13 -15 ғасыр мәдениеті: Қазақстан аумағында орта ғасырлардағы ең қуаттымемле- кеттер саналған Алтын Орда және Шағатай Ордасы ның пайда болуы бір жағынан сауда-саттық пен қала мәдениетінің
оркендеуіне эсер етті. Барлық жерде пошта мен жәмшік
қызметтері енгізілді. Орталық Қазақстан кошпенділерінің жерінен
Азия мен Еуропаның отырықшы аудандарына әртүрлі мәліметтер
таситын дипломатиялық және діни миссиялар кедергісіз отіп
отырды. Отырықшылық пен көшпенділер мәдениеттері шын
мәнінде бір-бірімен араласып отырды. Қала мен дала арасындағы
орнатылған тығыз байланыс нәтижесінде қолөнер мен керуен
саудасы жедел дамыды, экономикалық қуатының артуы арқасында
Алтын Орда үзақ уақыт бойы омір сүрді. Қалалықтар мен көшпенділердің шаруашылық жүргізу
тәсілдерінде бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтар болды.
Бірақта оның өзі кошпенділер қүрған мемлекеттің нығаюына
оңтайлы жағдай туғызды. Алтынордалық қалалардың салынуы
мен дамуы билікті бір орталықтан басқаруға үлкен ықпал етті.
Қала қүрылысы оркендеп, сыртқы сауданың аясы кеңіп, орасан
үлкен аумақты алып жатқан елде ақша айналымы пайда болды.
Қалалар елдің әкімшілік орталықтарына айналды, онда атқару.
басқару және салық мекемелері орналасып, билікті нығайтуға өз
ықпалын тигізді. XIII- XV ғасі^рларда Қазақстан түрғындарының әлеуметтік күрылымы сословиелік-таптық негізде болды. Моңғол шапқын- шылығынан кейін олар Қазақстан аумағында өздерінің билеуші «ақсүйектерін» қалдырған еді. Елді басқаратын жоғары билік
Шыңғыс әулетінен сайланатын хан жөне шыңғыс үрпағы
болғанымен хан бола алмайтындардан (сүлтан, оғлан) қүрылды.
Олар мемлекетті басқаруда ру тайпаларының ақсүйектерін
қүрайтын әмірлерге, бектерге, билерге, байларға сүйенді.
Отырықшы және көшпенді халықтардың көпшілігі «қараша»
«жай халық», «кедейлер» деп аталды. Мемлекеттердің этникалық қүрамы жиі өзгерісте болды. XIII
ғасырдағы үлы дүрбелең кезінде бүрынғы қоныстарынан ығысып
көшкен халықтардың жаңа қоныс мәселесі шешілмеді. Қоғамды
басқарудағы үлыс жүйесі олардың этникалық жағынан бірігуіне
жол бермеді. Алтын Орданың бір орталықтан басқарылатын
билігі күшейген кезде ғана этникалық бірігу процесі жүзеге аса
бастады. XIII ғасырда дала тайпалары жалпылама түрде
«қыпшақ» деп аталса, XIV ғасырда «ноғайлы», кейін XV ғасырда
«өзбек-қазақ» деп аталды. Сығанақтың, Женттің, Сауранның, Отырардың мәдениеті қайта қалпына келтіріліп, өркендеді. Қалаларда қыш өндірісі, кірпіш күйдіру, мыстау, қолалау, алтындау, зергерлік,
әйнек өндіру, сүйек кесу, тас кесу, тоқыма мен кілем тоқу төрізді
кәсіптер дамыды. XV ғасырдың ортасында сауда-саттық
қайтадан жолға қойылып, Орта Азияда тауар-ақша қатынасының
айтарлықтай дамығаны байқалады, оған Отырарда, Түркістанда ьабыған теңгелер дәлел. Орталык Қазакстандағы Жошы хан (ХІУғ.) мазары, Тараздағы Дәуіт-бек мазары (XIV ғ.), Орталык Қазакстандағы
Алаша хан мазары (XIV-XV ғғ.), Түркістандағы Қожа Ахмет
Яссауи мазары (XIV-XV ғғ.), Сығанактағы Көк Кесене,
Отырардағы мешіт ғимараты, монша кұрылыстары (XIV-XV гғ.)
сол кезеңнің ғажайып сәулет ескерткіштері болып табылады.
XIII-XV ғғ. рухани өмір кайта жаңғырғанымен, моңғол тілі
Қазакстанда кең тарала алмады, Мөңке мен Батый хан тұсында
бүкіл мемлекеттік жэне ресми кұжаттар түркі тілінде жүргізілді.
Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиет кыпшак, огыз жэне карлүк
тілдерінде жүргізілді. XIII-XIV ғғ. Қыпшак тілінде діни-
дидактикалык сипаттағы біркатар кітаптар мен сөздіктер шыкты.
Бүл орайда мы на әдебиеттерді ерекше атауға болады: «Кодекс
куманикус», «Оғызнама», сондай-ак авторлык туындылар, яғни
Хорезмидің «Мухаббат-намасы», Кутбтың «Хұсырау мен
Шырыны», Сайф Саранның «Гүлістан би-түркі», Дүрбектің
«Жүсіп-Зылихасы», Рабгуздің «Киссас уль-ания» жэне т.б. XIII-XV ғғ. жазба әдебиетпен бірге көшпенділердің дәстүрлі
жанры - ауыз эдебиеті катар дамыды. Әсіресе бүл кезенде
жыршылык дәстүрге ерекше мэн беріліп, Асан кайғы, Қазтуған,
Доспамбет жэне Шалкиіз жыраулардың жырлары ел арасына
кеңінен тарады. Мұндай көркемдік дэрежесі жоғары шығарма-
шылык құбылыс Сыпыра жырау мен Кетбұғыдан басталады.
Халыктың айтуынша, Кетбүғы Шыңгысханға арналған сазында
Жошының өліміне байланысты жоктау айткан екен. Токтамыс
ханның тұстасы болтан Сыпыра жырау Алтын Орда беделі үшін
белсене күрескен. Жыраулардың есімі халыктың ауыз әдебиеті
мен біркатар жырлары аркылы казіргі ұрпакка дейін жетіп отыр. Ауызша айтылып келген эпостык шығармалардың орны
ерекше. Эпостык жырлар («Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер
Тарғын», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Сайын»)
Алтын Орданың тарихын, хандардың кызметі мен батырлардың
сырткы жаулардан елді корғаудағы ерліктерін мадактап, жырга
косты. XIV ғасырдың орта кезінде Қазакстан даласында ислам діні
кеңінен тарады. Қазакстанда исламды насихаттау үшін діни
суфизм ағымы - яссауи мен накшбанди пайда болды. Қыпшак
тілінде дін уағыздарына байланысты зерттеу трактаттары жазылды. 1430 жылы Қүранға, оның сүрелеріне түсіндірме
берілген «Китаб мукаддима» еңбегі жарық көрді. 1421 жылы
Египетте шыққан «Китаб ад-Дагва» еңбегінде исламның әдет-
ғүрыптары, шариаттың мінез-қүлық ережелері, діни қүқықтары
туралы жан-жақты жазылды. XII1-XV ғасырлар кезеңі Қазақстан түрғындарыүшінматериалдық жағынан да, рухани мәдениеті жағынан да гүлденудәуірі болды. Түтастай алғанда, бүл кезеңде қазақтардың
материалдық және рухани мәдениетінің негізі қаланды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |