Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков



Pdf көрінісі
бет163/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299
9-20

40

                                                                                                       

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

«Жанқожа  батыр»  тарихи  дастанында  баянда-

латын оқиға – бұл Кенесарының Жанқожа батырмен 

тізе  қоса  отырып,  Созақ  қамалын  Қоқандықтардан 

азат  етуі. 

Белгілі  ғалым  М.Қойгелдиев  ХІХ  ғасыр­

да  ғы  қазақ  даласындағы  саяси  ахуал  туралы: 

«Көшпе лі  қазақтар  оңтүстікте  ортаазиялық  үш 

хандық пен  –  Бұхар,  Хиуа  және  Қоқан  хандықтарымен 

шек тесті.  Бұлардың  ішіндегі  анағұрлым  азулы сы 

20-30-жылдарда Хиуа мен Қоқан хандықтары бол ды. 

Осы кезде Ұлы Жүздің бір бөлігін Қоқан жау лап алды 

да  және  ол  Орта  Жүз  жерінің  едәуір  бөлі гін  алуға 

ұмтылды»,–  деп жазады [1, 125-128-бб.].

ХІХ  ғасырдың  бас  кезінде  Қоқан  хандығы  Қа-

зақстанның оңтүстік аймағын түгелдей бағындырды. 

Ол  Шымкент,  Сайрам,  Түркістанды  өзіне  қаратқан 

соң,  Сыр  бойында  да  Жаңақорған,  Жөлек,  Ақмешіт 

қа малдарын тұрғызып, елден алым-салық жинау жү-

йесін  жолға  қойды.  Елді  датқалар  арқылы  уысында 

ұстаған  Қоқан  хандығы  Хиуа  тонаушыларынан  кем 

түспеді.  Талап-шартқа  бағынбағандарды  жазалап, 

бас  көтерген  қазақтарды  жазалаушы  әскер  жіберу 

арқылы аяусыз жаншып отырды. Кенесары ағалары 

Есенгелді  мен  Саржан  Қоқандықтардың  қолынан 

қаза  тапқасын,  қалай  да  кек  алып  Қасым  әулетінің 

абыройын қайта асқақтатуды ойлаған болатын. Осы 

мақсатпен  және  орын  алған  жағдайларды  ескере 

отырып  Жанқожа  батырға  хат  жазып,  Созақты  қай-

тарып  алу  жолында  қол  біріктіру  керектігін  жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет