Ақынова жібек мұхтарқызы



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата27.05.2024
өлшемі3.56 Mb.
#501911
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
19042023 disser

1. Ертегі терапиясымен балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастырудағы жұмыстың ерекшеліктері: 
- ұсақ моторикаларды, қиял мен ойды қалыптасытыру; 
- гендерлі түсініктерді қалыптасытыру; 
- бірлесетін ойындарға қызығушылықтарын арттыру; 
- қатынастың дағдыларын қалыптасытыру; 
- қоғамдық жерлерде әлеуметтік жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптасытыру; 
- танымдық-зерттеу және өнімді (сындарлы) әрекетті қалыптасытыру; 
- өзі мен тобы жайында түсініктерді қалыптасытыру; 
- өздік сананы қалыптасытыру; 
- ойын қимылын орындау іскерлігін дамытып, ойын сюжетін арқылы 
ойлауын дамыту; 


86 
- түрліше белгісі (түсі мен нысаны және мөлшері) бойынша фигураны 
ажыратып білу іскерлігін жетілдіру; 
- елідің бір тұлғасы ретінде сезінулерін қалыптастыру; 
- әлем тұтастығын қалыптастырып, балалар дүниетанымын кеңейту. 
2. Ертегі терапиясымен балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастыру қолданудың мақсаты: 
- балаларды еркінкке тәрбиелеп, өмірге қарай бейімдеу
- өмірде өзінің мақсатын қалыптастыру; 
- ертегі арқылы баланың өзі үйреніп, дамуына мүмкіндіктерді беру. 
3. Ертегі терапиясымен балалардың коммуникативтік дағдыларын 
қалыптастырудың міндеті: 
- балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу; 
- негізгі мағынаны түсіне білуге үйрету; 
- ой-өрісін дамыту; 
- алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру; 
- зейінін тұрақтандыру; 
- тәртіпке үйрету. 
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин балаларды, 
тәрбиелеуде ауыз әдебиеті шығармаларының ең маңызды орын алатынын айтып, 
өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай тілде болса да 
еркін әрі жүйелі сөйлеудің мүмкін болмайтындығын келтіреді [14,б. 117]. Сол 
себепті балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда күнделікті 
тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне жүгінуі қажет. Бала тілінің дамуы бесікте 
жатқан кезінде бесік жырларынан басталады. Бесік жырында ананың сәбиіне 
деген аппақ тілегі, болашағынан күткен үміттері мен сенімдері анық білініп 
отырады. Абайдың: «Туғанда дүниенің есігін ашар – өлең, өлеңменен жердің 
қойнына кіреді денең», – деуі де осының айғағындай. 
Қорыта айтқанда, ертегі арқылы балалардың коммуникативтік және тілдік 
құзыреттіліктерін дамыту үшін түрткі болатын күш қажет. Бұл күштің бірі ең 
бірінші ата-ана жауапты, өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай 
және бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, 
балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қажетті жағдай 
жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз. Ертегі мектеп 
жасына дейінгі баланың ақылын, адамгершілік қасиетін, сана мен сезімдерін 
қалыптастырудың құралы болып саналады. К.Д.Ушинскийше айтсақ, ертегілер 
балаларды халықтың қазынасына, халықтың рухтарымен араластырылады [156, 
с. 47]. Ауыз әдебиетінің қайсыбір үлгілерін қарасақ та, болашақтағы ұрпақтар 
үшін ірі тәрбиелі мәндері бар рухани қазыналар жатыр. Сол үшін де біздер сол 
бір мұраларды пайдаланып, мектеп жасына дейінгі баланың бойына әдемілік, 
әсемдік қасиеттерді болашақ педагог-тәрбиеші дарытуы қажет. Мейірімділік пен 
махаббат, сұлулық, әсемдіктерді адамның бойына ұялатып, ертегімен оқыту 
маңызды екендігін ешуақытта есімізден шығаруға болмайтын маңызды 
ұстанымдардың бірі. 


87 
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар 
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерін 
даярлау 
кезінде 
балалардың 
коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда баланың жас ерекшелігін ескеріп, 
әрбір сатыға баланың қабылдау мүмкіндігіне сай пайдалану үшін мүмкіндіктер 
береді. Мектепке дейінгі баланың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз 
болады. Сол себепті олар заттарды қолмен ұстап, көзімен көргендерді ұнатады. 
Осыған сай, мектепке дейінгі баланың оқу іс-әрекетіне ертегі терапиясында 
көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Осыған орай, болашақ 
педагогтердің, баланың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда негізге 
алатын ереже, қағида, әдіс, тәсілдері, технологиялардың мүмкіндіктері 
көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет