«Алгебра және сандар теориясы»пәнінен syllabus



бет1/11
Дата27.05.2024
өлшемі197.98 Kb.
#501917
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
УМКД Алгебра және сандар теориясы 2018


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті




Математика кафедрасы

5В010900 –«Математика»


мамандықтары бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған


«Алгебра және сандар теориясы»пәнінен


SYLLABUS


Құрастырушы: Л.И. Урынбаева педагогика
ғылымдарының магистрі, оқытушы
Орал, 2018 ж.

SYLLABUS 16.VIII._2013 жылғы № 343ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5В010900 «Математика» мамандығының типтік оқу жоспарының негізінде дайындалды.
1-курс студенттері үшін “ Алгебра және сандар теориясы” пәнінен кредиттік оқыту технологиясы бойынша – «Математика» мамандығының оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырған : педагогика ғылымының магистрі, оқытушы Л.И. Урынбаева


Пікір беруші: ф.-м.ғ.к. Молдагалиев В.С.


Математика кафедрасының «10» қыркүйек 2018 жылғы


мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды

Кафедра меңгерушісі Б.Ж. Мухамбетова ______________



1.Пәннің оқыту бағдарламасы – SYLLABUS
Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.
Пәннің көлемі 3 кредитті құрайды:



Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/
семинар сабақтары

Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ







3

15

30

-

45

45

135

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің 8 және 15 аптасы




2. Пән туралы мәліметтер
Мақсаты: студенттерді абстракты алгебраның алғашқы ұғымдарымен, классикалық алгебраның негізгі бөлімдері және олардың қолдануларымен таныстыру; басқа пәндерді меңгеруге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау; элементтердің табиғатына тәуелсіз абстраклы ойлаудың жалпы мәдениетіне тәрбиелеу.
Курстың міндеті:
Студенттерге сызықтық алгебраның негізгі бөлімдерін толық меңгерту (олар: анықтауыштар, матрицалар, сызықтық теңдеулер системалары, фундаменталь шешулер жүйесі, сызықтық кеңістіктер және сызықтық түрлендірулер, евклидтік кеңістіктер); аксиоматикалық негізде құрылған алгебралық құрылымдардың изоморфты және гомоморфты теорияларын түсіндіріп, олардың интерпретацияларын құруға дағдыландыру; алған білімдерін математиканың басқа салаларында, атап айтқанда, геометрияда, математикалық талдауда, математикалық логикада, физикада т.б. қолдана білуге үйрету.


Пререквизиттері:мектеп математикасы курсы, алгебра және анализ бастамалары, тригонометрия курсы, элементар математиканың барлық негізгі формулалары мен қағидалары.
Постреквизиттер: курсты толық оқыған студенттер мына мәселелерді білулері тиіс:

  • анықтауыштарды есептеу;

  • матрицаларға амалдар қолдану, рангын табу, кері матрицаны табу;

  • сызықтық теңдеулер жүйелерін әр түрлі әдістермен шешу, фундаменталь шешулерді табу;

  • сызықтық түрлендірулер мен матрицалардың байланысын орната білу;

  • жиындар теориясының элементтері мен математикалық логиканың алғашқы ұғымдарын меңгеріп, ооларды қолдана білу;

  • қатынастар мен алгебралық операцияларды түсініп, олардың қасиеттерін, түрлерін, қолданылуын меңгеру;

  • барлық математиканың негізі болатын сандар теориясындағы белгілі ережелерді еске түсіре отырып (бөлінгіштік, ЕҮОБ, ЕКОЕ, жай және құрама сандар, өзара жай сандар), оларды салыстырулар теориясының теоремаларын қорытуға қолдана білу;

  • сан коэффициентті полиномдардың дәрежесіне сәйкес түбірлерін табу әдістерін білу;

комплекс сандарды бір формадан екінші формаға көшіру формаларын білу және әр түрлі формадағы сандарға амалдар қолдану ережелерін білу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет