Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. Қаныққан және қанықпаған бу



Дата02.01.2022
өлшемі31.42 Kb.
#453467
ЧС -11 лекция


01.02.2021.

Тақырып: Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы.

  1. Қаныққан және қанықпаған бу. Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз жабатын болсақ, онда сұйықтың азаюы тез арада тоқтайды. Температура өзгермеген жағдайда буланумен қатар конденсация жүріп отырады және бірін-бірі теңгереді. Алғашқы кезде сұйық буланады да, оның үстіндегі будың тығыздығы арта бастайды. Ал сұйыққа қайта оралатын молекулалардың саны да артады. Сұйық бетінен шығып кеткен молекулалар санымен, сол уақыт ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының саны тең болдаы. өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.

Қаныққан будың қысымы. Температура тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы оның алатын көлемі байланысты болмайды. Сұйық өзінің буымен тепе-теңдікте болған жағдайда, көлемге тәуелсіз бу қысымы қаныққан бу қысымы делінеді. Қаныққан будың қысымы көлемге тәуелсіз болғандықтан температураға тәуелді болады. Қаныққан будың қысымы тек температураға тәуелді емес, бу молекулаларының шоғырына(тығыздығына) да тәуелді болады. Сұйық түгел буланып болғанда, одан әрі қыздырғанда қаныққан бу температураға тура пропорционал болып өседі.

  1. Қайнау

Қайнау деп сұйықтың бетінде ғана емес, оның толық көлемі бойынша жүретін булану процесін айтады. Қалыпты атмосфералық қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады

Ауаның ылғалдылығы

  1. Проблемалық сұрақтар:

Жауаптары:

  1. Жер бетінің бөлігін су алып жатыр.

  2. Атмосфералық ауаның өзі түрлі газдардың және су буының қоспасы болып саналады. Ауадағы су буының қанығудан қаншалықты алыс екенін көрсететін шама салыстырмалы ылғалдылық. Ауадағы су буы қаныққан буға жатпайды.

  3. Берілген температурада ауа құрамындағы су буы парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың қысымына,пайызбен өрнектеліп алынған, қатынасы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады.



  1. Гигрометр, психрометр құрылғыларымен өлшейді.

  2. Су буы қаныққан буға айналатын температура шық нүктесі делінеді. Ауа шық нүктесіне дейін салқындағанда будың конденсациясы басталады; тұман пайда болады, щық түседі. Шық нүктесі су буының парциал қысымын, салыстырмалы ылғалдылықты анықтауға мүмкіндік береді.

  3. Адам терісінің бетіндегі ылғалдың буланып кебу шамасы ауаға байланысты болады. Адам денесінің температурасын тұрақты ұстап тұру үшін ылғалдың булануының маңызы өте зор. Ауа райын күні бұрын болжауға болады. Атмосферадағы су буының мөлшері 1 %-ке жуық, бұл шама атмосферада құбылыстарда айтарлықтай өзгерістер тудырады. Бұйымды сақтауда да ылғалдылықты білу маңызды.

Есеп шығару

    1. Массасы 1,2 кг суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет. Судың бастапқы температурасы С. Судың менікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг*0С.

Бер: шешуі:

m =1,2 кг Q = m*t*c = 1,2*18*4200 = 90720Дж

t = С

c = 4200 Дж/кг*0С

Q =? Жауабы: 90720Дж

2. Осындай энергияны бөліп шығару үшін қанша ағаш отын жағу керек? Жылу мөлшері 4,1 * Дж. Ағаш отынның меншікті жану жылуы Дж/кг.

Бер: шешуі:

Q =4,1 * Дж Q = m*q

q = Дж/кг m = Q /q = 4,1 * / 10*106 = 0,41кг

m =? Жауабы: 0,41кг

3.160 С температурада 4 м3 ауада 40 г су буы бар. Салыстырмалы ылғалдылықты табыңдар.

Бер: шешуі:

t = 160 С

V = 4 м3 P = m / V = 40 / 4 = 10 г/м2

m = 40 г t = 160 С = P0= 13,6, г/м2

φ =? φ = 10/ 13,6*100% = 73,5 %



Жауабы: 73,5 %

Үй жұмысы:

  1. Конспект

  2. Есеп шығару

  1. Салмағы 25 г оқ-дәрінің толық жануы кезінде қанша жылу бөлінеді? q = Дж/кг

  2. Салмағы 0,5 тонна шымтезек? q = Дж/кг

  3. Салмағы 1,5 тонна тас көмір? q = Дж/кг

  4. Егер 15 кг шымтезек жанған кезде 2,1 • 108 Дж энергия бөлінсе, шымтезектің нақты жану жылуы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет