Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері мен стратегияларының практикалық қолданысы
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қалыптастырушы бағалаудың оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігін «Фишбоун» әдісі арқылы сипаттаңыз.
2. Қалыптастырушы әдістері мен стратегиялары: Жұптарда өзара бағалау, топтардағы өзара бағалау, оқушылардың түсіндірулері, оқушылардың арнайы қателерді бағалауы, өзін-өзі бағалау айырмашылықтары мен ерекшеліктерін «Оңай және қиын сұрақтар» кесте арқылы салыстырыңыз. Қалыптастырушы бағалау оқыту әдістері Жұқа сұрақтар Қалың сұрақтар Жұптарда өзара бағалау Топтардағы өзара бағалау
Оқушылардың түсіндірулері Өзін-өзі бағалау
3. Қалыптастырушы бағалаудың оқыту әдістері: арнайы қателерді түзету, жалған баға, диагностикалық сұрау, шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі және «таудың ұшар басына шығу» әдістерін «Үш жазба күнделігі» арқылы орындаңыз. Әдістер Үзінді Түсіндірме /комментарий Тәжірибеде қолдану ерекшелігі Арнайы қателерді түзету Жалған баға Диагностикалық сұрау Шеберліктің қол жеткен деңгейінің тестісі «Таудың ұшар басына шығу»
«Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесіншеоқыту үдерісін өзгерту мақсатында оқушыныңалға ілгерілеуі мен материалды игеруін жиі, интербелсенді бағалау» .
«Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдер оқушылардың өтіліп жатқан тақырыптар мен дағдылардыигеруін бағалау үшін қолданатын құрал. Ол белгілі бір тақырып өтіліп жатқанда ол бойынша оқушының қате түсінігін және түсінбеген мәселелерін анықтаудың«өзегі» болып табылады» .
Суммативті бағалау (Оқытуды бағалау):
Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.
Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.
Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.
Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу болса, онда өзінің фукциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.
Осы бағалаудың өз сабағымда екі түрінде қолданамын, бірақ екі түрін қолданған кезде қандай әдісті алсамда міндетті түрде алдымен бағалаудың критерийін, яғни шәкілін құрастырамын. Беймазалық сезімін жою, керісінше баланың сабақта белсенді болуын арттыру үшін мен сабақтарымда өзін-өзі, топтық, жұптық, табыс өлшемдері арқылы бағалау түрлерін қолданамын. Бағалаудың бұл түрлері (смайликтер, бағдаршам, жетістік баспалдағы, бағалау парақтары, т.б.) оқушыларға өз білімінің деңгейін анықтауға және жетістікке жетуіне, тақырыпты игеруде алға жылжуына ықпал етеді. Нәтиже: - бағалау жүргізуде қызығушылық туды; - білім деңгейі анықталды; - қобалжушылық жоғалды; - кері байланыстың нәтижелілігі көрінді; - бағалау оқушының уәждемесіне және өзін-өзі бағалауына әсер етті; - табыс өлшеміне дағдыланды.
Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысатын. Мектеп жұмысы мен оқушылардың жетістіктерін өрістетуде маңызды рөл атқаратын ұстаз. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады. Әрине алға жылжу үшін, алған мәліметтер мен істеген жұмыстарды саралап, қорытындылап, бағалау керек. Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі ─ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Оқушыны бағалау - ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығы мен қабілеті бағамен есептеледі. Сонымен, бағалаудың түрлерін сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы ғана нәтижелі мақсатқа жетуге болатындығы айқындалды.
1. Жұптарда өзара бағалау. Өзара бағалаудың ең қарапайым нысаны: оқушыларға шамамен бес минут ішінде өздігінен орындау үшін тапсырма беріліп, содан соң жұмыстарын алмастыру және бірін-бірі бағалау үшін жұптарға бөлу тапсырылады. Кері байланыс әдетте жазбаша емес, ауызша. Ол ынталандыру нысанында ұсынылуға тиіс екені ескертіледі. Оқушылар өздерінің сыныптастарының жұмыстарын мұғалім ұсынатын бағалау жүйесін қоса алғанда, «жауаптар үлгілері» немесе «дайын шешімдер» арқылы бағалайды.
2. Топтардағы өзара бағалау Оқушылар топтарға бөлінген кезде олардың достық қарым-қатынаста болмағаны жақсы. Топтық жұмыс кезінде олар талқылайды және төмендегіге қатысты келісімге келуге тырысады:
қандай әдіс, жұмыс стилі, негіздеме және жауап және т.с.с. жақсы және неліктен? Топтық бағалауда екі жұлдыз, бір ұсыныс, мадақтау сэндвичі т.б формативті бағалау түрлері қолданылады.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге , мәселен ерекше дағдылар, көзқарастар мен оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбіне критерий деп атап, оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Сабақта балалармен бірлесіп бағалау критерийлерін ойластыруға кірістік. Олар көптеген бағалауларды ұсынды. Нәтижесінде мынандай таңдау жасадық:
Осы критерийлерді құрастыруға қатысқанда оқушы қандай сезімде болғандықтарын талдауды ұсындым.
Балалардың бірі «Шынымен өзіміз жасаймыз ба?» десе, біреуі «Апай менікі дұрыс па,сіз көмектессеңізші» деген сұрақтар мен ұсыныстар айтты.
Мен оқушыларға «Сендер бәрін де жасайсыңдар, бәрі де дұрыс болады» деп қолдау көрсеттім.
Оқушылар барлық тапсырманы дұрыс орындау керек шығар десе, кейбіреулері бізде барлығы дұрыс орындай алмайды ғой»деген сияқты дауыстар естіле бастады Бұл дауыстарды мен балалардың сабаққа деген қызығушылығының алғашқы бастамасы деп білдім. Сөйтіп оқушылармен бірлесе мынадай бағалау критерилерін құрдық.
Егер оқушы:
1. Өлеңді мәнерлеп оқи білуі:
2. Өлең жолдарын өз сөзімен жеткізе білуі:
3.Жауаптарын өз бетімен, нақты мысалдармен дәлелдей алуы:
4.Қосымша сұрақтарға дұрыс жауап беруі,-деген критерилерді дайындады.
Осындай критерийлерді пайдалана отырып өзара бағалауда әр оқушының бойынан өлең оқуынан, мазмұндауынан, мысалдар келтіруінен өзгешеліктер байқадым. Тапсырмаларды жақсы орындауға, жақсы баға алуға тырысты . Үй тапсырмасын бергенде де осы критерийлермен бағалайтынымды ескертіп отырдым. Бағалау түрлерін осылайша пайдалану мұғалім жұмысын одан әрі жетілдіре түсетініне көзім жетті. Мен осы әдіспен жұмыс жасағанда оқушыларды мақтау, қолдау көрсету, мадақтау, жылылық таныту, ынталандыру,қызықтыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады. Осы кездерде «Керемет!», «Жарайсың !», «Жақсы », «Сенің қызығушылығың өте жақсы», «Сен ынтамен тыңдай аласың», «Сенің ойың өте жүйрік» тағы сол сияқты формативті тіркестерді қолдандым. Байқағаным формативті бағалау оқушының сабақтағы әрбір жұмысын бағалауға көмектеседі. Тапсырма орындаған сайын қуанып, мақтау сөздерден кейін келесі жұмыстарда ынтамен қызыға кірісіп, белсенді болатындығы байқалды.
Қорыта келе бағалау жүйесінің мүмкіндіктеріне тоқталатын болсам:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары мынада деп білемін:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .
Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Білім берудің сапасы артады.
Биылғы оқу жылында мектебімізде алғаш 1-сынып оқушыларымыздың критериалды бағалау арқылы ІІІ тоқсандық бағасын шығарды. Оқушыларға да, ата-аналарға да, 1-сынып мұғалімдеріне де алғашында қорқыныш, үрей болғанымен бағалау нәтижесі өте жақсы болып, әр оқушы өзінің тиісілі бағасын ақтап, қуанышты жағдай орын алды. 1-сынып ата-аналарының осы бағалау жүйесінің әділ әрі нақты екенін жалпы ата-аналар жиналысында айтып, басқа ата-аналардың осы бағалау жүйесіне деген сенімділігін арттыруы нұр үстіне нұр болды.
Достарыңызбен бөлісу: |