Акциздер
Акцизделетін тауарлар шығаратын немесе Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін түрлермен айналысатын және акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында импорттайтын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушісі болып табылады.
Акцизделетін тауарлар – спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі,құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспаитын сыра, темекі бұйымдары, бензин (авиациалық бензинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған қолмен басқарылатын), шикі мұнай, газ конденсаты.
Акциз сомасы ҚР СК-ның 280 бабы бойынша белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолданылып есептеледі.
Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады. Алыс-берістік шикізат пен материалдардан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз өнімді тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді. Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді.
Шарап материалын және сыраны қоспағанда, осы Кодекстің 279 бабының 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акциз есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.
Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Әрбір салық кезеңі аяқталған соң акциз төлеушілер өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларацианы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті
Достарыңызбен бөлісу: |