, протон – антипротон ит.д. При столкновений частицы античастицы происходит их аннигиляция.
|
Антибөлшек
Аntiparticle
Өзінің тетелес бөлшегі – қалыпты бөлшекке массасы және тағы да басқа ішкі сипаттамалары бойынша ұқсас, тек электр зарядының, магнит моментінің таңбасымен және бірқатар электрлік сипаттамаларымен ерекшеленетін элементар бөлшек. Көптеген элементар бөлшектер антибөлшектерге ие. Мысалы, электрон – позитрон, протон – антипротон және т.б. Бөлшек пен антибөлшек соқтығысқан кезде олардың аннигиляциясы іске асады, яғни олар жойылып кетеді.
|
Апертура
Aperture (от лат. Apertura – отверстие).
Действующее отверстие оптической (электронной, ионной) системы, определяемое размерами линз, зеркал или диафрагмами.
|
Апертура
Aperture (лат. Apertura – тесік).
Линзалар, айналар немесе диафрагмалардың мөлшерімен анықталатын, оптикалық (электронды, ионды) жүйенің жұмыс істейтін саңылауы.
|
апертура угловая / angular aperture — угол между краиными лучами конического пучка вылетающих частиц (угол разлёта).
|
бұрыштық апертура / angular aperture — ұшып шығушы бөлшектердің конустық шоғырының шеткі сәулелерінің арасындағы бұрыш (бытырау бұрышы).
|
А́том
Atom (от греч. atomos — неделимый).
Наименьшая часть химического элемента, являющаяся носителем его свойств. Число электронов в нём равно числу протонов. Атомы могут существовать как в свободном состоянии, так и в виде химических соединений — молекул.
|
А́том
Atom (гр. atomos — бөлінбейтін).
Химиялық элементтің қасиеттеріне ие ең кіші бөлшек. Ондағы электрондар саны протондар санына тең. Атомдар еркін күйінде де, сонымен қатар химиялық байланыстар – молекулалар түрінде де өмір сүруі мүмкін.
|
атомы водородоподобные / hydrogen-like atoms — (1) ионы легких элементов, состоящие, подобно атому водорода, из ядра и одного электрона. К ним относятся Не+ , Li2+ , Be3+ и т. п., сходные с атомом водорода по спектральным характерис-тикам. (2) Нестабильные частицы, называ-емые новыми атомами. К ним относятся, во-первых, мезоатомы, состоящие из ядра атома водорода (протона) и отрицательно заряженной элементарной частицы. Во-вторых, системы, состоящие из электрона и положительно заряженной элементарной частицы: позитрона, мюона, мезона (соответствующие частицы называются позитроний, мюоний, пионий, каоний). Такие системы образуются при прохож-дении пучков указанных элементарных частиц через вещество и могут вступать в химические реакции, аналогичные реакциям атомарного водорода.
|
сутегі тәріздес атомдар / hydrogen-like atoms — сутегі атомы тәрізді, ядродан және бір электроннан тұратын, жеңіл элементтердің иондары. Оларға сутегі атомына спектрлік сипаттамалары бойынша ұқсас Не+ , Li2+ , Be3+ және т.с.с. жатады. Жаңа атомдар деп аталатын орнықсыз бөлшектер. Оларға біріншіден, сутегі атомының ядросынан және теріс зарядталған элементар бөлшектен тұратын мезоатомдар жатады. Екіншіден, электроннан және оң зарядталған элементар бөлшектер: позитроннан, мюоннан, мезоннан (сәйкес бөлшектер позитроний, мюоний, пионий, каоний деп аталады) тұратын жүйелер. Мұндай жүйелер көрсетілген элементар бөлшектердің шоғырлары зат арқылы өткенде пайда болады және сутегі атомы реакцияларына ұқсас химиялық реакцияға түсе алады.
|
атом возбуждённый / excited atom — атом, который имеет большую энергию, чем в основном состоянии.
|
қозған атом / excited atom — негізгі күйге қарағанда жоғары энергияға ие атом.
|
атом межузельный (точечный дефект внедрения) / interstitial atom (interstitial point defect) — внедренный в кристаллическую решетку избыточный (собственный или примесный) атом.
|
түйінаралық атом (нүктелік ендіру ақауы) / interstitial atom (interstitial point defect) — кристалдық торға енгізілген артық (меншікті немесе қоспалы) атом.
|
атом отдачи / recoil atom — атом, получивший при радиоактивном превра-щении ядра или в результате рассеяния на нём быстрой частицы кинетическую энергию, заметно превышающую энергию теплового движения частиц среды, в которой он находится.
|
берілу атомы / recoil atom — ядроның радиоактивті түрленуінің немесе ядродан жылдам бөлшектердің шашырауы нәтижесінде ортадағы бөлшектердің жылулық қозғалысы энергиясынан асатын кинетикалық энергияға ие атом.
|
атом примесный / impurity atom — атом твёрдого тела, химическая природа которого отлична от химической природы основной массы атомов, образующих это тело.
См. также вес атомный, масса атомная, номер атомный, радиус атомный, спектр атомный, столкновения атомные.
|
қоспалы атом / impurity atom — химиялық табиғаты қатты денені түзетін негізгі атомдардан химиялық табиғаты бойынша ерекшеленетін атом.
Сон. қ. қараңыз: атомдық салмақ, атомдық масса, атомдық нөмір, атомдық радиус, атомдық спектр, атомдық соқтығысулар.
|
Атомизация
Atomization
Распыление расплавленного металла на мелкие частицы быстро движущейся струей газа, потоком жидкости или другим способом.
|
Атомизация
Atomization
Балқытылған металды жылдам қозғалатын газ ағынымен, сұйық ағынымен немесе басқа әдістермен ұсақ бөлшектерге тозаңдату.
|
Аутогезия
Autoadhesion
Частичный случай адгезии, проявляющийся при соприкосновении однородных тел, при котором сохраняется граница раздела фаз между телами.
См.также адгезия, когезия
|
Аутогезия
Autoadhesion
Денелер арасында фазалардың бөліну шекарасы сақталатын, біртекті денелердің жанасулары кезінде көрініс табатын адзегияның өзіндік жағдайы.
Қараңыз сондай-ақ адгезия, когезия
|
Б
Банчировка (самофокусировка пучка заряженных частиц)
Bunching, charged-particle beam self-focusing
Сжатие (уменьшение диаметра) пучка заряженных частиц вблизи катода под действием собственного магнитного поля.
|
Банчировка (зарядталған бөлшектер шоғының өздігінен тоғыстануы)
Bunching, charged-particle beam self-focusing
Зарядталған бөлшектер шоғырының өзінің магнит өрісінің әсерінен катод маңында сығылуы (диаметрінің кішіреюі).
|
Барабан вращающийся
Rotatory dram
Специальная опция в радиационной или плазменной установке. С помощью вращающегося барабана можно относительно равномерно обрабатывать в плазме или в потоке ионизирующих излучений сыпучие материалы, мелкие детали и т.д.
|
Айналушы барабан
Rotatory dram
Радиациялық немесе плазмалық қондырғыдағы арнайы опция. Айналатын барабанның көмегімен плазмада немесе иондаушы сәулелер ағынында сусымалы материалдарды, ұсақ бөліктерді және т.б біртекті өңдеуге болады.
|
Бародиффузия.
см. ст. диффузия
|
Бародиффузия.
диффузия бетін қараңыз
|
Барьер потенциальный
Potential barrier.
Пространственно ограниченная область высокой потенциальной энергии частицы в силовом поле, по обе стороны которой потенциальная энергия резко падает. В классической механике прохождение частицы через потенциальный барьер возможно, лишь если ее полная (кинетич. + потенц.) энергия превышает высоту потенциального барьера.
|
Потенциалдық барьер
Potential barrier.
Екі жағынан да потенциалдық энергиясы күрт төмендейтін, күштік өрісте бөлшектің жоғары потенциалдық энергиясының кеңістіктік шектелген облысы. Классикалық механикада бөлшектің потенциалдық барьер арқылы өтуі тек егер оның толық энергиясы (кинет+потенц) потенциалдық кедергінің биіктігінен асып түсетін болса ғана мүмкін болады.
|
барьер Шоттки / Schottky barrier — потенциальный барьер (см. барьер потенциальный), образующийся в приконтактном слое полупроводника, граничащем с металлом. Исследован В.Шоттки (W.Schottky) в 1939 г. Для его возникновения необходимо, чтобы работы выхода электронов из металла и полупроводника были разными.
|
Шоттки барьері / Schottky barrier — жартылай өткізгіштің металмен шектесетін түйіскен қабатында пайда болатын потенциалдық барьер. 1939 ж. В.Шоттки (W.Schottky) зерттеген. Оның пайда болуы үшін, электрондардың металдан және жартылай өткізгіштен шығу жұмысы әр түрлі болу керек.
|
Батарея ядерная
Atomic battery, nuclear battery
Радиоизотопный источник электрической энергии, в котором энергия радиоактивного распада радионуклидного топлива пре-образуется в электрическую. Простейшая ядерная батарея состоит из источника излучения и отделенного от нее диэлек-трической пленкой коллектора. При распаде источник испускает бета-излучение, вслед-ствие чего он заряжается положительно, а коллектор – отрицательно, и между ними возникает разность потенциалов.
|
Ядролық батарея
Atomic battery, nuclear battery
Радионуклидті отынның радиобелсенді ыдырау энергиясы электрлікке түрленетін электр энергиясының радиоизотопты көзі. Қарапайым ядролық батарея сәулелену көзінен және одан алыстатылған коллектордың диэлектрлік пленкасынан тұрады. Ыдырау кезінде көз бета-сәуле шығарады, нәтижесінде ол оң, ал коллектор – теріс зарядталады және олардың арасында потенциалдар айырымы пайда болады.
|
Безопасность населения радиационная
Radiation safety of population
Система защиты настоящего и будущих поколений людей от вредного для их здоровья воздействия ионизирующего излучения.
|
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі
Radiation safety of population
Қазіргі және болашақ ұрпақты олардың денсаулығына зиян иондаушы сәулеленуден қорғау жүйесі.
|
Беккерель
Becquerel
Единица активности нуклида в радиоактивном источнике, равная активности нуклида, при которой за 1 с происходит один распад. Обозначение – Бк.
|
Беккерель
Becquerel
1 с ішінде бір ыдырау жүзеге асатын нуклидтің белсенділігіне тең радиобелсенді көздегі нуклид белсенділігінің бірлігі. Белгіленуі – Бк.
|
Бериллизация
Beryllium diffusion treatment, beryllium surface saturation
Поверхностное диффузионное насыщение стали или других сплавов бериллием, в результате чего повышается твердость, окалиностойкость и коррозионная стойкость этих материалов.
|
Бериллизация
Beryllium diffusion treatment, beryllium surface saturation
Болаттың немесе басқа балқымалардың бериллимен беттік диффузиялық қанығуы, нәтижесінде бұл материалдардың окалин тұрақтылығы және корризиялық тұрақтылығы, қаттылығы жоғарылайды.
|
Бета-излучение
Beta radiation, beta emission
Поток бета-частиц, испускаемых атомными ядрами при бета-распаде.
|
Бета-сәуле
Beta radiation, beta emission
Бета-ыдырау кезінде атом ядросы шығаратын бета-бөлшектер ағыны.
|
Бета-распад
Beta decay, beta disintegration
Самопроизвольные превращения нейтрона в протон, и протона в нейтрон внутри атомного ядра, а также превращение свободного нейтрона в протон, сопровождающиеся испусканием электрона или позитрона и нейтрино или антинейтрино.
|
Бета-ыдырау
Beta decay, beta disintegration
Атом ядросында нейтронның протонға, протонның нейтронға өздігінен түрленуі, сондай-ақ еркін нейтронның протонға, электрон немесе позитрон және нейтрино немесе антинейтрино бөліп шығара отырып түрленуі.
|
двойной бета-распад / double beta decay — испускание двух электронов или двух позитронов ядром в одном акте с превращением этого ядра в его изобар, отличающийся от исходного состояния на две единицы по атомному номеру.
|
қос бета-ыдырау / double beta decay — ядроның бір актіде екі электронды немесе екі позитронды шығара отырып, осы ядроның бастапқы күйінен атомдық саны бойынша екі бірлікке ерекшеленетін изобарасына айналуы.
|
Бетатрон
Betatron
Циклический индукционный ускоритель, в котором электроны ускоряются вихревым электрическим полем, создаваемым переменным магнитным полем.
|
Бетатрон
Betatron
Электрондар айнымалы магнит өрісі жасаған құйынды электр өрісімен үдетілетін циклді индукциялық үдеткіш.
|
Бета-частицы
Beta particles, beta(-decay) electrons
Электроны и позитроны, испускаемые при бета-распаде ядра.
|
Бета-бөлшек
Beta particles, beta(-decay) electrons
Бета-ыдырау кезінде атом ядросы шығаратын электрон немесе позитрон.
|
Битумирование радиоактивных отходов
Radioactive waste bituminization
Отверждение жидких концентрированных или сухих радиоактивных отходов путем смешения их с расплавленным битумом и термического обезвоживания полученной смеси.
|
Радиоактивті қалдықтарды битумдау
Radioactive waste bituminization
Сұйық концентрленген немесе құрғақ радиобелсенді қалдықтарды балқытылған битум және алынған қоспаны термиялық құрғату арқылы қатайту.
|
Биэкситон
Biexciton
Квазичастица в виде связанного состояния двух экситонов (второе название – экситонная молекула). В отличие от молекулы водорода, энергия диссоциации биэкситона значительно меньше, чем его энрегия связи (эффективные массы электронов и дырок в полупроводниках имеют один порядок).
Образование биэкситона проявляется в оптических спектрах поглощения в виде дискретных полос, сходящихся в коротковолновую сторону по водородопроводному закону. Из такого строения спектров следует, что возможно образование не только основного, но и возбужденных состояний. Стабильность биэкситона должна зависеть от энергии связи самого экситона, отношения эффективных масс электронов и дырок и их анизотропии. Энергия образования биэкситона меньше удвоенной энергии экситона на величину энергии связи биэкситона.
|
Биэкситон
Biexciton
Екі экситондардың байланысқан күйі түріндегі квазибөлшек (екінші атауы – экситонды молекула). Сутегі молекуласымен салыстырғанда, биэкситон диссоциациясының энергиясы оның байланыс энергиясына қарағанда айтарлықтай кем (жартылай өткізгіштіктерде кемтіктер мен электрондардың эффективті массаларының реті бірдей).
Биэкситонның оптикалық жұтылу спектрлерінде пайда болуы сутегілік с заң бойынша қысқатолқынды жаққа өзгеретін дискретті жолақтар түріндегі байқалады. Спектрлердің мұндай құрылысынан негізгі күйдің ғана емес, сонымен қатар қоздырылған күйлердің де пайда болуы да мүмкін екендігін байқаймыз. Биэкситон тұрақтылығы экситонның байланыс энергиясына, кемтіктер мен электрондардың эффективті массаларының қатынасы мен олардың анизотропиясына тәуелді болуы керек.
|
Бланкет
Blanket (от англ. Blanket – одеяло, покров).
Часть ядерного реактора, содержащая воспроизводящий материал и предназначенная для получения в ней вторичного ядерного топлива. Зона воспроизводства.
|
Бланкет
Blanket (ағыл. Blanket – төсеніш).
Материалды қайта өндіруші және онда екінші ретті ядролық отынды алуға негізделген ядролық реактордың бөлігі. Қайта өндіру аймағы.
|
|