Қайыпбаева А., филология ғылымдарының кандидаты, А



Pdf көрінісі
бет52/99
Дата11.05.2024
өлшемі1.07 Mb.
#500848
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
dosova a t azaa t l n orfografiyasy men punktuaciyasy 2019 12 10 09 24 31 0991

 
 
Біздің жыл санауымыздың Ү-ҮІІ ғасырлары 
шамасында жазылып сақталған Орхон-Енисей жазулары ескерткіштерінің 
кейбіреуінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі қойылса, кейбіреулерінен 
кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі қойылып отырған.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазіргі заманда тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән қасиет – 
олардың интернационалдығы. Тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, 
мағыналары мен фукциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде 
біркелкі болып келеді. Қазақ тілінің қазіргі графикасында, баспасөз 
тәжірибесінде ғылыми негізде қалыптасып орныққан, тұрақты жүйеге 
келтірілген тыныс белгілері бар. Тыныс белілеріне тән интернационалдық 
қасиет қазақ тілі графикасында да сақталған.
Тыныс белілерінің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Пунктуация ғылымының
қазақ тіл білімінде қалыптасуы тыныс белгілері туралы жазылған жеке 


54 
мақалалар мен тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына, жоғары оқу орны 
студенттеріне арналған оқулықтарда баяндалады.
 
 
Ш.Сарыбаев 1938 жылы 
«Ауыл мұғалімі» газетінде жарық көрген «Қазақ сөйлемінде үтірдің 
жазылатын орындары» мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя 
білмейді, оның себебі, қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс 
алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың «Тыныс таңбалары» деген 
мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы 
ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже беріледі. Тыныс белгілері жөнінде 
С.Жиенбаетың шағын көлемді екі мақаласы бар. Оның екеуі де «Тыныс 
белгілері» деп аталады. Х.Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза 
білейік» деген мақаласында көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің 
қойылатын орындарына түсінік беріледі. М.Балақаевтың 1941 жылы «Екпінді» 
газетінде жарық көрген «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін 
дұрыс қоя білу» деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қою дауыс 
ырғағына байланысты делінеді.
1940 жылы жарық көрген С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілі 
грамматикасы (синтаксис)» оқулығында әр тыныс белгісіне арнаулы ережелер 
берілмеді. 1951 ж. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтың «Қазақ тілі 
грамматикасы ІІ бөлім, синтаксис» оқулығында тыныс белгілеріне қатысты 
біраз жаңа ережелер қосылған. Мысалы, кейбір басқы әріптен қысқарған 
сөздердің әрбірінен соң нүкте қойылады; пьесаларда әрбір кейіпкердің сөзінің 
алдынан оның аты-жөні жазылады да, соңынан нүкте қойылады.
С.Жиенбаевтың «Сөйлемнің тыныс белгілері», А.Ысқақов пен Ә.Хасеновтың 
«Тыныс белгілері», Р.Сыздықова мен Қ.Неталиеваның «Тыныс белгілері.», 
Ф.Мұсабекованың «Жай сөйлемнің пунктуациясының негіздері», «Қазіргі 
қазақ тілінің пунктуациясы» еңбектерінде қазақ тілінің пунктуациясы 
мәселелері жан-жақты талданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет