59
1-жаттығу. Мәтіндегі әр сөйлемнің соңынан қойылған тыныс белгілердің
қойылу жолдарын түсіндіріңіз.
1. Жұрт дабырлап әңгіме қыза берген кезде, ауылдың сырт жағындағы
белестің басына біреу шоқытып шыға келді, жұрт тіксіне қарады..
- Бұл кім...
- Базарбай ғой...
- Бұл қайдан келеді...
- Хабар білемін деп Тәкең аулына кеткен, содан келе жатқан шығар...
- Шақыр, мұнда келсін...
- Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның
атын атап айқайлады... Базарбай атының басын бұрғанша, жас
балалар анталап
қарсы барып та жетті...
- Уа, не хабар...
- Тінекең аулына бардым, тыныштық... Шалдары болыстың аулына
кетіпті...
Жастары жиын, бір-бір атын жаратып мініп алыпты... Бүгін
ауылнайдікіне барып, жанын қысып отырып іспескені алған білем...
Достарыңызбен бөлісу: