Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы «17» тамыздағы



Дата03.07.2016
өлшемі71.04 Kb.
#175310
Алматы облысы әкімдігінің

2015 жылғы «17» тамыздағы

№ 364 қаулысымен бекітілген
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың

үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру»мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі - шешім).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің

іс-қимыл тәртібін сипаттау


4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тіркеу - 15 (он бес) минуттан ұзақ емес. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртабанымен көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі;

2) құжаттармен танысу, бұрыштама қою - 15 (он бес) минут. Нәтижесі - жауапты орындаушыны белгілеу;

3) құжаттардың толықтығын және түпнұсқаға сәйкестігін тексеру – 8 (сегіз) жұмыс күн ішінде. Нәтижесі – шешімді дайындау;

4) құжаттармен танысу, шешімге қол қою - 1 (бір) жұмыс күн ішінде. Нәтижесі – шешімге қол қою;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру – қол қойылған күн ішінде. Нәтижесі – шешімді беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


8. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну негіздеме болып табылады.

9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу процессінің сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың

үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




Қызмет алушы

Көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсе қызметкері



Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

скругленный прямоугольник 123прямая со стрелкой 124прямая со стрелкой 125


прямая соединительная линия 120прямая соединительная линия 121
Көрсетілетінқызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртабанымен көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің көшірмесін береді – 15 (он бес) минуттан ұзақ емес




прямая соединительная линия 118
Құжаттарментанысады, бұрыштама қояды және жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут


Көрсетілетін қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – қол қойылған күн ішінде

.

прямая соединительная линия 115


Құжаттармен танысып, шешімге қол қояды

- 1 (бір) жұмыс күн ішінде






Құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, шешімді дайындайды - 8(сегіз) жұмыс күн ішінде





группа 104

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге

байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға

(қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Қызмет алушы

Халыққа қызмет көрсету орталығы

Көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсе қызметкері



Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

скругленный прямоугольник 151прямая со стрелкой 152скругленный прямоугольник 154прямая со стрелкой 155прямая со стрелкой 153


прямая соединительная линия 148прямая соединительная линия 147
Өтініштерді және құжаттарды қабылдап, толықтығын және сәйкестігін тексереді, кейін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды немесе қызмет алушыға Стандарттың 10-тармағына сәйкесмемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқаны жөнінде дәлелді жауап беріледі 1 (бір) жұмыс күні ішінде

(1 жұмыс күні ішінде)




Орталық шешімді көрсетілетін қызметті алушыға бір күн ішінде береді




прямая соединительная линия 145
ХҚКО-дан жіберілген құжаттарды қабылдайды және тіркейді - 15 (он бес) минуттан ұзақ емес

прямая соединительная линия 146
ХҚКО-ға шешімді қол қойылған күн ішінде жолдайды

прямая соединительная линия 142



Құжаттарментанысады, бұрыштама қояды және жауапты орындаушыға береді – 15 (он бес) минут


Құжаттармен танысып, шешімге қол қояды

- 1 (бір) жұмыс



күн ішінде

прямая со стрелкой 141



Құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді, шешімді дайындайды - 8(сегіз) жұмыс күн ішінде




группа 130группа 134


группа 126


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет