«АҚмола облысы білім басқармасының КӨкшетау қаласы бойынша білім бөлімі көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі»



бет3/5
Дата15.12.2023
өлшемі3.59 Mb.
#486675
1   2   3   4   5
ырыскул аяулым портф (2)

Ш.Уалиханов атындағы
Көкшетау Университетінің
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КРОК-228 тобының студенті Ахметжанова А
ҮПП есебі

Мен, Ахметжанова Аяулым 1 курс студенті Көкшетау қаласы білім бөлімінің №19 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.01.2023-25.04.2023 аралығында үздіксіз педагогикалық практикадан өттім. 9 «б» сыныбында практикант болып бекітілдім. Ең алдымен тәжірибе бағдарламасымен,мектеп әкімшілігімен, педагогикалық ұжыммен, білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен таныстым. Оқушылармен сабақ өткізу барысында оқушы психологиясы мен қабілеттеріне мән беріп, өзіме көптеген тәжірибе жинадым. Болашақ мұғалім ретінде машықтануға тырыстым. Оқушылармен сабақ өткізіп қана қоймай, сонымен қатар «1- наурыз Алғыс айту күні»-деп аталатын ашық тәрбие сағатын жүргізіп те үлгердім. Болашақ мамандығымның қыр сырымен танысып,білген нәрселерімді оңтайлы пайдаланып, білмеген нәрселерімді үйренсем деймін. Әр оқушымен кері байланыс орнату арқылы олардан көп нәрсе алып, есесіне пайдалы білім бере алдым деп ойлаймын. Балалармен жұмыс жасау маған ұнады. Мен практикадан қалмай, үзбей қатысып жүрдім. Белсенді жұмыс атқарып, қандай да болмасын тапсырылған жұмыстарды тиянақты да сапалы етіп орындап, ұжымынң көңілінен шыға білдім деп үміттенемін !


Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау
Университетінің
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КРОК-228 тобының студенті Аудақызы Ы
ҮПП есебі

Мен Аудақызы Ырыскүл 1 курс студенті Көкшетау қаласы білім бөлімінің №19 орта мектептің 17.01.2023-25.04.2023 аралығында үздіксіз педагогикалық практикадан өттім. 9 «Б» сыныбында практикант болып бекітілдім. Снып жетекшісі Бейсенова Айгуль Илиясовна сынып жетекшсі. Ең алдымен тәжірибе бағдарламасымен, мектеп әкімшілігімен, білім беру мекемесінің ішкі тәртібімен таныстым. Сынып сағаттары барысында балалардың Қазақстанның көрікті жерлері туралы білімдерін кеңейту, қиялын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту және өз республикасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу басты мақсат болды. Мен топтық және жұптық жұмыс әдістері мен тәсілдерін қолдандым. Жалпы, менің барлық сынып сағаттарым жоспарға сәйкес келеді. Мен мұғалімнің сабақтарын талдауды, олардың мақсаттары мен міндеттерін бөліп көрсетуді, балаларды бақылауды, іс-шараларды жоспарлауды және өткізуді үйрендім. Жалпы, практика балалармен жұмыс істеу жағынан өнімді, қызықты болды. Бұл жұмыс өте қиын және уақытты қажет етеді, сонымен қатар мұғалімнен физикалық және психологиялық тұрғыдан толыққанды талап етеді. Менің түйгенім, мұғалім болу үшін ең алдымен білімділік, шыдамдылық және еңбекқорлық қасиеттері болу қажет. Болашақта осы тәжірибеден үйренгенімді іс жүзінде жүзеге асыратыныма сенімім мол!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет