АҚпарат жауапкершілігі соңғы жылдарда әлемде болып жатқан сан алуан әрі күрделі оқиғалар мен жаңалықтарды жүйелі түрде жариялап, кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келе жатқандығы ақиқат



Дата25.02.2016
өлшемі27 Kb.
#24528
221-222 (25619) 27 МАУСЫМ СЕНБІ 2009 ЖЫЛ

2009-05-27:

АҚПАРАТ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Соңғы жылдарда әлемде болып жатқан сан алуан әрі күрделі оқиғалар мен жаңалықтарды жүйелі түрде жариялап, кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі артып келе жатқандығы ақиқат. Сөз реті келгенде атап айтарлық тағы бір жәйт, әңгіме әлемдік немесе мемлекет деңгейіндегі жаңалықтар мен әртүрлі оқиғалардың берілу әдістері мен тәсілдерінде болып отыр. Анығырақ айтқанда, БАҚ-тардағы шынайылық пен түпнұсқадағы деректердің ауытқымаушылыққа ұшырамауының мәні зор.

Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы ең басты, маңыздылығы жоғары күрделі мәселе – ақпараттық ке­ңіс­тіктегі ақпараттық қауіпсіздіктің жіті қорғалуы. Әлемдегі қандай мем­лекет болса да ақпараттық қауіпсіздікке деген бақылауды өз мем­лекеті шекарасының қауіп­сіз­ді­гі­нен кем қоймайды. Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жолдары ұлттық қауіпсіз­діктің құрамдас бөлігі екендігін атап көрсеткен болатын.

Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен “Қазақстан медиакеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік” атты ха­лықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, міне, осы мәселе­лер төңірегінде кеңінен сөз болды. ҚазМУ-дің журналистика факуль­те­тінің деканы, профессор Ғалия Ибраева, Оклахома университетінің (АҚШ) профессоры Джеми Фул­лертон, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер инсти­ту­тының бөлім бастығы Антон Морозов, “Советник” журналының (Ресей) меншікті тілшісі Владимир Павленко және басқалар күн тәртібіне қойылған мәселеге өз көзқарастарын білдіріп, түйінді ойларын ортаға салды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз алғандар назарынан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ең алдымен өз кәсібіне, өзіне тапсырылған іске деген жоғары жауапкершілігін, іскерлігі мен біліктілігін қалыптастыру, яғни мамандық алдындағы парыз және қарыз мәселесі де тыс қалмады.


Бақыт БАЛҒАРИНА.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет