Алгебралық материалды оқыту әдістемесі



Дата08.04.2024
өлшемі21.97 Kb.
#497978
алгебралық материалдар


Алгебралық материалды оқыту әдістемесі

Алгебралық материалдар 1-ші сыныптан бастап арифметикалық, шама және геометриялық материалдармен тығыз байланыста оқылады.


Алгебра элементтерін енгізу сан, арифметикалық амалдар, математикалық қатынастар туралы ұғымдарды жалпылауға көмектеседі, сонымен қатар балаларды келесі сыныптарда оқуға дайындалады. Негізгі алгебралық ұғымдарға курста «санды теңсіздік және теңдік», «өрнек», «сандық өрнектің мәні», «әріпті өрнек», «әріпті өрнектің мәні», «әріптің әрбір мәніне өрнектің бір ғана мәнінің сәйкес болатындығы», «қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері», «алгебралық тәсілмен есептер шығару» және тағы басқалар жатады.
Бұл ұғымдарды бастауыш сыныптарда анықтама берілмейді, олар көрнекілік, жаттығулар арқылы қалыптастырылады.
Тақырыпты оқытып үйретудің міндеттері:
-Теңдік, теңсіздік ұғымымен таныстыру;
-Өрнектерді оқи, жаза және салыстыра білу біліктерін қалыптастыру;
-Санды өрнектермен жүргізілетін жұмыстардың табиғи жалғасы ретінде қарапайым әріпті өрнектерді бір – бірімен ажырату, оларды оқу, жазу және құру, әріпті өрнектің берілген мәнінде мәнін табу жайында түсінік қалыптастыру, тәжірибе жинақтау.
Алгебра элементтерінің ішінде дидактикалық тұрғыдан алғанда аса маңыздысы – теңдеу жайында түсінік беру және оны шешудің тәсілдерін оқытып – үйрету.
Жақша, амал ретімен оқытып үйрету. М-2,40 бет, М-3, 24 б.
Есепті алгебралық тәсілмен шешудің мән мағанасын ашу. Теңдеулер құруға келтірілетін арифметикалық есептер шығару. М-2, 35 бет, Тапсырма 3.
Арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу, теңдеудің жәрдемімен шығару. М-3, 92, 93 б., Тапсырма 6, М-3, 174-180 б., Тапсырма 3.
Арифметикалық амалдың компоненті немесе нәтижесінің санды өрнек түрінде болып келуі мүмкін теңдеулер құрылатын есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті теңдеу жәрдемімен шығару көрсетіледі. М-3, 153 бет, Тапсырма 3.
Теңдеулер құру мүмкін құрама есептер қарастырылады. Оларды шығару барысында алгебралық тәсілді енгізу және оның мәнді ерекшелігі мен артықшылығн нақты көрсетіп беру қажет. М-3, 161, 181-183 бет Тапсырма 5;3.
Теңдеулерді шешу тәсілдердін қарастыратын ретпен оқытып үйрету және олардың көмегімен есеп шығаруды қарастыру бастауыш буын оқушыларын келесі сыныптардың талабына сай дайындауды қамтамасыз етеді. Өйткені олар теңдеуді шешуге дағдыланады және теңдеу құру арқылы есеп шығарудың тәсілінің мән – мағанасы, ерекшелігі жайында бастама түсінік алды. Соның нәтижесінде алгебра элементтерін оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады.

Математикалық өрнектер


Математика программасы бойынша І-ІІІ кластарда балаларды математикалық өрнектерді оқуға және жазуға үйрету; амалдарды орындау тәртібімен таныстыру және есептеулерде оларды пайдалануға үйрету, оқушыларды өрнектерді теңбе-тең түрлендіру мен таныстыру жағы қарастырылады.
Балаларда математикалық өрнек жайлы түсінігін қалыптастырғанда сандар арасында қойылған амал таңбасының екі түрлі мағанасы бар екендігін ескеру қажет: ол бір жағынан сандар арасына қойылған амал таңбасының екі түрлі мағанасы бар екендігін ескеру қажет: ол бір жағынан сандар қолданылатын амалды білдіреді (мысалы, 6+4 алтыға төртті қосу); екінші жағынан амал таңбасы өрнекті белгілеу қызметін атқарады (6+4 6 мен 4 сандарының қосындысы).
Төменгі класс оқушыларының өрнек жайындағы түсінігі арифметикалық амалдар туралы ұғыммен тығыз байланыста қалыптасады және оларды жақсы игерулеріне көмектеседі.
Өрнектермен жұмыс әдістемесінде екі кезең қарастырылған. Олардың біріншіснде қарапайым өрнектер (екі санның қосындысы, айырмасы, көбейтіндісі, бөліндісі) туралы ұғым, ал екіншісінде күрделі өрнектер ( көбейтінді мен санның қосындысы, екі бөліндінің айырмасы т.б.) туралы ұғым қалыптастырылады.
Бірінші өрнекпен – екі санның қосындысымен таныстыру І класта 10 көлемінде қосу және азайтуды оқығанда болады.
Жиындармен операциялар орындағанда балалар алдымен қосу мен айырманың нақты мағынасын меңгеріп алады, сондықтан 5+1, 6-2 түріндегі жазуда амалдардың таңбаларын олар «қосу». «азайту» сөздерінің қысқаша белгісі ретінде түсінеді. Бұл есепті ауызша оқығанда айқындалады (беске бірді қосқанда алты болады; алтыдан екіні шегергенде төрт қалады). Алдағы уақытта бұл амалдар туралы түсінік тереңдей түседі. Оқушылар санға бірнеше бірлікті қосқанда, сонша бірлікке артатынын, ал бірнеше бірлікке азайтқанда, сонша бірлікке кемитіні алдағы уақытта біледі. Бұл да жазулардың жаңа формасында айқындалады (4-ті 2-ге арттырса, 6 шығады; 7-ні 2-ге кемітсе, 5 шығады). Содан кейін балалар «плюс», «минус» амалдар таңбаларының аттарын білетін болады және амалдар таңбаларын атай отырып, мысалдарды оқиды (4 қосу 2 алтыға тең болады, 7 азайту 2 беске тең болады).
Компоненттердің және қосу амалы нәтижесінің аттарымен таныса отырып, оқушылар қосудың нәтижесі болып табылатын санды белгілеу үшін «қосынды» деген терминді пайдаланады.
Санды (азайтқышты) екі санның қосындысы түрінде жазу іс жүзінде қажет болған жағдайда 9-7 түріндегі азайту әдісін оқып үйрену алдында оқушыларды математикалық өрнекпен екі санның қосындысымен таныстырады. Қосудағы сандардың аттары жөніндегі балалрдың біліміне сүйене отырып, мұғалім «қосу» таңбасымен қосылған екі саннан тұратын қосуға берілген мысалдардың жазуы «тең» таңбасының екінші жағында тұрған сан сияқты аталады (9-қосынды, 6+3-те қосынды). Көрнекі түрде ол былай кескінделеді:

6+3 = 9




Б алалар «қосынды» деген терминнің жаңа мәнін өрнектің мәні ретінде меңгерулері үшін мынандай жаттығулар беріледі: «сандардың (мысалы, 7 мен 2 ) қосындысы жазыңдар; сандардың (3 пен 4 ) қосындысы неге тең екенін есептеңдер; жазуды (мысалы, 6+3) оқыңдар, қосынды неге тең екенін айтыңдар; санды сандар қосындысымен алмастырыңдар (мысалы: 9 =   ); Сандардың қосындысын салыстырыңдар (мысалы, 6+3 және 6+2), олардың қайсысы көп екенін айтыңдар, «>» таңбалы таңбасымен жазыңдар және жазуды оқыңдар». Осындай жаттығуларды орындау процесінде оқушылар «қосынды» терминінің екі түрлі мағанасын біртіндеп түсіне бастайды: сандардың қосындысын жазу шін оларды «плюс» таңбасымен қосу керек. қосындысының мәнін табу үшін берілген сандарды қосу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет