1-кезең
Таныстыру
|
2-кезең
Зымыран
сұрақтар
|
3-кезең
Жеті жұрттың тілін біл
|
4-кезең
Ойлы болсаң,озып көр
|
5-кезең
Аталар сөзі-ақылдың
кені
|
6-кезең
Кім көп сөз біледі ?
|
7-кезең
Тұлғаны таны
|
Жалпы
балл
|
топ
Тұлпар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
топ
Домбыра
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақия толған сөк,
Таң атқанда жоқ. (жұлдыздар, звезды, stars)
Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау. (жұмыртқа, яйцо, an egg)
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге. (кітап, книга, а book)
« Ана тілің –тұғырың»
«Жүзден- жүйрік, мыңнан- тұлпар» интеллектуалдық сайысыМақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа,шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.Ашық тәрбие сағаттың жүрубарысы.Жүргізуші: Майра Қуанышева ІзбасарқызыҚайырлы күн, құрметті ұстаздар, сайыскерлер! 2014-2015 оқу жылының бірінші жартыжылдығы аясында қорытындылау мақсатында өткелі отырған «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберіндеұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!«Біз бәріміз бір атаның - қазақхалқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсізҚазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жасұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымыздыбастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.Сайыста екі тап сынға түседі. Әр топтыңаты, ұраны болу шарт. Ойын 7 бөлімнен тұрады.І. Жедел жауапІІ.Тіл- өнерІІІ.Бәрін білгім келедіІV.Қызықты ұйқастарV.Мықты болсаң, тауыпкөрVІ. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (мәнерлеп оқу)VІІ. «Жұлдызды сәт» (марапаттау)І топ: «Бәйтерек»Ұраны: «Бірлікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.»ІІ топ «Сұңқар»Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,Талап қыл артық білуге»Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып,санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетедіҚазылар орнықтырар әділдікті,Кімдердің жауаптары кәміл шықты.Білім ментапқырлықтың жарысындаЖеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.1. _________________________________________________________________2. _________________________________________________________________3. _________________________________________________________________Ал, қанекей, келіңдер,Біріңе-бірің еріңдер.Біліміңізді тексеріп,Ойынғақатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.Білім деген биік шыңБақытқа сені жеткізер.Білім дегенақылшыңҚиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.І бөлім: Жедел жауапБұл бөлімде әр топқа 10сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.Ітопқа:1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқаұшқан кім? (Юрий Гагарин)4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатыншығарма (Күй)8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова,Зулфия Чиншанло)9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)10. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)ІІ. топқа:1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1-желтоқсан)3. Қажыл қай жыл? (Жылан)4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек,Әйтеке)6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)8. 6-шілде қандай мереке? (Астанакүні)9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)ІІ бөлім: Тіл - өнерМақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.І топқа:1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащыда тіл)2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)3. Өнер алды… (қызыл тіл)4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)5. Тіл қылыштан … (да өткір)6. Отан… (оттан да ыстық)ІІ топқа:1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)3. Ер жігіт елі үшін туады, … (елі үшін өледі)4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердіңкөркі)ІІІ.Бәрін білгім келедіБұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайытөмен топ бастайды.4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген. Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.Қазақ тілі10. Мәтін дегеніміз не?20.Тіл сөзінің ауыспалы мағынасы қандай?30. Келбет сөзінің синонимін тап.40. Көнерген сөздер дегеніміз не?Әдебиет10. Қазақ ауыз әдебиетініңтүрлері.20. «Өгіз бен бақа» мысалының авторы кім?30. «Көл қорыған сен едің,Сен де айрылдың көліңнен.Ел қорыған мен едім,Мен де айрылдымелімнен»деген өлең жолдары қай ақынның шығармасынан алынған?40. Зәм-зәм суы кімнің өкшесінің астынан шығып еді?Математика10.Төрттітөртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? 20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? 30. Математикалық өрнектердегеніміз не? Бұл қандай өрнек? B-7*540. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? Жаратылыстану10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар? 20. Жердің нақты үлгісі 30. Көкжиектің неше тұсы бар? 40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынғанбейнесі Тақырыптар ұяшығы. Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.«Қазақстан»10 ұпай. ҚазақстанЕлтаңбасының түсі қандай? 20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? 30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? 40 ұпай.Қазақстанның «Швейцариясы» қандай аймақ? «Грамматикалық ереже»10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? 20 ұпай. Көптікжалғауларын ата. 30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? 40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер «Ұлы адамдар»10 ұпай. Ұлыжүздің биі 20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. 30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? 40 ұпай. Абылай ханның шынаты «Телехабарлар»10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна 20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. 30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы. 40 ұпай. «Қазақфильм»киностудиясы кімнің атында? ІV бөлім: Қызықты ұйқастарЕкі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.І топқа1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)2. Число-сан, кровь-(қан)3. Молоко-сүт, жди-(күт)4. Человек-адам, шаг-(қадам)5. Таможня-кеден, пол-(еден)6. Зуб-тіс, дело-(іс)ІІ топқа1. Возьми-ал, мед-(бал)2. Рыба-балық, народ-(халық)3. Дверь-есік, колыбель-(бесік)4. Город-қала, ребенок-(бала)5. Лето-жаз, гусь-(қаз)6. Игра-ойын, шея-(мойын)V бөлім: Мықты болсаң, тауып көрБерілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.Ітопқа1.Үй үстінде алтын тас,Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста]) 2.Тұмсығымен қозғалар,Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk[чок])3.Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])4.Білімді мыңды жығады,Білекті … жығады. (бір; один; one[уан])5.Сырты тәтті, іші тәтті,Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эпл])ІІ топқа1.Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,Ол жоқ жерде өмір сүріпжүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])2.Айдағаны … ешкі,Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])4.Жылт-жылт етеді,Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])5.Өзі сөйлейбілмейді,Салған ізі сөйлейді. (қалам; ручка; pen [пен])VІ. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»Әр топтың қатысушылары өлең оқиды әр өлең бірұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.VІІ. Жұлдызды сәтІ)Белсенді жауап берген оқушыларды марапаттау.ІІ) Бірінші жарты жылдық аясында қорытындылау бойынша жеіңіске жеткен топ жетекшісінмарапаттау.Қорытынды.Білімнің мініп алып тұлпарына,Қиналмай шықты білім шыңдарына.Бүгінгі сайысымыз аяқталды,Сөз кезегі қазыларалқасында.Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.Құрметті ұстаздар, оқушылар!Осымен бүгінгі «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те,өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.Келесі сайыс алаңында кездескенше, сау болыңызд
Достарыңызбен бөлісу: |