11
Қазақ тарихы
№9 (186), қыркүйек, 2020
бастаған Тоқпан Исқақов барып қосылыпты. Бұны тез
тоқтатпаса Ресей мемлекетінің Жайық шебіне үлкен
зиян келіп, ондағы шекаралық горнизондар әлсірейді»,–
дей келіп, ішкі Ресейден тез әскери жәрдем беруін
сұрапты. Осыған қарағанда Қайда уыл тек барымталық
жолдағы батыр емес, ол Ресей дің отарлық саясатын
түсіне білген және оған қарсы өзіндік жолмен күрескен
батыр деңгейінде екендігі шүбә келтірмесе керек.
Қайдауыл батыр қазақ халқының жер қысымына
ұшырап, шұрайлы Елек, Темір, Жайық бойының жо ғарғы
салаларына қоныстануға тыйым салынуы Орынбор
әкімшілігінің, соның қарауындағы Жайық, Орынбор
атты – казактарының істері деп білген. Сон дықтан да
олар бастаған Әлім тайпалық бірлестігі күштері Жа-
йық қалашығымен, одан үстіңгі жұрт – Усть-кут, Орск
бекіністеріне шабуылдар жасау ар қылы қазақ жеріне
патшалық әкімшіліктің отарлық саясатын тоқтатамыз деп
білді. Сондықтан да ол екеуінің бастауымен Ақбұлақтағы
(Шошқакөл) бе кі нісіне, Жем постысына, Калмыково,
Троицк әс кери бекіністеріне 1820-1831 жылдары ара-
сын да әл денеше рет шапқыншылықтар жасап, ол бекі-
ністердегі гарнизондардың құрал-жарақтарын алып,
жылқыларын айдап кетті. Соның бірі 1828 жылы болған.
Осы туралы ашылған іс «Дело о нападений Кара-кыр-
гызского отделения...» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |