Аннотация



Дата03.07.2016
өлшемі69.5 Kb.
#174069
УДК 33(075.8)  Г.А.Раматуллаева, э.ғ.к., доцент

А.М. Уахитжанова магистр, аға оқытушы

Қазақ экономика, қаржы және

Халықаралық сауда университетінің


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫНЫҢ ДАМУЫ


Аннотация

Осы мақалада исламдық қаржылық индустрияның даму мәселесі қарастырылады. Оның бүгінгі күні бүкіл әлемде қарқынды өсуімен байланысты өзекті болып отыр. Исламдық қаржыға көптеген елдердің қызығушылығы әртүрлі себептерге байланысты, оның негізгілері Таяу Шығыс пен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері нарығынан өтімді ресурстарды тарту және жергілікті мұсылман қауым тарапынан шариғатқа сәйкес қаржылық өнімдерге белгілі сұраныс болып табылады. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасынан бірінші болып заңнамалық деңгейде исламдық қаржыландыруды ендіру бойынша шараларды жүргізе бастады. Бұл исламдық қаржыландыру негізін жүйелік деңгейде ендіру және инвестиция тарту механизмін жөнге келтіру, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін маңызы зор инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін шартталады. Берілген мақалада исламдық қаржыландырудың негізгі принциптері мен құралдары, сонымен қатар мемлекетте исламдық қаржыландырудың негізгі инфрақұрылымын қалыптастыруға септігін тигізетін Қазақстанда өткізілетін іс шаралар көрсетілген.
Кілт сөздер: щариғат; исламдық қаржы; исламдық қаржыландырудың қағидалары.
Исламдық бантердің жаһандану шегінде бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде, сарапшылардың пікірінше, олар активтерінде 250 млрд АҚШ доллары және өсу қарқыны жылына 10–15% бола тұра, соңғы үш онжылдықта жылдам қарқынмен ұлғайды. Исламдық қаржыландыру әдістернің ерекшелігі мен маңызын ескере, жай қаржы институттары олармен қарыз беру саласында белсенді қарым қатынас жасай бастады.

Әлемде ислам банктерінің саны әртүрлі мәліметтерге сүйенсек, 400ге жетті. Бұл көрсеткішті дәлірек есептеуде еуропалық елдерде, Түркияда банктік заңнама дәстүрлі және ислам банктері арасында бөлінбейтіні қиындық тудырады. Сондықтан бұл мемлекеттерде банктік лицензияның түрі бірдей болғандықтан, статистика ресми түрде банктерді ислам банктері деп жіктей алмайды. Бұндай жағдайда стандартты банктік лицензиясы бар, бірақ өзін исламдық қаржылық мекеме ретінде таныған банктер, әдетте, Шариғат талаптарына сай қаржылық қызмет көрсететінін ресми түрде дәлелдей алмайды.

Ислам банктерінің активтер сомасының 55%-ы Парсы шығанағы, Малайзия және Түркия елдеріне келетінін атап өту қажет. Сауд Арабиясында ислам банктерінің активтерінің үлесі 2011 жылдың соңына мемлекеттің жалпы банк активтерінің сомасының 50%-нан асты, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Малайзияда бұл сан 20% шамасын құрады. БАӘ-да либералды қаржылық нарығының мысалы өте көрнекі: Үкімет және реттеуші органдары ислам банктеріне преференциялар мен жеңілдіктер бермейді, керісінше, дәстүрлі «батыс» банктеріне мемлекетте өздерінің филиалдарын ашуға құқық беріп, банктік қызмет нарығында жоғары бәсекелестік ортасын ұстап тұруға тырысады. Активтер өсімі көрсеткіштері бойынша БАӘ-де ислам банктері дамудың 20 жылы ішінде әлемнің ірі коммерциялық банктерімен бәсекеде ішкі нарықтың үлесін жаулап алуда үлкен нәтижеге жеткенін байқауға болады.

Қазақстан ТМД және Орталық Азия мемлекеттері арасында исламдық қаржыландырудың дамуы үшін заңнамалық негізді ендіру бойынша алдыңғы қатарда болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда исламдық қаржылық ұйымдар жұмыс жасайды: AlHilalBank сияқты ислам банкі, исламдық инвестициялық қор, такафул-компания, шариғат принциптеріне сәйкес кеңес беру және қаржылық қызмет көрсететін кеңес беру және брокерлік компания, «Исламдық қаржыны дамыту Ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі құрылған, мемлекеттің қаржы нарығының 7 субьектілерін біріктіреді және мемлекеттік органдар мен қоғам алдында олардың мүддесін қорғайды [1].

Өзінің қызметін 2010 жылдың наурызында бастаған Қазақстандағы алғашқы ислам банкі — AlHilalBank Ислам банкі — AlHilal (Абу-Даби, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ)) мемлекеттік банкінің еншілес құрылымы болып табылады. Оның стартегиялық мақсаты – халықаралық аренада ислам банктерінің беделін жоғарылату және гүлдену мен алдағы экономикалық өсуді қамтамасыз ететін Қазақстанмен жемісті ынтымақтастық орнату. Қазақстандағы ислам банкінің қызметі әлі корпоративті сектоды қамтиды, оған банк қызметінің толық тізімі ұсынылған: қаржыландыру, несие беру, кеңес беру, кассалық қызмет көрсету. 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Президентінің ықыласымен мемлекеттің заң шығарушы органы ҚР банктер және банктік қызмет туралы ҚР Заңы «Ислам банктерінің құрылу ерекшеліктері және қызметі» бөлімімен толықтырылды. Бұл банктік заңнамадағы өзгеріс Қазақстанда ислам банкін құруға жол ашты. 2010 жылдың 17 наурызында Қазақ қаржы нарығының реттеушісі – қаржылық қадағалау Агенттігімен қазіргі Қазақстан тарихындағы Al Hilal Bank, Abu Dhabi, UAE банкінің 100% еншілес банкі болып табылатын «Al Hilal» Ислам Банкі» Акционерлік Қоғамына «ислам банкінің операцияларын жүргізуге» алғашқы лицензия берілді. Осы уақыттан бастап, Қазақстанда коммерциялық банктердің екі моделі бар деп санауға болады:

1. Классикалық «батыс» стандарты бойынша жұмыс істейтін банктер;

2. Шариғат принциптерін ұстанып жұмыс істейтін банктер;

Исламдық банкингтің Қазақстанда пайда болу мақсаты қандай екеніне жауап беру үшін, қазақстандық банктік бизнестегі тәжірибе немесе ерекше қызмет ұсынатын сұранысқа ие қаржылық құрылымды құру басында әлемдегі ислам банкингінің қазіргі жағдайын қарастыру қажет. Бүгінгі күні ислам қаржылық институттарының активтерінің үлесі әлемдік банк индустриясының активтерінің 1% нан кем санды құрап отырса да, олар мамандардың айтуы бойынша, әлемдік қаржылық банктік индустрияда едәуір орын алады.

Мемлекетте сәйкес заңнамалық және институционалдық негіздің бар болуы Қазақстанда исламдық қаржыландыру нарығының өсу перспективалары және оның халық үшін тиімділігін көрсетеді. Қазақстанда БАӘ «Аль-Хилаль» алғашқы ислам банкімен қатар, ислам дәстүрінің қағидаларына негізделген «Такафул» Өзара халал сақтандыру Қоғамы» алғашқы сақтандыру компаниясы сәтті жұмыс жасауда, жеке секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясының қатысуымен мемлекетте ең алғаш қазақстандық «Иджара» ислам лизинг компаниясы ашылды, ол бүгінгі күні жалпы сомасы 4,5 млн. доллар болатын отандық бизнестің 16 жобасын қаржыландырды. Қазіргі уақытта Бахрейн, Малайзия мен Катар банктері Қазақстан нарығына кіруге дайындық үстінде [2].

Қазақстанда біздің қаржы нарығының реттеушісі Ұлттық Банкпен және заң шығарушы органдармен ислам банкингі бойынша заңнамалық ифрақұрылымды дамыту үшін біршама жұмыс жасалды. «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға; «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, «Лизинг туралы» Заңға сәйкес өзгерістер енгізіліп жатыр. Бірақ салық салу саласында, «Азаматтық кодекске» әлі де көптеген өзгерістер енгізу қажет, алғашқы қазақстандық ислам банктерінде исламдық қаржылық құралдарды қолданудың практикалық тәжірибесінің жиналуына байланысты, банктік заңнамаға жаңа толықтырулар мен өзгерістер енгізуге қажеттілік туды.

Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды ендіру және дамытудың ең басты себебі: ол-жлғыз қаржыландыру көзіне тәуелділікті төмендету қажеттілігі, яғни инвестициялық ағындарды диверсификациялау; екіншіден, индустриялды дамудың жоспарын жүзеге асыру үшін сыртқы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту; үшіншіден, исламдық қаржыландырудың жоқтығына байланысты пайдаланылмайтын халықтың қаржылық ресурстарын мемлекет экономикасында қолдану. Сондай-ақ, Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаларын ендіру Біріккен ислам жүйесіне (ОИС) мүше мемлекеттерімен экономикалық байланысты дамытуға көмектеседі. Қазақстан мұсылман мемлекеттерінен инвесторларды тартуда, тек тікелей қаржыландыру жолымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстандық қор биржасының ресми тізімінде бар компаниялардың акцияларына портфельді инвестицияларды жүзеге асыра алады. Қазақстан қор биржасында эмитенттерді скрининг жолымен қызметтері шариғат қағидаларына сәйкес компаниялардың жеке тізімі белгіленеді. Бұдан басқа мұсылман еледеріне инвестициялар ағыны Қазақстан экономикасына қысқа мерзімді перспективада өтімділіктің жетіспеушілігін толтыруға көмектеседі, ұзақ мерзімді перспективада экономиканың дамуына оң септігін тигізеді. Осылай, дағдарыс қаржыландыру көздерін және экономиканы әртараптандыру қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты, Қазақстан исламдық қаржыландыруды баламалардың бірі ретінде қарастырады.

Қазіргі таңда араб елдерінің инвестициялық саясаты аймағында негізінен серпінді дамушы елдер орналасқанын атап өткен жөн, оның ішінде Қазақстан да лайықты орын алған. Бұл тарапта капиталды салудың өзекті бағыттары болып инфрақұрылымды, энергетиканы және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жобалар табылады. 1994 жылы Малайзияда алғашқы ислам банкаралық ақша нарығын ашқан бай араб әлемі ондаған жылдар бойы мұнай сатумен жинаған өзінің қаржылық ресурстарын тиімді қолдана бастады. Бүгін бұл жүйе әлемнің 55 мемлекетінде жұмыс жасайды. Қазақстанда исламдық қаржыландыру 2008–2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде, жаңа қаржылық құралдарды іздеу барысында қаржы нарығының қызығушылығын тудырды.

Қазақстан Республикасы ислам қаржылық қызмет бойынша Кеңестің мүшесі болды, ал 2015 жылы Алматыда бұл органның мүше елдерінің саммиті өтеді, бұл Қазақстанға ислам қаржылық институттары үшін бірегей стандартты құрауда тиімді көмек алуға мүмкіндік беретіні анық. Ағымдағы жылы ислам қаржылық институттары үшін есеп және аудит бойынша ұйымның стандарты негізінде бухгалтерлік есеп бойынша заңнамалық негіз жасалынған болатын. Республикада исламдық қаржыны дамыту бойынша Ассоциацияның құрылуы бұл процессте маңызды белгі болып табылады, оның қызметі қазақстандық және халықаралық ұйымдармен белсенді қызмет ету арқасында Қазақстанда ислам қаржы нарығын жүйелі және жан жақты дамытуға септігін тигізуге бағытталған.

Қазақстандық бизнестің ислам құралдарының жұмыс істеу механизмін білуі – ірі жобаларды жүзеге асыруда ислам банкингін белсенді тартуға септігін тигізеді. Мысалы, сукук сияқты құрал ислам жүйесінде үлкен ақша ағынын құюды қажет ететін қандай да бір ірі жобаларды қаржыландырумен байланысты істе қолданылады. Сонымен қоса, бұл діни акция емес, қазіргі дағдарыс жағдайында бас тартуға болмайтын ұсыныс болатын балама қаржыландыру жүйесі екенін түсіну қажет.

«Жол картасы» шегінде әлемдік жетекші ислам ұйымдарымен қызмет ету белгіленетін болады. Әсіресе, Халықаралық ислам қаржылық нарығы (International Islamic Financial Market), ислам қаржылық институттарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ұйым (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions), Халықаралық ислам рейтингтік агенттігі (International Islamic Rating Agency), ислам қаржылық қызмет ұсыну бойынша Кеңес (Islamic Financial Services Board) және басқалар. Құрастырушы қызығушылықтан және ұйымдастырушылық мәселелерді шешудекөмек беруден басқа, бұл институттардың қолдауымен исламдық қаржыландырудың толық бағыттары дамитын болады. Осындай маңызды бағыттардың бірі – Қазақстанда ислам микрокредит ұйымдарының ашылуы мен қызмет жасауы үшін жағдай жасау қажет, сонымен қатар лизинг және ипотека секторын дамыту қажеттілігі артуда.

«Жол каратасын» іске асыру ислам қаржылық қызмет индустриясының мемлекеттегі тұрақты дамуы үшін жағдай жасауына, эмитент, инвестор және нарықтың кәсіби қатысушыларының тобын құруға көмектеседі. Бұл құжат 2020 жылға Алматының жетекші аймақтық қаржылық орталықтарының бірі болуына және жалпы халықаралық деңгейде ислам қаржылық орталығы ретінде Қазақстанның мәртебесін күшейтуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ, исламдық қаржыландыру жүйесінің даму қарқынына байланысты бұл саладағы заңнаманы ары қарай жетілдіруді жалғастыру керек, әсіресе, салық салу мен банк қызметіндегі заңнамаға да өзгеріс енгізу қажет. Қазіргі уақытта мемлекеттің заңнамасы тек маманданған ислам банктеріне ғана ислам банкингі қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. Ислам бағалы қағазы (сукук) эмитенттері болып ислам банкімен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұлттық холдингімен, «ҚазАгро» ұлттық холдингімен және олардың 100 пайыз еншілес ұйымдарымен құрылған ислам маманданған қаржылық компаниялары табылады. Парламент Мәжілісі исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістерді құптады, ол эмитенттер тізімін кеңейтуге және ТМД және Орталық Азия территориясында Қазақстанмен алғашқы тәуелсіз сукук шығару үшін қажетті нормативтік құқықтық негізді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда исламдық қаржыландырудың дамуы инвестирларға инвестициялаудың балама құралдарын ұсынады және мемлекет экономикасының қаржылық тұрақтылығын қолдаудың қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді. Қазір исламдық қаржыландыру секторы – әлемдегі ең қарқынды өсуші. Оның әлемдік активтері 1 триллион долларға бағаланады, сондай ақ соңғы жылдардағы өсу қарқыны жоғары, жылына 15–20% құрайды.

Қазақстан үшін исламдық қаржыландырудың негізгі артықшылықтары ішінде келесілерді атап өтуге болады: баламалы қаржыландыру көздерін тарту мүмкіндігінің болуы; Таяу Шығыс елдерінде өтімді капиталды жинақтау мүмкіндігің болуы; Ислам қаржылық ұйымдарының өтімділік дағдарысына қарсы тұра алуы; Келісімдердің сенімділік, адалдылық, әділділік, транспаренттілік қағидаларына негізделуі; Табысты бөлу және тәуекелді жобаларда барлық тараптарының бірлесіп келісімге келе алуы; алып-сатарлықтың болмауы.

Алайда, қазіргі қалпында исламдық қаржы жас сала болып табылады. Алғашқы ислам банкт ері лицензияны 30 жыл бұрын ғана алды.

Сондай-ақ, трансшекаралық операцияларды жүргізудегі кедергілер бар, әртүрлі мемлекеттерде қаржыландыру құрылымы мен құжаттарда мәнді ерекшелітері кездеседі. Сонымен қатар, шариғат бойынша қаржыландыру үшін нормативтік негізді құруда соңғы жылдары қол жеткізілген едәуір прогресске қарамастан, әлі де кемшіліктер бар, бұл бағытта реттеушілер дәстүрлі қаржылық жүйелермен жұмыс жасағанды қалайды.

Қазақстандық қаржы нарығы үшін ислам банкингі мен ислам қаржысын дамыту пайдалы болып келеді, яғни: бұл біздің банктік қызметті тұтынушыларымыз үшін алуан түрлі баламалы қызмет көрсетуші және қаржыландырушы банкті таңдауға мүмкіндік береді; қаржылық институттар арасында ашық бәсекелестікті өзгереді, яғни клиенттер үшін қызметке бағаның төмендеуі мен сапаның өсуіне байланысты қосымша пайда алып келеді; исламдық қаржы бойынша дамыған заңнамалық инфрақұрылым нарыққа Таяу Шығыстан ірі әрі ұзақ мерзімді инвестициялар тартады.

Осының барлығы бүкіл ТМД елдерінің исламдық қаржы құралдарын енгізу жағдайын сапалы жақсартуына алып келеді, біртіндеп үйлестіреді және олардың ағымдағы операциондық моделдерін осы нарық қызметтерінің жалпы аймақтық және ғаламдық қалыптамасына енгізеді, іскерлік жағдайды басқарушылық этикалық қағидаттар арқылы жақсартады және ислам қаржысының әлемдік экономикадағы объективті және жағымды шынайлығына деген қандайда бір мистификацияға, жорамалдарға, теріс ұғымдар және сенімсіздікке жол қалдырмайды [3].

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, келесі жағдайларға ерекше көңіл аудару керек, яғни отандық қаржы жүйесінде исламдық қаржы сегментін қалыптастыру үшін шын пиғыл, мәселені айқын түсіну, әлемдік тәжірибені баламалы зерттеу, нарық субъектілері мен олардың қызметін тұтынушылар арасында өзара келісім мен сенім, мемлекеттік және жеке корпоративтік сектор мен үкімет біріге отырып күш салысу қажет.


Әдебиеттер:

  1. А. Смагулов Исламское финансирование: мировой опыт. Интернет ресурс:www.nblib.library.kz

  2. Основы этнических (исламских) финансов: учебное пособие / под ред. Е.А. Байдаулет – Павлодар: Типография Сытина, 2014г.-326с.

  3. Идигов Ю.Ю., Рагимв А.О. Бизнес в законе. Экономико-юридический журнал. №1, 2011г.


Резюме

В данной статье рассматривается механизм исламского финансирования, принципов лежащих в его основе, необходимых для социально- экономического развития государства, в реализации важных инфраструктурных проектов.
Summary

In this article considered the mechanism of Islamic finance, the cornerstone principles, including for social economic development of the state, in the implementation of important infrastructure projects.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет