Алматы қ. 13 тамыз 2014 ж. Баспасөз баяны



Дата14.06.2016
өлшемі148.5 Kb.
#136016
Алматы қ. 13 тамыз 2014 ж.

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Бүгін, 13 тамызда Алматы қаласында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның жобасын сараптамалық талқылау болды. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институты мен «СШИК» талдау тобы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Құжат мемлекет пен қоғамның сұранысына жауап бере ала ма? Ондағы ұсынылған шаралар жеткілікті ме? Қалыптасқан жағдайдан шығуға қандай баламалы шешімдер, құралдар мен технологиялар көмектесе алады? Осы және өзге сұрақтар «Нұр Отан» партиясы, партия жанындағы Қоғамдық саясат институты өкілдері, сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, социологтар, талдаушылар, ҮЕҰ өкілдері, кәсіпкерлер, құқыққорғаушылар, журналист-шолушылар және т.б. қатысуымен сараптамалық брейнсторминг форматында талқыланды.

Атап айтқанда талқылауға Transparency Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің төрағасы Наталья Малярчук, «Казпотребнадзор» ҚБ бақылаушы кеңесінің төрағасы Талғат Әбдіжаппаров, саясаттанушы Марат Шибұтов және сарапшылар қоғамдастығының өзге де көптеген өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, жемқорлықпен күресті арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы ағымдағы жылғы шілдеде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жобасымен таныстырған болатын. (http://nurotan.kz/ru/news/3928).

Оның жалғасы ретінде «Нұр Отан» партиясы тәуелсіз сараптау алаңдарында жобаны талқылауды бастама етті. Барлық ұсыныстар мен ескертулер жинақталып, қыркүйекте бекітілетін бағдарламаның соңғы нұсқасын дайындау барысында ескерілетін болады.

Сөз алған «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Ф.Қуанғанов қазір Бағдарлама партияның бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық филиалдардың Саяси кеңестерінде талқыланып жатқанын жеткізді. Бүгінгі күні жобаға 421 ұсыныс пен толықтыру келіп түсті. Олардың ішінде 100 ұсыныс сарапшылардан келіп түссе, 302-сі – бастауыш партия ұйымдарынан, 9-ы – Парламент депутаттарынан, 10 ұсыныс anticorruption@nurotan.kz мекенжайына келді.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының директоры С.Нұрбек: «Бағдарлама жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қоғамның барлық топтарын жұмылдыруға бағытталған. Сондықтан Бағдарламаны тек мазмұны жағынан емес, стилі жағынан да партияның әрбір мүшесіне түсінікті әрі оңай етуге тырыстық», - деп атап өтті.

Шараға қатысушылар жемқорлықпен күрес институционалдық, заңнамалық, азаматтық сипаттағы ұдайы жаңа бастамалар мен жүйелік шараларды, сондай-ақ қалың бұқара – халықтың, кәсіпкерлердің, мемлекеттік және азаматтық сектордың өкілдерінің, сарапшылардың қолдауын қажет етеді деген ортақ пікірге тоқталды.

Пікірсайысқа қатысқандар жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасына өз ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді. Олар құжаттың қорытынды нұсқасын дайындау барысында ескерілетін болады.


www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет