Республикамыздың Оңтүстік өңірінен орын тепкен «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайын бұл күндері білмейтіндер кемде-кем шығар. Қаншама адамдар жыл сайын осы «Сарыағашқа» барып, жанда¬рына дауа, дерттеріне шипа тауып жата¬ды. Бүгінгі күні шипажай сауықтыру орны – алдыңғы қатарлы емдеу әдістерін игер¬ген, жоғары жұмыс мәдениетін және өз қызметкерінің нәзік тұстарын жете білетін, жаңа талаптарға сай мамандар бар ұжым. Бүгінгі күні «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру шипажайы тек бір өңір тұрғындарын емес, бүкіл Қазақстан халық емделетін шипалы орын. «Сарыағаш» жайлы қалам тербеп, жазуымыздың себебі –бұл оқырмандар сұранысы. Бір оқырман осы емдеу- сауықтыру шипажайы турасында көбірек мәлімет алғысы келсе, екінші оқырман өзі емделіп, дертіне дауа тауып алғыс білдіргісі келгені. Міне, осындай оқырмандарымыз саны оннан да асты. Оқырман тілегіне құлақ асып шипалы «Сарыағаш» жайында біраз мәлімет бермекпіз.
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ТУРАСЫНДА
Ең алдымен «Сарыағаш» емдеу оңалту кешенінің қалыптасу тарихынан бастасақ. 1946 жылы Орталық Азия мұнай барлау тресінің атақты геолог Адам Азарович Апше¬ронов басқарған топ қара алтын іздеп жүріп, бұрғылау барысында мұнайдың орнына өз бетінше атқылаған ыстық су шығады. Гео¬логтар өз іздегенін таппағаннан кейін кетіп қалады. Ал А.А.Апшеронов мұнайдан да бағалы құнды шипалы қайнар көзін ашқанын, оның кейін халық игілігіне айналатынын білмеген де шығар. Жер астынан шыққан су ыстық та, мөлдір және дәмді жұмсақ жағымды еді. Бұл жер Келес өзенінің түстік жағы Кереге тас маңынан 1,5 шақырым қашықтықта еді. Төңіректегі ауылдардың тұрғындары сол суды ішкеннен кейін асқазан, ішек сырқаттарынан айыққаны, жерді оя салып оған су толтырып, ванна қабылдаудан аяқ-қолдың қақсауынан, белдің шойырылуынан қол үзгендері байқалған. Судың қасиеті жөніндегі әңгімелер ел арасына тез тарап кетеді де, өз бетінше ем қабылдаушылардың қатары көбее түседі. 1949-59 жылдар аралығында Қазақстанның өлкелік патология ( Алматыдағы краевое патология институты) және Өзбекстанның Н.А.Семашко атындағы курортология және фи¬зиотерапия ғылыми зертеу институттарының ғалымдары: М. К. Қайрақбаев, Л. Н. Добрын¬ченко, Е. А. Ключникова, Г.А. Молдагулова, А.С. Соколов, В.М. Файбусевич, А.С. Сады¬ковтар, кейіннен 70-ші жылдан бастап Н.Г. Приходченко, Р.К. Тілебаев, Е.С. Сейтенов, Б.Ч. Әбдікаримов,И.Г. Железников, Т.З. Сей¬сенбеков, Н.Х. Кәрімова, шипажай дәрігерлері бұл судың табиғи нәзік минералданған емдік әрі ас суға жататындығын, оның асқазан, ішек, бауыр, бүйрек, буын, кейбір тері ауруларына, кәсіби улануларда шипалығы мол екендігін анықтаған. 1950 жылы аудандық денсаулық сақтау (Бас дәрігері С. Ибрагимов) 7-ші ұңғыманың жанынан мамыр-қыркүйек айла¬ры аралығында 15 адамдық жаздық төбеден себіліп берілетін қондырғы (душ) ашады. Душ қабылдауды медбике Галина Сергеевна Глаз¬кова қадағалайды.
1951-ші жылы мамырда сол жерден ұзындығы 25, ені 10, терендігі 1,5 метірлік цементтен бассейін салынып екіге бөліп ер¬кектер және әйелдер бөлімі ашылады. Бас¬сейнге түсушілерді, су ішіп емделушілерді өлкелік институтының ғылыми қызметкері А.С. Соколов қадағалап, зерттеулер жүргізеді. Негізі Сарыағаш шипажайының тарихы осы бассейіннен басталады.
Осы жылдары Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов Оңтүстік Қазақстан облысынан Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болып сай¬ланарда және «Өскен өркен» романына дерек¬тер жинағанда облыстың барлық аудандарын аралап шыққан. Сарыағаш суының шипалық қасиетін естіген қаламгер Сарыағашқа да ат басын тіреген. Әр сапарында көрген, білген, естігендерін терең ой елегінен өткізіп, газет- журналдарға очерктер жазып, Сарыағаштың минералды суына былай деп сипаттама бер¬ген: «Бүкіл Одақ көлемінде жерден шыққан минералды сулар көп болғанымен Боржомға жетер су жоқ.. Ал Сарыағаштың суы сол Боржомның дәмділігі жағынан да, емділігі жағынан да артық болмаса кем емес».
1952 жылы санатории өмірінің бір жемісті кезеңі болды. Жұмыстың ең негізгісі – мине¬ралды суға түсетін цемент-бассейн облыстық бальнеологиялық емдеу орнына айналды.
Халқымыздың белгілі дарынды перзенті Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Оңтүстік өлкесіне сапар шеккен сайын Сарыағашқа ат басын тіремей кетпейді екен. Оңтүстік өңірінің ауа райы ыстық, топырағы аспанға көтеріліп, шаңы шығып жатқан жердегі курорт құрылысына әу бастан-ақ көңіл бөліп, тез ара¬да өсіп-өркендеуіне жанашыр болып ұдайы назар аударуымен бірге емдеу орнының құрылысын кеңейту ісін республикалық дәрежеде қолға алған. Сарыағаш сауықтыру орнын дамыту мақсатында 14 миллион сом бөліп Алматы қаласындағы ғылми-жобалау институттары мен мекемелеріне қаржыны иге¬руге тапсырма берген. Осындай шын ықылас, аталық қамқорлық нәтижесінде аталмыш ку¬рорт аз ғана уақыт ішінде адам танымастай болып өзгереді.
«Мейірім – шуағы мол, пейілі кең халықтың перзеті болудан асқан арман жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты, сол перзент – Д. А. Қонаев деп» үнді халқының ұлы көсемі ДЖАВАХАР¬ЛАЛ НЕРУ шынайы баға берген.
Сарыағаш сауықтыру орнын алғаш ұйымдастырушысының бірі, бас дәрігері Ұлы Отан соғысының ардагері білікті дәрігер сол кездегі Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, денсаулық сақтау ісінің озық ұйымдастырушысы Ғұлам Қасымбеков еді. Үлкен лауазымды қызметінен Сарыағаш курортын қолға алып көтеру үшін облыс басшыларының сенім білдіруі Сарыағаштың келешегі мол екенін көрсетеді. (Ғұлам Қасымбеков Сарыағаш курортының жұмысын жолға қойғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайта оралды.) Димаш ағаның сол кездегі қамқорлығы жайлы Ғұлама ағай былай дейді: «Әманда жақсының қайырымдылығы мол, мейірбаны ұшан-теңіз. Қонаев та сондай үлкен шапағат иесі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой халық.
Сол жылы 20 ванналы су емханасының құрылысы басталады да, 1952 жылдың қаңтар айынан бастап 25 орындық ши¬пажай емдеушілерді, Шымкент қорғасын зауытының жұмысшыларын қабылдай ба¬стайды. Негізі бұл жұмысшылар зауыттағы химиялық улы заттармен және қорғасынмен уланғандар болатын. Осы Сарыағаштың ми¬нералды суы зертеуші ғалымдардың (М. Қ. Қайрақбаев пен Н.А. Иванова) пайымдауынша қорғасыншылардың ағзасы улы заттардан та¬заруына игі әсер етті деген қорытындыға келді. Жаз айларында емделушілердің саны 70-ке дейін өседі.
1953 жылы Шымкент облыстық денсаулық сақтау бөлімінің басшылығымен ескі курорт маңайында 250 орындық шипажай, шипажай қызметкерлеріне арнайы котеджлер салынды.
1958-ші жылдың қараша айын¬да Қазақстанның сол кездегі Минис¬трлер кеңесінің төрағасы Д.А.Қонаевтың Мақтааралдан қайтып келе жатып, Сарыағашқа соғуы оның өсуіне жаңа бетбұрыс жасайды.
1959-шы жылдың 1-ші наурызында үлкен Сарыағаштың Келес өзеніне жақын және үш ғасырдан бері киелі Әулие-Иса ата сағанасы тұрған Керегетас төбесі түбінен құрылысы басталады. Бүгінгі Үлкен Сарыағаштың 250 орындық алғашқы үш 1-ші (осы корпус ішінде асхана, кинозал, әкімшілік жайласты), 2-ші, 3-ші ғимараттары мен минералды су емханасы 1963-ші жылы қарашада пайдалануға беріледі. Сарыағаш шипажайы 1961 жылы кәсіподақтар қарамағына өтіп, қазақстан курорттар кеңесі басқармасы тікелей басшылық етті.
КЕҢЕС ТӨРАҒАЛАРЫ БОЛЫП:
Н.А Иванова, М. Меңдіғалиев, В. Шутенов, О. Жумағұлов, П. С. Зимин, А.М. Мамаев, Н.Т. Таникин, Қ.Қ. Қадыров және А.З. Зеленковтар қызмет жасады.
1968 жылдан бастап шипажайда еліміздің әр түрлі министірліктері мен мекемелері емделушілер жататын ғимараттар сала баста¬ды:
110-орындық 5-ші ғимарат 1968 жылы Қарағанды шахтерлері, 108 орындық 4-ші ғимарат 1976 жылы ауыл шаруашылық министірлігі, 160 орындық 6-шы ғимарат 1977 жылы дайындау министірлігі, 20 орындық 7-ші ғимарат 1979жылы Кентаудың Ачполи¬метал комбинаты, 62 орындық 8-ші ғимарат 1982 жылы Қазақстан тұтынушылар одағы, 10 орындық 9-шы ғимарат 1984 жылы, мине¬ралды су ішуге арналған бювет 1985 жылы, балшық емханасы 1999 жылынан қолданысқа берілді.
БҮГІНГІ «САРЫАҒАШ»
Қазіргі таңда бұл ғимараттар күрделі жөндеулерден өтіп сыйымдылығы төмендегіше болып қайта өзгертілді:
1-ші корпус 108 орын, 2 –ші ғимарат 28 орын,3 ғимарат 24 орын, 4-ші 160 орын, 5-ші ғимарат 48 орын, 6-шы ғимарат 166 орын, 7-ші ғимарат 20 орын, 8-ші ғимарат 71 орын. 2011жылы 2 котедж салынып қолданысқа берілді. 2013жылдан 13-ші жатын ғимараты іске қосылды.
Осы жатын ғимараттарда бір орындық қарапайым бөлмелер, екі орындық қарапайым бөлмелер, екі бөлмеден тұратын бір орындық люкс бөлмелер, екі орындық екі бөлмеден тұратын люкс бөлмелер орналасқан.
Бүгінгі таңда шипажай материалдық- техникалық базасы нығайған емдеу орыны.
500-орындық дәмхана, 400 орындық кино¬театр, 10000 даналық кітаптары, әрі жаңа га¬зеттер мен журналдары бар кітапхана үздіксіз қызмет жасайды. Бір мезгілде 1000 адамға жуық емдік минералды су іше алатын Арасан бюветі бар.
Емханада 30 ванна, 5 су асты массаж жасау аппараты, Шарко душы, айналмалы душ, өрмелете берілетін душ қодырғылары, 3 емдік душ қондырғылары, гигиена душ қондырғылары, 2 жакузи ванналары, каспии, марутака аппаратары, кислород коктейлі, фито шай, ішек жуу, ішек майлау бөлімі, асқазан шаю, гинекологиялық емдер жасау бөлімі, қол массажы, Амок-2, Колонгидромат (Германия) аппаратарымен ішек шаю, Андрогин аппа¬ратымен урологиялық және гинекологиялық аруларды емдеу кабинеттері, тік ішек тексе¬ру (RRS), гинеколог кабинеттері орналасқан. Осы емханада арнайы корпоративтік емдеу бөлмелері орналасқан.
Бірінші ғимаратта: егу кабинеті, ЭКГ, ЭФГДС аппаратымен асқазанды, ұлтабарды тексеру,физиотерапиялық бөлім, ИТР, қан тамыры арқылы лазер сәулесімен қан тазалау емі кабинеті, күндізгі стацио¬нар, лаборатория, УЗИ, Су-Джок тәсілімен емдеу кабинеті, тіс дәрігері, ақылы қол мас¬сажы кабинеттері, ерлер, әйелдер шашта¬разы, косметолог кабинеттері орналасқан. Емдік балшық ғимаратында балшықпен ем¬деу кабиналарынан басқа емдік айналмалы душ, өріске өрмелете душ жасау кабиналары, парафин-озокерит жылуымен емдеу бөлімі орналасқан. 4-ші жатын ғимаратында емдік денешынықтыру кабинеті, тренажор залы, тұзды шахта емі кабинеті орналасқан. Асхана күрделі жөндеуден өткізіліп танымастай бо¬лып өзгеріп кетті. Шипажайдың ең негізі болып табылатын емхана да күрделі жөндеулерден өткізіліп, ыңғайлы емдеу бөлмелері заманауи медициналық аппараттармен жабдықталып іске қосылды. Шипажайы ішіндегі көгалдандыру ісі жолға қойылып газондандырылды. Әйгілі үш биіміз Төле, Қазыбек пен Әйтеке ескерткіш мүсіндері қойылып, демалушылар дем алалып отыратын сөрелер, орындықтар мен қалқалар әсем шайқалып тұр. Аллеялар көркем әрленіп, әсем асфальтты бетон жолдар салынып, түнгі жарық шамдарын орнатып, әсем субүркіш орнатылды. Бүгінгі таңда еліміздің халқына қолжетімді ең арзан шипажай болып тұр.
2002 жылдың 24 қазанында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Оңтүстік өңіріне жасаған іссапарында Сарыағаш курортына ат ба¬сын бұрып, аралап көріп, ем алу жүйесімен мұқият танысып, оның қарапайым жандарға қолжетімділігіне және жыл сайын 20 мыңнан астам Қазақстандықтардың саулықтарын жақсартып жатқанынан хабардар болған еді. Елбасы демалушылармен кездесіп: Бәріңізге денсаулық тілеймін. Сарыағаш халықтық са¬наторий екен, оны әлі жақсартып, көркейтеміз» деп айтқан еді.
Нұрсұлтан Әбішұлының осы сөздері санаторийдің «тағдырына» байланысты үш бағыттағы әрекеттерге «бағдаршам» болды. Өйткені бұған дейін «әні-міне жекешеленіп кетеді екен» деген қауесеттер сап тиыл¬ды. Екіншіден шипажайдағы ем сапасы мен қызмет көрсету мәдениетін жақсартумен қатар, демалу мен ем алу, спорттық, руха¬ни қажеттіліктер үрдісінен шығу бағытындағы істерді жандандыруға дем берді.Үшіншісі курорттың жақсарып көркейуіне «қозғаушы күш» болып ондаған жаңа санаторийлер салы¬нып, Сарыағаш түрленіп, гүлдене түсті . Кейде «кім біледі жақын болашақта Сарыағаш Ес¬сентуки, Кисловодск сияқты курорттық қалаға айналып кетуі ғажап емес» деген қиялдың жетегінде кететінімізді жасырғымыз келмейді. Қара шаңырақ Сарыағаш санаторийі қазір емдік-реаблитациялық орталық аталынады. Білгір ұйымдастырушы Б.Д. Батыршаевтың басшылығындағы «орталықта» көз қуантып, көңіл марқайтар көп тірліктер атқарылуда. Сарыағаш суын табиғи таза күйінде 16 ем түрінде қолданылатын емхана күрделі жөндеуден өткізіліп ( қайта салынды деседе болады) емделушілердің игілігіне қызмет ету¬де. Қысқасы қайда қарасаңызда тиімділік пен үйлесімділік ескеріле атқарылып жатқан жан жадыратар жақсы істердің куәсі боласыз. Ел¬басы биылғы жолдауында «профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайға ерте сатыда аурулардың алдын алуға бола¬ды» деп ескертті. Ал, Сарыағаш жағдайында аурудың алдын алу мүмкіндіктері мол деп айтуға болады:
Бүгінгі күні Сарыағаш шипажайы алдыңғы қатарлы емдеу әдістерін игеріп жоғарғы еңбек мәдениетін игерген, және өз қызметтерінің нәзік тұстарын жете білетін мамандар тобы бар ұжым. Мына тоқырау уақыты Сарыағаш шипажайына да өз өрнегін салып, сауықтыру орнының қызметін әлсіретуі мүмкін. Дегенмен, жақын маңайды қоспағанда, сонау Алтай мен Атыраудан, Алатау мен Арқадан, қысқасы біздің байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар саны қазіргі ауыр кезеңде де то¬ластамауы Сарыағаш шипажайының келешегі жарқын екендігінің айғағы.
ЕСІМДЕРІ ЕРЕКШЕ ТҰЛҒАЛАР
Сарыағаш шипажайында бүгінгі таңға дейін мына кісілер басшылық жасады.
Бас дәрігерлері болып:
1.1952-1957 жылдары – Иван Иванович Франк,
2.1957-1958 жылдары - Ахаджан Хами¬дов,
3.1958-1961 жылдары – Гулям Қасымбеков,
4.1963 жылдары – Қойшыбай Құлақметов,
5.1962-1964 жылдары – Кәрімжан Омаров,
6.1964- жылы – Өмірбек Жұмағұлов,
7.1964-1967 жылдары – Лев Семенович Кацнельсон,
8.1968-1970 жылдары - Жасар Телқозиев,
9.1970-1974, 1985-1987- жылдары Нари¬ман Төлепбекұлы Таникин.
10.1975-1977 жылдары - Күндебек Төребеков,
11.1978-1984 жылдары – Оразгельді Беде¬нович Түктібаев,
12.1987-1990 жылдары – Лина Генриховна Бауэр,
13.1990-1992 жылдары – Батырхан Жүнісұлы Жүнісов,
14.Директоры болып 1993-2000 жылдары – Лес Қасымұлы Қасымов,
15.Директоры болып 2000- 2009 жылда¬ры- Камердин Мәлікұлы Сарсенбеков,
16. Бас директоры болып 2009 мау¬сым айынан Бағлан Данебекұлы Батыршаев тағайындалды.
Осы 50 жылдың аумағында әр басшының «Сарыағаш» шипажайына өзіндік қосқан үлестері мол. Әсіресе облысымызда көптеген жоғарғы лауазымды қызметтерде шыныққан тәжірибесі мол Сәрсенбеков Камардин Мәлікұлының Сарыағаш шипажайының көркейуіне қосқан үлесі мол. Мыңжылдық шыршалармен көгалдандыру,көркейту, микро¬климат, қазіргі заманауи тротуарлар мен су бұрқақтар салуы, 5-жатын ғимаратты күрделі жөдеулерден өткізіп, емдеу бөліміне қосалқы жаңа ғимарат салып кеңейтті. Кадр мәселесіне олардың тұрақтылығы мен тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Сол кісінің басшылық уақытысында қазіргі заманауи медициналық аппараттар, қондырғылармен жабдықтау жолға қойылды.
Бас дәрігерлер мен директордың орын¬басарлары болып: А. С. Соколов, К Асы¬лов, Б. Омаров, Шакен Ақылбеков, Асқар Сатбекович Жомартов, Өтелбай Әлібекович Шынасилов, Убайдулла Құдайбергенович Кошқаров, Лина Генриховна Бауэр, Айтпай Сейлбекович Тасилов, Асилхан Тойжанович Жүнісов, бөлім меңгерушілері болып: Басен Омаров, «Құрмет белгісі орденінің иегері» Са¬либек Бостанов, Қойшыбай Құлахметов, М. Г. Құрманғалиева, Султания Ибрагимовна Сай¬фуллина, Матура Дастановна Абдрақимова, Айтпай Сейлбекович Тәсілов, Асилхан Тойжа¬нович Жүнісов, Шакен Лайықұлы. Нұрманов, Майлыбай Шаншарұлы Темірбеков; лабо¬ратория меңгерушілері болып: Римма Ми¬хайловна.Ускова, Ғайни Төреханқызы Са¬хариева, Гайни Қурманбаевна Қабдушева: дәрігерлері болып: Ж.Төлегенов, Ш. А. Асқаров, Нұрмахан Басанұлы. Алпысба¬ев, Тыныштық Бердіқұлқызы Бердіқұлова, Фаиня Льбововна Жомартова, З. Б. Бег¬манова, Гүлнар. Т. Өзбекова, Мәрзия Түктібаева, Тамара Вандюновна Когай, Ма¬дина Юнусовна Юсупова, Оңғайбай Иса¬кович Өзбеков, Абдіқаппар Қалымбетович Шағырбаев, Бибігүл Кұралқызы Дүйсебаева, Омарбек Оразбекұлы Байқонысов, Ермахан Абдрахманұлы Сапаров, Тимур Қойшыбайұлы Құлақметов, Пердебай Байбекұлы Асабаев, Ұлбала Ильясқызы Оралбаева, Болатбек Сәлібекұлы Бостанов, Айгүл Айходжақызы Мелдеева, Мәрия АлиқызыШалкабаева; емдік денешынықтыру мамандары болып; Өмірзақ Әлібеков, В. Сухаруков, Сепболсын Акашев, Гүлнар Тілегенова, Махсұт Санбаев, Даулет Сүлейменов, Қуандық, О. Жұматаева, Оспан Қалтайұлы Қалтаев, Н.Е.Аға медбикелері болып; Евдокия Федеровна Чечера, Екете¬рина, Луйза Фейст, Роза Жүсеевна Жүсеева, Валентина Владимировна Савченко, Зинаида Досқызы Оразова, Г. Ш. Сүлеймеқұлова, Ра¬ила Сәрсенқызы Сұлтанова, Сәуле Қадірқызы Танменова, орта буын медбикелері болып; Г. Мамашүкірова, Вера Сергеевна Мананкова, Дархан Тойшыбаев, Т. Тұланов, Сейткасым Ибадуллаев, Валентина Алексеевна Зубкова, Зубайра Сейдалиева, Рая Әлібекова, Софья Игнатьвна Юркевич, Асан Айдаров, Бәкір Бостанұлы Бостанов, Салтанат Саттарқызы Шажаева, Роза Есенқызы Есенова, Галина Ярулина, Татьяна Пивоварова, Софья Бори¬совна Сысоенко, Елизавета И. Сумкина, Фаина Омарқызы Мырсайдова, Сәуле Досбергенова, Зинаида Кіреубекқызы Жармақанбетова, Ли¬дия Петрова Колтунова, Евгения Федоровна Чечера, Назипа Дайырбекова, Валентина Анатольевна Алабьева, Любовь Анатольев¬на Козерук, Валентина Шмидт, И.Ткаченко, Салтанат Аухатова, Есімкүл Жанайбекова, Евгеия Михайловна Петрова, Гүлнар Ор¬манова, Күлушаш Тастанқызы Мұсабекова, А, Ж, Әшімбаева, Зереш Махамбетова, За¬уре Мамбеева, Роза Сапарқызы Керимку¬лова, Ержан Мұратов, Тажігүл Байқараева, Гүлбахрам Сматуллақызы Қоңыратбаева, Гүлнар Сматуллақыз Қоңыратбаева, Ната¬лья Тахирқызы Байгозина, Қалдыбек Шонба¬ев, Пернебай Құсанов, Гүлзада Жандарова, Күлан Түймебаева, Аязгүл Абдуллаева, Гау¬хар Тастанқыз Мұсабекова, Айгүл Сабаева, Алма Сабаева, Баян Серкерова, Ж.ұмагүл Әбішева, Тенгеш Жамантаева, Бейсенкүл Бақтыоразова, Ирина Федоровна Бахтиярова, , Назым. Жұмағұлова, Күлаш Әмірқұлова, Ай¬зада Тойжанқызы Жүнісова, Айсұлу Ерденба¬ева, Гүлзира Әлиқызы Шалқабаева, Нафиса. Әлібекова т.б. еңбек етті.
1980 жылдары курорт қызметкерлеріні саны 500-ге жетті. Олардың барлығы да осы курорттың өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосты. Құрылысшылар Социалистік Еңбек Ері Нұрмахан Жұматаев, Қалдар Көкейұлы Көкеев, Тахир Байгозин, Лидия Яковлевна Байгозина, Мұхамедшин, Алпыс Қалжігітов, Сәттар Шажайұлы Шажаев, курорттың әр түрлі салаларында қызмет атқарған: Базар¬бай Доланов, Ж. Ибрагимов, М. Абдеев, М. Мельник, Төлешов Жүсіп, Х. Рузметов, Шал¬хар Сүлейменқұлов, Сәтбек Қалмырзаев, Әділ Қасымов, М. Жанаев, Ұбайділла Қараманов, Сарсенбай Есенбеков, А. Әшірбаев, Б. Со¬ловьев, Н. Егоров, Е. Мамбетов, С. Бонда¬ренко, Н. Әшірбаев, Шарипа Тілеубаева, А. К. Соловьева, Э.Н. Пак, С. А. Мырзаханов, Бүбіхан С. Бекболатова, Татьяна Соловьева, Алмагүл Сманқызы Сманова, С. Байқараева, Николай Алексеевич Киико, Роберт Мой-сеевич Цой, сияқты тағы да көптеген аты аталмаған жандардың қажырлы еңбегінің арқасында бұрынғы бидайлы алқапқа әртүрлі ағаштардың, әсіресе қараағаш, акация, шырша, емен, тұт, байтерек, арша, қарағай, үйеңкі, шегіршін, жылауық тал, таусын, және басқа да он мыңдаған ағаштардың көшеттері отырғызылды. Осылай Сарыағаш шипа¬жайы саялы бағы мен гүлге оранған, егеменді еліміздің сүйікті шипажайына айналды. Бағзы ғұлама Парацельс: «Адам ағзасын 1%ға сауықтыратын дәрі-дәрмек ал қалған 99 пай¬ыз саушылық табиғаттың аялы алақанынан келеді» деген сөзі бүгінгі таңға да айтылған сияқты.
Қазақтың айта беретін “мың да бір ауруға ем” дегені осы «Сарыағаштың» минералды суы болар. Ол негізінен созылмалы асқазан - ішек ауруынан зардап шегетіндер үшін Сарыағаш минералды суының шипасы мол. Асқазан-ішек ауруының, асқазан және он екі елі ішек жарасы, созылмалы өт қалтасы, со¬зылмалы өт жолдары сырқаттары, өт қалтасы мен өт жолдарына тас байланғанда, созыл¬малы бауыр аурулары, көк бауыр, сусамыр, созылмалы колит, энтероколит, дисбактери¬оз сияқты бірнеше түрлерін сауықтырады.. Осы аталғандардың барлығын да минералды су жақсы емдейді. «Сарыағашқа» ем іздеп келетіндердің арасында бауырдың және өт жолының (созылмалы гепатит, созылмалы хо¬лецистит, өт бөлетін жолдың дисфункциясы) созылмалы ауруларынан зардап шегетіндер жиі кездеседі. Минералды суды осындай науқастарға ішуге кеңес беріледі. Шипалы су бүй-ректегі, өттегі құмды шаяды. Санаторидың негізгі емдеу факторы «Сарыағаш» минералды суы болып табылады. Ауасы дертке дауа, суы жанға шипа «Сарыағаш» туралы әңгімеміз әлі аяқталған жоқ. Газетіміздің келесі санында шипажайдың негізгі емдеу тәсілдері, минерал¬ды судың ерекшелігін толығырақ баяндаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |