Диалог-сабақ сұрақтары:
1. Ағ за және орта ұғымдарына шолу жасау
2. Экологиялық факторлардың жіктелуі, оларға сипаттама, экологиялық факторлардың әсеріне тірі ағзалардың бейімделуі.
3. Сукцессияға жалпы сипаттама.
4. Туған өлке территориясындағы қауымдастықтың ауысу мысалдары.
5. Арал маңы мысалында адамның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесіндегі сукцессия.
Осылайша, білім алушылардың өлкелік білімдерінің қалыптасқандығын анықтау барысында біз білімді меңгеру деңгейлері мен бағалаудың негізгі өлшеуіштерін бір-бірімен байланысты біртұтас жүйе ретінде қарастырдық.
Өлкелік компоненттердің мазмұндық, іс-әрекеттік, өлшемдік компоненттері бір-бірімен байланысқан, бірін-бірі толықтырып дамытып отыратын біртұтас үрдіс (28 - кесте).
Кесте 28 - Өлкелік компоненттерінің өзара қатынасы
Деңгейлер
|
Мазмұндық
компонент
|
Іс-әрекеттік компонент
|
Өлшемдік
компонент
|
Білу
|
Білім, біліктерді қалыптастыру
үшін арнайы өлкетану білім көлемін меңгеру
|
Білім, біліктерді іске қосу
ретімен танысу
|
Білім, біліктерді қалыптастыру
үрдісіне қызығушылықтардың дамуы
|
Түсіну
|
Меңгерген өлкентану білімдерін жүйелеу
|
Ic-әрекеттердің бір-бірімен байланыстылығы мен бірін-бірі толықтыруын меңгеру
|
Қалыптастырылатын білім, біліктердің өлкелік құндылық екендігін сезіну
|
Талдау
|
Меңгерілген өлкентану білімнің беріктігі
|
Ic-әрекеттердің нәтижелігі
|
Қоршаған ортада өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мотивтерін қалыптастыру
|
Мазмұндық компоненттің даму деңгейінің экспериментке
дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіші кесте және диаграмма түрінде 29 - кестеде, 17 - суретте бейнеленді.
Кесте 29 – Биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің мазмұндық компонент бойынша даму деңгейінің көрсеткіші
Деңгейлері
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
БТ
|
ЭТ
|
БТ
|
ЭТ
|
60
|
%
|
62
|
%
|
60
|
%
|
62
|
%
|
Білім
|
35
|
59
|
32
|
51
|
12
|
20
|
7
|
11
|
Түсіну
|
22
|
36
|
26
|
42
|
41
|
68
|
38
|
61
|
Талдау
|
3
|
5
|
4
|
7
|
7
|
12
|
17
|
28
|
Сурет 18 - Биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің мазмұндық компонент бойынша даму деңгейінің көрсеткіші
Биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің мазмұндық компоненттің даму деңгейінің салыстырмалы
көрсеткішінде анықталғандай, эксперименттен кейін зерттеушілік іс-әрекетті
дамыту нәтижесінде, пән мазмұнын толық меңгеріп, жоғары деңгейді көрсеткен студенттер саны бақылау тобында 8.2% артса, эксперимент тобында 22,2% артқандығы анықталды
Үшінші көрсеткіш – іс-әрекеттік компонент, биолог мұғалімдерді даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану нәтижесінде білімді, біліктерді және игерілген құндылықтарды бағалау іс-әрекеті деңгейінің көрсеткішін анықтау.
Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану негізінде дамыған біліктердің даму деңгейін анықтау
аудиториялық және аудиториядан тыс ұйымдастырылған сабақтар барысында жүргізілді.
Эксперимент барысында өлкелік компоненттерді пайдалануға
арналған тапсырмаларды орындау және зерттеу жұмысына қажетті арнайы әдістермен жұмыс істеу біліктерін бағалау арқылы анықталды. Әдістеменің іс -әрекеттік компоненті нәтижесінде өлкелік компоненттерді пайдалану деңгейін анықтауда, біз өлкелік материалдар ойынша білімді игеруге, оқу бағдары бойынша білімін жалғастыруға құндылық қатынастардың дамуы, оқу міндеттерін шығармашылықпен шешуге ықпал ететін ой-өрісінің даму және өзекті білім деңгей, өзін өзі бағалай және реттей алу, өзіндік әлеуетін анықтай алу дағдысы қалыптасып, білім алушы соның негізінде тапсырмаларды орындау кезінде танымдық іс-әрекет түрлерін таңдауды жүзеге асыруы арқылы өздігінен, жүйелі түрде берілген зерттеу тапсырмаларын сәтті орындай алуы қажет деген көрсеткішті негізге алдық және аталған көрсеткішті анықтау сауалнамасын құруда ескердік .
Тәжірибелік эксперимент болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің іс – әрекеттік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіші арнайы сауалнама жауаптарын талдау негізінде анықталды (кесте 30 , сурет 18).
Кесте 30 – Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің іс-әрекеттік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіші
Деңгейлері
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
БТ
|
ЭТ
|
БТ
|
ЭТ
|
60
|
%
|
62
|
%
|
60
|
%
|
62
|
%
|
Білім
|
38
|
63
|
37
|
60
|
24
|
40
|
11
|
18
|
Түсіну
|
19
|
32
|
22
|
35
|
30
|
50
|
32
|
52
|
Талдау
|
3
|
5
|
3
|
5
|
6
|
10
|
19
|
30
|
Сурет 19 – Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің іс-әрекеттік компоненттің даму деңгейінің көрсеткіші
Болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану әдістемесінің іс-әрекеттік компоненттің даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткішінде анықталғандай, эксперименттен кейін, іс-әрекеттік белсенділігі жоғары деңгейді көрсеткен білім алушылар саны бақылау тобында 10% артса, эксперимент тобында 30% артқандығын байқадық.
Сонымен, болашақ биолог мұғалімдерді кәсіби даярлауда өлкелік компоненттерді пайдалану тиімділігін нақты көрсетуге мүмкіндік беретін
көрсеткіштер: мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік және өлшемдік
компоненттер деңгейінің анықтау үшін жүргізілген тәжірибелік
экспериментінің нәтижелеріне байланысты, қорытынды ұсынылған әдістемені оқу үдерісінде пайдаланудың мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |