Алаш қозғалысы ХХ ғасырдың алғашқы



Pdf көрінісі
Дата19.05.2024
өлшемі395.82 Kb.
#501454
Алаш қозғалысы



Алаш қозғалысы
Орындаған: 
Мусахан Фариза
АД 23-1


Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы 
ширегінде Ресей империясының отарлық 
билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-
азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде 
қазақ даласында Ресейлік басқару 
жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп 
келушілердің күрт артуы, қазақтардың 
құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала 
бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-
өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту 
мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп 
қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды 
саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. 
Осылайша Бірінші орыс төңкерісі 
жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін 
күресті бастаған қазақ зиялыларның 
әрекеттері кейініректегі Алаш 
қозғалысының бастамасы болды.



Алаш қозғалысының мақсаты:

Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай
алатын мемлекеттік жүйе құру;

Қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, 
дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету;

Егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, сауда
қатынастарына жол ашу;

Жеке адам құқығын және демократиялық принцептерді
қадір тұту;

Ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына
қажетті шарттар құру болды.


Саяси күрестің үрдістері:
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған 
қоғамдық
қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген
Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы
мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен 
ұлттық
зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру 
үшін
газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума 
жанындағы
мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік 
қозғалыстарға
атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады.


Алаш зиялыларының еңбектері:
Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дұлатұлы жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт
азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере 
бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-
насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар
шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан шыға
бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық 
көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған
“Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, 
“Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес
идеологиясының қалыптасуына қызмет етті.


Қорытынды:
Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау
алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы
1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары
аралығында өзінің шарықтау шегіне
жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде
Қазақ кттерінің пайда болуы, күзіне
қарай Алаш партиясының, ал соңына
қарай Түркістан автономиясы (Қоқан 
автономиясы) және Алашорда
үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың
нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. 
пайда болған бұл саяси құрылымдар
большевиктер тарапынан күшпен
таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс
күштері саяси күрес сахнасынан бірден
кете қойған жоқ.

Document Outline

  • Slide 1: Алаш қозғалысы Орындаған: Мусахан Фариза АД 23-1
  • Slide 2: Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт арт
  • Slide 3
  • Slide 4: Алаш қозғалысының мақсаты:
  • Slide 5: Саяси күрестің үрдістері:
  • Slide 6: Алаш зиялыларының еңбектері:
  • Slide 7: Қорытынды:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет