Ажмолдаева клара байжигитовна



бет3/19
Дата30.09.2023
өлшемі1.78 Mb.
#479254
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
azhmoldaeva-k-b-povtor-phd-s-sp

«Кәсіби даярлық» ұғымының шеңберіне терминдердің анықтамалары қарастырылады. Мысалы: «кәсіп» ұғымы (лат. professio - өз ісімді жариялаймын) белгілі бір дайындықты талап ететін және әдетте өмір сүрудің көзі болып табылатын еңбек қызметінің түрі болып табылады.
«Мамандық» (лат.specia-туыс, түр) бір кәсіп аясындағы сабақ түрі ретінде түсіндіріледі. Бұдан әрі кейбір әдебиеттерде кәсіби даярлық мақсатын құрайтын екі негізгі «кәсіп» және «мамандық» ұғымның анықтамасы келтіріледі.
Табиғатты пайдалану – табиғи pecypc қорларын қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және оның өміріне зиян келтірмейтіндей шаруашылықта тиімді пайдалану (Реймерс Н. Ф. Экология (теория, законы, правила, принципы и гипотезы). – М.: «Россия Молодая», 1994. – 367 с.).
Оқыту әдістері – білім берудің мақсатына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын іс-әрекет қарым-қатынастарының бірлігі мен үйлесімділік тәсілдері.
Оқыту технологиясы – қойылған мақсатқа тиімді жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе (оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын қамтитын) ретінде көрінетін оқу бағдарламаларында айқындалған білім мазмұнын жүзеге асырудың тәсілі.
Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Бағдарлы пәндер – бұл орта жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқыту бағдарын анықтайтын негізгі оқу пәндері.
Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлау үшін қызмет етеді.
Өлкетанубелгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет