Алғы сөз Типтік бағдарлама


Бағдарлама мақсаты, міндеті және нәтижесі



бет57/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91
УМКД. Мәдениет

Бағдарлама мақсаты, міндеті және нәтижесі.

  • Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері.



    Қазақстанның мәдени мұра жобасы — Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылған мемлекеттік бағдарлама, стратегиялық ұлттық жоба. Қазақстандағы мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктерің зерттейді.
    Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
    Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
    Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
    Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негіэінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-ңорықтардың құрылуымен сипатталады.
    Қазақстанда қазіргі уаңытта тарих, археологая, сәулет жэне мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мьщнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.
    Тарихи және этнографияльщ бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.
    Казақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мура тізіміне енгізілді.
    Астана қаласының мәдени инфрақүрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театры, мұражайды, кітапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Үлттық кітапхананың қурылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрылысы жүргіэілуде.
    «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Казақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.
    Сонымен қатар, мәдени мүраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді.
    Қазақстанның ұлттың тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи, археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында – Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Кызылорда облысьшдагы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындагы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет ескерткіштері, «Әзірет Сұлтан», «Жидебай-Бөрілі» қорық-мүражайларының тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және «Ордабасы» қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.
    Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және техно-кратизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.
    Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармаларындағы дәстурлі мифологемалар мен бейнелердің өэгеруі жүйесі мен әдістерін дамыту жеткіліксіэ.
    Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қаэаң тілді оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік жэне басқа салалардағы әлемдік ғылыми ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.
    Осымен байланысты өскелең үрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазак; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
    Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мүраның, қүжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында саңталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыкант-тардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.
    Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Казақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет