«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ
«КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН РАДИОТЕХНИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
_______________ Ұ.И.МЕДЕУОВ
“____”___________2009 ж.
АҚПАРТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
(Sillabus-Силлабус)
050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
студенттеріне арналған оқу жоспары
Мамандық: 050703 – Ақпараттық жүйелер
Оқу формасы: күндізгі
2 курс, 2 семестр
Кредиттер саны – 3
Барлық сағат саны – 135, оның ішінде:
аудиториялық сабақтар - 56 с.,
дәрістер – 32 с.,
лабораториялық сабақтар – 16 с.,
практикалық сабақтар – 8 с.,
студенттің өзіндік жұмысы – 79 с.
Есептеу-графикалық жұмыстар- 3
Емтихан – 4 семестрде
Алматы, 2009
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ГОСО-2006ж.), 050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу жоспарына және «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Жұмыс бағдарламасын құрастырушы:
ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев
Жұмыс бағдарламасы «Компьютерлік технологиялар» кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған (хаттама №_1__ «_28__»_____тамыз______ 2009 ж.)
Кафедра меңгерушісі
ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев
Дәріс беруші-оқытушы:
физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор Құралбаев Зауытбек Құралбайұлы,
жұмыс телефоны: 2925095,
Жұмыс орны: А. Байтұрсынов көш., 126, Б331-бөлме
Пәннің пререквизиттері: «Информатика», «Физика», «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау», «Алгоритмдеу және программалау тілдері», «Программалау технологиясы».
Пәннің постреквизиттері: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпарат қауіпсіздігі мен информацияны қорғау», «Жүйелік программалау», «Визуалды программалау», курстық және дипломдық жұмыстардағы есептеулерді орындау.
1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ
«Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінде ақпараттық үрдістердің негізгі модельдерімен танысу, ақпараттық үрдістерді физикалық және арна деңгейінде ұйымдастыру, әртүрлі ақпараттық жүйелерді құрастырудың қазіргі заманғы әдістері мен модельдері қарастырылады.
Пәннің мақсаты: Әртүрлі класты және әртүрлі міндет атқаратын ақпараттық жүйелерді құру бағытында модельдер мен әдістерді құрастырудың арнайы білімдерін қалыптастыру.
«Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінен бұрын жоғары оқу орындарының бірінші және екінші курстарында оқытылатын келесі пәндер: «Алгебра және геометрия», «Математикалық талдау», «Информатика», «Программалау технологиялары», «Объектіге бағдарланған программалау», «Ықтималдық теориясы мен математикалық статистика» оқытылуы тиіс. «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнін оқудан алынған білімі мен машығы келесі курстарда оқылатын келесі пәндерде пайдаланылады: «Ақпараттық жүйелерді жобалау», «Ақпарат қауіпсіздігі мен информацияны қорғау» және т.б., сонымен қатар, диплом жұмысын орындауда.
Пән бойынша дәрістер оқытылуымен қатар практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі. Теориялық білімді толықтыру және қарапайым ақпараттық жүйелердің элементтерінің құрастырылу әдістерін меңгеру мақсатында студент үш есептеу-графикалық жұмысты өз бетімен орындайды. Зертханалық сабақтар арнайы программалық жабдықпен және қазіргі талапқа сай компьютерлермен қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптарда өткізіледі. Кейбір теориялық мәселелерді де студенттер өз бетімен оқып, қажет болғанда оқытушыдан консультация алуы тиіс. Өз бетімен орындаған тапсырмалар бойынша студент оқытушыға есеп беріп отырады.
Осы пәнді оқудың нәтижесінде студент:
- ақпараттық процестердің құрылымын, оларды ұйымдастырудың негізін білуі тиіс;
- ақпараттық процестерді және объектілерді формальді түрде сипаттаудың әдістерін игеруі тиіс;
- жүйелік талдау мен ақпараттық жүйелерді синтездеудің негіздерін білуі тиіс;
- ақпараттық жүйелерді қою мен алгоритмдеу кезінде жүйелік талдаудың әдістерін пайдалана алу, ақпараттық жүйелердің концептулды модельдерін анықтайтын болу.
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе. «Ақпараттық жүйелердің негіздері» пәнінің мақсаты мен мәселелері. Пәннің мазмұны. Басқару және басқару әсерлері.Ақпараттық жүйелердің ұйымдарды, кәсіпорындарды және басқа объектілерді басқарудағы ролі мен орны.
1 Ақпараттық жүйе басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде.
1.1 Негізгі анықтамалар. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Қысқаша тарихи анықтама. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйелік талдау (анализ). Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Ақпараттық жүйелерді пайдалану облыстары. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің сипаттамалық ерекшеліктері.
1.2 Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару туралы мәліметтер. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы мен оның құрылымының негізгі процестері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының моделі. Каскад (сарқырама) және спираль (орама) модельдері.
1.3 Ақпараттық жүйелерді құрастырудың әдістемелері мен технологиясы. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Кибернетикалық тәсіл. Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау. RAD әдістемесі. Объектіге бағдарланған тәсіл. Визуальді программалау. Ақпараттық жүйелердің профильдері (пішіндері). Ақпараттық жүйелердің пішіндерінің құрылымы және құрастыру принциптері. Стандарт және әдістемелер.
1.4 Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу. Жүйелерді зерттеудің нәтижелерін формальді түрге келтіру. Жүйенің функцияларын анықтау. Есептерді макро-және микро-деңгейлерде қою мен алгоритмдеудің әдістемесі. Ақпараттық жүйелердің құрылымдарын синтездеу әдістері. Құрылымды оңтайландыру мәселесі. Ақпараттық жүйелерді интеллектуалдау.
1.5 Модельдеудің әмбебап тілі. Модель туралы түсінік. Ақпараттық жүйелерді жобалаудағы модельдеудің ролі. Жобаланатын ақпараттық жүйелерді сипаттауға қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар. Аббот әдісі. CRC-карточкалар. Буч әдісі. UML тілі және оның құрылымы. Прецеденттер диаграммалары. Диаграммалар құрастыру. Дестелер (пакеттер). Класс диаграммалары. Класс туралы түсінік және оның қасиеттері. Класс әдістері. Класс диаграммаларының арасындағы қатынастар. Тәуелділік, ассоциациялық және қорытындылау қатынастары. Қатынастарды графикалық бейнелеу. Жағдайлар диаграммалары. Құрама жағдай. Тарихи жағдай. Белсенділік, бірізділік, ынтымақтастық және компоненттер диаграммалары. Ақпараттық жүйенің динамикасын модельдеу. Бпсөпру фокусы. Рекурсия. Ынтымақтастық диграммасының объектілері арасындағы байланыс. Өрістету диаграммасы.
2 Деректер базасы – ақпараттық жүйенің информация қоймасы.
2.1 Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.
2.2 Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.
2.3 Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі.
3 Ақпараттық процестер – ақпараттық жүйелердің негізі.
3.1 Ақпараттық процесс туралы түсінік және оның құрылымы. Сигналдар мен бөгеуілдердің математикалық модельдері. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Сигнал түрлері. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары. Модуляцияның цифрлық (дискретті) әдістері. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамалары. Хабарлама көзі мен байланыс арнасының статистикалық қасиеттерін келістіру. Хабарлама кездейсоқ оқиға ретінде. Сигнал кездейсоқ процесс ретінде. Котельников базисы – санақ функцияларының базисы. Детерминалдаған сигналдарды жиілік формасында бейнелеу. Дискретизация әдістерінің классификациясы. Уақыт бойынша дискреттеу. Котельников теоремасы бойынша санақ дәлдігін таңдау. Деңгей бойынша кванттау.
3.2 Беріліс процесінің моделі. Информаияны өлшеу. Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының моделі. Байланыс арнасының сиымдылығы. Хартли-Шеннон формуласы. Деректер берілісінің сенімділігі. Кабельдік байланыс жолдары. Байланыс жолдарының аппаратурасы. Дискретті және үзіліссіз байланыс арналарының өткізу мүмкіншілігі. Информацияның жоғалуын бағалау. Информацияның артылғандығы туралы түсінік.
3.3 Ақпараттық желілер. Деректер берілісінің желілері. Байланыс желісінің өткізу мүкіншілігі. Статикалық маршруттау есептерін шешу әдістері. Есептеу желілерінің классификациясы. Байланыс арналары арқылы деректер берілісінің әдістері. Деректерді синхронды және асинхронды берілісі.
3.4 Ашық жүйелердің әрекеттестіктерінің моделі және алмасу хаттамалары. Желінің әртүрлі ресурстарының әрекеттестігін келістіру. Хаттама. Ашық желі мен оның деңгейлерінің информация алмасу моделі. OSI моделі. Стек коммуникациялық хаттамалар стегі (ағыны). Хаттамалардың стектерінің түрлері. Деректер берілісінің ортасына қол жеткізу әдістері
3.5 Информация берілісін бақылау. Информация берілісінің сенімділігін арттыру әдістері. Кодтау туралы жалпы түсініктер. Бөгеуілге тұрақты кодтаудың принциптері. Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремалары. Аналогты - кодты түрлендірушілер. Циклдық кодтар. Циклдық кодтарды техникалық жүзеге асыру.
3.6 Кодтау және деректерді қысу. Алфавиттік кодтау. Аз ғана артықшылықпен кодтау. Тиімді (оңтайлы) кодтау. Информацияны жоғалтумен қысу, жоғалтусыз қысу әдістері. Шифрлау. Криптографиялық кодтау. Кездейсоқ сандардың көмегімен шифрлау. Сызықтық топтық кодтар. Тривиалды (қарапайым) жүйелік кодтау. Топтық кодтар үшін кодтау мен кодты ашудың (декодирование) техникалық құралдары. Ашық кілтті шифрлар. Цифрлық қол қою.
3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
3.1 Ақпараттық жүйелердің деректер базасын құрастыру үшін қазіргі кездегі компьютерлік технологияларды пайдалану.
3.2 Ақпараттық жүйенің деректер базасының сұраныстары мен есептерін құрастыру.
3.3 Көрсетімдер мен сақталынатын процедураларды құрастыру.
3.4 Сигналдың математикалық моделін гармоникалық талдау.
4. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
4.1 Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың әдістерімен танысу (UML).
4.2 Прецеденттер мен кластардың диаграммаларын құрастыру.
4.3 Белсенділік пен бірізділік диаграммаларын құрастыру.
4.4 Ынтымақтастық, компоненттер және өрістету диаграммаларын құрастыру.
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Студенттің өзіндік жұмысының құрамы келесі:
-
дәрістік материалдарды талдап оқу;
-
зертханалық жұмыстарға дайындплу мен олар бойынша есепті қорғау;
-
тест тапсыруға дайындық;
-
үш есептеу графикалық жұмысты орындау;
-
қосымша материалдарды оқу (өз бетімен оқуға арналған жұмыстың тақырыптары төменде келтірілген).
-
6. ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
6.1 Жүйелер теориясының негізгі мәселелері. Жүйелік талдау (анализ). Жүйелерді зерттеудің нәтижелерін фомальді түрге келтіру. Ақпараттық жүйелерді құрастыру құралдары. CASE-құралдары.
6.2 Ақпараттық жүйелердің әр түрлерінің сипаттамалары. Жеке, топтық және корпоративтік ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруы бойынша және пайдалану саласы бойынша классификациялау. Файл-сервер архитектурасы. Клиент-сервер архитектурасы. Көп деңгейлі архитектура.
6.3 Ақпараттық жүйелерді пайдалану облыстары: бухгалтерлік есеп, қаржы ағымдарын басқару, қоймаларды, ассортименттерді, сатып алуды өндірістік процесті, маркетингті басқару, құжат айналымы, кәсіпорынды жедел (оперативті) басқару және т.б.
6.4 Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.
6.5 Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.
6.6 Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі
7. ДӘРІСТЕРДІ ОҚУДЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дәріс номері
|
Дәріс тақырыбы мен мазмұны
|
Сағат көлемі
|
1
|
Кіріспе. «Ақпараттық жүйелерінің негіздері» пәнінің мақсаттары мен мәселелері. Пәннің мазмұны. Басқару және басқару әсерлері.Ақпараттық жүйелердің ұйымдарды, кәсіпорындарды және басқа объектілерді басқарудағы ролі мен орны. Жүйелер теориясының негізгі мәселелері. Қысқаша тарихи анықтама. Негізгі түсініктер. Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің ерекшеліктері.
|
2
|
2
|
Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы. Жоба туралы түсінік және жобаларды басқару туралы мәліметтер. Жобалардың классификациясы. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі кезеңдері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы мен оның құрылымының негізгі процестері. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының моделі. Каскад (сарқырама) және спираль (орама) модельдері.
|
2
|
3
|
Ақпараттық жүйелерді құрастырудың әдістемелері мен технологиясы. Ақпараттық жүйелерді сипаттау әдістері. Сапалық және сандық әдістер. Кибернетикалық тәсіл. Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау. RAD әдістемесі. Объектіге бағдарланған тәсіл. Визуальді программалау. Ақпараттық жүйелердің профильдері (пішіндері). Ақпараттық жүйелердің пішіндерінің құрылымы және құрастыру принциптері. Стандарт және әдістемелер.
|
2
|
4
|
Модельдеудің әмбебап тілі. Модель туралы түсінік. Ақпараттық жүйелерді жобалаудағы модельдеудің ролі. Жобаланатын ақпараттық жүйелерді сипаттауға қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар. Аббот әдісі. CRC-карточкалар. Буч әдісі. UML тілі және оның құрылымы. Прецеденттер диаграммалары. Диаграммалар құрастыру. Дестелер (пакеттер).
|
2
|
5
|
Модельдеудің UML әмбебап тілі. Класс диаграммалары. Класс туралы түсінік және оның қасиеттері. Класс әдістері. Класс диаграммаларының арасындағы қатынастар. Тәуелділік, ассоциациялық және қорытындылау қатынастары. Қатынастарды графикалық бейнелеу. Жағдайлар диаграммалары. Құрама жағдай. Тарихи жағдай.
|
2
|
6
|
Модельдеудің UML әмбебап тілі. Белсенділік, бірізділік, ынтымақтастық және компоненттер диаграммалары. Ақпараттық жүйенің динамикасын модельдеу. Бпсөпру фокусы. Рекурсия. Ынтымақтастық диграммасының объектілері арасындағы байланыс. Өрістету диаграммасы.
|
2
|
7
|
Деректер базасы туралы жалпы түсінік. Реляциялық деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) және оның негізгі функциялары. Сыртқы жадтағы деректерді басқару. Транзакция және хаттамалау. Реляциялық және объектіге бағдарланған ДББЖ. Реляциялық деректер моделі және оның негізгі түсінікері: деректер типтері, домен, кортеж, қатынастар кілттері. Байланысты қатынастар. Деректердің бүтіндік шарттары. Деректерді қалыптау. Деректердің молдығы. Қалыпты формалар.
|
2
|
8
|
Реляциялық деректер базасын басқару. SQL тілі. SQL тілінің командалары мен деректерінің типтері. .Жолдыө және сандық типтер. Дата мен уақытты бейнелейтін типтер. Деректер базасының объектілерін басқару. Кестелерді құрастыру, модификациялау (жаңарту) және жою. Кестелермен жұмыс істеуге арналған операторлар. Шектемелер қою. Индекстер.
|
2
|
9
|
Деректер базасының көрсетулері мен сақталынатын процедуралары. Көрсету деректер базасының объектісі ретінде. Көрсетулерді пайдалану облыстары. Көрсетулерді құрастыру және жою. Сақталынатын процедуралар. Сақталынатын процедураларды құрастыру, орындау және жою. Тригерлер. Тригерлерді құрастыру және жою. Деректер базасында сақталынатын деректермен жұмыс жүргізу. Деректер базасының қауіпсіздігі.
|
2
|
10
|
Ақпараттық процестер – ақпараттық жүйелердің негізі. Ақпараттық процесс туралы түсінік және оның құрылымы. Информация, хабарлама және сигналдар. Информация берілісінің жалпы схемасы мен жүйесі. Информация көзі мен алушы. Жіберуші және қабылдаушы құрылғылары. Байланыс жолдары.
|
2
|
11
|
Сигналдар мен бөгеуілдердің математикалық модельдері. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Сигнал түрлері. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары. Модуляцияның цифрлық (дискретті) әдістері. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамалары. Хабарлама көзі мен байланыс арнасының статистикалық қасиеттерін келістіру. Хабарлама кездейсоқ оқиға ретінде. Сигнал кездейсоқ процесс ретінде. Котельников базисы – санақ функцияларының базисы. Детерминалдаған сигналдарды жиілік формасында бейнелеу. Дискретизация әдістерінің классификациясы. Уақыт бойынша дискреттеу. Котельников теоремасы бойынша санақ дәлдігін таңдау. Деңгей бойынша кванттау.
|
2
|
12
|
Беріліс процесінің моделі. Информаияны өлшеу. Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының моделі. Байланыс арнасының сиымдылығы. Хартли-Шеннон формуласы. Деректер берілісінің сенімділігі. Кабельдік байланыс жолдары. Байланыс жолдарының аппаратурасы. Дискретті және үзіліссіз байланыс арналарының өткізу мүмкіншілігі. Информацияның жоғалуын бағалау. Информацияның артылғандығы туралы түсінік. Байланыс жолдарының аппаратурасы.
|
2
|
13
|
Ақпараттық желілер. Деректер берілісінің желілері. Байланыс желісінің өткізу мүкіншілігі. Статикалық маршруттау есептерін шешу әдістері. Есептеу желілерінің классификациясы. Байланыс арналары арқылы деректер берілісінің әдістері. Деректерді синхронды және асинхронды берілісі.
|
2
|
14
|
Ашық жүйелердің әрекеттестіктерінің моделі және алмасу хаттамалары. Желінің әртүрлі ресурстарының әрекеттестігін келістіру. Хаттама. Ашық желі мен оның деңгейлерінің информация алмасу моделі. OSI моделі. Стек коммуникациялық хаттамалар стегі (ағыны). Хаттамалардың стектерінің түрлері. Деректер берілісінің ортасына қол жеткізу әдістері
|
2
|
15
|
Информация берілісін бақылау. Информация берілісінің сенімділігін арттыру әдістері. Кодтау туралы жалпы түсініктер. Бөгеуілге тұрақты кодтаудың принциптері. Шеннонның кодтау туралы фундаменталды теоремалары. Аналогты - кодты түрлендірушілер. Циклдық кодтар. Циклдық кодтарды техникалық жүзеге асыру.
|
2
|
16
|
Кодтау және деректерді қысу. Алфавиттік кодтау. Аз ғана артықшылықпен кодтау. Тиімді (оңтайлы) кодтау. Информацияны жоғалтумен қысу, жоғалтусыз қысу әдістері. Шифрлау. Криптографиялық кодтау. Кездейсоқ сандардың көмегімен шифрлау. Сызықтық топтық кодтар. Тривиалды (қарапайым) жүйелік кодтау. Топтық кодтар үшін кодтау мен кодты ашудың (декодирование) техникалық құралдары. Ашық кілтті шифрлар. Цифрлық қол қою
|
2
|
8. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
негізгі:
1. Избачков Ю., Петров В. Информационные системы: Учебник для вузов. 2-е изд. – СПб.: 2005. – 656 с.:ил.
2. Акулов О.А., Медведев Н.В. Информатика: базовый курс: учеб. пособие для студентов вузов. 2-е изд. – М.: Омега-Л, 2005.-552 с.
3. Информационные технологии в радиотехнических системах: Учеб. пособие. – 2-е изд. Васин В.А., Власов И.Б., Егоров Ю.М. и др.: Под ред. И.Б.Федорова. –М.:Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2004.- 708 с.
4. Киммел П. Основы визуального анализа и проектирования=UML.Универсальный язык программирования. – М.: НТ Пресс, 2008. – 272 с.
қосымша:
5. Королев М.А., Мишенин А.И., Хотяшов Э.Н. Теория экономических информационных систем. – 2-е изд. –М.: Финансы и статистика, 1984. – 223 с.
9 ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
1-вариант
@1
Ақпараттық жүйенің негізін не құрайды?
1@
A) Ақпараттық үрдістер (процестер).
B) Ақпараттар мен программалық жабдық.
C) Коммуникациялық желі.
D) Есептегіш техника.
E) Компьютер мен программа.
@2
Ақпараттық жүйені құрастырудың мақсаты не?
2@
A) Информацияны жинақтау, сақтау, өңдеу және оперативті түрде қажеттісін тауып алу.
B) Қажетті мәліметтерді жинақтау, сақтау мен өңдеу.
C) Информацияны дүниежүзілік интернет жүйесінен тауып алу.
D) Информацияны локальді жүйеден іздеу және өңдеу.
E) Қажетті мәліметтерді корпоративтік жүйеден іздеп, тауып және өңдеу.
@3
Ақпараттық жүйе қандай талаптарға сай болуы тиіс?
3@
A) Икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік.
B) Жылдамдық, сиымды, толық, ашық.
C) Жабық, қол жетпейтін, қауіпсіздік.
D) Ашық, қол жететін, сиымды.
E) Жылдамдық, толық, қол жететін, артықтық..
@4
Ақпараттық жүйеде бағынышты жүйе дегеніміз не?
4@
A) Ақпараттық жүйенің құрамына кіретін жеке жүйе.
B) Ақпараттық жүйеге кірмейтін, бірақ керек кезінде қолданылатын жүйе.
C) Ақпараттық жүйенің құрамындағы жеке қолданбалы программа.
D) Ақпараттық жүйенің графикалық моделі.
E) Ақпараттық жүйенің UML моделі.
@5
RAD деген не?
5@
A) Қосымшаны жылдам құрастыру әдістемесі.
B) Деректер базасын басқару.
C) Язык программирования.
D) Метод решения сложных расчетных задач.
E) Методология управления контентом.
@6
Жоба деген не?
6@
A) Белгілі мерзімде нәтиже мен ресурстарға қойылған талаптарға сай белгілі бір жүйені берілген мақсат бойынша өзгерту.
B) Кәсіпорынды басқаруға арналған ақпараттық жүйенің моделі.
C) Ақпараттық жүйені құрастыру мен енгізудің жоспары.
D) Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құрастырудың жұмыс жоспары.
E) Кәсіпорынды басқару жүйесінің графикалық бейнеленуі.
@7
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы дегеніміз не?
7@
A) Ақпараттық жүйені құрастыру туралы шешім қабылданғаннан бастап, оны пайдалауды толық түрде тоқтатқанға дейінгі үзіліссіз процесс.
B) Ақпараттық жүйені падалануға енгізген сәттен бастап, оны пайдалануды толық түрде тоқтатқанға дейінгі үзіліссіз процесс.
C) Ақпараттық жүйені құрастыру туралы шешім қабылданғаннан бастап, паййдалануға енгізгенге дейінгі үзіліссіз процесс.
D) Ақпараттық жүйені пайдалануға енгізген сәттен бастап, оған жұмсалынған барлық шығын қайтарылған сәтке дейінгі үзіліссіз процесс.
E) Ақпараттық жүйенің пайдаланылу мерзімі.
@8
Ақпараттық жүйені құрастырудың қандай моделі сарқырамалы (каскадная) деп аталады?
8@
A) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын бір тізбек бойынша орындау.
B) . Ақпараттық жүйені итерациялық әдіспен құрастыру
C) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын бір мезгілде қатарынан орындау.
D) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын жоспарлы түрде орындау.
E) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын әртүрлі мамандар топтары өз беттерімен жоспарсыз түрде орындау.
@9
Ақпараттық жүйені құрастырудың спиральді моделі дегеніміз не?
9@
A) Ақпараттық жүйені итерациялық әдіспен құрастыру .
B) Ақпараттық жүйені бір тізбекпен құрастыру жұмыстарын орындау.
C). Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын бір мезгілде қатарынан орындау
D) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын жоспарлы түрде орындау.
E) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын әртүрлі мамандар топтары өз беттерімен жоспарсыз түрде орындау.
@10
Ақпараттық жүйенің көрінісі (профиль) дегеніміз не?
10@
A) Берілген функцияны орындауға арналған бірнеше базалық стандарттар жиыны.
B) Ақпараттық жүйенің түрі.
C) Ақпараттық жүйенің жобасының құрамындағы құрастырылған компоненттердің спецификациясы.
D) Ақпараттық жүйенің дайын программалық және аппараттық құралдарының спецификациялары.
E) Ақпараттық жүйенің программалық және аппараттық құралдарының жиыны.
@11
UML дегеніміз не?
11@
A) Ақпараттық жүйені графикалық модельдеу тілі.
B) Математикалық есептерді шешудегі стандартты программалау тілі.
C) Ақпараттық жүйенің деректер базасын құрастырудың стандартты тілі.
D) Инженерлік есептерді программалаудың әмбебап алгоритмдік тілі.
E) Экономикалық есептерді программалаудың әмбебап алгоритмдік тілі.
@12
Прцеденттер диаграммасы не үшін қолданылады?
12@
A) Тапсырыс берушінің жобаланатын жүйеге қоятын талаптарын бейнелеу үшін.
B) Сыртқы факторлардың әсерімен объектінің жағдайы мен өзгеру процесін сипаттау үшін. C) Жобаланатын жүйедегі деректер ағымын бейнелеу үшін.
D) Ақпараттық жүйені серверлер мен пайдаланушы компьютерлерінде орналастыруды бейнелеу үшін.
E) Ақпараттық жүйенің файлдары арасындағы байланысты бейнелеу үшін.
@13
Прецеденттер диаграммасында ассоциация қатынасы нені орнатады?
13@
A) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
B) Прецедентпен прецедент арасындағы қатынасты.
C) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады.
@14
Прецеденттер диаграммасында кеңейту қатынасы нені анықтайды?
14@
A) Прецедентпен прецедент арасындағы қатынасты.
B) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
C) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады.
@15
UML не үшін қолданылады?
15@
A) Жүйені құраушыларға бөліп модельдеу үшін
B) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
C) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады
@16
UML-дегі класс дегеніміз не?
16@
A) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиыны.
B) Ақпараттық жүйеде қолданылатын айнымалылар типі.
C) Ақпараттық жүйедегі бір объектіден екіншісіне берілетін деректер типі.
D) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиыны.
E) Бір типке жататын айнымалылар жиыны.
@17
UML-де жағдай диаграммасы нені сипаттайды?
17@
A) Бір кластың немесе кластың бір данасының өзгеруін сипаттайды.
B) Деректерді бір объектіден екіншісіне жеткізуді сипаттайды.
C) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
D) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
E) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
@18
UML-де қандай жағдай құрама деп аталады?
18@
A) Өзіне бірнеше бағынышты жағдайларды қамтитын.
B) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
C) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиынын.
D) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиынын.
E)Дұрыс жауап жоқ.
@19
Күзеттік шарт деген не?
19@
A) Өту кезінде қосымша шарт болатын логикалық өрнек.
B) Прецеденттердің қосымша шарты.
C) Өту процесінің шартын бейнелеу.
D) Өту кезіндегі шартты орындатпайтын өрнек.
E) Шарттарды күзететін шарт.
@20
UML-де деректер ағыны қалай бейнеленеді?
20@
A) Қарапайым стрелкалы тұтас сызықпен.
B) Пунктир сызықпен.
C) Тұтас сызықпен.
D) Стрелкасы бар пунктир сызықпен.
E) Стрелкасы бар қос тұтас сызықпен.
@21
UML-де ынтымақтастық диаграммасында объект қалай бейнеленеді?
21@
A)Тіктөртбұрышпен.
B) Сопақшамен.
C) Төбелері дөңгелектенген тіктөртбұрышпен.
D) Ромбымен.
E) Вертикаль сызықпен.
@22
UML-де ынтымақтастық диаграммасында құрама объект деген не?
22@
A) Басқа объектілерден тұратын объект.
B) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
C) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиынын.
D) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиынын.
E)Дұрыс жауап жоқ.
@23
Информациялық процесс деген не?
23@
A) Информацияға қолданылатын амалдар тізбегі.
B).Информация алмасу.
C) Информация жинау.
D) Информация сақтау.
E) Информацияны жою.
@24
Кибернетика деген не?
24@
A) Кез келген ұйымдастырылған жүйедегі байланыстар мен басқаруды зерттейтін ғылым саласы.
B) Буржуазиялық идеологтарының ойлап тапқан, адамзатқа қарсы бағытталған ғылым саласы. C) Компьютерлік технологияның организмнің дамуына әсерін зерттейтін ғылым саласы.
D) Есептеу техникасының әртүрлі буындарының байланысын зерттейтін ғылым саласы.
E) Компьютерлік технологиялардың даму тарихын зерттейтін ғылым саласы.
@25
Басқару деген не?
25@
A) Қойылған мақсатқа жетуге және ішкі құрылымын сақтауға бағытталған ұйымдасқан жүйенің функциясы.
B) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмысын жоспарлау.
C) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмысын бағынышты адамдарға бөліп беру.
D) Ұйымның немесе кәсіпорынның ақпараттық жүйесі.
E) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмыс программасы.
@26
Информация берілісінің жүйесі деген не?
26@
A) Хабарламаны жіберушіден қабылдаушыға жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиыны.
B) Телефон.
C) Ұялы телефон.
D) Радио мен теледидар.
E) Кабель мен сымдар.
@27
Алғашқы электр сигналы деген не?
27@
A) Хабарламаны электрлік сигналға айналдырғанда алынатын сигнал.
B) Хабарламаны жіберушіден қабылдаушыға жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиыны.
C) Ұялы телефондағы сигнал.
D) Радио арқылы берілетін сигнал.
E) Электр жүйесіндегі сигнал.
@28
Байланыс кодері деген не?
28@
A) Кодтау құрылғысы немесе хабарламаны өңдеуші.
B) Алғашқы сигналды Морзе белгілері арқылы бейнелеуші.
C) Шифр арқылы хабарламаны бейнелеу.
D) Хабарламаны шифрлаушы.
E) Дұрыс жауап жоқ.
@29
Екінші электрлік сигнал деген не?
29@
A) Байланыс жолы арқыл жіберуге дайындалған сигнал.
B) Алғашқы сигналды Морзе белгілері арқылы бейнелеуші.
C) Шифр арқылы хабарламаны бейнелеу.
D) Хабарламаны шифрлаушы.
E) Дұрыс жауап жоқ.
@ 30
Байланыс жолы деген не?
30@
A) Жіберушіден қабылдаушыға сигнал жеткізуге пайдаланылатын орта.
B) Қабылдаушы жіберушіге сигналды алғаны туралы хабар беретін орта.
C) Ұялы телефондағы сигнал.
D) Радио арқылы берілетін сигнал.
E) Электр жүйесіндегі сигнал.
2-вариант
@1
RAD деген не?
1@
A) Язык программирования.
B) Деректер базасын басқару.
C) Қосымшаны жылдам құрастыру әдістемесі.
D) Метод решения сложных расчетных задач.
E) Методология управления контентом.
@2
UML-де ынтымақтастық диаграммасында объект қалай бейнеленеді?
2@
A) Төбелері дөңгелектенген тіктөртбұрышпен.
B) Сопақшамен.
C) Тіктөртбұрышпен.
D) Ромбымен.
E) Вертикаль сызықпен.
@3
UML-де ынтымақтастық диаграммасында құрама объект деген не?
3@
A) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиынын.
B) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
C) Басқа объектілерден тұратын объект.
D) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиынын.
E)Дұрыс жауап жоқ.
@4
Жоба деген не?
4@
A) Ақпараттық жүйені құрастыру мен енгізудің жоспары.
B) Кәсіпорынды басқаруға арналған ақпараттық жүйенің моделі.
C) Белгілі мерзімде нәтиже мен ресурстарға қойылған талаптарға сай белгілі бір жүйені берілген мақсат бойынша өзгерту.
D) Кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құрастырудың жұмыс жоспары.
E) Кәсіпорынды басқару жүйесінің графикалық бейнеленуі.
@5
Күзеттік шарт деген не?
5@
A) Өту процесінің шартын бейнелеу.
B) Прецеденттердің қосымша шарты.
C) Өту кезінде қосымша шарт болатын логикалық өрнек.
D) Өту кезіндегі шартты орындатпайтын өрнек.
E) Шарттарды күзететін шарт.
@6
Прецеденттер диаграммасында ассоциация қатынасы нені орнатады?
6@
A) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
B) Прецедентпен прецедент арасындағы қатынасты.
C) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады.
@7
Прецеденттер диаграммасында кеңейту қатынасы нені анықтайды?
7@
A) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
B) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
C) Прецедентпен прецедент арасындағы қатынасты.
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады.
@8
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклы дегеніміз не?
8@
A) Ақпараттық жүйені құрастыру туралы шешім қабылданғаннан бастап, паййдалануға енгізгенге дейінгі үзіліссіз процесс.
B) Ақпараттық жүйені падалануға енгізген сәттен бастап, оны пайдалануды толық түрде тоқтатқанға дейінгі үзіліссіз процесс.
C) Ақпараттық жүйені құрастыру туралы шешім қабылданғаннан бастап, оны пайдалауды толық түрде тоқтатқанға дейінгі үзіліссіз процесс.
D) Ақпараттық жүйені пайдалануға енгізген сәттен бастап, оған жұмсалынған барлық шығын қайтарылған сәтке дейінгі үзіліссіз процесс.
E) Ақпараттық жүйенің пайдаланылу мерзімі.
@9
Ақпараттық жүйені құрастырудың қандай моделі сарқырамалы (каскадная) деп аталады?
9@
A) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын бір мезгілде қатарынан орындау.
B) Ақпараттық жүйені итерациялық әдіспен құрастыру
C) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын бір тізбек бойынша орындау.
D) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын жоспарлы түрде орындау.
E) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын әртүрлі мамандар топтары өз беттерімен жоспарсыз түрде орындау.
@10
Ақпараттық жүйені құрастырудың спиральді моделі дегеніміз не?
10@
A) .Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын бір мезгілде қатарынан орындау
B) Ақпараттық жүйені бір тізбекпен құрастыру жұмыстарын орындау.
C) Ақпараттық жүйені итерациялық әдіспен құрастыру D) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмыстарын жоспарлы түрде орындау.
E) Ақпараттық жүйені құрастыру жұмысын әртүрлі мамандар топтары өз беттерімен жоспарсыз түрде орындау.
@11
Ақпараттық жүйенің көрінісі (профиль) дегеніміз не?
11@
A) Ақпараттық жүйенің жобасының құрамындағы құрастырылған компоненттердің спецификациясы.
B) Ақпараттық жүйенің түрі.
C) Берілген функцияны орындауға арналған бірнеше базалық стандарттар жиыны.
D)Ақпараттық жүйенің дайын программалық және аппараттық құралдарының спецификациялары.
E) Ақпараттық жүйенің программалық және аппараттық құралдарының жиыны.
@12
UML дегеніміз не?
12@
A) Ақпараттық жүйенің деректер базасын құрастырудың стандартты тілі.
B) Математикалық есептерді шешудегі стандартты программалау тілі.
C) Ақпараттық жүйені графикалық модельдеу тілі. D) Инженерлік есептерді программалаудың әмбебап алгоритмдік тілі.
E) Экономикалық есептерді программалаудың әмбебап алгоритмдік тілі.
@13
Прецеденттер диаграммасы не үшін қолданылады?
13@
A) Жобаланатын жүйедегі деректер ағымын бейнелеу үшін.
B) Сыртқы факторлардың әсерімен объектінің жағдайы мен өзгеру процесін сипаттау үшін. C) Тапсырыс берушінің жобаланатын жүйеге қоятын талаптарын бейнелеу үшін.
D) Ақпараттық жүйені серверлер мен пайдаланушы компьютерлерінде орналастыруды бейнелеу үшін.
E) Ақпараттық жүйенің файлдары арасындағы байланысты бейнелеу үшін.
@14
UML не үшін қолданылады?
14@
A) Прецедентті басқа прецедентке енгізуді көрсетеді.
B) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
C) Жүйені құраушыларға бөліп модельдеу үшін
D) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
E) Жүйенің объектілерінің алғашқы және соңғы жағдайларын орнатады
@15
UML-дегі класс дегеніміз не?
15@
A) Ақпараттық жүйедегі бір объектіден екіншісіне берілетін деректер типі.
B) Ақпараттық жүйеде қолданылатын айнымалылар типі.
C) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиыны.
D) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиыны.
E) Бір типке жататын айнымалылар жиыны.
@16
UML-де жағдай диаграммасы нені сипаттайды?
16@
A) Ақпараттық жүйедегі құрастырушының ролін.
B) Деректерді бір объектіден екіншісіне жеткізуді сипаттайды.
C) Бір кластың немесе кластың бір данасының өзгеруін сипаттайды.
D) Ақпараттық жүйедегі пайдаланушының ролін.
E) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
@17
UML-де қандай жағдай құрама деп аталады?
17@
A) Бір ақпараттық жүйеге жататын объектілер жиынын.
B) Бір типке жататын айнымалылар жиынын.
C) Өзіне бірнеше бағынышты жағдайларды қамтитын.
D) Құрылымы, қасиеттері мен басқа объектілермен қатынасы бірдей объектілер жиынын.
E)Дұрыс жауап жоқ.
@18
Байланыс кодері деген не?
18@
A) Шифр арқылы хабарламаны бейнелеу.
B) Алғашқы сигналды Морзе белгілері арқылы бейнелеуші.
C) Кодтау құрылғысы немесе хабарламаны өңдеуші
D) Хабарламаны шифрлаушы.
E) Дұрыс жауап жоқ.
@19
Екінші электрлік сигнал деген не?
19@
A) Шифр арқылы хабарламаны бейнелеу.
B) Алғашқы сигналды Морзе белгілері арқылы бейнелеуші.
C) Байланыс жолы арқыл жіберуге дайындалған сигнал.
D) Хабарламаны шифрлаушы.
E) Дұрыс жауап жоқ.
@20
UML-де деректер ағыны қалай бейнеленеді?
20@
A) Тұтас сызықпен.
B) Пунктир сызықпен.
C) Қарапайым стрелкалы тұтас сызықпен.
D) Стрелкасы бар пунктир сызықпен.
E) Стрелкасы бар қос тұтас сызықпен.
@21
Ақпараттық жүйенің негізін не құрайды?
21@
A) Есептегіш техника.
B) Ақпараттар мен программалық жабдық.
C) Ақпараттық үрдістер (процестер).
D) Коммуникациялық желі.
E) Компьютер мен программа.
@22
Басқару деген не?
22@
A) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмысын бағынышты адамдарға бөліп беру.
B) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмысын жоспарлау.
C) Қойылған мақсатқа жетуге және ішкі құрылымын сақтауға бағытталған ұйымдасқан жүйенің функциясы.
D) Ұйымның немесе кәсіпорынның ақпараттық жүйесі.
E) Ұйымның немесе кәсіпорынның жұмыс программасы.
@23
Информация берілісінің жүйесі деген не?
23@
A) Ұялы телефон.
B) Телефон.
C) Хабарламаны жіберушіден қабылдаушыға жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиыны.
D) Радио мен теледидар.
E) Кабель мен сымдар.
@24
Кибернетика деген не?
24@
A) Компьютерлік технологияның организмнің дамуына әсерін зерттейтін ғылым саласы.
B) Буржуазиялық идеологтарының ойлап тапқан, адамзатқа қарсы бағытталған ғылым саласы. C) Кез келген ұйымдастырылған жүйедегі байланыстар мен басқаруды зерттейтін ғылым саласы.
D) Есептеу техникасының әртүрлі буындарының байланысын зерттейтін ғылым саласы.
E) Компьютерлік технологиялардың даму тарихын зерттейтін ғылым саласы.
@25
Ақпараттық жүйе қандай талаптарға сай болуы тиіс?
25@
A) Жабық, қол жетпейтін, қауіпсіздік.
B) Жылдамдық, сиымды, толық, ашық.
C) Икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік.
D) Ашық, қол жететін, сиымды.
E) Жылдамдық, толық, қол жететін, артықтық..
@26
Ақпараттық жүйеде бағынышты жүйе дегеніміз не?
26@
A) Ақпараттық жүйенің құрамындағы жеке қолданбалы программа.
B) Ақпараттық жүйеге кірмейтін, бірақ керек кезінде қолданылатын жүйе.
C) Ақпараттық жүйенің құрамына кіретін жеке жүйе.
D) Ақпараттық жүйенің графикалық моделі.
E) Ақпараттық жүйенің UML моделі.
@27
Алғашқы электр сигналы деген не?
27@
A) Ұялы телефондағы сигнал.
B) Хабарламаны жіберушіден қабылдаушыға жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиыны.
C) Хабарламаны электрлік сигналға айналдырғанда алынатын сигнал.
D) Радио арқылы берілетін сигнал.
E) Электр жүйесіндегі сигнал.
@28
Ақпараттық жүйені құрастырудың мақсаты не?
28@
A) Информацияны дүниежүзілік интернет жүйесінен тауып алу.
B) Қажетті мәліметтерді жинақтау, сақтау мен өңдеу.
C) Информацияны жинақтау, сақтау, өңдеу және оперативті түрде қажеттісін тауып алу
D) Информацияны локальді жүйеден іздеу және өңдеу.
E) Қажетті мәліметтерді корпоративтік жүйеден іздеп, тауып және өңдеу.
@29
Информациялық процесс деген не?
29@
A) Информация жинау..
B).Информация алмасу.
C) Информацияға қолданылатын амалдар тізбегі
D) Информация сақтау.
E) Информацияны жою.
@ 30
Байланыс жолы деген не?
30@
A) Ұялы телефондағы сигнал.
B) Қабылдаушы жіберушіге сигналды алғаны туралы хабар беретін орта.
C) Жіберушіден қабылдаушыға сигнал жеткізуге пайдаланылатын орта.
D) Радио арқылы берілетін сигнал.
E) Электр жүйесіндегі сигнал.
10 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Принциптері:
-
объективтілік;
-
мөлдірлік;
-
икемділік;
-
дифференциация.
Пән бойынша студенттің оқу нәтижесінде алған білімдері мен дағдыларының бағасы келесі кесте арқылы есептеледі:
Әріппен бағалау
|
Балдың цифрлық баламасы
|
Пәннің мазмұнының игерілген пайызы
(%)
|
Рейтинг бағасы
|
Дәстүрлі бағалау
|
A
|
4,0
|
95-100
|
9
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
8
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
7
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
6
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
5
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
4
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
3
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
2
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
1
|
D
|
1,0
|
50-54
|
0
|
F
|
0
|
0-49
|
0
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Баға 11 деңгейге (шәкілге) бөлінген. Әрбір деңгей латын әрпімен, оның цифрлық баламасымен, пәннәі мазмұнын игеру пайызымен және дәстүрлі сөзбен белгіленеді; жүзбалдық, тоғызбалдық және төртбалдық сандық сипаттамалармен анықталады.
Пәнді оқудың нәтижесінде студенттің білімін бағалауда қорытынды баға студенттің ағымдағы үлгеріміне және емтиханда алған бағасына байланысты анықталады; ағымдағы үлгерім келесі бақылау түрлеріне байланысты:
№
|
Бақылау түрі
|
Қойылатын
бағалаудың ең үлкен мәні (балл)
|
1
|
Сабаққа қатысуы
|
10
|
2
|
Аудиториядағы жұмыс (дәріс кезіндегі және зертханалық сабақтағы белсенділік):
- зертханалық жұмысқа дайындық деңгейі;
- зертханалық жұмысты орындау;
- зертханалық жұмысты қорғау.
|
30
|
3
|
Өзіндік жұмысты орындау сапасы:
- үй тапсырмасын орындау;
- бақылау сұрақтарына жауап беру;
- есептеу-графикалық жұмыстарды орындау;
- тест тапсыру ;
|
40
|
4
|
Аралық бақылау (коллоквиум)
|
20
|
|
Бағалаудың ең үлкен мәні (балл бойынша)
|
100
|
|
Бағалаудың ең кіші мәні (балл бойынша)
|
50
|
Пән бойынша қорытынды бағаны анықтау үшін келесі формула қолданылады:
Z = 0.6*X +0.4*Y ,
Мұндағы X – ағымдағы үдгерімнің нәтижесі (балл),
Y- емтихан тапсырғанда алынған нәтиже (балл),
Z –қорытынды баға ( %).
Мысалы, егер студенттің ағымдағы (семестр бойы) оқуының нәтижесінде 80 балл, ал емтиханды тапсырғанда 85 балл алса, онда қорытынды баға
Z = 0.6*80 + 0.4*85 = 82 %
немесе студенттің сынақ кітапшасына (транскрипт) келесі бағалар қойылады:
82% B 6 жақсы
Достарыңызбен бөлісу: |