Vтарау. БІЛІМДІ ЖИНАҚТАУ САБАҒЫНЫҢ МОДЕЛІ
«АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫН ҚАЙТАЛАУ
/ бөлім. Модельді қорғау, конкурс.
а) Жырдың сюжеттік-композициялық құрылысының моделі.
ә) Өздеріне ұнаған кейіпкерлерінің моделі.
Конкурс шарты:
– Модельді жырдың негізінде салу, нақтылық, деректілікке негіздеу. Мәтіннен мысалдар ала отырып қорғау.
– Оқушының қиялы, шығармашылық қабілеті, өнерпаздығын ескеру.
– Жырды қаншалықты қабылдауын, түсінгендігін, тіл байлығын қарастыру.
– Сабақты оқушы жүргізеді, сарапшылар талдайды, бағалайды, орындар тағайындайды.
– Сынып оқушыларының пікірі де есептеледі.
II бөлім. Мәтінге жуық тұжырымды әңгімелеу. Конкурс, білім, сюжет.
Шарты:
– Әр оқушы өзіне ұнаған, қалаған эпизодтарын әңгімелеу керек.
– Әңгімелерін жырдан үзінді алып, тақырып қоя анықтап айтады.
– Жырдағы айшықты сөздер, шешендікке құралған оралымдар әңгімеде болуы керек. Өздері таңдаған эпизодтарының ішіндегі.
– Бұл бөлімде де оқушы сабақ жүргізеді.
– Сарапшылар бағалайды, талдайды, жүлде белгілейді.
/// бөлім. Ұрпақ айыптауы. Ұлтан, Мыстан, Тайшықты айыптау.
Шарты:
– Жырдан нақты мысалдар алып, кәналарын мойнына қояды.
– Портреттері, сөйлеу тілдерін дәлел етеді.
– Олар туралы Алпамыс, Гүлбаршын, т.б. кейіпкерлерді куәлікке тартады.
– Оқулықтағы ұғымдар, талдаулар пікірлер де куәлікке жүреді.
– Ақтаушы да жоғарыдағы нұсқауды басшылыққа алады.
– Екі жақты тындап, Төле би үкім шығарады.
– Сабақтың бұл кезіңін де оқушы жүргізеді.
– Ол ақтаушы, айыптаушы, Төле биді өзі сайлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |