«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай



Дата14.11.2022
өлшемі17.73 Kb.
#464844
Алаш


«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.
Алаш XX ғасырдағы қазақ халқының ұраны. XXғасыр өте қиын кезең еді. Қазақ зиялылары XX ғасырдың табалдырығында тұрып-ақ туған халқының басына кигізілген бодандық ноқтасының уақыт өткен сайын тарылып бара жатқанын жан дүниесімен сезініп, қайткенде де одан құтылуға болады деген сұрақ іздеді.Сайып келгенде олар ұлттық болмысқа негізделген халықтың руханият пен өмір сүру саласының ғасырлар бойғы қалыптасып, сыннан өткен түрлерінің бодандық шылауынан соң бірте-бірте әлсіреп, жойыларын жақсы білді.Оған жетпеудің жолы немесе қазақтың ұлт, халық ретінде аман қалуы үшін міндетті түрде рух биіктігі керек.Ұлттық рух ұлттық сананы оятады, қажымас қайрат пен асқақ зияткерлікті білдіреді. Ал осылардың бәрін ұйыстырып, ұйымдастыратын белгілі бір құрылым қажет еді. Міне, осындай өмір қажеттілігіне орай, қоғамдық, тарихи қажеттіліктер негізіне Алашорда қозғалысы, Алашорда партиясы, сәл кейінірек Алашорда үкіметі дүниеге келді.1917 жылға тоқталсақ бұл жыл қазақ қоғамында аса күрделі саяси әлеуметтік жағдайды қазақ халқы басынан кешірген жыл. Міне осындай жағдайда қозғалыстың басында ұлтымыздың қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов сияқты алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары болды.Олар Ресейдің Санк-Петербург, Мәскеу сияқты орталық қалаларында оқыған, өз заманына сәйкес жоғары білім алған, озық ойлы қайраткерлер еді.Олар өздерінің білім деңгейі мен саяси белсенділігі, ұлтшылдық қуаты мен халықшыл қасиеті, рухани парасаттылығы мен азаматтық пайымдылығы жағынан Қазақстандағы кеңес өкіметін құрушылардан әлдеқайда алда болды.Ұлттық автономия жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тұрақсыздық жағдайында тек біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылым ғана қазақ елін азаптан құтқарып, бостандық жолына алып-шығамыз деген тұжырымға келді.
Ұлтымыздың белгілі қамқорлары Әлихан, Ахмет, Міржақыптардан басқа да, мысалы, Ғалиахмет Арынғазиев,Воронежде оқып жүргенде ұсталып айдалған Сахыпкерей Арғыншиев, елге үндеу таратқаны үшін айдалған Сүйінішқали Айшуақов және патшаның қуғынында болған адамдар да болды. Бұлардың бастарын біріктірген партия жоқ еді,әрқайсысы өз бетінше әрекет жасап жүрді.Сондай ауыр жағдайда қазақтың жоғын жоқтап патша үкіметіне қарсы бас көтерген қазақ азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп қарамағанда, не дейміз? Кейбіреулер:олар халықты соңына ерте алмады дер. Басым көпшілігі сауатсыз, қараңғыда бұйығып жаткан ел бұларға бірден қайдан ере қойсын? Соның үшінде Ахаң ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп ызыңдатып «Масасын» ұшырды. Міржақып «Оян қазақ !» деп ұран салды. Сұлтанмахмүт Торайғыров қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға тырысты.Әлихан Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Алаш қозғалысы жетекшілерінің ішінде тұңғыш ұлттық «Алашорда» Үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханның орны бөлек.Ол өз заманының өзекті де өткір сұрақтарына жауап беріп, ұлтының тағдыры тығырыққа тірелгенде,содан шығар жолды сілтей алды. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті. А.Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Осы талапты жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда шығарылса, 1925 жылы Орынборда 7 рет қайта басылады.
М.Әлімбаев:«Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» — десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет