Айнабұлақ ауыл округінің 2014 жылда атқарған жұмыстары қорытындысы



Дата23.02.2016
өлшемі122.38 Kb.
#6662
Айнабұлақ ауыл округінің 2014 жылда атқарған жұмыстары қорытындысы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жылғы Жолдауларында Қазақстанның алдында тұрған міндет-мұратттарды саралап, ортақ мақсатқа жету жолында бірлесе атқарар негізгі тетіктерді нақтылап береді. Барша отандастардың кезекті Жолдауды асыға күтуінің себебі де осында.

Елбасымыздың кезекті «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы да көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелерді шешуге бағыт­-бағдар ұстануымен ерекше. Әлемді қыспаққа алған қаржы және экономикалық дағдарыс өтінде бұған дейін бағдарланған бағыттар мен жоспар-жобаларды қайта қарап, пысықтап алу қажеттігі туындады. Әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде бұл дағдарыс салқыны Қазақстанды айналып өте алмайды, ал біздің еліміз ол салқын лепке тың дайындықпен төтеп беретін болады. Осы орайда, Елбасы «Нұрлы жол»атты Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады. Халықтың әл-ауқатын тұрақты сақтауға, жұмыссыздық мәселесін шешуге, экономикалық өсімді дамытуға Ұлттық қор қаржысы тартылады. Мемлекет басшысы бөлінген қаржыны ұқыпты өз мақсатына жұмсауды қатаң бақылауға алуды міндеттеді.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, оның шаңырағының шайқалмауы және осы үйде бірлік пен ынтымақ, этносаралық, ұлтаралық келісім, құт пен береке, шаттық пен қуаныштың болуы біздің барлығымыздың қазіргі уақытта атқарып жатқан тірлігімізге тікелей байланысты екендігін түйсініп, біз бірлесіп аянбай еңбек етіп, бөлінген қаражатты ұтымды және тиімді игеруіміз қажет. Бұл өмірде қатып қалған еш нәрсе жоқ, қаржы дағдарыстары бәсеңдеп, қиындықтар еңсеріледі, әлемдік экономика қайта өсу жолына түседі, бірақ осы сын сағаттарда қиындықты еңсере алмаған мемлекеттер тарих сахнасынан кетіп, береке-бірлігі жарасқан халықтар ғана мемлекеттілігін нығайтып әлемдік экономикалық дағдарыстан кейінгі жаңадан қалыптасқан әлем құрылымында өзге мемлекеттер қатарында өзінің мықтылығымен, дәулетімен, тұрғындарының бақуатты тұрмысымен ерекшеленетін болады.

Бүгінгі таңда дамудың даңғыл жолына нық қадам басқан біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы болашақта әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттер қатарына еніп, «Мәңгі елге» айналатындығына мен кәміл сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Айнабұлақ ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!

Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 6 елді мекенде 2650 адам бар.Оның ішінде 1542 адам экономикалық белсенді топқа жатқызылған. 411 адам әртүрлі мекемелерде жалдамалы қызмет атқарады.Қалған 1116 адам өздерінің жеке қосалқы шаруашылықтарарында еңбек етіп өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр.

Айнабұлақ ауылында 341 жанұяда 1781 адам, Жаңатұрмыс ауылында 63 жанұяда 333 адам, Чүрчүтсу ауылында 24 жанұяда 92 адам, Талды ауылында 7 жанұяда 42 адам, Сартұмсық ауылында 10 жанұяда 45 адам, Қайнар ауылында 92 жанұяда 357 адам орналасқан.Округ көлемінде ҚХР-нан 75 жанұя көшіп келіп, әрбір елді мекендерде орналасқан.

Округте 1орта мектеп,2 орталау мектеп, 1 емхана,1 ФАП, 1 ғимараттсыз ФАП,

1 клуб,1 кітапхана,1 спорт зал,6 сауда дүкені,2 наубайхана, 1 дәріхана,

1шаштараз,1 киім тігу орны,1 баннер шығару цехы бар.

Ауылдық округтің негізі саласы ауыл шаруашылығы:

Ауыл округінде 154 шаруа қожалығының 43-і мал шаруашылығымен айналысса,42 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады, қалғаны ұсақ шаруа қожалықтар яғни 5-10га шабындық жерлері үшін қожалық құрғандар.аралас шаруашылықтар. Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі көзі мал мен егін шаруашылығын дамытуда біршама жұмыстар атқарылды.

Мал басы округ бойынша өсіп, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру жоспары орындалды.

2014 жылы мал өнімдерін өндіру жоспары ет 1342 тн, сүт 5651 тн, жүн 300 цн болып берілген жоспар орындалып отыр.

Ірі-қара саны 8227бас, қой-ешкі 13533 бас, жылқы 1909 басқа жетті.Өткен жылғыдан мал басы ірі қара 1223 басқа,жылқы 344 басқа өсіп отыр, .Ал биылғы жылы округ көлемінде ұсақ малдардан сарып ауру шығуына байланысты шектеу қойылып, қой-ешкі біршама азайып отыр.

Округтегі «Достық» ш/қ жетекшісі Б.Сүлейменов қыс иезгілігде де бие байлап денсаулыққа пайдалы қымыз өндірумен айналысып , өнімдерін халыққа саудалауда. Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыруға да ерекше ықпал туды ауданда бірінші болып «Шәкен» шаруа қожалығының жетекшісі Шәкенұлы Ризабек өз қаражаты мен жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы алған несиесіне 50-сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын бастап асыл тұқымды сүт бағытындағы сиырлар сатып әкеліп, Зайсан қаласындағы сүт зауытына күнделікті сүт өткізуде. 2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» бойынша округ көлемінде 6 адам 18 млн несие алып өз жұмыстарын бастауда.Осының қай-қайсысы да Жолдаудың жылылығын сезінген сыбаға.

Мал дәрігерлік жұмысты ұйымдастыруды қадағалау біздің міндетіміз.

Үкімет белгілеген тәртіпке сәйкес малдың барлық түрлеріне екпе жасалынып, сауықтыру шаралары ұйымдастырылып отырылды.



Егін шаруашылығына келетін болсақ:

Округ көлемінде 33 шаруа қожалығы егіншілік саласымен айналысуда. Округ бойынша 413 га жерге егілген бидайдан алынған өнім 743,4 тн, 21га жерге егілген арпадан алынған өнім 37,8тн, 21 га жерге егілген сұлыдан алынған өнім 37,8тн, 21 га жерге егілген тарыдан 42,0 тн өнім , 140 га жерге егілген күнбағыстан 126,0 тонна өнім, 63 га егілген көкөністен 1134 тн өнім , 148 га жерге егілген картоптан 2220,0 тн өнім, 16 га жерге егілген бақшадан 352,0тн өнім алуға жетістік. Игерілген егістік алқабы өткен жылғыдан 15 пайызға артық орындалды. Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауы тек жауапкершіліктің жүгін ғана емес қамқорлықтың да құнын өсіріп отыр. Осының айқын дәлелі округ көлемінде 22 шаруа қожалығы 14 млн 244мың 518 теңге субсидия алды.

Бидай тұқымының сапасына келсек лабараторияға тексеруге 70 тн бидай, 5 тн арпа, 5 тн сұлы өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша тұқым сапасы ойдағыдай болды.

Округке қарасты жерден егіндік жер алып оны пайдаланбай отырған азаматтар бар. Пайдаланбай отырған 28 жер иесінің жер телімдері анықталып, аудандық жер бөліміне тізімдері жіберілді.Пайдаланбай отырған жерлерді жер қорына алу жұмыстары басталып кетті.

Егін, көкөніс егіп экономикалық дамуымызға өз үлестін қосып жүрген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер «Өркен» ш/қ жетекшісі Б.Дуанбаев, «Азамат» ш/қ жетекшісі Шәкен Асқар, «Достық ш/қ» жетекшісі Сүлейменов Бақытбек, «Құрбан» ш/қ жетекшісі Рахметуллин Болатхан т.б қожалықтар бар. Жеке кәсіпкерлер «Әсет» сауда дүкені иесі Сағытаева Әлия, «Мирас» сауда дүкенінің иесі Акимжанова Жұлдыз, «Балғын» наубайхана иесі Ыдырышева Гүлназ. Халықты күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп отыр.

Ауылдық округ бойынша 2-шағын наубайхана өнеркәсібі бар. Бұлар «Мирас» наубайханасы иесі Ж,Акимжанова жыл көлемінде 4 млн 200 мың теңгенің, «Балғын» наубайханасы иесі Г.Идрышева 1 млн теңгенің нан өнімдерін өндірді. Наубайханадан дүкендерге сату бағасы 45теңгеден.



Білім саласы:


р/с

Мектептердің аты

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Жұмысшылар саны

1

Айнабұлақ мектебі

40

297

27

2

Октябрь мектебі

20

65

21

3

Жаңатұрмыс мектебі

11

46

7

жиыны

71

408

55

Өткен 2013-2014 оқу жылында Айнабұлақ орта мектебінде білім сапасы 71 пайызды құрап ҰБТ қорытындысы бойынша 3орынды иеленді.Октябрь мектебінде білім сапасы 66 пайызды құрап отыр. Айнабұлақ орта мектебінде -162, Октябрь мектебінде - 37 бала, Жаңатұрмыс мектебінде- 27 бала ыстық тамақпен қамтылған.



Денсаулық сақтау:

Ауыл округіндегі 1-дәрігерлік емхана, 2-дәрігерлік акушерлік пункт бар, 2 дәрігер, 5 медбике ,3 фельдшер барлығы 10 маман жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем көлігі бар.

Жыл көлемінде дәрігерлік қабылдауда - 6457 адам,оның ішінде ауруы бойынша -2969 адам,15-49 жас аралығындағы әйелдер саны -433 адам, 14 жасқа дейінгі балалар саны - 604, жасөспірім саны- 59. Жұқпалы аурулар 2-бруцеллоз, қатерлі ісік ауруы –4 адам тіркелген. Округ бойынша 2013 жылы 41бала дүниеге келсе 2013 жылы 39 бала дүниеге келді. 2013 жылы 12 адам қайтыс болса, 2014 жылы 11 адам қайтыс болды.

Күндізгі емдеу -268 адам,оның ішінде бала саны -54. Салауаты өмір салтын қалыптастыру бойынша бөлме -1, 20 лекция оқылды, 351 әңгіме өткізілді. Ауылдарға айына бір-екі рет қабылдауға барып отырды. Әлеуметтік дәріхана жұмыс істеп тұр, дәріхана иесімен бағаны тұрақтандыру мақсатында меморандум жасалынып және аз қамтылған отбасыларының тізімі беріліп отыр. Медицина қызмткерлері тарапынан алғашқы медициналық көмек тегін көрсетіліп, әлеуметтік жағдайы төмен және жасы 70-тен асқан қарттар мен мүгедектердің үйлерін аралап көмек көрсетеді.



Мәдениет,спорт саласы:

Айнабұлақ ауылында бір клуб үйі жұмыс істейді. Ауылдық клуб үйінің жұмысы жақсарып, жыл көлемінде бекітілген жоспар бойынша әрбір даталы күндер мәдениет, ауыл әкімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халықтың кең қатысуымен өз шеңберінде үнемі ұйымдастырылып келеді. 2014 жылға жоспарланған ақылы қызмет толығымен орындалды.

Клуб үйінде 4-үйірме жұмыс істейді. Үйірмеге негізінен ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ауыл жастары,зейнеткерлер қатысады. Округ бойынша жастар аудан көлемінде өтетін мәдени-спорттық шараларға белсене араласып келеді. Жастар ісінің маманы Д.Айтмухаметовтың ұйымдастыруымен күрес секциясы жұмыс істеуде.

Ауылдағы кітапханада 610 оқырман, 8282 кітап қоры бар. Кітапхана жыл сайын жаңа кітаппен толықтырылып отырады.

Кітапхана меңгерушісі К.Кіжікова, клуб үйінің меңгерушісі М.Оразбековалардың округ бойынша жоспарланған барлық өткізіліп жатқанмәдени іс- шаралардың жоғары деңгейде өтуіне еңбектері өте зор. Ауыл халқын ақпараттандыру, баспасөзге жазылу округ әкімдігі бойынша ұйымшылдықпен жүргізілді. Баспасөзге жазуда ауылдық почта бөлімшесінің меңгерушсі Г.Үйсінбаеваның еңбегін атап өтуге тұралық, берілген тапсырмалардың орындалуына үнемі атсалысып отырады. Аудан әкімінің көмегімен 50-адам тегін Достық газетіне жаздырылды. Газетке жазылуда белсенділік көрсеткен Айнабұлақ, Октябрь мектептерінің ұжымына, аудандық Достық газетіне жазылған округтің тұрғындарына рахмет айтамыз.

Спорт саласы бойынша, аудандық волейболдан, футболдан өткен жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрміз, мемлекеттік қызметкерлер арасында 2 орынды иелендік.



Аудан бюжетінің кіріс бөлігін орындалуына жәрдемдесу:

Бұл салада ауылдық округ әкімшілігі қызметкерлерінің еңбектері нәтижесінде салық жоспары толығымен орындалды.

Оның ішінде мүлік салығы 52036 теңге, жер салығы 177513 теңге, көлік салығы 930 000 теңге,болып барлық салық төлемдері орындалды. Жаңадан салық көзін табу мақсатында Алгоритм тапсырмасы бойынша 187мың 203теңге салық төлемдері түсті. Осы бағытта жұмысымызды әлі де жандандыру қажет.

Жастарды әскер қатарына дайындау,шақыруды ұйымдастыру:

Көктемгі,күзгі әскер қатарына шақырушылардың уақытында баруын қадағалап бақылауға алып отыру нәтижесінде 2014 жылы шақырылған 59 жасөспірімнің 36 студент 2-жасөспірімінің мүгедек екендігі анықталып, күзгі және қысқы шақырылымда 21 -жасөспірім дәрігерлік байқаудан өтіп 8 бала әскер қатарына жіберілді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс:

2014 жылы Айнабұлақ ауылының Бәйішов, Даников, Ф.Бариева, Мереке, С.Чайзаданов,Целиноград көшелері ағымдағы жөндеуден өтіп, 4млн 500мың теңге бюджет қаржысы игерілді.

Қайнар ауылындағы көпірге 9 млн 604 мың 885 теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайлар есебінен 1 млн 300 мың теңге бөлініп Қайнар ауылындағы Бесен өзенінің арнасын бұру жұмыстары атқарылды. Бюджеттен 29 млн теңге қаржы бөлініп Қайнар ауылына спорт модулі салынып пайдалануға берілді.Жаңатұрмыс ауылына Жеменей өзені арқылы су қондырғысы орнатылып 14 млн теңге игеріліп ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Елді мекен жұртшылығын жеке меншік көмір тасушылар көмірмен қамтуда. Электр энергиясымен қамту,телекомуникация,почта байланысы,тасымалды газбен қамту қызметтері тарапынан іркіліс болған емес. Интернет,теледидар жұмыстары жақсарып, ауыл халқы «Отау ТВ» жүйесін пайдалануда. Көктем шыға Айнабұлақ, Қайнар ауылдарын газдандыру жұмыстары басталады деп күтілуде. Айнабұлақ ауылындағы емхана құрылысы 2015 жылы жалғасын тауып,аяқталады.

Жобалық сметалық құжаттары дайын тұрған Айнабұлақ мәдениет үйінің құрылысы басталатын болса бұл да ауыл тұрғындарының экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізері анық.

2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген су құбырының жұмысына байланысты ауыл тұрғындарынан көптеген арыз-шағымдар түсуде. Ауыл тұрғындары су құбыры тартылған жерлердің топырағы түсіп кетуіне байланысты үй іргесіндегі бақшаларын суара алмай отыр. Бұл мәселеге байланысты аудан әкіміне, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне, құрылысты жүргізген СМУ-Шығыс мекемесіне бірнеше рет жазбаша хабарлама жіберілді, өкінішке қарай сметада қаралмағандықтан бұл мәселе шешімін таппады. Осыған байланысты 2014 жылдың 18-21 қараша аралығында ауыл халқының күшімен асарлатып , жеке меншік көліктермен 93 рейс жасалынып, түсіп кеткен жерлерге тас төгілді. Осы жұмыстарды атқаруға атсалысқан барлық ауыл тұрғындарына алғысымды білдіремін. Бұл жұмыстар көктем шыға жалғасын табатын болады. Су қысымына келетін болсам жаңадан насос орнатылды.



Кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала:

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылы 9 адам 25 млн теңге несие алса, 2014 жылы 6 адам 18 млн теңге несие алып, 1-азамат машина шеберханасын, 1-азамат құрылыс материалдарын шығаратын цех ашуға, 4-азамат ірі-қара малын өсіру жобасын іске асыруға жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта 6адам жұмыспен қамтылуда.

Жастар тәжірибесі бойынша 29 жасқа дейінгі 2-жас жұмыс істеп тәжірибеден өтіп, екеуі де тұрақты жұмысқа орналасты.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 16 жанұяға ай сайын 609341 теңге қаржы төленіп отырды.Осы жанұялардағы 91 адамның 48 балалар болса,11 –адам бала күтімімен айналысуда. 16 адам жұмыспен қамтылып,5-уі қоғамдық жұмыстарда істеді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында округтегі жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарымен 1 млн 560 мың теңгеге 15 меморандум жасалып, барлығы орындалды. Әсіресе жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Ермұхамет Құнапияұлы Салбанов қосымша өз қаражатынан 700 мың теңгеге ауылдағы үш көшеге тас төгіп тегістеу жұмыстарын жүргізгеніне зор ризашылығымызды білдіреміз. Саябаққа 400 түп ағаш көшеті, әртүрлі гүлдер отырғызылды.

Негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында округтегі 5 сауда дүкені, наубайхана иелерімен меморандум жасалынған. Бұл меморандумдар жыл аяғына дейін орындалды.

2014 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4 жанұяға 519 мың 100 теңге, 18-жақа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақын 53 жанұяның 157 баласына 2 млн 376 мың 600 теңге төленді.

18-жасқа дейінгі 4 мүмкіндігі шектеулі балаға , 18 жастан 30 жас аралығындағы 4-мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, 6- жалғысбасты қарттар мен мүгедектерге 3-әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде.

Жұмыссыздыққа тіркелген 54 адамның қоғамдық жұмыста 37-адам жұмыс істеді. Жаңадан 12 жұмыс орны ашылды. Аз қамтылған 20 жанұяға аудан әкімі көмегімен тегін 20 тн көмір түсіріліп, таратылып берілді.

ауыл дүкендерінде нан бағасы 50 теңгеден көтерілген жоқ. Басқа азық түлік бағалары Зайсан қаласы бағаларымен бірдей.

«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы аясында елді мекендерді көркейтіп, абаттандыру жұмыстарына округтегі тұрғындар атсалысып келеді.

Жалпы округ көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәртіп бұзушылыққа байланысты комиссия құрылған, тәртіп бұзушылық болған жоқ.



Көші-қон:

Келгендер 67

Кеткендер 64

Негізгі миграциялық ағымдар: республика аумағындағы қалалар мен аудан ішіндегі ауылдар.

Себептері – оқу, тұрғылықты тұруға.

Құқықтық қорғау:

Барлық болған оқиғалар: 1 құқық бұзушылық

Оның ішінде:

Мал ұрлығы- 1

Ашылмағаны- 1

Заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз шағымдарды, ұсыныс пікірлерді қабылдап уақытында жауап беру, өткен жылы 86 өтініш қабылданып, уақытында жауап беріліп қанағаттандырылды. Ауызша қабылдауда 38 адам болып,жауабы қайтарылып отырды.



Аудан әкімінің тапсырмаларын орындау:

- өткен жылы аудан әкімінің «Тазалық айлығын» жариялап, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында берген тапсырмалар орындалып отырылды.

- 2015 жылы алда тұрған міндеттер:


  • Айнабұлақ ауылының Сасбаев,Степногорск, Алматы,Барнаул көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 2 млн 444 мың теңге бөлініп сметалық құжаттары дайын тұр, күн жылына жұмыстары басталады.

- Қайнар ауылындағы су құбырын қайтадан жаңғыртуға 25 млн теңгенің сметалық құжаттары жасалынған, қаржы бөлінуге байланысты жұмыс атқарылады.

- Ескі ауыл тұрғындарының өтініші негізінде екі ауыл арасын жарықтандыруға байланысты 800 мың теңгенің сметалық құжаттары жасалынған, қаржы бөлуге байланысты жыл көлемінде бұл жұмыста өз шешімін табады деген ойдамын.

- Айнабұлақ ауылындағы 4-көшені орташа жөндеуден өткізуге 32 млн теңгеге тапсырыс беріліп, сметалық құжаттары жасалынып, республикалық бюджеттен қаражат бөлінуге байланысты жұмыстары басталады.

- Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жұмысы жалғасып, өтініш білдірген азаматтарға қаралған қаржы мөлшерінде несие беріліп жаңадан жұмсы орындары ашылады.

- «Жайлау» бағдарламасы бойынша несие алуға өтініш білдірген 3 адамның құжаттары дайындалып, әрқайсысы 100 бастан аналық қой алады деп күтілуде.

- Ауылдық округтегі елді мекендерді көркейту, көгалдандыру мақсатындағы жұмыстар жалғасады. 2500 түп ағаш көшеттерін егу жоспарланған. Саябаққа 24 дана гүлзәр егу жұмыстары атқарылады.

- Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын қолға алу.

-«Жұмыспен қамту-2020» Жол Картасы бағдарламасы бойынша несие алатындарға қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашуды ұйымдастыру.



-Айнабұлақ, Қайнар ауылдарына газ құбырын тарту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет