Ақпарат формалары мен түрлері



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата05.03.2024
өлшемі380.24 Kb.
#494302
1   2
4 1 Формы и виды информации

 
 
 
 
 
 
 
 


Ақпаратты түрлендіру түрлері 
 
Әр түрлі ақпараттық жүйелер мен құрылғыларда ақпарат түрлі 
түрлендірулерге ұшырайды. Кейбір түрлендірулер ақпараттың қандай да бір 
бөлігін жоғалтуға әкелсе, басқасы жоғалтусыз түрлендіруі мүмкін. Ақпарат 
түрлендірушілер (преобразователи) деп аталатын құрылғылар көмегімен 
түрленеді. Түрлендірушілерде 1-ден k-ға дейінгі кірістер мен 1-ден n- ға 
дейінгі шығыстардан тұрады. Ақпаратты түрлендірудің 8 түрлі сипатын 
ерекшелейді. 
Ақпарат бір үзіліссіз түрден екінші бір үзіліссіз түрге түрленеді. 
Теориялық тұрғыдан алғанда мұндай түрлендіру ақпаратты жоғалтуға 
әкелмейді. Бұл түрдегі барлық түрлендірулерді екі топқа бөлуге болады. Бір
физикалық шаманың екінші бір физикалық шамаға түрленуін бірінші топқа 
жатқызуға болады. Мысалы, ток күшінің айналу бұрышына түрленуі. Олар 
кәдімгі датчиктарда, аналогты өлшеуіш құралдарында жүзеге асады. Егер де 
тура түрлену бар болса, кері түрленуді де жүзеге асыруға болады. 
Екінші топқа бір физикалық шама қандайда да бір физикалық ортада 
тарала алатын екінші бір физикалық шамаға тек әсерін тигізе алады және осы 
әсер ету нәтижесінде екінші шаманың параметрлерінің бір мәні өзгереді. 
Сонымен қатар, бірінші шаманың екінші шамаға тікелей түрленуі жоқ. Бұл 
топтағы түрлендірулер үзіліссіз модуляция деп аталады және үзіліссіз 
модуляция модуляторлары деп аталатын түрлендіргіштер көмегімен 
орындалады. Модуляцияланған шама параметрлері бірінің мәндері бойынша 
модуляциялаушы шаманы алуға мүмкіндік беретін кері түрлендіру үзіліссіз 
демодуляция деп аталады және үзіліссіз модуляция демодуляторымен 
орындалады. 
2. Үзіліссіз түрдегі ақпарат (Сурет 1.1а) үзіліссіз-дискретті түрге 
түрленеді (Сурет 1.1б). Бұл түрлендіру қандай да бір физикалық шаманың 
[y
min
, y
max
] интервалындағы мәндердің шексіз сандары мен 
(j=1,2,…,l)-тің l-
ақырлы мәні арасында бірмәнді сәйкестікті орнатуға негізделеді. Мұндай 
түрлендіру үзіліссіз функцияны кванттау, ал оны орындайтын түрлендіруші 
үзіліссіз функцияны кванттаушысы деп аталады. Жалпы жағдайда үзіліссіз 
функцияны кванттау кезінде ақпараттың бір бөлігі жоғалады. 
Кері түрлендіру, яғни үзіліссіз-дискретті түрдегі үзіліссіз ақпаратқа 
түрлендіру баспалдақты функцияны тегістеу (сглаживание ступенчатой 
функции) деп аталады. Тегістеуді жүргізетін түрлендіруші кіші жиіліктер 
фильтрі (Фильтр нижних частот - ФНЧ). Жалпы жағдайда баспалдақты 
функцияны тегістеу бірмәнді емес және кванттау кезінде жоғалған ақпаратты 
қалпына келтірмейді. 
3. Үзіліссіз түрдегі ақпарат (сурет 1.1,а) дискретті- үзіліссіз түрге 
түрленеді (сурет 1.1,в). Бұл түрлендіру үзіліссіз функциямен сипатталған 
физикалық шаманы аргументтің нақтылы бір интервалдары арқылы алынған 
қасындағы мәндермен ауыстыру болып табылады. Мұндай түрлендіру 
үзіліссіз функция дискретизациясы деп аталады және үзіліссіз функция 
дискретизаторы деп аталатын түрлендіргішпен орындалады. Жалпы 


жағдайда үзіліссіз функция дискретизациялауда ақпараттың бір бөлігі 
жоғалады. 
Кері түрлендіру, яғни дискретті-үзіліссіз түрдегі ақпараттың үзіліссіз 
түрдегі ақпаратқа көшуі интерполяциясы деп аталады. Үзіліссіз функцияны 
қайта қалпына келтіретін түрлендіруші интерполятор деп аталады. Жалпы 
жағдайда үзіліссіз функция интерполяциясы бірмәнді емес және ақпаратты 
дискретизациялау кезінде жоғалған ақпаратты қайта қалпына келтірмейді. 
4. Үзіліссіз-дискретті түрдегі ақпарат (1.1, б) аналогтық формадағы 
дискретті түрге түрленеді (1.1, г). Бұл түрлендіру баспалдақты функцияның 
физикалық шамасын 
(i=1,2,…) аргументіндегі алынған мәндермен 
ауысу, мұнадғы
баспалдақты функция аргументінің мәндері. Мұндай 
түрлендіру баспалдақты функция дискретизациясы деп аталады, ал оны 
орындайтын түрлендіруші баспалдақты функция дискретизаторы болып 
табылады. Бұл түрлендіруді орындау кезінде ақпарат жоғалмайды. 
5) Дискретті үзіліс түрдегі ақпарат (сурет-1.1в) аналогты форманың 
дискретті түріне үрленеді. (сурет-1.1г) Бұл түрлендіру Үміи пен Үмах 
интервалындағы мәндерімен шексіз сандар және осы интервал арасындағы 
Үj (J,…Jl) ақырлы сан арасында бір мәнді с»йкестік орнатуға негізделеді. 
Бұндай түрлендіру үзіліссіз шаманы кванттау деп аталады, ал оны жүзеге 
асырушы түрлендіргіш шаманы кванттаушы болып табылады. Шаманы 
кванттау ақпараттың бір бөлігінің жоғалуына әкеледі. Үзіліссіз шаманы 
кванттауға кері түрлендіру болмайды.
6) Аналогтық формадағы дискретті түрдегі ақпарат (сурет-1.1г) 
таңбалы формаға түрленеді. Бұл түрлендіру Yj (J,…Jl) мәндерінің ақырлы 
жиынтығы, физикалық шаманың және ақырлы белгілер жиынтығының 
арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнатуға неізделеді. Белгілердің ақырлы 
жиынтығы алфавит деп аталады. Алфавит белгілері ретінде латын, грек, орыс 
және басқада алфавит әріптері цифлер математикалық символдар тағы 
басқалар болуы мүмкін. Белгілер жиынтығын код ал жиынтықтағы 
әрқайсысы кодтық комбинация немесе кодтық сөз деп аталады. Ал оны 
орындайтын түрлендіруші «аналог-код» түрлендірушісі деп аталады. Бұл 
түрлендіруді орындау кезінде ақпарат жоғалмайды. Бұған кері түрлендіру 
бірінші типті дэкодтау, ал оны орындайтын түрлендірушы «код-аналог» 
түрлендірушісі деп аталады. Бірінші типті кодтау және дэкодтауда ақпарат 
жоғалмайды.
7) Белгілік формадағы ақпараттың әрбір формасы белгілік формаға 
түрленеді. Мұндай түрлендіру ақырлы командалар жиынтығы және қандайда 
бір код арасындағы өзара бір мәнді сәйкестікті орнатуға негізделеді. Бұндай 
түрлендіру екінші типті кодтау немесе шифрация, ал оны орындайтын 
түрлендіруші шифратор деп аталады. Бұл әрекеттерге кері түрлендіру екінші 
типті дэкодтау немесе дэшифрация, ал оны орындайтын түрлендіргіш 
дэшифратор деп аталады. Шифрация, дэшифрация кезіндеде ақпарат 
жоғалмайды. 
8) Қандайда бір белгілік формадағы ақпарат бірінші түрден екінші 
түрге түрленеді. Бұндай түрлендіру үшінші типті кодтау деп аталады. Ал оны 


орындайтын түрлендіруші кодер деп аталады. Оларға кері түрлендіру үшінші 
типті дэкодтау. Оны орындайтын түрлендіруші дэкодер деп аталады. 
Үзіліссіз түрдегі ақпаратты (сурет-1.1а), аналогты формадағы дискретті түрге 
(сурет-1.1г) түрлендурі кезінде үзіліссіз функцияны кванттау және 
баспалдақты функцияны дискретизациялау немесе үзіліссіз функцияны 
дискретизациялау және үзіліссіз шамаларды кванттау қодануы мүмкін. 
Түрлендірулердің бұл екі түріде квантизация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет