«Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк»



Дата23.02.2016
өлшемі142.84 Kb.
#5403


«Альянс Банк» АҚ-ның бірінші облигациялық бағдарламасының шектерінде екінші облигациялар шығарылымының проспектісі
Осы облигациялар шығарылымы «Альянс Банк» акционерлік қоғамының уәкілетті орган тіркеген (12.04.05 жылғы № В57) облигациялық бағдарламасының проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады.



Шығарылымның құрылымы:

1) облигациялар түрі

атаулы, купондық қамсыздандырылған

2)

  • шығарылатын облигациялардың саны

1 000 000 дана



  • шығарылатын облигациялардың атаулы құн бойынша жалпы көлемі:

1 000 000 000 теңге



3) бір облигацияның атаулы құны:

1 000 теңге



4) облигациялар бойынша сыйақылар:

  • облигациялар бойынша сыйақының купондық мөлшерлемесі:

атаулы құнынан 7 % жылдық



  • сыйақы (купон) есептеу басталатын күн:

Айналыс басталған күннен бастап. Облигациялардың айналысы осы облигациялар шығарылымы реттеуші органда мемлекеттік тіркелген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен басталады. Аталған мерзімді санау мемлекеттік тіркеу күнінен кейінгі күннен басталады.

  • Сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі:

Сыйақы төлеу жыл сайын өтеу мерзіміне дейін жартыжылдықтар бойынша жылына екі мәрте теңгелей жүргізілетін болады.

  • Сыйақы (купон) төлеу тәртібі және шарттары:

Сыйақы осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы ахуалы бойынша (бағалы қағаздар иелерінің тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) оны алуға құқығы бар тұлғаларға төленеді. Сыйақы төлеу сыйақы төлеу келіп жеткен күні жүргізілетін болады. Сыйақы төлеу күні демалыс күніне түскен жағдайда, төлем демалыстан кейін келетін бірінші жұмыс күні жүзеге асырылатын болады.

  • сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі:

Сыйақы төлеу жартыжылдықтар бойынша жылына екі мәрте теңгелей, бір жылда 360 күн және бір айда 30 күн деп алғанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ есептер регламентіне сәйкес бүкіл айналыс мерзімінің кезеңі ішінде жүргізілетін болады.

  • Индекстелген облигациялар шығарған кезде есептеу тәртібі:

Осы шығарылымның облигациялары индекстелген болып табылмайды.

5) облигациялардың айналысы және өтелуі туралы мәліметтер:

  • айналыс мерзімі:

3 (үш) жыл



  • өтеу шарттары:

Облигациялар кассалық ордер ресімдей отырып, соңғы купонды банктің кассасы арқылы қолма-қол ақшалай төлеумен немесе облигациялардың иелерінің шоттарына ақша аудару арқылы атаулы құны бойынша өтелетін болады. Атаулы құн мен сыйақы сомалары осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы ахуалы бойынша (бағалы қағаздар иелерінің тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленеді. Атаулы құн мен сыйақы сомаларын төлеу сыйақы төлеу келіп жеткен күні жүргізілетін болады. Облигацияларды өтеу күні демалыс күніне немесе мереке күндеріне түскен жағдайда, төлем демалыстан немесе мереке күндерінен кейін келетін бірінші жұмыс күні жүзеге асырылатын болады. Облигацияның иесінің төлемді осындай кідірту үшін сыйақы немесе қандай да бір өтемақы есептеуді талап етуге құқығы жоқ.

Иесі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, облигацияларды өтеу Қазақстан Республикасының аумағында банктік шот бар болғанда, теңгелей жүргізіледі. Инвестордан тиісті сұрату алынған кезде теңгедегі соманы Банк белгілеген бағам бойынша өзге валютаға айырбастауға мүмкін болады. Соманы теңгеге және өзге валютаға айырбастау инвестордың есебінен жүргізіледі.



  • облигацияларды өтеу күні:

Облигациялардың айналыс мерзімі аяқталатын күні. Облигацияларды өтеу күні демалыс күніне немесе мереке күндеріне түскен жағдайда, төлем демалыстан немесе мереке күндерінен кейін келетін бірінші жұмыс күні жүзеге асырылатын болады.

  • облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеу орыны:

Қазақстан Республикасы, 480091, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 100 А, «Альянс Банк» АҚ

  • облигацияларды өтеу тәсілі:

Негізгі борыштың сомасын өтеу облигациялардың иелерінің ағымдағы шоттарына ақша аудару арқылы және Банктің кассасы арқылы қолма-қол ақшалай жүзеге асырылады.

  • төмендегіні көрсете отырып, облигация өзінің иесіне беретін құқықтар:

    • осы облигациялар шығарылымының проспектісімен көзделген мерзімдерде атаулы құнды алу құқығы;

    • осы облигациялар шығарылымының проспектісімен көзделген мерзімдерде сыйақылар алу құқығы;

    • осы облигациялар шығарылымының проспектісіне және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес кепілзат мәнінің құнынан қанағаттандыру алу құқығы;

    • келісілген нысанда Банктің облигациялардың иелерінің алдында міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін Кепілзаттың ахуалы туралы ақпарат алу құқығы;

    • өзінің облигациялар иелерінің Өкіліне сұратуларына дер кезінде жазбаша жауап алу құқығы;

    • облигациялар иелерінің Өкілінен облигациялардың қамтамасыздығы болып табылатын кепілзаттық мүліктің ахуалын бақылаудың нәтижелері туралы дер кезінде жазбаша хабарлама алу құқығы;

    • облигациялар иелерінің Өкілінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиіссіз түрде орындағаны туралы шағымдармен Банкке жүгіну құқығы. Бұл орайда Банктің Өкілді ауыстыруға құқығы бар;

    • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте ақпарат алу құқығы;

    • Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда және тәртіпте өзінің талаптарын қанағаттандыру құқығы;

    • облигацияларды иеліктен шығару және өзге бір түрде билік ету құқығы;

    • облигацияларға меншік құқығынан туындайтын өзге құқықтар.

  • мерзімінен бұрын өтеуін төлеп алу:

Осы проспектмен облигацияларды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуін төлеп алу көзделмеген;

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептемелерді қарастыру 1 Қосымшаның 7 Бөліміне сәйкес, қосымша төмендегі мәліметтерді береміз:

7) олар орын алғанда дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар:

Қамтамасыздандырылған облигациялардың иелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы проспектіге сәйкес кепілзат мәнінің құнынан қанағаттандыру алуға құқығы бар. Банктің қаржылық ахуалы нашарлаған кезде, Банк иелердің алдында облигациялар бойынша сыйақыны дер кезінде төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиіссіз түрде орындаған (дефолт) кезде облигациялар иелерінің Өкіліне жазбаша жолдану арқылы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқығы бар. Облигациялар иелерінің Өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілзаттың мәніне өндіріп алу бағыттайды және Банк арқылы облигациялардың иелеріне кепілзаттың мәнін сатудан алынған ақша сомаларын төлеуді ұйымдастырады. Банк облигациялар бойынша сыйақы және/немесе негізгі борышты төлеу бойынша міндеттемелерін кешіктірген жағдайда, облигациялар иелерінің пайдасына төлем күнінен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін ақшалай міндеттемені немесе оның бір бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне орай есептелетін өсімпұл есептеу жүргізіледі.

Банк өзінің міндеттемелерін облигациялар бойынша сыйақыны және\н\е негізгі борышты төлеу кезеңі аяқталғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде орындауға міндетті. Егер осы мерзім аяқталғанда Банк өзінің міндеттемелерін орындамаса, облигациялардың иелерінің мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Шығарылымның құрылымы:

опциондар туралы ақпарат:

Опциондар көзделмеен.

айырбасталатын облигациялар туралы ақпарат:

Облигациялар айырбасталмайтын болып табылады.

10) облигацияларды орналастыру тәсілі:

  • облигацияларды орналастыру мерзімі:

3 (үш) жыл;



  • орналастыру тәртібі:

Облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыру «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес және ұйымдастырылмаған нарықта жазылу арқылы жүзеге асырылатын болады;


  • облигацияларды акцияларға айырбастау:

Осы Проспектімен облигацияларды акцияларға айырбастау көзделмеген.

  • облигацияларды төлеу шарттары және тәртібі:

Облигациялар ақшалай қолма-қол ақшасыз нысанда төленеді. Жеке тұлғалар облигацияларды қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ банктің кассасы арқылы кассалық ордер ресімдей отырып, қолма-қол ақшалай нысанда төлей алады.

Облигациялар жазылу арқылы орналастырылған кезде облигацияларды төлеу тәртібі және шарттары Банк инвестормен жасасатын облигацияларды сатып алу-сату келісімшарттарында көрсетіледі.

Облигациялар «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның сауда алаңшасында мамандандырылған саудалықтар арқылы орналастырылған кезде облигацияларды төлеу «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.


  • обеспечение по облигациям:

Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету тәсілі оның арқасында облигациялардың иелерінің Банктің дефолты жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы проспектіге сәйкес кепілзат мәнінің құнынан қанағаттандыру алуға құқығы болатын кепілзат болып табылады.

Кепілзаттың мәні – облигациялар шығарылымының қамтамасыздығы Банктің ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтары пулының (облигациялар бойынша қамтамасыздық болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарының жиынтығының) кепілзаты болып табылады. Кепілзаттың ахуалын бақылауды облигациялар иелерінің Өкілі жүзеге асырады. Осы мақсатта Банк аудиторлық компаниямен және облигациялар иелерінің Өкілімен бақылауды жүзеге асыру тәртібін көздейтін келісім жасасады. Аталған келісімдерге сәйкес аудитор жылына кем дегенде бір мәрте Банк табыстаған келісімшарттар тізімінен іріктемелік тексеру арқылы кепілзаттық мүлікті бақылауды жүзеге асыру бойынша рәсімдер жүргізеді.

Кепілзат мәнінің құны – Банк облигациялардың бүкіл айналыс мерзімінің ішінде кепілзатқа салынған мүліктің құнын оларға есептелген сыйақыны есепке ала отырып, айналыстағы облигациялардың жалпы атаулы құнының 120 %-ынан төмен емес деңгейде сақтауды міндетіне алады. Кепілзаттың құнын есептеген кезде ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша негізгі борыш есепке алынатын болады. Кепілзатқа салынған мүліктің құнын аталған деңгейде сақтау үшін Банк кепілзатқа салынған ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының пулын кепілзат пулының қажетті құн деңгейіне жеткенге дейін жаңа ипотекалық қарыз келісімшарттарымен толықтырып отыруға міндетті.

Банк төмендегі жағдайлардың бірі орын алған кезде кепілзатқа салынған мүліктің құрамына кіретін мүліктік құқықтарды алмастыруды жүргізуге міндетті:



  • қарызгердің несилік келісімшарт бойынша ақшалай міндеттемесін орындамауы немесе тиісссіз түрде орындауы;

  • қарызгердің несилік келісімшарт бойынша ақшалай міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауы;

  • несилік келісімшарт бойынша ақшалай міндеттеменің қамтамасыздығы болып табылатын ипотека мәнін жоғалту;

  • несиелік немесе ипотекалық келісімшартты жарамсыз деп мойындау туралы сот шешімінің күшіне кріуі, не болмаса оларды үзу.

Облигациялар иелерінің Өкілі облигациялар иелерінің алғашқы талабы бойынша оларды Банктен алынған деректердің негізінде кепілзатқа салынған ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтары пулының құны туралы хабарландырып отыруға міндетті.

Кепілзаттың мәніне өндіріп алу бағыттау тәртібі - кепілзаттың мәніне өндіріп алу бағыттау тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен айқындалады.

Облигацияларды қамтамасыздандыру туралы келісімшарттың шарттары – облигациялардың қамтамасыздығы Банкте облигациялық қарыздың атаулы құнының 120 % мөлшерінде бар ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілзаты болып табылады.

Қамтамасыздандыру болып табылатын мүлікті сақтандыру келісімшартының болуы – сақтандыру келісімшарты жоқ.



Банктің төмендегідей міндеттемелері бар:

  1. кепілзат келісімшартына сәйкес олар бойынша талаптардың жалпы мөлшері кем дегенде 1 200 000 000 (бір миллиард екі жүз миллион) теңге құрайтын ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының пулын кепілзатқа табыстау;

  2. ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының жеке тізілімін жүргізу;

  3. кепілзатқа салынған ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтары пулының сапасын сақтауға арналған әрекеттер жасау, кепілзат мәнінің құны осы проспектіде және кепілзат келісімшартында аталған құннан кем болмау үшін ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының пулын үнемі толықтырып отыру;

  4. кепілзаттың мәнін үшінші тұлғалардың тарапынан қол сұғудан (Банк заңнамамен көзделген тәртіпте банкрот деп мойындалған жағдайларды қоспағанда) қорғау үшін қажетті шаралар қабылдау;

  5. кем дегенде жылына 2 мәрте Аудиторға кепілзатты бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беру;

  6. Өкілге Аудитордың кепілзатты бақылауды жүзеге асыруының нәтижелері туралы есептемелер беру;

  7. Өкілге кепілзат мәнінен айырылу қатері пайда болғаны туралы, кепілзат мәніндегі өзгертулер туралы дер кезінде хабарлап отыру;

  8. Өкілді шығарылым проспектісінің шарттарын сақтауға кез келген мүмкінсіздік туралы дереу жазбаша хабарландырып отыру;

  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепілзат келісімшартын сондай тіркеуді жүзеге асыратын органға мемлекеттік тіркеуге табыстау;

  10. қарызгер облигациялардың қамтамасыздығына берілген ипотекалық қарыз келісімшарттары бойынша талап ету құқықтарының пулына кіретін ипотекалық қарыз келісімшарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жаңа ипотекалық қарыз келісімшарттарымен алмастыру.

  • Облигациялар иелерінің Өкілі

ҚР заңнамасына, Банкпен жасасқан қызметтер көрсету туралы келісімшартқа, сондай-ақ осы шығарылым Проспектісіне сәйкес облигациялар иелерінің мүдделерін қорғайтын және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыратын Өкіл «АИМ» АҚ болып табылады, Алматы қаласы, Досты даңғылы, 117, «Хан – Тенгри» бизнес–орталығы, тел: 952 633, Басқарма Төрағанын Орынбасары ҚапеноваГ.Е. Облигациялар иелерінің Өкілі Банктің, тіркеушінің және облигацияларды дайындау, шығару, орналастыру және өтеу процессіне қатысатын басқа тұлғалардың өкілі болып табылмайды. Өкіл өзінің міндеттемелерін тек қана облигациялар иелерінің мүдделерінде атқарады. Облигациялар иелерінің Өкілі және Банк кепілзатты келесіде тіркей отырып, облигациялар иелерінің атынан әрекет ететін кепілзат келісімшартын жасасады. Облигациялардың иелері өздерінің кепілзат иесі ретіндегі құқықтарын облигациялар иелерінің Өкілі арқылы іске асырады. Кепілзатты мемлекеттік тіркеу кепілзат иесінің талабын кепілзат берушінің аталған мүлкіне үміткер басқа кепілза иелерінің талаптарына қатысты қанағаттандыру кезектілігін белгілейді.

Кепілзаттық мүлікті алмастыру, шығару және толықтыру бойынша операцияларды Банк төмендегідей түрде тіркейді:

а) талап ету құқықтары бойынша – кепілзат Тізіліміне тиісті жазбалар енгізу және оны «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-на табыстау арқылы;

Өкіл төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:



  1. Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылайды;

  2. Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздығы болып табылатын мүліктің ахуалын бақылайды;

  3. Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздығы болып табылатын мүлікке қатысты Банкпен кепілзат келісімшартын жасасады;

  4. облигациялар иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;

  5. облигациялардың иелеріне 1)-3)-тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері туралы ақпарат береді.

Облигациялар иелері Өкілінің:

  1. Банктен кепілзатқа салынған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде үшінші тұлғалардың тарапынан қол сұғудан және талаптардан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауды талап етуге;

  2. Банктен Өкілді кепілзатқа салынған мүліктен айырылу қатерінің пайда болғаны туралы, кепілзатқа салынған мүліктің құрамында орын алған өзгерістер туралы, оны үшінші тұлғалардың бұзғаны туралы және олардың осы мүлікке таластары туралы дереу жазбаша хабарландыруды талап етуге;

  3. Банктен Өкілді облигациялар шығарылымының шарттарын сақтауға кез келген мүмкінсіздік туралы дереу жазбаша хабарландыруды талап етуге;

  4. Банктің облигациялар иелерінің алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауына және аталған міндеттемелердің орындалуының қамтамасыздығына қатысты ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуға;

  5. өз құзыретінің шектерінде шығарылым шарттарымен белгіленген міндеттемелерге және оларды орындауға байланысты мемлекеттік органдарда және соттарда облигациялар иелерінің мүдделерін білдіруге құқығы бар.

Өкіл облигациялар иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсаттарында:

1) облигациялар иелерінің құқықтары мен мүдделерін бұзушылықты ілестіруі мүмкін мән-жайларды анықтауға және оларға үш күнтізбелік күннің ішінде аталған мән-жайлар туралы хабар беруге;

2) Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздығы болып табылатын мүлікке кепілзат құқығын ресімдеуге және тіркеуге байланысты құқықтық қарым-қатынастарда облигациялар иелерінің мүдделерін білдіруге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген тәртіпте Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздығы болып табылатын мүліктің ахуалын бақылауды жүзеге асыруға;

4) облигациялар бойынша сыйақының дер кезінде төленуін бақылауды жүзеге асыруға;

5) уәкілетті органға және облигациялардың иелеріне Банктің облигациялар иелерінің алдындағы міндеттемелерін орындауының қамтамасыздығы болып табылатын мүліктің ахуалы туралы ақпарат беріп отыруға;

6) Банкпен келісімшартты үзген күнінен бастап үш күннің ішінде уәкілетті органға және облигациялардың иелеріне өзінің өкіл ретіндегі өкілеттіктерінің тоқтатылғаны туралы хабар беруге;

7) қызметтік, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария қылмауға;

8) уәкілетті органға және облигациялардың иелеріне олардың сұратулары бойынша өзінің Өкіл ретіндегі қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттар беріп отыруға;

9) қызметтік, коммерциялық және өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария қылмауға;



10) Банктің облигациялар иелерінің алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепілзатқа салынған мүлікті сатуға міндетті.

  • облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:

Тәуелсіз тіркеуші «РЕЕСТР» ЖШС, Қазақстан Республикасының Ұлттың Банкінің бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға 14.02.2002 жылғы № 0406200220 мемлекеттік лицензиясы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Горный гигант кенті, Сызғанов көшесі, 101А. Тел.: (3272) 581-842, 581-843.

  • облигацияларды орналастыруға қатысатын ұйымдар туралы мәліметтер:

Облигацияларды орналастырумен «Альянс Банк» АҚ дербес шұғылданатын болады.

  • Төлем агенті туралы мәліметтер:

«Альянс Банк» АҚ төлем агенттерінің қызметтерін пайдаланбайды.

  • Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

Осы шығарылымның мақсаттары төмендегілер болып табылады:

    • Банктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өтелімдігін сақтау;

    • Банктің табыстылығын ұлғайту

    • жеке тұлғалар үшін ипотекалық несиелендіру көлемдерін кеңейту.



Басқарма Төрағасы Ж. Ертаев

Бас бухгалтер А. Мамырбеков
М.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет