Қамысты ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 26 ақпандағы
№ 70 «Қамысты ауданында ақы
төленетін қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы» қаулысына
толықтыру енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 70 «Қамысты ауданында ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 тіркелген, 2014 жылғы 4 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» аудандық газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемi» деген қосымша осы қаулының косымшасына сәйкес реттік нөмірлері 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жолдарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Ж. Бисимбаев
Достарыңызбен бөлісу: |