Алауханов Есберген Оразұлы



Дата25.02.2016
өлшемі43.07 Kb.
#20884
Алауханов Есберген Оразұлы 19 мамыр 1958 ж. педагог отбасында туылған. Қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық іс жүргізу саласындағы Қазақстан және Ресейге танымал ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін, КСРО ІІМ Саратов жоғары мектебінің жоғарғы курсын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Красная звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі болып бастаған.

1981 жылдан ҚР құқық қорғау органдарында қызмет атқарған:

Сарыағаш аудандық сотында хатшы, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ-ның жедел өкілі, ҚР Әділет министрінің консультанты, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы, Маңғыстау облысы Қаржы полициясы департаментінің бастығы, полиция полковнигі.

2004 жылдан бастап білім беру саласында қызмет атқарады: Алматы экономикалық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚазМЗУ-де қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, ҚР ІІМ Академиясының профессоры, диссертациялық кеңестің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де журналистика факультетінің деканы.

ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Б. Қаратаев атын. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995 ж.), «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Конституциясы күні» төсбелгілерінің иегері (2003, 2005 жж.), «ҚР Мәдениет қайраткері» (2004 ж.), Қазақстан криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры, Ресей криминологтар ассоциациясының, Санкт-Петербург криминологтар клубының мүшесі, ҚР Жоғарғы Соты ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы.

Халықаралық еуразиялық телевидения және радио академиясының академигі (Мәскеу).

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы.

«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы.

Е.О. Алауханов көлемі 250 баспа табақтан асатын 300-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 25 кітап жеке авторлықпен басылған. Оның редакциясымен 56-дан астам кітап, монография, оқулықтар басылған, сондай-ақ ол ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме авторларының бірі. ҚР ҚК-не түсініктеменің (қазақ тілінде) жауапты редакторы. Көптеген ғылыми мақалалары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Е.О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының ғылыми басылымдарында жарық көрген.

2010 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің номинациясы бойынша «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» атанды.

Қызығушылықтары: кітап оқу, бильярд, футбол, адамдармен пікір алысу.


Алауханов Есберген Оразулы, ученый Казахстана и России в области уголовного права, криминологии и уголовного процесса, доктор юридических наук, профессор, родился 19 мая 1958 г. в семье педагога.

Окончил юридический факультет Ташкентского государственного университета, высшие курсы Саратовской высшей школы МВД СССР, экономический факультет Международного Казахско-Турецкого университета имени Х.А. Ясави.

Трудовую деятельность начал учетчиком тракторной бригады совхоза «Красная звезда» Жанакорганского района

Кызылординской области.

В правоохранительных органах РК начинал работать с 1981 года: секретарь судебного заседания Сарыагачского районного суда, начальник юротдела райсельхозуправления, оперуполномоченный УВД ЮКО, председатель Сарыагашского районного суда, председатель коллегии по уголовным делам Южно-Казахстанского областного суда, начальник Управления юстиции Восточно-Казахстанской области, начальник Департамента финансовой полиции по Восточно-Казахстанской области, начальник Департамента финансовой полиции Мангыстауской области, полковник полици.

С 2004 г. работает в сфере образования: проректор по научной работе Алматинского экономического университета, профессор кафедры уголовно-правовых дисциплин КазГЮУ, профессор Академии МВД РК, председатель диссертационного совета, заведующий кафедрой судебной власти и уголовного процесса КазНУ им. аль-Фараби, декан факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби.

Член Союза писателей и журналистов РК, Лауреат премии Союза журналистов Казахстана им. Б. Каратаева (1995 г.), почетный профессор Казахстанской криминологической ассоциации, член Российской криминологической ассоциации, член Санкт-Петербургского криминологического клуба, член Научно-консультативного совета при Верховном Суде РК, почетный гражданин Сарыагашского района Южно-Казахстанской области.

Академик Международной евразийской академии телевидения и радио
(г. Москва).

В настоящее время декан факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби.

Главный редактор международного журнала «Наука и жизнь Казахстана».

Е.О. Алауханов является автором более 300 научных трудов (свыше 250 п.л.), из них 25 книг выполнено индивидуально. Под его редакцией опубликовано более 56 книг, монографий, учебников, также соавтор научно-практических комментариев к Уголовному кодексу РК. Ответственный редактор комментария к УК РК (на казахском языке). Многие научные статьи опубликованы в научных изданиях Московского государственного университета им. М.В. Ломоносова и Московской государственной юридической академии имени О.Е. Кутафина.



В 2010 г. по номинации Министрества образования и науки Республики Казахстан был удостоин завния «Лучший преподаватель ВУЗа - 2010».

Интересуется чтением, игрой в бильярд, футбол, общением с интересными людьми.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет