БАҒДАРЛАМА
элективті курс
КӨПМҮШЕЛЕР
10 сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34)
УТЕШОВА МАДИНА АМАНГЕЛЬДИЕВНА
№201 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі
Пікір жазғандар:
Хомпыш Хонатбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Айтжанов С.Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Қиябаева Замзагүл Нүкпиқызы Алматы қаласы №107- лицейдің математика пәні мұғалімі, педагог шебер.
Түсініктеме хат мазмұны
«Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылғы бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудің басты мақсаты – тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, құбылмалы заманда тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» қажет делінген [1]. Осы тұрғыда «Көпмүшелер» курсы 10 сыныпқа арналған математикадан стандартты курстың толықтырылуы болып саналады.
Курстың мақсаты:
Оқушылардың «Көпмүшелер» туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту және пәнді оқып-үйренудегі құлшыныстарын дамыту;
Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Курстың міндеті:
Көпмүшелердің теориялық бөлімін негіздеу;
Есептер шығаруда теориялық білімімен ұштастыра алу;
Есептерді шешудің әр түрлі идеялар мен тәсілдерімен танысу;
Есеп шығару үрдісінде оқушылардың жеке және ұжымдық (топтық) белсенділіктерін ұйымдастыру;
Білім мен іскерлік дағдыларын кеңейту, түрлі проблемалық жағдаяттарды шешу дағдыларын қалыптастыру;
Оқушының пәнге деген ынтасын арттыру.
Курстың өзектілігі:
Мектеп математика курсында оқушылардың көпмүшелер тақырыптарын игеру. Бағдарламаның өзектілігі жалпы білім беретін мектепте аталған тақырыпты оқытуға бөлінген сағат санының аздығынан оқушылар көп жағдайда осы тақырыпты меңгеруде қиыншылықтарға тап болады. Сондай- ақ бұл бағдарламада төменгі сыныптатардан белгілі білімдерін негізге ала отырып, «жеңілден күрделіге» өту жүйелілік және бірізділік принципі жүзеге асырылған.
Осы жүйелілік және бірізділік приципі жүзеге асыру мақсатында бұған дейін оқушылар квадрат теңдеулерді және келтірілген квадрат теңдеулерді Виет теоремасымен есептерді шешіп келсе, үшінші, төртінші дәрежелі көпмүшелерді жіктеуде анықталмаған коэффициенттер әдісімен танысып көпмүшелерді жіктейді. Келтірілген үшінші төртінші дәрежелі көпмүшеге арналған жалпыланған Виет теоремасын қарастыра отырып және т.б. тақырыптар қамтылған. Бұл элективті курста жоғары дәрежелі бірнеше айнымалысы бар теңдеулерді шешудің әдістерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Элективті курс барлығы 34 сағатқа арналып жасалған. Берілген сағат санына қарай бір оқу жылына аптасына 1 сағаттан 34 сағат. Курс теориялық және практикалық бағытта жүргізіледі. Курс барысында оқушылардың математика пәнінен дайындық деңгейі көтеріледі, әр оқушының потенциалдық шығармашылыққа біліктері артады деп күтіледі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру жекелей және топпен жұмыс арқылы жүргізіледі. Сабақты өткізуде оқушының өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретін практикалық жұмыстар, практикалық есептер шығару, презентациялар дайындау, рефераттар қорғау зерттеу жұмыстары сияқты оқыту әдістері қолданылады.
Ұсынылатын курс 10 сыныптың программалық материалына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.
«Көпмүшелер» курсының ерекшеліктері.
Көпмүшелерді, бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер, біртекті көпмүше мен симметриялы көпмүше және Безу теоремасы, Горнер схемасы, Виет теоремасы және т.б. тақырыптарда математикалық ұғыну деңгейін кеңейту;
Оқушылардың ойлау мен интеллектуальды қабілеттерді қалыптастырудың негізі болып табылатын интуиция мен елестету қабілеттерін дамыту;
Курс әсіресе олимпиада, интеллектуалды марафондар, интеллектуалды турнирге қатысушылар үшін аса маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |