Анықтамалық-жолсілтеме қызылорда, 2014



бет1/2
Дата15.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#200054
түріАнықтамалық
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

shape5_university_logo
Білім алушы үшін

АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕМЕ

Қызылорда, 2014



«Бекітемін»

Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректоры, т.ғ.к., профессор

_________________ А.Т.Жүнісов

«___» _____________ 2014 ж.





Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер
1.1. Университет туралы қысқаша ақпарат

Толық атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Мемлекеттік лицензиясы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен 2012 жылы 11 желтоқсанда электрондық лицензиялау бойынша шектеусіз мерзімге берілген лицензиясы №12019394

Негізі 1937 жылы қаланған, 75 жылдан астам тарихы бар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Сыр өңірі мен Қазақстанның Оңтүстік-Батыс аймағының ғана емес, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі салалары үшін жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіби мамандар даярлайтын іргелі оқу орны.

Университеттегі білім беру қызметі бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен 2012 жылы 11 желтоқсанда электрондық лицензиялау бойынша шектеусіз мерзімге берілген лицензиясы (№12019394) және университет Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.

Университеттің миссиясы – білім беруді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың инновациялық технологияларын енгізе отырып оқыту үдерісін жетілдіру, теория мен практиканы ұштастыру арқылы профессор-оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігін дамыту, тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастарды ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеу негізінде отансүйгіш, адамгершілігі мол, білімді де, парасатты, бәсекеге барынша қабілетті мамандар даярлау.

Университеттің білім беру қызметінің басым бағыттары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында білім беру саласын дамытуға байланысты айқындалған міндеттерге сәйкес іске асырылады.

Университеттің 47 мамандығы (бакалавриат-27, магистратура - 17, докторантура-3) мамандығы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мамандандырылған сыртқы аудит комиссиясының аккредиттеуінен өтті.

Білім беру қызметі университет құрамындағы 5 факультетте және оларға қарасты 33 кафедрада ұйымдастырылады.

Бакалавриаттың күндізгі және сырттай оқу нысанында 59 мамандық бойынша мамандар даярланады:

c:\documents and settings\rahila\рабочий стол\222_1.jpg
Студенттер қатарынан Қазақстанның Қорғаныс күштері үшін запастағы офицерлер дайындау мақсатында университетте әскери кафедра жұмыс жасайды.

Университетте 626 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінде 28 ғылым докторлары, 249 ғылым кандидаттары, 194 магистрлер бар.

Университеттің бакалавриат, магистратура, PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілердің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар жіктеуішіне сәйкес 14 Ғылыми-әдістемелік үйлестіру кеңестері құрылған.

2013-2014 оқу жылынан бастап университет «Платонус» бағдарламасын оқу үдерісіне ендірілген.

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары мен силлабустар «Платонус» бағдарламасына енгізілген. Университеттің корпоративті желісі арқылы әрбір оқу ғимаратында орналасқан электрондық оқу залдарынан, кітапханалардан, компьютерлік сыныптардан қажетті жоғарыда аталған құжаттарды студенттердің, оқытушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік жасалынған.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың нәтижелерін, сондай-ақ, оқу семестрі мен оқу жылының қорытындысы бойынша шығарылған бұйрықтарды әрбір білім алушы және оның ата-аналары университеттің platonus.korkyt.kz порталынан кез келген уақытта таныса алады.

Білім порталында қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқитын білім алушыларға он-лайн және офф-лайн режимінде университет профессор-оқытушылармен кеңес жүргізуге мүмкіндік қарастырылған.

Университеттің білім беру қызметінде:



  • 10 оқу ғимараты;

  • 1344 орынға арналған 5 жатақхана;

  • 2 миллионнан астам кітап қоры;

  • 920 орынға арналған 7 оқу залы;

  • 40 орынға арналған 2 электрондық оқу залы;

  • жаңа үлгідегі 1300-ге жуық компьютермен жабдықталған компьютерлік парк;

  • 64 мамандандырылған оқу зертханалары;

  • 4 шеберхана;

  • 7 студенттік асхана;

  • 1 дәрігерлік пункт;

  • 1 оқу-әскери полигоны;

  • 1 спорттық сауықтыру кешені;

  • 7 спорт залы және 3 спорт алаңы;

  • 1 жылыжай;

  • студенттер сарайы, мұражайлар мен көрме залдары пайдаланылады.

Университет баспаханасынан «Сыр түлегі» жастар газеті мен «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналы шығады.

Университет жанында:

1. Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығы;

2. «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты;

3. Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы;

4. Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығы;

5. Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту орталығы;

6. Коммерциализациялау және технологиялар орталығы;

7. «Анализдеудің физика-химиялық әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы жұмыс жасайды. Бұл зертхананың құны 200 млн. теңгені құрайды. Зертхана белгілі шеңбердегі талдау міндеттерін шешуге арналған және сертификатталған соңғы үлгідегі талдағыш қондырғылармен толық жабдықталған.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық деңгейінде жүзеге асырылады.

Білім алушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Шет елдерде кадрлар даярлау, озық тәжірибелермен алмасу, халықаралық стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын жетілдіру және көптеген білім саласындағы басқа да мақсаттар бойынша университет пен Ресей, АҚШ, Канада, Түркия, Корея, Италия, Австрия, Франция, Қытай секілді дамыған елдердің жоғары оқу орындары арасында 60-тан астам келісім-шарттар жасалған.

Университет шетелдік 65, отандық 28 жоғары оқу орындарымен әріптестік келісімдер арқылы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырады.

2013-2014 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польша Республикасының Лодзь университеті, Корея Республикасы, Кангнам университеті, Кангвон университеті, Ресей Федерациясы, Қазан мемлекеттік аграрлық университеті, Қазан федералдық университеттерінде 42 студент білім алды. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университеттің оқу үдерісіне шет елдерден оқытушыларды тарту қызметі белсенді жүзеге асырылады.

Университет бакалавриаттың 9 мамандығы бойынша көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Университет оқытушылары мен білім алушылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Университетте студенттердің бос уақыттарындағы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін Студенттер сарайы, 7 спорт залы, 2 тренажерлық зал, студенттер жатақханалары жанындағы студенттер қалашығы, спорт алаңдары қызмет етеді.

Университет профессор-оқытушылары мен білім алушыларының спортқа ден қоюына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған. Жалпы ауданы 3294,86 ш.м. болатын заманауи «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені бар. «Сыр сымбаты» спорт клубында 21 спорт секциялары үздіксіз жұмыс істейді.



Біздің мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 100008, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 «А» 8 (7242) 26-15-46 , факс: 8 (7242) 26-27-14, E-mail: www.korkyt.kz
1.2. Университет кітапханасы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы - гуманитарлық университет, политехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық кітапханалары қорларынан құралған.

Кітапхана қорында 2 106 667 дананы құрайтын педагогикалық, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, арнайы құжаттар, ағылшын тіліндегі кітаптардың түп нұсқалары, сирек кездесетін әдебиеттер және мерзімді басылымдар бар. Оның: 800 181 данасы кітаптар, мерзімді басылымдар – 261 169, арнайы басылымдар (мөлшерлік-техникалық) – 932 760 және т.б.

Кітапхана гуманитарлық, ғылыми, техникалық және т.б. салалар бойынша 500-ге жуық атау қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

Университеттің оқу ғимараттарында, екі жатақханасында - ғылыми-техникалық кітапхананың 700 орындық 7 оқу залы, 5 абонемент, 3 ақпараттық-анықтама бөлімі, 2 электронды зал оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

Кітапхананың электрондық ресурстары 55 000-нан аса дана СD-ROM дискілер, аудиокассеталардан тұрады. Оптикалық дискілерде электрондық шығармалардың қоры - бұл мультимедиалық үйретуші бағдарламалар, заңға сүйенген деректер қорлары, экономика, тарих, философия, тіл білімі және басқа электронды оқулықтардың жинағы.

Кітапхана РМЭБ (www.rmeb.kz), КазНЭБ (www.kazneb.kz), анықтамалықтар, (www.polpred.com), Британдық академиялық энциклопедия (www.britannica.com) және т.б. электронды кітапханалар базасын пайдалана алады. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап ELSEVIER. (www.elsevier.com) электронды ресурстар базасын пайдалану құқығына ие болды.

Кітапхана түрлі техникамен жабдықталған: компьютерлер, принтерлер, сканер, мультимедиа, аудио-бейне, DVD-аппараттары, телевизор, көшірме аппараттары.

Пайдаланушылардың Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар.

Кітапхананың компьютерлік паркі 55 дананы құрайды.

«РАБИС» бағдарламасы негізінде автоматтандырылған жұмыс орындары арқылы кітапханалық-библиографиялық процестер оңай атқарылады. Екі электронды залда пайдаланушыларға 35 орын толығымен жасақталған.

Кітапхананың негізгі және алға қойған міндеттері:


  • ҚР білім және ғылым министрлігінен келген құжаттарды негізге алып, университеттің ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, анықтама-ақпараттық қорды толықтыру;

  • университеттің бейініне және кафедралардың ғылыми көзқарасына байланысты басылымдарды насихаттау жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру;

  • оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

  • кітапханалық маркетингті кеңінен енгізу;




  • қорды сақтауды қамтамасыз ету;

  • кітапхана кадрларын дайындауға және біліктілік деңгейін көтеруге ықпал ету;

  • кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру.

Кітапхана мәдениет пен рухани байлықтың ошағы болғандықтан университетте сала мамандарын дайындауда, студенттерді патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеуде ғылыми-техникалық кітапханасы үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда университетте өткізілетін көпшілік іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене ат салысып отырады.

Кітапханашылар жұмыс тәсілінің әр түрлі формасын басшылыққа ала отырып, университет оқытушы-профессорларымен бірге әртүрлі кештер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.


электронды оқу залы

Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері :

Кітапхананы университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері пайдалануға құқығы бар.

Кітапхананың негізгі түрлері ақысыз қызмет көрсетіледі. Университет ректоры бекіткен тізбектер мен прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетіледі. Ақылы қызметтерге мыналар жатады: құжаттар көшірмесі, әдебиеттерді түнге алу, компьютерлік теру, Интернетке шығу.

Әдебиет үйге абонементтерде беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана, сондай-ақ «міндетті дана» белгісі бар дана үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залында әдебиетті залдан шығару құқығынсыз пайдалануға болады.

Оқырмандарды кітапханаға жазу үшін төмендегідей құжат қажет:


  • қызметкерлерге – жұмыс орнынан анықтама немесе төлқұжаты;

  • оқушыларға – университетте оқитынын дәлелдейтін құжат немесе анықтама.

Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билеті, оқырман формулярлары толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюымен растайды.

Оқырман билетінің қолданылу мерзімі – бір жыл. Кітапхана жыл сайын өзі белгілеген мерзімде оқырмандарды оларға жазылған әдебиетінің бәрін көрсетуімен қайта тіркеуден өткізіп, оқырман билетін ұзартады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.

изображение 117
Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.

Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану қағидасында көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен материалдарды жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтірген кәмелетке толмаған оқырмандар үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-анасы, асыраушысы тартады.

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана құны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейді.
Абонементті пайдалану ережесі:

Абонементте әдебиетті үйге міндетті түрде оқырман билеті арқылы береді.

Әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:



    • қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын шектеусіз бір оқу жылына;

    • оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне;

    • ғылыми және арнаулы әдебиет – 2-3 кітаптан – 30 күнге;

    • көркем әдебиет – 2-3 кітаптан – 20 күнге.

Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.

Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.

Сырттай оқу нысаны бойынша оқитын білім алушылар қажетті әдебиетпен сессияаралық кезеңде қамтамасыз етіледі.

Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші студенттің қол қоюымен тіркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы жауап береді.



Оқу залын пайдалану ережесі:

Оқу залында кітап беру бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі.

Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.

Жеке залы жоқ кітапханаларда кітапхананың жұмыс уақыты шегінде әдебиетті оқу орнының қабырғасында пайдалану үшін абонементте бірыңғай оқырман билетімен беріледі. Кітапхана бір күнге алынған әдебиеттің уақытылы қайтарылуын бақылайды.

Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.

Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айрылады.


Электронды оқу залын пайдалану ережесі:
Электронды оқу залында отырып жұмыс істеу бірыңғай оқырман билеті бойынша жүргізіледі.

Электронды оқулықтар мен тасымалдағыштарды пайдалану үшін арнайы тіркеу журналына тіркеліп, оқырманның қолы қойылады.

Электронды оқу залында рұқсатсыз өз дискісімен жұмыс істеуге болмайды.

Компьютерлерден ахау шыққан жағдайда кезекші кітапханашыға міндетті түрде айтуы тиіс.


оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі


Оқырманның құқықтары мен міндеттері:

Оқырмандардың мынаған құқығы бар:



    • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;

    • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

    • кітапханада электронды техника бар жағдайда облыстық оқу ұйымдарының жиынтық электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады;

Оқырмандар мынаған міндетті:

- әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;

- кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;

кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:

- кітапханаға сырт киіммен кіруге;

- оқу залына сөмкемен кіру;

- кітапхана бөлмелерінде тыныштық тәртіп бұзу;

- кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;

- кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу);

- картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;

- қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру;



Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхананың мынаған құқығы бар:

- берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуын үнемі бақылауға;

- кітапхананы пайдалану қағидасын бұзған оқырмандарға айыппұл санкциясын қолдануға;

- оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда оқырманның жұмыс орны бойынша сол басылымның шынайы нарықтық құнынан он есе мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына баруға. Кітапхана мынаған міндетті:

- өз қызметінде адамгершілік, саяси және идеологиялық көп пікірлілік қағидаларын басшылыққа алуға;

- кітапханада оқырманның жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға;

- оқырмандардың талап-тілегін зерттеп, толығымен қанағаттандыруға;

- кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету мен кітаптарды насихаттауды жетілдіруге, сондай-ақ компьютерлендіру мен озық технологияны енгізіп, бұл мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыс істеудің әртүрлі нысандарын пайдалануға;

- білім алушылардың оқуына басшылық жасап, олардың бойына кітапқұмарлықты дарытып, үнемі білімін өздігінен жетілдіруге, білімге ұмтылысын оятуға;

- кітапхана-библиографиялық білім негіздері жөнінде ауызша кеңестер мен факультативтер өткізу жолымен оқырмандардың оқу мәдениетін көтеруге;

- қорда бар кітаптарды, баспа басылымдары мен материалды белгіленген қағидаларға сәйкес есепке алып, сақтауға әрі пайдалануға;

- ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі табылатын өз қорының сақталуы үшін жауап беруге.

Кітапхананың жұмыс кестесі
Университет кітапханасыжұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліссіз. Демалыс күні – жексенбі.

Жатақханалардағы кітап беру пунктері сағат 13.00-ден 20.00-ге дейін, жексенбі күні сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін. Демалыс күні – сенбі.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапхананың жұмыс кестесін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры бекітеді.



каталог залы

1.3. Студенттер жатақханасы
Университет жатақханаларына студенттерді орналастыру мен орын бөлу тәртібі:

Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі университеттің студенттік кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, топтар мен Студенттер Кеңесі жиналыстарының шешімі негізінде студенттік жатақханалар тұрғындарының контингентін қалыптастырады.

Тамыз айында студенттік кәсіподақ комитеті өзін-өзі басқару Кеңесі жасаған жатақханалардағы курс бойынша орналасу тобын бекітеді. Тамыз айының соңынан бастап әрбір курста жатақханалардағы орындарды бөлу жөнінде комиссиялар жұмыс істейді.

Бірінші курс студенттерін жатақханаларға орналастыру 1-қыркүйекке дейін жүргізіледі және орын алуға ниет білдірушілерге беріледі.

Жатақханалардағы орналастыру аяқталғаннан кейін, бірінші қазаннан бастап бөлмелерді төлқұжаттандыру жүргізіледі. Әрбір бөлменің төлқұжаты Студенттік Кенесте сақталады, оған тұрғындардың аты-жөні енгізіліп, бөлмедегі студенттердің материалдық жауапкершілігіндегі барлық инвентарлар белгіленеді.

Мұндай тәртіп жатақханалардағы мүліктердің сақталуына, қоғамдық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Бөлме төлқұжаттарына жыл бойына тұрғындарға жасалған ескертпелер енгізіледі. Мамыр-маусым айларында бөлмелерге аттестациялау өткізіледі, онда берілген ескертпелер негізінде студенттердің жыл бойына атқарған қоғамдық жұмыстарына қарай оларға келесі оқу жылында жатақхана беру жөнінде шешім шығарылады.

Жатақхана тұрғындарының міндеттері:

  • Жатақхананы пайдалану ережелерін қатаң сақтауға;

  • Өзіне бекітілген және жатақхана мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге;

  • Жатақханада өткізілген мәдени іс-шараларға қатысуға;

  • Жатақхана маңында жүргізілетін тазалық жұмыстарына қатысуға;

  • Өзінің тұрып жатқан кіре берісі мен қабатының, бөлмесі мен тұрмыстық орындарының тазалығын сақтауға;

  • Кезекшілік кестесі бойынша уақытылы шығуға;

  • Жатақхана тұрғындарына басқа бөлмеге, ал кезекші оқытушыларға жазғы мезгілде сағат 23.00-ден кейін, қысқы мезгілде 22.00-ден кейін тұрғынның рұқсатынсыз бөлмеге кіруге болмайды;

  • 2008 жылдың 04 желтоқсанының №6959–а бұйрығына сәйкес студенттік жатақханаларға бөгде кісілердің, яғни (ата-ана, туыстары, достары, таныстары, тағы басқа) кіруіне тыйым салынады.

  • Оқу жылының аяғында әр студент өзінің бөлмесін, әр қабаттың старостасы қабаттың дәлізін және санузельдерді жөндеуден өткізіп, тапсыруға;

  • Күзетшіге рұқсат қағазын көрсетуге;

  • Студенттік кеңеспен, оның төрайымымен тікелей байланыс жасауға.

Жатақхана тұрғындарының құқығы:

  • Жатақхана кеңесінің төрағасын сайлауға (студенттер кеңесі) және оның құрамын сайлауға, сайлануға;

  • Жатақхананың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттер кәсіподақ комитетінің алғысымен марапатталуға;

  • Ата –анасы , туыстары келген жағдайда тиісті құжаттармен демалыс бөлмесінде жүздесуге;

  • Танымайтын бөтен адамдар есік қаққанда, жанында студенттер кеңесінің төрағасы немесе старостасы болмаған жағдайда есікті ашпауға;

Жатақхана тұрғындарына тиым салынады:

  • Бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетінше орналасуға;

  • Тұрғын бөлмелерде электр және оттан қауіпті приборларды пайдалануға;

  • Бөтен адамды түнеуге қалдыруға;

  • Жатақханаға ішкілік ішкен күйде келуге, бөлмеде спиртті ішімдіктерді ішуге және сақтауға;

  • Жатақханада темекі шегуге;

  • Терезеден қоқыс төгуге;

  • Сағат 23.00-ден кейін радиоқабылдағыш, магнитофон, телевизор дауысын бөлмеден тысқары естілетіндей күшейте қосуға;

  • Жатақханаға қысқы маусымға орай сағат 22-00-ден кейін кіруге.

Жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін орындамау үшін қолданатын әкімшілік шаралар:Жатақхана тәртібін бұзғаны үшін Студенттер кеңесінің құрамы мынадай жаза қолданады:

  • Ескерту;

  • Сөгіс;

  • Қатаң сөгіс;

- Жатақханадан шығару

Жатақхана тұрғыны ішкі ережелерді, өзіне жүктелген міндеттерді себепсіз орындамаса, егер бұрын да оған ескертулер қолданылған болса, тәртіп жөніндегі шара ретінде жатақханадан шығару ережесі қолданылады.

Жаза қолданғанға дейін жатақхана тәртібін бұзушыдан түсініктеме талап етіледі. Әкімшілік шараны жағымсыз әрекет ашылғаннан кейін 1 аптадан кешіктірмей қолданылуы тиіс. Жатақахана тәртібін бұзғаны жөніндегі жаза әкімшілік шешімі түрінде шығарылады.

Жатақхана тұрғындарының асханада сақтауға міндетті ережелері:

- Асханада тазалық ережелерін сақтау.

- Асты ұқыпты әзірлеу.

- Асты кезекпен әзірлеу

Асты әзірлеу барысында өзгелерге кедергі келтірмеу және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Асты ішіп болғаннан кейін орнын тазалап кету.

Асханада кезекшілік кестесі бойынша тазалық күнін жүргізіп тұру.

Тұрғындар жатақхана асханасындағы ережелерді сақтамаған жағдайда студенттік кеңестің шешімімен жатақханадан шығарылады.


Жастар ісі жөніндегі комитет

Жастар ісі жөніндегі комитет - мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жастар ісі жөніндегі комитет өзіне тапсырылған университет пен институттардың Жастар ісі жөніндегі комитет пен құрылымдары жұмыстарының тиімділігімен басқару саласындағы ахуалы үшін ректорат алдында жауапты.

Жастар ісі жөніндегі комитет өзінің жұмысын ректорат басшылығымен, ал күнделікті атқаратын жұмысын, тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директорының басшылық етуімен жүргізеді.

Жастар ісі жөніндегі комитет өз мәжілісінде жоспар бойынша көтерілген мәселелерді талқылап, университеттің жастар құрылымдарының есебін, баяндамаларын тыңдайды.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің қаулы, тапсырма түрінде берілетін шешімдерін институт белсенді студентері, комитет құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыруға тиіс.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:

  • университетте жастар саясатын жүзеге асыру;

  • университеттегі, институттардағы, топтардағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге қатысу, студенттік ұжымдардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

  • студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;

  • университеттің мәдени-көпшілік жұмыстарын жүзеге асыруға ықпал ету;

  • университет жастары проблемалары бойынша облыстағы жастар қоғамдық ұйымдарымен, жоғары инстанцияларымен тығыз байланыс орнату;

Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысының мазмұны

  • Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында баяндалған құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу жұмыстарын жүргізеді;

  • жастардың жеке және ұжымдық кәсіпкерлік жұмыстарын қолдайды және дамытады;

  • жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақыттарын мазмұнды ұйымдастыруға ықпал етеді;

  • басшы органдардың, ректораттың шешімдерін орындау жұмыстарын ұйымдастырады;

  • университет жұмысының, институт қоғамдық құрылымдарының жұмыс бағыттарына басшылық жасайды;

  • Комитет бөлімшелері үшін кадрлар мен активтер іріктеуді жүзеге асырады;

  • Комитеттің, бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау, бөлімшелердің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды;

  • жастар мен жұмыстың озық тәжірибесін, жинақтап қорытады және таратады, өз жұмысының стилін, формасы мен әдісін жетілдіреді;

  • белгіленген тәртіп бойынша басқа жоғары оқу орындарымен, жастар ұйымдарымен, басшы органдармен байланыс орнатады;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады; ғылыми конференциялар, олимпиадалар, байқаулар,үздік оқу тобына, жатақханаға конкурстар өткізеді.


2. КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

2014-2015 оқу жылына арналған академиялық күнтізбесі


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-не талапкерлерді тіркеу, студенттер қатарына қабылдау

25 тамыз

1 курс студенттері үшін элективті пәндерге таңдауды жүргізу

26-31 тамыз

1 курс білім алушыларының бейімделу аптасы

27-31 тамыз

ҚР Конституциясы күні (демалыс)

30 тамыз

2014-2015 оқу жылындағы күзгі семестр

Білім күні

1 қыркүйек

Күндізгі оқу бойынша 1-4 курстарының күзгі семестрі

1 қыркүйек-13 желтоқсан

Күндізгі бөлім бойынша І аралық бақылау

13-25 қазан

Күндізгі бөлім бойынша ІІ аралық бақылау

1-13 желтоқсан

ҚР Тәуелсіздік күні (демалыс)

16 желтоқсан

Күндізгі бөлім бойынша оқу іс-тәжірибе

Оқу үдерісінің кестесіне сай



Педагогикалық іс-тәжірибе

Үздіксіз педагогикалық практика

Өндірістік іс-тәжірибе

Күндізгі бөлім бойынша күзгі семестрдің сынақ-емтихан сессиясы

15 желтоқсан-3 қантар

Жаңа жыл (демалыс)

1,2 қаңтар

Күндізгі бөлім студенттеріне (І-ІҮ курстарға) қысқы демалыс

5-17 қантар

2014-2015 оқу жылындағы көктемгі семестрі

Күндізгі бөлім бойынша көктемгі семестрдің басталуы

19 қантар – 2 мамыр

Өндірістік іс-тәжірибе

Оқу үдерісінің кестесіне сай



Оқу іс-тәжірибесі

Педагогикалық іс-тәжірибе

Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе

Диплом жұмысы алдындағы іс-тәжірибе

І аралық бақылау

2-14 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз

Наурыз мерекесі

21,22, 23 наурыз

ІІ аралық бақылау

20 сәуір-2 мамыр

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

1 мамыр

Отан қорғаушылар күні (демалыс)

7 мамыр

Жеңіс күні

9 мамыр

2014-2015 оқу жылына 2-3 курс студенттерінің таңдау курстары бойынша элективті пәндерге жазылуы

1- 30 сәуір

Күндізгі бөлім бойынша көктемгі семестрдің емтихан сессиясы

4 -23 мамыр

Қорытынды аттестаттау

Оқу үдерісінің кестесіне сай

Әскери жиын

29 маусым-25 шілде

Жазғы семестр

Жазғы семестрдің теориялық оқуы

2 маусым-5 шілде

Жазғы семестрдің сынақ-емтихан сессиясы

7-12 шілде

Астана қаласының күні (демалыс)

6 шілде


2.2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде

білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
 Нормативтік сілтемелер

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылдың 13 сәуірдегі №168, 2010 жылғы 1 қарашадағы №506 және 2011 жылдың 16 наурыздағы №94 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген “Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі” (бұдан әрі – Ереже);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген “Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі”.



  1. Негізгі ұғымдар




    • Білім алушы – бакалавриаттың кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші студент немесе магистратураның кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші магистрант.

    • Үлгерімді ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

    • Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі.

    • Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    • Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    • Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.

    • Транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген, тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар, белгіленген нысандағы құжат.

    • Аралық (межелік) бақылау бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.

    • Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.

    • Емтихан сессиясы - білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі.

  • Белсенді үлестірмелі материалдар – сабақ үстінде білім алушыларға тақырыпты шығармашылықпен, әрі жемісті игеруі үшін таратылатын белсенді көрнекілік құралдар (дәрістер тезистері, сілтемелер, мысалдар, анықтамалар, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар).

  • Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі тапсырмалар (жазбаша жұмыс, тесттер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сауалнамалар т.б.) негізінде білім алушылардың нақты пән бойынша білім жетістіктерін анықтау.

  • Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) - барлық танымдық іс-әрекетте шығармашылық ойлауды дамытатын және интеллектуалды қабілетін оятатын білім алушының жеке жұмыс нысандарының жиынтығы.

  • Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) - оқытушының басшылығымен және оның тапсырмаларымен жүргізілетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс өзіндік жұмыс.

  • Білім алушының оқу жетістіктері – білім алушының оқу үрдісінде қол жеткізген деңгейін көрсететін білімі, ебдейлігі мен дағдысы.


2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін

бақылау және бағалау
1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың емтихан тапсыру және сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде жүзеге асырады.

2. Білім беруді ұйымдастырудың тиімділігін, оның сапасының деңгейін және білім алушылардың білім жетістіктерін анықтауды университетте тіркеуші офисі іске асырады.

3. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықталады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кесте 1


Пән бойынша бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық

құрамы, %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады.

5. Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.

6. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі.

7. Білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу тіркеуші офисіне жүктеледі.

9. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.

10. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған (дифференциалдық) сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.

11. Білім алушылардың кәсіби  практикадан (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) өтуі кезінде бағалануы сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының практикада болу мерзіміндегі жұмысы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, практика есебін қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі.

Пән бойынша бақылау түрі тек курстық жұмысты (жобаны) қорғау болған жағдайда, білім алушының білімін бағалау сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының курстық жұмысты (жобаны) орындауына 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, курстық жұмысты (жобаны) қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Бұл жағдайда курстық жұмыстың (жобаның) бағасы мемлекеттік стипендияны, курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі. Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) тапсыру беріліп, бірақ сол пәннен бақылау түрі емтихан болған жағдайда курстық жұмысты (жобаны) бағалау пән бойынша ағымдық бағалауға енгізіледі.

12. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.

Тіркеуші офисінің жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.

13. Факультет деканының емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде білім алушының аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.

Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезеңде факультет деканының жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;

2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады.

Аталған пән бойынша жіберу рейтингісін алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

14. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.

Емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

15. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», D, D+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.

16. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыға оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.

Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингісінің бағасы (орташа рейтинг) мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.

17. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды.

18. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, білім алушының транскриптіне жазылады.

19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

20. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

21. Факультет деканы кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) білім алушыға емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.



Факультет деканы білім алушыға денсаулығына, сәбиінің дүниеге келуіне, жақын туыстарының қайтыс болуына, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына рұқсат береді.

22. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.

23. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен беріледі.

24. Барлық оқыту нысанына арналған емтихандар кестесін тіркеуші офисі факультет деканымен бірлесе жасайды.

Емтихандар кестесін бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей емтихандар кестесі білім алушылар мен оқытушылар назарына жеткізіледі.

25. Емтиханға келгенде білім алушының қолында емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуы міндетті.

26. Қорытынды бақылау өткізу үшін тіркеуші офисі тарапынан емтихан қабылдаушыға білім алушылардың академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингісі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.

27. Білім алушының пән бойынша дәрісханалық жұмысының, оқытушымен өзіндік жұмысының және аралық, қорытынды бақылау (емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді (2- кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанда келтірілген).

28. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау приципі 1-қосымшада көрсетілген.

Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тарсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде берілген.

Кесте 2

Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы




Тапсырма

түрлері


Салмақтық үлесі


Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)



t1- 1-ағымдық бақылау (%)

Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)

t2- 2-ағымдық бақылау(%)

1

апта


2

апта


3

апта


4

апта




5

апта


6

апта


7

апта








8

апта


9

апта


10

апта


11 апта

12 апта

13

апта


14 апта

15 апта







1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

І

Дәрісханалық жұмыс, оның ішінде


0,60







60







60

1

Сабаққа қатысу

0,15


























































2

Сабақтағы белсенділік





























































3

Бақылау жұмысы





























































4

Зертханалық жұмыс





























































ІІ


БАӨЖ, оның ішінде:

0,40







40







40

1

ЕГЖ (презентация)





























































2

Үй тапсырмасы





























































3

Реферат, баяндама
































































Ағымдық бақылау

1

























100




























100


9.2. 2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымдалады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлесі оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-тан аспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет.

Есептеулерге түсіндірме: 11-бағандағы нәтиже сол тапсырма түрі бойынша әрбір аптадағы білім алушының алған бағаларының (100 пайызға дейін) орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады.

Тиісті тапсырма бойынша 12-бағандағы ағымдық бақылаудың бағасы сәйкес жолдардағы 11-бағандағы орташа арифметикалық қосындының 3-бағандағы салмақтық үлеске көбейтіндісі түрінде анықталады.

Әрбір тапсырманың 12-бағандағы нәтижелері қосылып, ағымдық бақылаудың нәтижесін береді.

2-ағымдық бақылаудың қорытынды бағасы да осы тәртіппен шығарылады.

Есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.

Осы келтірілген тәртіппен білім алушының кез-келген кезеңдегі (мысалы алғашқы 1-3 апта аралығындағы) ағымдық бақылауының бағасын есептеуге болады.

29. Білім алушының пән бойынша білімінің салмақтық үлесі бойынша 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау). Қорытынды бақылаудың (емтиханның) салмақтық үлесі бойынша 40%-ы тіркеуші офисі арқылы білім алушының ауызша жауап түрінде, жазбаша жауапты эксперттік комиссияның бағалауымен (штрих-код түрінде) немесе тест түрінде өткізу арқылы анықталады.

30. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды (модульді) бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

31. Ауызша емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

32. Жазбаша емтиханды өткізу кезінде білім алушыға 3 сұрақ беріледі. 1-ші сұрақ - ең жоғары 100 пайызға дейін, 2-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін, 3-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін бағаланады. Аралық бақылаудың және емтиханның қорытынды бағасы 3 сұрақ бойынша барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы түрінде шығарылады. Бұл есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Жазбаша емтиханды бағалау кезінде оқытушы қойған емтиханның қорытынды бағасы 4-кестеде көрсетілген пайыздық бағалардың аралығына сәйкес келген жағдайда бағалау білім алушының пайдасына шешіле отырып, келесі жоғары баға қойылады. Мысалы, оқытушы емтихан бағасына 91 пайыз қойған жағдайда, бұл бағаның 4-кестедегі бағалау шкаласында болмауына байланысты келесі жоғары балл 92 пайыз таңдалады.

33. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.


Кесте 3

Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)


Тест балы

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Пайыздық құрамы, %

20

А

100

19

А-

94

18

В+

89

17

В

84

16

В-

79

15

В-

75

14

С+

74

13

С

69

12

С-

64

11

D+

59

10

D

50-54

9-0

Ғ

0

Ал, тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген.


Кесте 4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет