«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ
«ИНЖЕНЕРЛІК КИБЕРНЕТИКА» КАФЕДРАСЫ
БЕКІТЕМІН
Радиотехника және байланыс
факультетінің деканы
________________ Ұ.И.МЕДЕУОВ
“____”___________2009 ж.
АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІ
(Sillabus-Силлабус)
050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығының
студенттеріне арналған оқу жоспары
Мамандық: 050703 – Ақпараттық жүйелер
Оқу формасы: күндізгі
1 курс, 1 семестр
Кредиттер саны – 4
Барлық сағат саны – 180, оның ішінде:
аудиториялық сабақтар - 88 с.,
дәрістер – 32 с.,
лабораториялық сабақтар – 48 с.,
практикалық сабақтар - 8 с.,
студенттің өзіндік жұмысы – 92 с.
Есептеу-графикалық жұмыстар- 4
Емтихан – 1 семестрде
Алматы, 2009
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ГОСО-2006ж.), 050703 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу жоспарына және «Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Жұмыс бағдарламасын құрастырушы:
ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев
Жұмыс бағдарламасы «Инженерлік кибернетика» кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған (хаттама №__1_ «_28__»_тамыз__________ 2009 ж.)
Кафедра меңгерушісі
ф.-м. ғ.д., профессор З.Қ. Құралбаев
Дәріс беруші-оқытушы:
физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор Құралбаев Зауытбек Құралбайұлы,
жұмыс телефоны: 2925095,
Жұмыс орны: А. Байтұрсынов көш., 126, Б331-бөлме
Пән туралы қысқаша мәліметтер
«Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәнінде компьютерде шешілетін есептердің әдістері бойынша алгоритмдері құрастыру және алгоритмдік тілдерде олардың программаларын құрастырудың әдістері қарастырылады. Есепті шешу процесінің негізгі кезеңдерінде орындалатын амалдар, алгоритмдерді сипаттау, программалардың мәтіндерін дайындау, оларды қалыптау және компьютерде орындау пәннің негізгі мазмұны болып табылады.
Программалау тілдері ретінде соңғы жылдары кең тараған Паскаль және Си пайдаланылған. Пәннің теориялық материалдарының негізі дәрістерде оқытылады. Типтік есептердің алгоритмдері мен программаларын құрастырып, компьютерде шешуге машықтану үшін зертханалық жұмыстар орындалады; ол жұмыстар бойынша сабақтар компьютерлік сыныптарда өткізіледі. Сонымен бірге кейбір теориялық материалдарды студенттер өз бетімен оқып, төрт есептеу-графикалық жұмыстарды орындайды.
Пән бірінші курста (бірінші) семестрде оқытылады. Арнайы белгіленген уақыттарда студенттер оқытушыдан консультация алып отырады.
Пәннің пререквизиттері: орта мектептегі оқытылған «Математика», «Информатика», «Физика».
Пәннің постреквизиттері: «Программалау технологиялары», «Объектіге бағдарланған программалау», «Ақпараттық жүйелердің негіздері», «Жүйелік программалау», «Визуалды программалау», курстық және дипломдық жұмыстардағы есептеулерді орындау.
1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ
Алгоритмдеу мен программалау ЭЕМ үшін программалар құрастыру,а бағытталған салаға жатады. Программалау ғылым саласы ретінде де, өнер ретінде де қарастыруға болады. Қазіргі заманға сай маман компьютердің жұмыс істеу принциптері мен оның программалық жабдығының мүмкіншіліктерін біліп қана қоймай, сонымен бірге, есепті қою, оның математикалық моделін құрастыру, есепті шешудің әдістерін білуі, алгоритмдер мен ЭЕМ үшін программалар құрастыруы, оны пайдаланып, есептің шешімін тауып, талдай білуі қажет.
Информациялық жүйелер бойынша маман компьютерлік жүйелер туралы теорияны біліп қана қоймай, программалық жабдықты өз ісіне пайдалана алатындай боуы тиіс. Егер нақты есепті шешудің алгоритмін немесе программасын құрастыру қажет болса, онда ол ол жұмыстарды орындай алатын болуы тиіс. Сондықтан есептерді алгоритмдеу мен программалау қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер бойынша маман дайындау үрдісінде міндетті компонент болуы тиіс.
Курстың мақсаты: Электрондық есептегіш машинадарда (ЭЕМ-дерде) шешуге арналған практикалық есептердің алгоритмдері мен программаларын құрастырудың негізін игеру.
Курстың мәселелері:
* ЭЕМ-де практикалық есептерді қою мен шешуге арналаған ережелерді үйреніп, игеру;
* алгоритмдер теориясының негізімен танысу;
* типтік практикалық есептерді алгоритмдеу тәсілдерін игеру;
* деректерді бейнелеу тәсілдері мен ЭЕМ-де программалық өңдеу әдістерін үйрену;
* программалау тілдерінің классификациясымен танысу;
* программалау жүйелерінің құрылымымен және қолданбалы программаларды құрастырудың ережелерімен танысу;
* ЭЕМ-де практикалық есептерді шешуге арналған жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде программалар құрастыруға машықтану.
Пәнді оқыту кезінде, алгоритмдер мен программаларды құрастыруда, студенттердің творчествосын дамытуға көбірек көңіл бөлінуі тиіс, себебі ЭЕМ-ге арналған программа интеллектуальды еңбектің жемісі болып есептеледі. Программалау тек практикалық қолданбалы маңызымен қатар, студенттердің логикалық дамуына әсер етеді және кез-келген күрделі проблеманы алгоритмдеуге (қарапайым операциялардың тізбегіне жіктеуге) үйретеді.
2 КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
Апта
|
Тақырып аты
|
Сағаттар саны
|
Дәрістер
|
Зертханалық сабақтар
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе. ЭЕМ-де есепті шешудің негізгі кезеңдері
|
2
|
4
|
|
4
|
2
|
Алгоритмдеудің операторлық жүйелері
|
2
|
4
|
2
|
4
|
3
|
Алгоритм және ЭЕМ-нің программалық жабдығы
|
2
|
4
|
|
4
|
4
|
Есептеулердің типтік алгоритмдері және олардың Паскаль тіліндегі программалары
|
2
|
4
|
2
|
4
|
5
|
Итерациялық есептеу процестерінің алгоритмдері
|
2
|
4
|
|
4
|
6
|
Бір өлшемді массивтерді программалау
|
2
|
4
|
2
|
4
|
7
|
Массивтерге байланысты типтік алгоритмдер мен программалар
|
2
|
4
|
|
4
|
8
|
Функциялар мен процедураларды пайдаланып программалау
|
2
|
4
|
2
|
4
|
9
|
Стандартты емес скалярлық және құрылымдалған деректер типтерін пайдаланып программалау
|
2
|
4
|
|
4
|
10
|
Модульдік программалау
|
2
|
4
|
2
|
4
|
11
|
Графикалық информацияны өңдеу құралдары
|
2
|
4
|
|
4
|
12
|
Си тілнде программалау негіздері
|
2
|
4
|
2
|
4
|
13
|
Си тілінде бір өлшемді массивтерді программалау
|
2
|
4
|
|
4
|
14
|
Препроцессорлық құралдар
|
2
|
4
|
2
|
4
|
15
|
Си тілінде программалаудағы көрсеткіштер
|
2
|
4
|
2
|
4
|
16
|
Қорытынды дәріс
|
2
|
4
|
2
|
4
|
|
Барлығы:
|
32
|
64
|
20
|
64
|
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
№
|
Тақырып аты
|
Тақырыптың мазмұны
|
1
|
Кіріспе. ЭЕМ-де есепті шешудің негізгі кезеңдері
|
«Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәнінің мақсаты мен мәселелері. Пәннің мазмұны. ЭЕМ-де есепті дайындау мен шешу процесіндегі, ақпараттық жүйелерді жобалау мен пайдаланудағы алгоритмдеу мен программалаудың ролі. Компьютерде есептерді шеудің негізгі кезеңдері: есепті қою, модельдеу, алгоритмін құрастыру, программаның мәтінін дайындау және қалыптау, есепті шешу және шешімді талдау. Математикалық модель туралы түсінік. Есептеу тәсілдері. Сандық тәсілдер туралы ұғым.
|
2
|
Алгоритмдеудің операторлық жүйелері
|
Алгоритм туралы түсінік. Алгоритмнің қасиеттері: көпшілікке арналғандық, детерминдік және нәтижелілік. Алгоритмді сипаттаудың тәсілдері. Операторлық алгоритмдер. Алгоритмді блок-схема түрінде бейнелеу. Алгоритмді жүзеге асыру жолдары. Алгоритмдердің құрылымдарының түрлері. Алгоритмді құрастырудың ережелері. Сызықтық, тармақталған және қайталанатын құрылымды алгоритмдер.
|
3
|
Алгоритм және ЭЕМ-нің программалық жабдығы
|
Алгоритм және абстракты машиналар. Алгоритмдік жүйе туралы түсінік. Рекурсивтік функциялар. Тьюринг машинасы. Алгоритмді бағалау әдістері. Алгоритм мен программалық жабдық арасындағы байланыс. Программалық жабдықтың классификациясы. Программалау технологиясының инструменттері. Программалаудың инструменталдық құралдары. Программалау тілдері және олардың классификациясы.
|
4
|
Есептеулердің типтік алгоритмдері және олардың Паскаль тіліндегі программалары
|
Қарапайым алгоритмдерді программалау әдістері. Паскаль алгоритмдік тілі туралы мәліметтер. Тілдің құрамы: әліппесі, операторлары, функциялары мен процедуралары. Құрылымы циклдық алгоритмдердің программаларын құрастыру. Цикл операторлары. Енгізілген циклдар. Қосындыларды, көбейтулерді, анықталған интегралдарды және т.б. типтік алгоритмдердің программаларының мысалдары.
|
5
|
Итерациялық есептеу процестерінің алгоритмдері
|
Итерация туралы түсінік. Итерациялық есептеу процестерінің мысалдары. Есептеу дәлдігі. Теңдеулерді шешудің итерациялық әдістері. Ньютон (жанамалар), бисекция (тепе-тең бөлу) және хордалар тәсілдері. Итерациялық әдістердің алгоритмдері мен артықшылықтары. Итерациялық әдістермен теңдеулерді шешудің программалары.
|
6
|
Бір өлшемді массивтерді программалау
|
Массив туралы түсінік. Массивтерді сипаттау. Бір өлшемді массивтерге (векторларға) амалдар қолдану. Векторлардың скалярлық көбейтіндісін, модульдерін және арасындағы бұрышты табу алгоритмдері. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерін табу. Массивті сұрыптау. Массив ішіндегі іздеулер.
|
7
|
Массивтерге байланысты типтік алгоритмдер мен программалар
|
Векторлық және матрицалық есептеулер. Матрицаларға амалдар қолдану. Полиномды есептеуге арналған Горнер схемасы. Сызықтық алгебралық теңдеулер системасын шешу. Жордан-Гаусс әдісінің алгоритмі мен программасы. Теңдеулер системасын итерациялық әдіспен шешудің алгоритмі мен программасы.
|
8
|
Функциялар мен процедураларды пайдаланып программалау
|
Құрылымды программалау туралы түсінік. Подпрограммаларды (қосалқы программаларды) пайдалану. Функция және оның. құрылымы. Функцияны сипаттау. Процедура және оны сипаттау. Формальді параметрлер, параметр-мәндер, параметр-айнымалылар.
|
9
|
Стандартты емес скалярлық және құрылымдалған деректер типтерін пайдалану
|
Стандартты емес деректердің типтері. Саналатын тип. Интервалдық тип. Жолдар мен символдар тізбегін өңдеу. Жазулар. Жиындар. Файлдар: хабарлау, белгілеу, ашу, жабу және баспаға шығару. Файлға шығару. Файлдан енгізу.
|
10
|
Модульдік программалау
|
Модульдік программалау туралы негізгі түсініктер. Модульдер және модуль құрамы: интерфейс, орындалатын және іске қосатын (иницирование) бөлімдер. Стандартты модульдер: SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, GRAPH, OVERLAY.
|
11
|
Графикалық информацияны өңдеу құралдары
|
Графикалық режим туралы түсінік. GRAPH модулімен жұмыс істеу. GRAPH кітапханасы. Графикалық режимге өту және кері қайту. Геометриялық объектілермен жұмыс істеуге арналған процедуралар. Графикалық бейнелерді құрастырудың мысалдары. Бейнелерді өзгерту және қозғалатын бейнелер (анимация) құрастыру.
|
12
|
Си тілнде программалау негіздері
|
Си тіліндегі қарапайым программаның құрылымы мен компоненттері. Си тілінің әліппесі және оның Паскаль әліппесінен ерекшеліктері. Программа мәтіні және препроцессор. Программалаудың элементар құралдары. Деректерді енгізу және шығару. Цикл операторлары. Цикл операторларын жазу түрлері. Цикл операторларының көмегімен циклды ұйымдастыру тәртіптері. Циклды үзу (break) және жалғау (continue) операторлары.
|
13
|
Си тілінде бір өлшемді массивтерді программалау
|
Массивтерге қолданылатын амалдарды программалауда Си тілінің операторларының ерекшеліктері. Массивтерге алғашқs мәндерін беру (массивтерді инициализациялау). Бір өлшемді массивтерге амалдар қолдану. Массивтерді сұрыптау.
|
14
|
Препроцессорлық құралдар
|
Препроцессор туралы түсінік. Препроцессорлық өңдеудің кезеңдері мен командалары. Мәтіндегі ауыстырулар. Файлдардан мәтіндерді енгізу. Шартты компиляция. Препроцессор құралдарымен макроқойылымдар. Қосымша директивалар. Енгізілген макростар.
|
15
|
Си тілінде программалаудағы көрсеткіштер
|
Көрсеткіш туралы жалпы түсініктер. Көрсеткіштерге амалдар қолдану. Массивтерді программалауда көрсеткіштерді пайдалану. Массив элементіне қол жеткізу. Динамикалық жад массиві. Символдық информация мен жолдарды өңдеудегі көрсеткіштер.
|
16
|
Қорытынды
|
Алгоритмдеу және программалау тілдерінің информациялық жүйелерді құрастырудағы ролі мен орны. Объектіге. бағдарланған программалау туралы алғашқы түсінік. Паскаль және Си алгоритмдік тілдерінің объектіге бағдарланған программалаумен байланыстары.
|
Достарыңызбен бөлісу: |