Ақырғы күшейткіш каскадтар



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі92.83 Kb.
#457770
  1   2   3
4 каз 2

  1. Ақырғы күшейткіш каскадтар. А класындағы бір каскадты қуат күшейткіші. Екі тактілі трансформаторлық жəне трансформаторсыз В класындағы қуатты каскадтар


А класындағы бір каскадты қуат күшейткіші
Ортақ эмиттермен (ОЭ) жəне ортақ базамен (ОБ) қосылған, жүктемені трансформаторлық қосуы бар бір тактілі шығыс каскадтар тек А класы режимінде пайдаланыла алады. Жұмыс режимі өзгеруіне байланысты туындайтын коллектор тоғы өзгерісін азайту үшін схемаға эмиттерлік стабилизация элеменььері енгізілген. ОБ схемасында эмиттерлік стабилизация кедергісі ретінде трансформатордың екіншілік орамасы активтік кедергісі алынған; егер ол жеткіліксіз болса қосымша резистор жалғап, оны айнымалы ток бойынша конденсатормен тұйықтайды. Əдетте
транзисторлар үшін шығыс тізбектің жүктемесі оптималды кедергісі оншақты-жүздеген Ом-ға жетеді мысалы , динамикалық дауыс зорайтқыш тиегі дыбыстық орауышв кедергісі 3-10 Ом ).
Күшейткіш элементтің шығыс тізбегіне төмен Ом-ды жүктемені тікелей қосу күшейткіштің жүктемеге беретін қуатын азайтады, əрі сызықты емес бұрмалануларға əкеледі. Жүктемені трансформатор арқылы қосу күшейткіштің нақты жүктемесін күшейткіш элеменнттің шығыс тізбегінің оптималды жүктемесімен үйлесуін қамтамасыз етеді. Бір каскадты қуат күшейткіштерінің пайдалы əсер коэффициенті (ПƏК) кішкентай.
Каскадтың принципиал электрлік схемасы 5.1-суретте көрсетілген. Жүктеменің келтірілген кедергісінің əртүрлі мəндеріндегі А класы режимінде қуат күшейткіші жұмысын графикалық талдау транзистордың динамикалық вольтамперлік сипаттамасы бойынша жүргізіледі. 5.1- суретттен көрініп тұр, транзистор коллекторы шығыс трансформатордың біріншілік орамасы арқылы тікелеə қоректену көзіне қосылып тұр. Сондықтан кіріс сигнал жоқта статикалық жүктемелік сызық тіке вертикал жүреді, өйткені тұрақты токқа орама кедергісі өте азғантай, ал Eк мəнін Iэ0Iк0 ағып өткенде Rэ резисторындағы кернеу түсуінен əлдеқайда үлкен етіп алады. Əдетте Uэ0 = Iэ0 RэЕк. Сонымен,
Uэ0= Ек Iэ0 RэЕк. (5.1)





    1. -сурет. Қуат күшейткішінің принципиал электрлік схемасы

Күшейткіш өткізу жолағы шегінде жатқан жиілікпен кіріс сигнал берілсе, транзистордың коллекторлық тізбегіндегі кедергі біріншілік орамаға келтірілген күшейткіш жүктемесі кедергісімен анықталады ( трансформатордағы шығындардың есептемегенде)


Rж = Rж | n2тр , nтр = w2/w1 - трансформация коэффициенті ; орамдардың, w1 , w2–трансформатор орамаларының біріншілік жəне екіншілік орауыштарының саны. Сөйтіп айнымалы ток бойынша жүктеме сызығы абцисса осіндеUк max кесіндісін қиып түседі де, ал ордината осінде өзгергіш токпен тарына кесіп тастайды , ал ордината осінде – Iк maх = Uк max / Rж´ кесіндісін.Барынша көп күштену қоректену қайнарының көбірек күштену транзистор коллекторындағы максималды кернеу қоректену кернеуі көзінен асып кетеді, бұл трансформатордың электр-магниттік энергияны сақтау қасиетімен түсіндіріледі .
Екі тактілі шығыс каскадтар .
Екі тактілі трансформаторлық күшейткіштер ( ЕТК ) пайдалы сигналдың үлкен шығыс қуатын алуға мүмкіндік береді. Каскадтың шығыс қуаты күшейткіш элементтердің түрімен жəне олардың жұмыс режимімен анықталады, пайдалы ісер коэффициенті тек жұмыс режиміне тəуелді.
ЕТК схемасы ортақ жүктемеге жұмыс істейтін екі ұқсас бір тактілі күшейткіштерден тұрады, опардың иықтары симметриялы( күшейткіш элементтердің көрсеткіштері бірдей жəне екеуіне ортақ қоректену көзі бар).
Екі тактілі схемада күшейтілетін токтың жұп гармоникалары өтемделеді. Гармоникалар фаза бойынша сəйкес келеді, бірақ Тр2 трансформаторы жартылай орамаларыарқылы қарама-қарсы бағыттарда жүреді, сол себепті олардың магниттік ағындары өтемделіп, күшейткіш сызықты емес бұрмаланулары төмендейді.
Екі тактілі шығыс каскадтарда В жəне АВ режимдерін қолдануға болады. Бірақ олар көбінесе В- класы режимінде жұмыс істейді , мұндада жұмыс нүктесі коллекторлық токты кесіп тастау облысында таңдап алынады. Бұл режимде бастапқы күйде транзисторлар жабық. Кіріске тіпті əлсіз сигнал бергеннің өзінде транзисторлардың біреуі ашылады. Транзисторлардың күйлері алмасуы күшейтілетін тербелістердің жарты периодынан кейін орын алады
Екі тактілі схемалардың артықшылықтарына бірдей пайдалы қуатта біртактілі схемалармен салыстырғанда сызықты емес бұрмаланулардың төмендеуін; шығыс трансформатордың өзекшесі магниттелуі болмауын, бұл трансформатодың салмағын жеңілдетеді; коректену көзі кернеуі лүпілдеп өзгеруіне аз сезгіштігінжəне т.б. жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет