Анықтамалық-жолсілтеме қызылорда, 2014


Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)



бет2/2
Дата15.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#200054
түріАнықтамалық
1   2
Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)




Тест балы

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Пайыздық құрамы, %

50

А

100

49

А

98

48

А

96

47

А

95

46

А-

94

45

А-

92

44

А-

90

43

В+

89

42

В+

87

41

В+

85

40

В

84

39

В

82

38

В

80

37

В-

79

36

В-

77

35

В-

75

34

С+

74

33

С+

72

32

С+

70

31

С

69

30

С

67

29

С

65

28

С-

64

27

С-

62

26

D+

59

25

D

50-54

24-0

Ғ

0

34. 1-аралық бақылау немесе 2-аралық бақылау басталғанға дейін білім алушылар осы кезеңге (сәйкесінше 1-7 немесе 8-15 апталар аралығына) есептелген ағымдық бақылаудың кемінде 20%-ын тапсыруға міндетті. Білім алушы ағымдық бақылаудың тиісті пайызын тапсырмаған жағдайда ол сол аралық бақылауға жіберілмейді. Білім алушы 1-аралық бақылауды тапсырмаған жағдайда 2-аралық бақылауға жіберілмейді. Сондай-ақ, білім алушы екі аралық бақылаудың біреуін немесе екеуін де тапсырмаған жағдайда емтиханға жіберілмейді.

35. Әрбір аралық бақылаудан кейін осы кезеңдегі білім алушының оқу жетістіктерінің рейтингісі шығады (сәйкесінше 1-рейтинг және 2-рейтинг). 1-рейтинг осы кезеңдегі білім алушының тапсырған ағымдық бақылауын (t1) 0,7 коэфициентке және аралық бақылауын (r1) 0,3 коэфициентке көбейтіп өзара қосындысы түрінде анықталады. 2-рейтинг те осы ретпен есептеледі. Рейтингтің толық бағасы келесі формуламен есептеледі:

;
мұндағы: R1 – 1-рейтинг, t1 – 1-ағымдық бақылау, r1 – 1-аралық бақылау,

R2 – 2-рейтинг, t2 – 2-ағымдық бақылау, r2 – 2-аралық бақылау.


36. Егер білім алушы дәлелді себептермен 1-ағымдық бақылауды мерзімінде толық тапсыра алмаған жағдайда, деканның рұқсатымен 2-аралық бақылауға дейін 1-ағымдық бақылауды тапсыра алады. Ал дәлелді себептермен 2-ағымдық бақылауды мерзімінде толық тапсыра алмаған жағдайда, деканның рұқсатымен емтиханға дейін 2-ағымдық бақылауды толықтырып тапсыра алады. Бұл жағдайларда сәйкес ағымдық бақылаудың толық бағасы негізгі мерзімде тапсырған бағасы мен толықтырып тапсырған бағасының қосындысы түрінде анықталады.

37. Егер білім алушы аралық бақылауды белгілі себеппен мерзімінде тапсыра алмаған жағдайда, деканның рұқсатымен бұл себеп дәлелді болған жағдайда 1 коэффициентімен, ал дәлелсіз болған жағдайда 0,8 коэффициентімен аралық бақылауды тапсырады. Деканның өкімімен 2-аралық бақылауға дейін 1-аралық бақылауды және 2-аралық бақылауды сол пәннен емтиханға дейін тапсыра алады.

38. Академиялық кезең (семестр) кезіндегі білім алушының Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) екі рейтингтің орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады:

.

Академиялық кезең (семестр) кезіндегі білім алушының Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) 35%-дан аз болса, бұл білім алушы емтиханға жіберілмейді.

39. Қорытынды бақылауды (емтиханды) өткізу үшін тіркеуші офисі емтихан қабылдайтын оқытушыға білім алушының академиялық кезең бойында жинақтаған балы мен рейтингтік бағасын көрсететін емтихан ведомостін ұсынады.

Пән бойынша қорытынды баға келесі формуламен анықталады:

мұндағы: Е –емтиханның бағасы.

40. Емтихан аяқталған соң пән оқытушысы ведомостпен сынақ кітапшасына білім алушының алған бағасын толтырып, қол қояды және емтихан ведомостін тіркеуші офисіне қайта өткізеді. Көшірмесі деканатқа (институтқа) тапсырылады. Емтихан ведомостері негізінде деканаттарда (институттарда) жиынтық ведомос даярланады.

41. Егер білім алушы емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса, онда сол пәннің толық курсын игеру үшін жазғы қосымша семестрге ақылы негізде қайта оқуға қалдырылады.

42. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.

43. Егер білім алушы оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Білім алушының дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «келген жоқ» белгісі «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы жазғы семестрде жүзеге асырылады.

44. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға өтініш беруге құқы бар.

Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде білім алушының жеке емтихан ведомосы жасалады, ол негізгі емтихан ведомосына тіркеледі.

45. Білім алушы дәлелді себеппен емтиханға келе алмаған жағдайда, жеке кестеге сәйкес емтиханды тапсыруға рұқсат беріледі.

46. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан нәтижелері 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе негізінде жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес бағаланады.

47.Әрбiр оқу жылының аяғында білім алушының оқу жетістіктері бойынша үлгерімнің орташа балы – GРА есептелiп шығарылады. GРА былайша анықталады: оқу пәніне берілген кредит көлемі мен білім алушының сол пәннен алған қорытынды балының (1-ші кестеде берілген) көбейтіндісі оқу жылына жоспарланған барлық пәндер бойынша қосылып, сол пәндердің жалпы кредитінің санына бөлінеді. Формуласы:
;
Мұндағы - әрбір пән бойынша кредиттердің саны, - білім алушының әрбір пәннен алынған қорытынды балы.

Білім алушының курстан курсқа өту балы GРА болып табылады. Университетте Ғылыми Кеңестің шешімімен курстан курсқа өту балы келесі түрде бекітілген (5-ші кесте).

Кесте 5

Курс

Өту GPA балы

Әріптік жүйе негізінде бағалау бойынша

1-курстан 2-курсқа

1,5

D+

2-курстан 3-курсқа

1,67

C-

3-курстан 4-курсқа

1,84

C-

4-курстан 5-курсқа

1.9

C-

48. Өту балын алған білім алушылар факультет деканының ұсынысы негізінде университет басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

49. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

50. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

51. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.

52. Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

53. Транскрипке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

54. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.



55. Бітіруші курстың білім алушысы жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

56. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушылардың білімі 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.

57. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

58. Емтихан сессиясының қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, деканат (институт) мәжілістерінде, университетің Ғылыми Кеңесінде талқылануға ұсынылады.

59. Университет емтихан сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға тиісті нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.

60. Академиялық қарызы үшін білім алушы унверситеттен шығарылмайды. Егер курстан курсқа өту балын білім алушы жинақтай алмаса, ол сол курсқа қайта қалдырылады. Бұл жағдайда білім алушы жеке оқу жоспарын толықтырады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.

61. Мемлекеттік білім гранты есебінен оқитын білім алушы курстан курсқа өту балын жинақтай алмаса, яғни, сол курсқа қайта қалдырылса, мемлекеттік білім грантынан айырылып, ақылы негізде оқуын жалғастырады.

62. Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушы курстан курсқа өту балын жинақтап, бірақ пәндерден академиялық қарызы болса, онда ол грантын сақтай отырып келесі курсқа көшіріледі. Ал академиялық қарызын ақылы негізде қайта оқып тапсырады.

63. Мемлекеттік білім грантында оқитын білім алушылардың емтихан тапсыру нәтижелері «А», «A-» «B», «B+», «B-» аралығында болған жағдайда оларға ректордың бұйрығымен шәкіртақы тағайындалады.

64. Барлық оқу мерзімі бойынша емтихандарды «А», «A-» «B», «B+», «B-» бағаларымен тамамдаған, қорытындысында үлгерімінің орташа балы 3,5 және одан жоғары болатын, мемлекеттік емтихан мен қорытынды жұмысты (дипломдық жұмысты, жобаны) «өте жақсы» деген бағаға (А, А-) тапсырған студентке үздік диплом беріледі.




Средняя рейтинговая оценка

Итоговая оценка



1текущий контроль, 100%


1рубежный контроль

100%


2текущий контроль

100%


2 рубежный контроль

100%
100%

1- Рейтинг (R1)

2- Рейтинг (R2)

Экзамен (Е)


Приложение 1




2.2 Білімгерлердің Ар Кодексі

Білімгер өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.

Білімгер үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады. Білімгер парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

Білімгер салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.

Білімгер жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, білімгерлер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды. Білімгер жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

Білімгер жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды

Білімгер академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

Білімгер болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.



2.4 Кредиттік оқыту технологиясы терминдерінің сөздігі
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;

3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу үшін ауыстыру;

4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы;

5) білім алушының академиялық рейтингі (Rating) – аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының оқу бағдарлама пәнін игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

6) академиялық деңгей (Degree) – қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже;

7) академиялық сағат кесте бойынша оқу сабақтардың (аудиториялық жұмыс) барлық түрлерi немесе жеке бекiтiлген графика бойынша білім алушылардың оқытушымен байланыс жұмысының уақыты;

8) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты меңгеру үшін оқу сабақтарында таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар);

9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің игеру дәрежесін немесе көлемін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;



10) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;

11) білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БАӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс. БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады;

12) білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті;

13) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру;

14) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

15) екі дипломдық білім – екі тең бағалы диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major Minor) алу мақсатында екі оқу жоспары (білім беру бағдарламалары) бойынша параллельді білім алу мүмкіндігі;

16) Еуропалық трансферт (аударым) және несиелік жинақтау жүйесі (ECTS) білім беру траекториясы, оқу орны және оқыту елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредит мен бағаларын қоса алғанда) салыстыру және қайта сынақтан өткізуде пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (несие) белгілеу әдісі;

17) жеке оқу жоспары (бұдан әрі - ЖОЖ) - білім алушымен ҮОЖ және элективті пәндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу жоспары;

18) кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі;

19) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту;

20) қорытынды бақылау – емтихан түріндегі аралық аттестаттау кезеңінде жүргізілген оқу пәні бағдарламасын бағалау сапасының мақсатын игеру, білім алушылардың оқудағы жетістігін бақылау; егер бірнеше академиялық кезеңдер барысында пәндер оқытылатын болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пәндерге бөлімдер бойынша, қорытынды бақылау жүргізіледі;



21) межелік бақылау бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

22) оқу пәнiне жазылу (Enrollment) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі;

23) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі;

24) Офис регистратор - білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;

25) білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (БАОӨЖ)– бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;

26) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

27) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін құжат;

28) пәннің сипаттамасы (Curse Description) - пәннің мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін, қысқаша нысанды қамтитын пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады);

29) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер;

30) постреквизиттер (Роstreguisite) - аталған пәнді оқыту аяқталғанда оларды зерделеу үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пәндер;



31) пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын, мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және әдебиеттер тізімі;

32) транскрипт (Тrаnsсrірt) – білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;

33) тьютор студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық кеңесші рөлін атқаратын оқытушы;

34) үлгілік оқу жоспары - білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат;



35) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;

36) элективтік пәндер – белгіленген кредит шеңберінде және білім беру ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін әлеуметтiк-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми мектеп пайда болатын қажеттiліктерін есепке алатын компонентке кiретiн оқу пәндерi.


Академиялық мәселелері жөніндегі департамент директоры



А.Т.Үргенішбеков












Оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы



С.Т.Тайман






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет