Айшуақ селолық округі әкімі Е.Әдімановтың 2013 жылдың
тоғыз айында атқарған жұмыстары туралы есебі.
Айшуақ селолық округі екі елді мекенді Бегімбет селосы және Есет ауылын қамтиды.Округте халық саны-1954 адам,380 отбасы бар.Аудан орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан.Жер көлемі 747088 га,оның ішінде жайылымы 331390га,шабындығы 17473 га.Бегімбет,Есет ауылдары жоғары кернеулі электр энергиясымен және 2 каналды теледидар,Бегімбет селосының тұрғындарының 80 пайызы,Есет ауылының тұрғындарының 100 пайызы ОТАУ TV қондырғысымен қамтылған,округ тұрғындары газ,свет,су,телефон байланысын, КCEII,Билайн ұялы
желілерін пайдаланып отыр.Округте 1 кітапхана,2 байланыс бөлімшесі,8 орынды күндізгі емдеу амбулаториясы,1 фельдшерлік пункт,Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп,Сарыбұлақ негізгі мектебі,320 нөмірлі АТС,мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруа қожалығы бар.Ауыл тұрғындарын күнделікті азық-түлік киім- кешекпен қамтамасыз ететін 8 дүкен, 1 тойхана, 1 шайхана жұмыс жасайды.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша
Округ бойынша 3920 бас ірі мүйізді қара,18830 бас қой-ешкі,1510 бас жылқы,1338 бас түйе,116 бас құс бар.Олардан 4905 ц ет,9219 ц сүт,11,500 дана жұмыртқа алынды.Осы малдардың барлығына сібір жарасына қарсы вакцинация жасалды.Қарасан ауруына қарсы 1200 бас 4 жасқа дейінгі мүйізді ірі қараға вакцинация жасалды,1100 бас түйеге оба ауруына қарсы вакцинация жасалды.150 бас итке,300 бас түйеге,600 бас мүйізді ірі қараға құтыру ауруына қарсы вакцинация жасалды.Округ бойынша 3400 бас мүйізді ірі қара,1100 бас түйе туберкулез ауруына тексерілді,2800 бас мүйізді ірі қара 16900 бас қой-ешкі бруцеллез ауруына тексерілді.Округ бойынша тоғыз айлық малдың егілу,диогностикалық жұмыстарының жоспары толығымен орындалды.Шөп дайындауға округ бойынша 5 шөп бригадалары қатысты.Барлығы 70430 га жерден,177450 ц шөп шабылып,екі айлық тапсырма 113,0 пайызға орындалды.Шөп бригадалары арасында шөптің бағасын қымбаттатпауы туралы келісім жасалды.Дегенмен округ көлеміндегі орын алған қуаншылыққа байланысты шөптің шалғай шабындықтардан шабылып,тасылғанына қарамастан 2012 жылғы шөптің бағасымен биылғы шөп бағасы бірдей.Шаруа қожалықтарының ірі мүйізді қара малына селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 4 шаруа қожалықтарына Республикалық бюджеттен 3 млн 500 мың теңге субсидия берілді.Елбасымыздың мал басын асылдандыру бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысы,Хобда ауданынан округ бойынша 3 бас асыл тұқымды бұқа әкелді.2013 жылдың шілде айында қоғамдық мал басын асылдандыру мақсатында барлығы 10 бас қазақтың ет бағытындағы ақбас бұқасы Хромтау ауданы,Абай селолық округіне қарасты «Жантезер» шаруа қожалығынан әкелініп мал күтушілеріне табысталды.
Округ тұрғындары 13,0 га жерге көкөніс,бақша өнімдерін егіп,одан 735 ц картоп,520 ц көкөніс,280 ц бақша өнімдерін өндірді.Ақтөбе ,Шалқар қалаларында
өткізілген ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне округтен шаруа қожалықтары қатысып, арзан бағамен ет өнімдерін апарып тұрды.
Міндеттер:
-
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы асыл тұқымды мал сатып алу және өзге де бағдарламаларға сәйкес мал басын асылдандыру жұмыстарын жүргізу.
-
Лизингке ауылшаруашылық техникаларын алудың тиімділігін шаруашылықтар арасында насихаттау
-
Шаруа қожалықтар жерлерінің тиімді пайдаланылуын және маусымдық өріс
ауыстыруға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру.
Әлеуметтік қорғау және жұмыссыздықты азайту бойынша
2013 жылдың тоғыз айында округ бойынша барлығы 13 аз қамтылған отбасының құжаттары қабылданып,405054 теңге 18 жасқа толмаған балаларға тиесілі жәрдемақы және 19 отбасыға ,78080 теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген 2 адам коммуналдық қызметтерді тегін пайдаланса, 35 тыл ардагерлері 50 пайыздық жеңілдіктерді пайдаланды.2013 жылы округ бойынша 33 адам жұмысқа орналастырылды.Оның 22 әлеуметтік жұмысқа,6 жастар тәжірибесі арқылы және 5 тұрақты жұмысқа орналастырылды.Биылғы салынып жатқан темір жолға ауылымыздан отыздың үстінде жастар жұмысқа тұрып,жұмыс істеп жатыр.Аз қамтылған отбасыдан 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына округтегі аз қамтылған отбасылардан 3 студент бала 1 ай абаттандыру және санитариялық жұмыстарына тартылды.Кәсіпкерлердің көмегімен аз қамтылған отбасының 13 баласына барлығы 52000 теңге қайрымдылық көмегі берілді.9 айда жеке тұлғалардан 31 өтініш түсіп,оның 27 қаңағаттандырылып,4 түсіндірілді.
Міндеттер:
1.Аз қамтылған отбасыларын бақылауда ұстап,оларға қайрымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру.
2.Жұмыссыздықты азайту мақсатында іс-шаралар қабылдау.
Мәдениет саласы бойынша
Округ тұрғындарының,мекеме басшыларының ,шаруа қожалықтарының қатысуымен барлық мерекелерді лайықты өткізу мақсатында арнайы комиссия құрылып,жоспар жасалып,жыл сайын ұйымдасқан түрде өткізіледі.2013 жылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде округтегі барлық көп балалы және аз қамтылған аналарға сыйлықтар беріліп,мерекелік концерт қойылды.Наурыз -2013 мерекесінде орталық жерден барлығы 10 қазан наурыз көже асылып,түрлі спорттық ойындар өткізіліп,концерт қойылды.1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде орталық сахнада әр ұлттардың әні айтылып,биі биленіп,көріністер қойылды.9 мамыр- Жеңіс күні мерекесінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш алаңында мектеп оқушыларының қатысуымен соғыс туралы көрністер қойылып,мерекелік концерт өткізіліп ,гүл шоқтары қойылды. 45 тыл
ардагеріне,1 ардагер жесіріне,1 Ауған соғысына қатысушыға,1 Чернобыль радиациялық апатына қатысушыға барлығы 48 адамға сыйлықтар ,қоңағасы берілді.1 маусым -Балаларды қорғау күніне арналып ауыл көлемінде іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік концерт қойылып,1 қазан- Қарттар күні және 10 қазан мүгедектер күніне орай барлығы 80 қарт және 18 мүгедектерге дастархан жайылып қоңағасы беріліп,концерт қойылды.
Міндеттер:
1.Бегімбет селосынан мәдениет ошағының ашылуына жұмыс жасау.
2.Мәдени,спорттық шараларға округтегі жастарды тарту.
Білім саласы
Округке қарасты Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп қазіргі заман талабына сай оқушыларға білім,тәрбие беруде.Мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.Республикалық бюджеттен бөлінген 249000 теңгеге биология кабинетіне құралдар берілді.
Б.Сүлейменов мектебінің 1 оқытушысы «А.Байтұрсынов оқулары» атты облыстық педагогикалық оқуда ГранПри иеленіп ,«Мемлекеттік тіл ұлт тірегі» облыстық жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. 2012-2013 оқу жылында 11 класты 31 оқушы аятады,21 оқушы ҰБТ-ға барды. Орташа балл 68,33.
Үш оқушы мемлекеттік грантқа ие болды.Жыл сайын оқушылар үшін Б.Сүлейменов атындағы орта мектеп жанындағы күндізгі «Балдаурен» жазғы демалыс лагері екі ауысымда өткізіледі.Биылғы «Тұлпар» сауықтыру лагеріне 13 бала,оның 7-уі аз қамтылған отбасы балалары барды.
Денсаулық саласы
Бегімбет селосындағы «Айшуақ» дәрігерлік амбулаториясы 2013 жылы қалыпты жағдайда жұмыс жасады. Халық санына сәйкес 8 кереуеттік күндізгі станционар бөлімі жұмыс жасайды. 2013 жылдың 9 айында 178 күндізгі станционарда,8 науқас үй жағдайындағы станционарда ем қабылдады.Денсаулық сақтау министрлігінің №145 бұйрығы бойынша 0-17 жас аралығындағы балалар және жүрек –қан тамырлары,қант диабеті ауруларының,сүт безі мен жатыр мойын обырының,тоқ ішек обырының,су қараңғылық ауруының алдын алу мақсатында ересектер скринингтік тексеруден өтті.Диспансерлік есепте тұратын науқастар мен мүгедектер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Тұрғындарға түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында егілу жұмыстары жүргізілді.
Елбасымыздың жолдауында Ұлт денсаулығы –біздің табысты болашағымыздың негізі дегендей ,жастарымызды жаман әдеттен алдын алу мақсатында амбулатория қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі тақырыпта тренинг,дөңгелек стол,кездесулер өткізді.
Міндеттер:
1.Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту.
2.Бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыру.
Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша
Округте 5 дүкен, 1 наубайхана, 1 тойхана,2 шайхана, 4 монша, 1 АЗС, 1 шаштараз 2 такси, 3 ұсақ сауда,1 дәнекерлеу қызметі жұмыс жасайды. Елбасымыздың жолдауында айтқандай шағын және орта бизнестің экономикалық үлесі 2030 жылға қарай,ең аз дегенде,екі есе өсуге тиіс.Біз адамға ол үшін мемлекет
барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей,өзін бизнесте сынап көруге,елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек ,осы тапсырмаға орай 2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасымен ауылымыздың жас тұрғындары Сапаров Досбол мен Жулаев Тимур бірігіп 3 млн 500мың теңге несие алып,наубайхана ашты.Наубайханаға аз қамтылған отбасыдан 4 адам жұмысқа алынды.Бегімбет селосынан «Томирис»азық-түлік дүкені ашылып,азық-түліктер Шалқар қаласының бағасымен сатылуда.Сонымен қатар 2013 жылы 1 азық-түлік дүкені,1 киім-кешек дүкені ашылды. Алдағы уақытта ауылдан шағын жылыжай салуды жоспарлап жүрген ауыл тұрғыны бар.
Міндеттер:
1.Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп,шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту
2.Кәсіпкерлікпен айналысу және несие алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын жалғастыру
Коммуналдық сала бойынша
Округ көлемінде аудан әкімінің «Шалқар қаласы және ауылдық елді мекендердің аумақтарында санитарлық тазалау,абаттандыру екі айлығын өткізу туралы»
тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылды.Осы екі айда барлығы ауыл сыртындағы 12 жерден,1 тонна,ауыл көшелерінен 7 жерден,аумағы 175 га жер күл-қоқыстан тазаланып,шығарылды.Ауыл тұрғындарының арасында белгіленбеген жерге күл-қоқыс төкпеу туралы және жеті сайын өткізіліп жатқан сенбіліктерге түгел қатысулары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.Жергілікті бюджеттен тазалыққа бөлінген 123 мың теңге ақша игерілді.«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2013 жылға бөлінген 1 млн 893 мың теңгенің 766 000 мың теңгесін жеке кәсіпкер Өмірғалиев Мирбек Асылбекұлы жеңімпаз болып табылып,Айдос Мұратұлы көшесінен 300 т күл-қоқыстар,тұрмыстық қатты қалдықтар,Әлия Молдағұлова,Сағидулла Қарағұлов көшелерінің басындағы күл-қоқыстарды және Шалқар қаласынан келетін жолдың қасындағы тұрмыстық қатты қалдықтар мен малдың қилары тазартылды. Бегімбет селосындағы Б.Сүлейменов атындағы мектептің спорт залын ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінген 702000 мың теңгені жеке кәсіпкер Келешеков Жанахмет Молдағалиұлы мектептің спорт залын жөндеуге байланысты игеруде.Көгалдандыруға бөлінген 65 000 мың теңгеге 250 түп қарағаш алынып,егілді.Ауыл көшелерін жарықтандыруға бөлінген 213 000 мың теңгені, ай сайын жоспарға сәйкес игерілуде.Көгалдандыру,абанттандыруға бөлінген 266000 мың теңгенің,162000 мың теңгесі үгіт-насихат және мерекелік баннерлер дайындауға жұмсалды. 2012 жылы «Көркейе бер туған жер» акциясы арқылы алынған Аманбаев Асқар Қозыкөрпешұлының жарық қондырғыларына қосымша қаражат іздестірілуде.
Міндеттер:
1.Бегімбет селосының көшелеріне қосымша жарық нүктелерін орналастыру.
2.Аудандық СЭС мекемесімен бірігіп күл-қоқыстардың белгіленбеген,ретсіз жерге төгілуіне жол бермеу.
3.Тозығы жеткен кәріз жүйелерін ауыстыруға жұмыс жасау.
Қоғамдық тәртіп
2013 жылдың 9 айында Округ бойынша қылмыс және қорадан мал ұрлану фактілері тіркелген жоқ.Әкімшілік қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері бірігіп аулалар аралау арқылы тексеру жүргізіп,тексеру нәтижесінде ата-ананың қарауынсыз қалған,мектепке бармай жүрген балалардың жоқтығы анықталды,сонымен қатар балалардың құқығын қорғау ,оларды зорлық- зомбылықтан қорғау мақсатында балалардың тұрмыс тіршілігі тексерілді.Округтегі барлық кәмелеттік жасқа толмаған балалардың тәрбесі үнемі назарда болды.
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екендігін түсіндіру мақсатында ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түнгі кезекшілік ұйымдастырылды.Учаскелік инспектордың қатысуымен жоғары сынып оқушылар арасында кездесулер болды.Ауылдағы барлық дүкендерге кәмелеттік жасқа
толмаған балаларға ішімдік,темекі өнімдерін сатуға тиым салынғаны туралы ескерту парақтары ілінді.Осындай көптеген атқарылған жұмыстардың арқасында округ бойынша аудандық ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған,тәртібі қиын бала жоқ.Қазақстан Республикасының Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек.Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету
жайттарының көбеюі алаңдатады.Әйелдерді құрметтемеу деген болмау керек,зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс.Балалар-қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес.Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын деген, осы мәселе төңірегінде біздің округте де көптеген жұмыстар атқарылды.2013 жылдың маусым айында аудан әкімінің орынбасары,аудан әкімі
жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі
комиссия төрағасы Д.Қарашолақованың бастауымен ауданнан 13 комиссия мүшелері келіп «Айшуақ селолық округі бойынша әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі жасалған жұмысы туралы» округ әкімінің есебін тыңдап және оқу –тренинг ұйымдастырып,кеңес берді.Экстремизм көріністерінің алдын алу,діни экстремизмді уағыздап, дінімізге қарсы теріс үгіт-насихат жүргізушілер болмауы бақыланды.Бегімбет селосындағы мешітке жұма күні айт намазға барып,мешітке барып жүрген жамағаттармен кездесіп,әңгімелесілді.Ораза айт мерекесі күні ауылдағы ораза тұтушы 25 адамға, «Ардагер Кеңесінің» мүшелеріне және ауыл ақсақалдарына арналып жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен ауыз ашар берілді.
Қорытынды
Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып,елбасының,облыс,аудан әкімдерінің тапсырмаларын орындау мақсатында , ауылымыздың көркейіп,халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында ,«Қазақстан -2050»Стратегиясы, «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы асында келешекте де игі істер атқарыла беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |